Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет20/27
Дата26.08.2020
өлшемі87,89 Kb.
#76940
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
қоршаған ортаны қорғауdocx
A ауа b к н c топыра d жары e таби ат Ежелгі грек ойшылы Фалес
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Географиялық орналасу ерекшелігі қандай?

  2. Жер бедерінің шөгілуінің негізгі факторлары

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
15 дәріс Солтүстік Қазақ жазығы Батыс Сібір жазығы
Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру

Жоспар:

1. Географиялык орны. Тектоникалык - геологиялық құрылымы. Рельефі. Пайдалы казбалары. Климатының ерекшелігі. Өзендері, көлдері, жер асты сулары.

2. Зоналық табиғи комплекстері (кешендері). Тобыл - Обаган даласы, Есіл даласы, Есіл - Ертіс даласы, Ертіс маңы құланды жазығы.
15 дәрістің қысқаша конспектісі

Географиялық орны. Батыс Сібір жазығы Қазақстанның солтүстігінің едәуір бөлігін алып жатыр. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі, батысында жіңішке жолақ түрінде Орал сырты үстіртіне тіреледі. Шығысында ені 200-250 км-ге жететін алап ретінде Алтай тауларына дейін созылып жатыр.

Жер бедерінің сипаты. Жазық оңтүстіктен солтүстікке қарай 200 м-ден 100 м-ге дейін аласарады. Жер беті негізінен тегіс, құрғақ өзен аңғарларымен тілімделген. Ағынды өзендер өте сирек. Ондаған ағынсыз қазаншұңқырлар кездеседі. Кейбір жерлерде биіктігі 10-15 м болатын жалдар кездеседі. Жер бедерінің сипатына қарай Есіл, Тобыл-Обаған, Есіл-Ертіс және Ертіс-Құлынды жазықтарына бөлінеді.

Есіл жазығы Қазақстанның солтүстігінде Есіл өзенінің екі жақ жағалауын алып жатыр. Жазықтың ең биік бөлігі 130-140 м. Мұнда көптеген көлдер мен сазды тұзды көлдер бар.

Тобыл-Обаған жазығы батысында Орал сырты үстіртімен, оңтүстігінде Торғай қыратымен, шығысында Есілдің сол жақ жағалауымен, солтүстігінде орманды даламен шектеседі. Жазықтың биіктігі оңтүстігінде 250 м, солтүстікке қарай біртіндеп төмендейді.

Есіл-Ертіс жазығы батысында Есіл-Қамысты даласы мен оңтүстігінде Сарыарқа, шығысында Павлодар өңірінің көлді жазығы аралығында орналасқан. Биіктігі 100-120 м, батыс бөлігінде көлдер көп. Көкшетаудың солтүстік бөлігіндегі жазықты далада ұзындығы 24 км, ені 0,5-1 км, ал биіктігі 15 м болатын үлкен жал созылып жатыр.

Ертіс-Құлынды жазығының жер бедері күрделі. Ертістің жағалауы бірнеше террасалардан тұрады. Ертістің сол жақ жағалауында бірінші және екінші террасалар өзен деңгейінен 4-6, кейде 15-18 м биікте орналасқан, жайылма 20-25 км-ге дейін созылып жатыр. Үшінші террасаның биіктігі 28-32 м. Ертістің оң жақ жағалауы биіктігі 40-45 м болатын 4 террасадан құралған. Сипаты жағынан олар жел әрекетінен қалыптасқан алювиалды жазық болып табылады.

Жер бедерінің қалыптасуы. Батыс Сібір жазығының Қазақстандық бөлігінің жер бедері палеозойлық қатпарлы-жақпарлы фундамент бетінде көлденең жатқан палеогеннің теңіздік шөгінді жыныстарынан және неогеннің континенттік шөгінділерден құралған. Кайнозой эрасында теңіздің кері шегінуі нәтижесінде оның табаны құрлыққа айналып, жазықтың қазіргі жер бедері қалыптасты. Жер беті негізінен тегіс, бірақ құрғақ өзен аңғарларымен тілімделген.

Геологиялық жыныстары. Жас платформаның фундаменті палеозойдың каледон және герцин қатпарлықтарында түзілген. Фундамент негізінен вулкандық – шөгінді палеозой жыныстарынан тұрады, оның бетін мезозой мен кайнозойдың сазды, құмды, мергельді шөгінділері жауып жатыр.

Пайдалы қазбалары. Батыс Сібір жазығы пайдалы қазбаларға бай. Соколов-Сарыбай, Кашар кен орындарында темір кенін өндіреді. Аят, Лисаков кен орындарында никель мен көмірдің бай кен орындары табылған. Хромит, бокист, кобальттың кен орындары барланған. Құрылыс материалдары көптеп кездеседі.

Климаты. Климат шұғыл континенттігімен ерекшеленеді. Қыста слтүстіктен арктикалық, жазда Орта Азиядан құрғақ континентті ауа массалары еркін еніп кетеді. Қыста бұл аймақтың климатына сібір антициклонының әсері де айқын байқалады. Сондықтан жылдық жауын-шашынның 60%-ға жуығы (350 мм) жаз айларында түседі. Шілденің орташа температурасы +180+200С, қаңтардың орташа температурасы -170-190С. Аязды күндер жиі байқалады (-300-350С). Қар қалың түседі (30-50 см).

Ішкі сулары. Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігіндегі ең ірі өзен Ертіс пен оның салалары Есіл мен Тобыл. Қазақстан аумағындағы ұзындығы 1400 км болатын Есіл өзені Орталық Қазақстанда бастау алып, Ертіске құяды. Суы шаруашылыққа пайдаланылады. Қыста өзен қатып қалады. Көктемде арнасынан асып, кең жайылмасын су басады. Қазақстан аумағындағы ұзындығы 800 км болатын Тобыл өзені Орал тауының оңтүстігінде басталып, Қазақстан аумағы арқылы ағып өтіп, Ресей жерінде Ертіске құяды.

Жазық арқылы Үй, Тоғызақ, Аят, Обаған, Шағалалы, Селеті, Өлеңті, Шідерті сияқты кішігірім өзендер де ағып өтеді. Олардың көпшілігі қар суымен қоректеніп, жазда кеуіп қалады. Бұл өңірдегі ең ірі көлдер –Құсмұрын, Шағалалытеңіз, Селетітеңіз, Қызылқақ, Теке, Ұсақ көлдердің суы тұзды келеді.

Топырағы. Батыс Сібір жазығының топырақ жамылғысында лесс тәрізді саздақтарда қалыптасқан қара топырақтар мен күңгірт күрең топырақтар басым. Оңтүстікке қарай күрең және ашық күрең топырақтар таралған өзен аңғарларында аллювиалды-сортаңды және сор топырақтар, шалғынды күрең топырақ кездеседі.

Өсімдік жамылғысы. Батыс Сібір жазығында орманды дала және дала зоналары қалыптасқан. Өсімдік жамылғысында әр түрлі шөптер, селеу мен бетеге басым тараған. Атқонақ, арпабас және басқалар өседі. Өзен аңғарларында құрақ және басқа да ылғал сүйгіш өсімдіктер өседі. Ормандар негізінен Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында таралған. Мұнда ауданы кішігірім далалы ормандар басым болады. Қайың мен көктерек шоқтар түрінде өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет