Лекция 7.Тақырыбы: Физика-химиялық талдау әдістері.
Мақсаты: физика-химиялық талдау әдістерін түсіндіру.
Терминдер: Спектральды талдау, эмиссионды жалынды фотометрия, абсорбционды спектральді талдау
Жоспар:
1.1.Физика-химиялық талдау әдістерінің жіктелуі.
1.2.Спектральды (оптикалық)талдау әдісі
1.3.Электрохимиялық әдістерХроматографиялық әдістер.
Химиялық әдістерге қарағанда физико-химиялық талдау әдістерінің сезімталдығы жоғары және жылдам орындалады. Көптеген ғылыми-зерттеу орындарында, өндіріс зертханаларында және қоршаған орта компоненттерін талдауда физикалық және физика-химиялық әдістер кеңінен қолданылады. Олардың химиялық талдау әдісінен артықшылығы талдаулар сезімталдығы жоғары (10-5 – 10-9 % қоспаны анықтай алады.) деңгейде және жылдам жүреді.
Физико-химиялық талдау әдістері төмендегіше жіктеледі:
1.Спектральды (оптикалық) талдау әдісі талданатын жүйенің оптикалық қасиетін анықтайды. Зат молекуласына немесе атомына электромагнитті сәуленің әсерін білу, бұл кезде энергия сәулесі жұтылуы (сіңірілуі), шашырауы, қайта сәулеленуі мүмкін. Ол өте аз мөлшерлі заттан бірнеше элементтерді өздеріне тән спектр көмегімен анықтай алады.
Спектральды талдау әдістерін эмиссионды спектроскопия, люминесцен-ция, абсорбционды спектроскопия (колориметрия, нефелометрия және турби-диметрия, атомды-абсорбционды) қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |