Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет11/27
Дата26.08.2020
өлшемі87,89 Kb.
#76940
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
қоршаған ортаны қорғауdocx
A ауа b к н c топыра d жары e таби ат Ежелгі грек ойшылы Фалес
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Қазақстан территориясындағы геологиялық құрылысты зерттеген ғалымдар?

  2. Кембрийге дейінгі кезенде Қазақстан территориясында қандай табиғи процес жүрді?

  3. Каледон-герцин қатпарлану кезендері Қазақстанның қай аумағын қамтыды?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
4 дәріс Қазақстанның релефі
Мақсаты: Қазақстан жер бедері табиғи-климаттық фактор болғандықтан, оның генетикалық типтерін, геоморфологиялық ерекшеліктер мен экзогендік процестер басымдылығын қарастыру арқылы студенттердің ой--өрісін дамыту

Жоспар:

1. Рельефтің ерекшелігі оның геологиялық - тектоникалық құрылымы мен байланысы.

2. Рельефтің генетикалык типтері: тектоникалык - денудациялық.

3. Денудациялык, аккумулятивті -аккумулятивті денудациялық. Геоморфологиялық аудандастырылуы. Морфомүсіні. Қазіргі кезеңдегі рельефті қалыптастырушы процесстер. 4. Негізгі рельеф түрлері ойпаттарға, үстірттерге, қыраттарға, ойыстарға және тауларға сииаттама беру.


4 дәрістің қысқаша конспектісі

Қазақстанның жер беті өте күрделі. Оның аумағының үштен бір бөлігін ойпаттар алып жатыр.Жартысынан астамы биіктігі 400-500м болатын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылр үлесіне тиеді. 4000-5000м астам таулар республика жерінің 10 пайызын құрайды. Олар елеміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан. Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбегі ауқымындағы Қарақия ойысына теңіз деңгейінен - 132 м төмен, ең биік нүктесі оңтүстік-шығыстағы орталық Тянь-Шань тауларына тиесілі Хантңірі шыңына 6995м сәйкес келеді. Ең биік және ең төмен нүктелер арасындағы айырма - 7127м.

Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктері:

1. Жер бедеріндегі жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында орналасқан.

2. Биік таулы аймақтар республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.

3.Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа бірте еңіс тартады.

Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғат кешендерінің әр жерде әр түрлі болып қалыптасуына үлкен әсер тигізеді. Қазақстанның жазық, аласа таулы бөлігінде табиғат зоналары ендік бағытта, ал биік таулы өңірлерде биіктік деңгейлеріне сай келеді.

Жазықтың Қазақстандық бөлігі жер бедерінің сипаты әртүрлі болатын Жалпы Сырт, Каспий маңы ойпаты, Орал алды үстіртінен тұрады. Олардың фундаменті палеозой эрасына дейін қалыптасқан. Судан босағаннан соң бұл аумақтар біртіндеп көтеріліп, қазіргі жағдайына жетті. Континенттік даму кезеңінде олардың әрқайсысының өзіне тән жер бедері қалыптасты. Орал алды үстірті жоғары бор кезеңінен соң, ал Жалпы Сырт палеогенде теңіз қайтқаннан соң пайда болды. Каспий маңы ойпатының қазіргі жер бедері палеогеннің соңында Каспий трансгрессиясының құмды-сазды және сазды шөгінділерінің жиналуынан қалыптасқан.

Тұран ойпатының негізгі фундаментін палеозойда қалыптасқан жас эпигерциндік платформа құрайды. Ойпаттың жер бедерін қалыптастыруда денудациялық-аккумуляциялық-аллювиалдық процестер үлкен рөл атқарады.

Батыс Сібір жазығының Қазақстандық бөлігінің жер бедері палеозойлық қатпарлы-жақпарлы фундамент бетінде көлденең жатқан палеогеннің теңіздік шөгінді жыныстарынан және неогеннің континенттік шөгінділерінен құралған. Кайнозой эрасында теңіздің кері шегінуі нәтижесінде оның табаны құрлыққа айналып, жазықтың қазіргі жер бедері қалыптасты. Жер беті негізінен тегіс, бірақ құрғақ өзен аңғарларымен тілімделген.

Сарыарқа - палеозойдың шөгінді және магмалық жыныстарынан түзілген Қазақстандағы аласа таулы өлке. Оның жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесстері басты рөл атқарған. Сондықтан бұл аласа таулар жазыққа айналып барады. Кейбір бөліктерінде таудың қалдықтары төбелі жазықтарға ұласады.

Мұғалжар - герцин қатпарлығы кезінде түзілген палеозойлық таулы өлке. Негізінен палеозой және мезозой эраларының әртүрлі дәуірлерінде қалыптасқан магмалық, метаморфтық жыныстардан, сондай ақ нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұғалжардың тау қатпарларының тегістелу процесі Сарыарқаның ұсақ шоқыларының ұзақ геологиялық кезеңде өзгеру барысына өте ұқсас. Аталған ауданның жер бедерінің қалыптасуына жыныстардың литогендік құрамы, эрозиялық және денудациялық процестер ықпал етті.

Қазақстандық Алтай герцин қатпарлығы нәтижесінде қалыптасты. Бірнеше рет қайталанған көтерілулер үгілу процестерімен кезектесіп жүрді. Мезозой эрасының соңына қарай жазыққа айналған бұл өңір неоген мен антропогенде жаңа тектоникалық көтерілулерге ұшырады. Соның нәтижесінде Алтайдың қазіргі таулы жер бедері қалыптасты. Тау аңғарларының дамуына антропоген дәуірінде кеңінен таралған өзен эрозиясы (негізінен мұздықтық) ықпал етті. Ежелгі мұздықтардың әсері жер бедерінің цирктік және аралас пішіндерінде, тегістелген жазықтар мен тау шыңдарында кездеседі.

Жоңғар Алатауы каледон және герцин тау жасалулары кезінде қатпарлы тауларға айналды, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштер әсерінен бұзылып, біртіндеп тегістелді. Қарқынды жүрген альпі қатпарлығы нәтижесінде кейіннен қатпарлы-жақпарлы биік тауға айналды. Жер бедерінің қалыптасуына ежелгі және қазіргі мұз басулар да ықпал етті. Мұз басу іздері әртүрлі жерлерде байқалады.

Сауыр-Тарбағатай — қатпарлы таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғары палеозойда жүрген герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан. Алтай тауы көтерілген кезде ол жаңғыруға ұшырады. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ежелгі мұз басулар, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және жаңа тектоникалық процестер ықпал етті. Жер сілкінулер қазіргі кезде де байқалады. Мысалы, 1990 жылы Зайсанда болған жер сілкінудің күші 6-7 баллға жетті.

Палеозойда каледон және герцин қатпарлықтары кезінде көтерілген тау кейіннен альпі тау жасалуы барысында қайта көтерілуге ұшырап, қатпарлы-жақпарлы тауға айналды. Тау төбелерінде жер бедерінің альпілік типі қалыптасты. Мұнда үшкір шыңдар тау аралық жазықтармен кезектесіп келеді. Таудың жекелеген бөліктері біртіндеп сатыланып аласарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет