ПОӘК 042- 18.1.01/03-2013
|
05.09.2013 жылға
№1 басылым
|
беттің -сі
|
Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы пәні 6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының магистранттарына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Магистранттың өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
Анимизм – (латын тілінде-жан, рух)-жан мен рухтың бар екеніне мәлім, дін элементі.
Антропология – адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.
Ассоцианизм – екі немесе одан да көп психикалық құрылымдарда туындаған психологиядағы байланыс. Ассоциация кеңістік, уақытқа, ұқсастық бойынша деп бөледі. Терминді 1698 ж. Дж. Локк енгізді.
Ассоциация – бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда боуына әкелетін психикалық құбылыстар арасындағы байланыс.
Биогенетикалық заң – баланың құрсақта даму кезеңдерінің және биологиялық даму кезеңдерінің арасындағы қатынасын сипаттайтын заң. Негізін Ф.Мюллер мен Э.Геккел ашқан.
Буддизм – жанды жоққа шығарды.
Буддистер – белгілі бір қабылдау-ол интелектінің ықпалымен бұзылғандықтан бұл қабылдау емес.
Волюторизм – (латынша-ерік) терминді 1883 жылы Ф.Тенис енгізген философиядағы еріктік тұрмыстың жоғары принциптерінде қарастыратын философиялық бағыт.
Гилозоизм – (грек тілінде-материал, өмір)-материяны жанды деп қарастыратын философиялық ілім. Термин ХVIІ ғасыр енді. Гилозоизм ерте ғасыр философиясына тән.
Гомеостаз (грек тілінде-қозғалыссыз, күй) – организмнің негізгі физиологиялық фукнциясының тұрақтылығы мен ішкі орта қасиетінің динамикалық тұрақтылығы.
Генезис – қалыптасу, пайда болу тарихы.
Генетикалық зерттеу – даму үрдісінде психикалық процесті немесе
Гуманизм – Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған мәдени қозғалыс.
Гетерохронды – психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.
Детерменизм – психикалық құбылыстардың себер-салдарлық байланысын түсіндіру.
Даосизм – Қытай діні б.э. д. 1-ші мыңжылдықта пайда болған.
Джайнизм – тән жанның бостандық алмауының көзі деп санады.
Жетекші әрекет – онтогенездің берілген кезеңінде маңызды психикалық жаңарудың пайда болуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.
Жақын арадағы даму аймағы – ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.
Жүйелілік принципі – психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.
Интроспекция (өзін-өзі бақылау) – адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.
Интроспективті психология (ішке қараймын, қадағалаймын) – субьектінің өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.
Идентификация – өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру.
Интериоризация – сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттердің қалыптасуын айтамыз.
Индивидуалды айырмашылық – топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі кездері. Сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады.
Логос – ертедегі-грек философиясының негізгі түсінік терінің бірі. Бір мезгілде «сөз, тіл, мағына, түсінік» дегенді білдіреді. Геркалит енгізген.
Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.
Методология (грек сөзі) – теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.
Монизм – (грек тілінде біреу, жалғыз). Монизмге қарама қарсы-дуализм.
Мәдени-тарихи теория – 20-30 жылдары Ресей пситхологы Л.С. Выготский мен оның оқушылары; А.Н. Леонтьев және А.Р. Лурия құрастырған концепция.
Меңгеру – индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.
Мнемикалық функциялар – есте сақтау функциялары.
Нейролингвистикалық бағдарламалау – психологияның жаңа прогрессивті бағыты.
Онтогенез – балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.
Пән – адам іс-әрекетінің танымдық үрдісін бейнелейтін категория.Практика- адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.
Психотерапия – адам санасында психосоматикалық, жүйкелік, психикалық т.б. ауруларға байланысты емдеудің комплексті әсер ету арқылы емдеу.
Психиканың дамуы – психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.
Рекапитуляция теориясы – балалардың психикалық дамуы мен биогенетикалық заңның әсерін қарастырған С. Холл теориясы. Бұл теория бойынша онтогенез дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.
Сана психологиясы – психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі.
Стратегия – басқаруды жоспарлау қабілеті.
Сана – психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.
Тест – анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.
Теория – ғылыми принциптер жүйесі.
Тәртіп психологиясы (бихевиоризм) – 20 ғ. америкада пайда болған ағым.
Теория – ғылыми принциптер жүйесі.
Фактілер – шындық ,ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.
Феномен – құбылыс дегенді білдіреді.
Фрустрация – мақсатқа жету үрдісінде қиыншылықтардан туындаған адамның психикалық жағдайы.
Іс-әрекет теориясы – психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория.
Этология – жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтары мен жалпы биологиялық негіздері жайлы ғылым.
2 ДӘРІСТЕР
№1 Психологиялық білімнің құрылымдық бейнесі тарихи психология ретінде
Жоспары:
Психология пәні туралы эволюциялық түсініктер психологиялық тарих ретінде
Психология тарихының дамуындағы қарама-қайшы бейнелеу ретiндегi бүгiнгi психологиялық мектептердiң әртүрлiлiгi
Адамзат мәдениетiнің жалпы үрдiсiндегi психологияның қызметтiк қисыны
Психологиялық түсініктердің туындау негіздері
Психология адам жайлы ең негізгі ғылымдардың бірі. Оның пайда болуы адамға және оның іс-әрекетіне деген қызығушылықпен шартталған. Алғашқыда психология діни наным-сенімдермен, мифтер, аңыздармен байланысты болған. Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдармен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің иесі де, себепшісіде. Жан туралы осындай жалған түсініктің болуы алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауына байланысты болды.
Психология психологияға қатысты және оның салаларына қатысты теориялар негізін қарастырады. Бұл оның психология ғылымындағы орыны мен ролін айқындайды. Психология бұл жүйенің жалпы теориялық, методологиялық бөлімі.
Психика ежелгі грек сөзі «жан» деген мағананы білдіреді. Тек қана жан емес, сонымен бірге «тұлға» деген мағананы білдіреді.
Психика – ішкі дүние процестерінің қалыптасуы (сырқы дүниенің моделі).
Психика – ішкі дүниенің мазмұны және процестердің жандануы.
Психика – әрекетті ұйымдастыру, жүзеге асыру, басқару процесі.
Психология мектептері шеңберінде психологияның зерттеу пәні бір келкі емес. Карл Юнг бойынша: «Психика, ғылыми бақылау және бағалау объектісі бола отырып, оны бағалауды жүзеге асыратын субъектісі, құралы да болады».
Аристотель ежелгі жан туралы ілімдерді қарастырып, жүйеледі. Оның «Жан» туралы шығармасы адам психикасын жалпылап көрсеткен теория болды.
«Психология» термині ХVІ ғасырдың аяғында пайда болды. 1590 жылы ГОКЛЕНИУС-тың алғаш «психология» атты кітабы жарық көрді. 1594 жылы оның шәкірті Гасман осы атаумен екінші кітап шығарды.
Параллелді түрде басқа ғылымдар шеңберінде: философия, дінтану, тарих, заңтану, экономикада психология жайлы білімдер жинақталып жатты. Көптеген философтар сонымен қатар психологта болды. Олардың қатарында Френсис Бэкон, Джон Локк, Бенедикт Спиноза, Иммануил Кант, Георг Гегель және т.б.
Олардың кейбіреулері психологиялық жұмыстар жазды:
Георг Гегель – «Жан феноменологиясы және жан философиясы»;
Иммануил Кант – «Прагматикалық көзқарастағы антропология»;
Адам Смит – «Адамгершілік сезімдер теориясы» атты психологиялық тамаша еңбектер жазды.
Басқа ойшылдар мысалы, Рене Декарт тек қана психологиялық шығармалар мен ғана емес, сонымен бірге психологиялық даму жолдарын анықтау идеяларымен де танымал болды.
Рене Декарттың әсерінен психология Зигмунд Фрейдке дейін сана психологиясы ретінде дамыды.
Психологиядағы эмоция теориясының дамуында Бенедикт Спинозаның еңбегі де орасан зор. ХІХ ғасырда психология ғылымы қарқынды дами бастады. Осы кезеңде психология бойынша көптеген кітаптар мен құралдар жарық көрді.
Зерттеудің бірінші бағыты: «Физиологиялық психология», екінші бағыты «Халықтар психологиясы» атауларына ие болды.
В.Вундттың еңбектерінің қатарына 1879 жылы Лейпциг қаласында Әлемдегі алғашқы психологиялық лабораторияны ашуы жатады. Ол соңынан ғылыми зерттеу институтына айналды. Онда көптеген атақты психологтар, соның ішінде атақты Ресей психологы және психиатры Владимир Михайлович Бехтерев білім алды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психологияда бірнеше ғылыми мектептер пайда бола бастады.
Ең алғаш психологияның пәні мен міндеттерін басқаша қойған психоанализ немесе Фрейдизм болды. Психоанализ психологияның пәні ретінде адам психикасының санасыздық механизмдерін зерттеді. Фрейдтің ойынша,адамдар иррационалды және аморалды күштермен басқарылады. Олардың мінез-құлықтары ішкі күштермен : инстинкттер, түрткілер, қажеттіліктіліктермен басқарылады. Бұл түрткілер санасыз. Бұлардың арасында үнемі өздігінен шеше алмайтын қақтығыстар болады. Адамның мінез-құлқын өзгертудің негізгі әдісі психотерапия. Психоанализ тұжырымдамасы бойынша адам кемелденбеген, азап шегуші. Фрейдизмнің базасында тереңдетілген психология қалыптасты:
Альфред Адлер – индивидуалды психология;
Карл Густав Юнг – аналитикалық психология;
Эрих Фромм, Карен Хорни – неофрейдизм және т.б.
ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы да бір психологиялық мектеп – бихевиоризм – мінез –құлық психологиясы қалыптасты. Мектептің негізін салушы Джон Уотсон бақылау және эксперимент арқылы мінез-құлық заңдылықтарын ашу мақсатын қойды. Адамның мінез-құлқы толығымен сыртқы ортамен басқарылады деген постулат қойылды. Адамның неге талпынатынын және неден қашқақтайтынын - осы сыртқы орта белгілейді. Адам мінез-құлқының құрылымы белгілі мөлшерде сыртқы орта құрылымының көшірмесі болып табылады.
Қазіргі бихевиоризм өкілі Беррис Скинердің ойынша, адам мінез-құлқы генетикалық қаныққандық, физикалық орта және әлеуметтік ортамен байланысты. Адамның ішкі жағдайы терістелмейді және мінез-құлықты талдау үшін қажет екендігі ескеріледі.
Беррис Скинердің тұжырымдамасы: «Адам қоршаған басқарылады, бірақ.... орта толығымен адаммен қалыптасады», яғни, мінез-құлық өзінің нәтижесімен қалыптасады және тұрақталады.
Егер әрекет нәтижесі адам үшін маңызды болса, ол адамның мінез-құлқын басқарады. Әрекет нәтижесінің келесі мінез-құлқына әсер етуі, «нығайту» деп аталады. Адамға әлеуметтік орта әсер етсе, әлеуметтік ортаны өзгерте отырып, адамға әсер етуге болады. Қоршаған ортада адамға әсер ететін оң бағыттау көп болуы қажет.
ХХ ғасырдың ортасында психологияның үшінші мектебі когнитивті психология қалыптасты. Когнитивті психология психиканы танымдық операциялар жүйесі ретінде, ал адамды - ақпаратты өңдеуші субъект ретінде қарастырды.
Когнитивті психологияның негізін салушылар Фриц Хайдер – танымдық тепе-теңдік теориясы, Леон Фестигнер – когнитивті диссонанс теориясы, Джордж Брунер – әлеуметтік қабылдаудың перцептивті болжамдар теориясы, Джордж Келли – тұлғалық конструкттар концепциясы, Герман Виткин – тұлғаның когнитивті стилін зерттеу.
Психика мен оның дамуының пайда болу мәселесі, яғни генезисі тығыз байланысты болады. Сондықтан, психиканың даму үрдісіне деген жалпы көзқарас психиканың пайда болу мәселесінің теориялық шешімінің ерекшеліктерімен сипатталады.
Бұл мәселені принциптік тұрғыдан бірнеше жолдары бар. Ой философиясы тарихындағы «антропсихизм» деп аталатын бұл көзқарас Р. Декарттың атымен байланысты. Оның мағынасы мынада: психиканың пайда болуы адамның пайда болуымен байланысты, психика тек адамда ғана болады.
Айтылған мәселені шешетін тағы да бір көзқарас ол психиканы кез-келген тірі материяның қасиеті емес, жүйке-жүйесі бар ағзалар ғана таниды. Бұл көзқарасты нейропсихизм концепциясы деп атайды.
Материялистік психология бұл коцепциялардың біреуін де сөзсіз қабылдай алмайды. Психология ғылымы мүлдем басқа жағдайлардан пайда болып, өз алдына психиканың шығу тегі туралы жауап іздеуге, өмірдің бұл күрделі түрін тудыратын шарттарды сипаттауға тырысады. Өмірдің пайда болуының негізгі шарты болып, қоршаған орта мен зат алмасусыз тіршілік ете алмайтын, ақуызды күрделі молекулалардың пайда болуы саналатыны белгілі.
Өмірлік маңызды әсерлерге қатысты тітіркену үрдістері, тітіркенудің арнайы жоғары түрлерін білдіру және оларды келесі ұрпақтарға бере отырып сақтау, әдітте өсімдіктер өмірі деп аталған, өмірдің даму кезеңін сипаттайды. Психикалық бейнелеудің бастапқы түрінде болатын сезімталдық кез-келген, тіпті өте қарапайым, өміршең денеге тән болатын тітіркенудің дамуы арысында пайда болады деген жорамалды А.Н. Леонтьев енгізді. А.Н. Леонтьевтің жорамалы бойынша, жануарлар, тікелей зат алмасуға енетін биологиялық маңызды әсерлерге ғана емес, өмірге қажетті әсерлердің пайда болуын білдіретін болса, биологиялық маңызы жоқ, «бейтарап» әсерлерге де жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, жануарлар қоршаған ортаға белсенді бейімделіп, тіршілікке қажетті жағдайларды іздейді және ортаның кез-келген өзгерісіне жауап қайтарады.
Биотикалық әсерлерге қатысты, сезімталдықтың және тіршілікке маңызды әсерлердің пайда болуы мен олардың іздерінің жай сақталуын білдіретін бейтарап тітіркендіргіштерге қатысты тітіркенудің сипатталған үрдістері біржасушалы жануарлардың тірлігін қолдауға жеткілікті, бірақ көп жасушалыларға ауысқанда олар жеткіліксіз болады.
Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуына әкеледі. Гангилозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді. Неғұрлым қарапайым омыртқасыздардан, өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жаңа принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады.
Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне көмектесетік күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады.
Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді – химиялық рецепторлар, дәм сезгіш рецепторлар, вибрациялық рецепторлар болады. Бұл рецепторлық аппараттардың қозулары жүйке талшықтарының бойымен таралады және осы серпілістерді туа біткен мінез-құлық бағдарламаларының күрделі жүйесіне аударатын алдыңғы ганглиеға келеді.
Сонымен, инстинктивтік әрекеттердің бағдарламалары түрлі тітіркендіргіштердің көпшілігін қарастыра алмайды, осылайша жануарлардың қабылдау мүмкіншіліктері шектеледі. Бұл жағдайдағы шындықты қабылдау жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді білдіреді. А.Н. Леонтьевтің ұсынысы бойынша, психика дамуының бұл кезеңін жануарлардың бірқатар түрін қарастыратын қарапайым сенсорлық психика кезеңі деп атайды.
Адам әрекетінің белгілі бір аймағы «ғылым» деген атаққа ие болу үшін үш негізгі талапқа жауап беруі тиіс:
өзінің зерттеу объектісі болу тиіс;
өзінің зерттеу объектісі мен методологиясының болуы;
өзінің ғылыми қарым-қатынас тілінің болуы;
ХІХ ғасырдың екінші жартысында жоғарыда аталған жағдаяттар туды. Бір жағынан сол кездегі өмір сүріп отырған ғылымдар – физика, биология, медицина «жанды» зерттеу мақсатын түсіндіре алады. Жан немесе психиканы түсіндіретін принципиалды, жаңа ғылыми түсініктің пайда болу қажеттілігі туды. Қоғамның өзгеруі, өнеркәсіәптің дамуы да енді практикалық мақсатты туғызды. Осы құбылыстардың бәрі жаңа, ғылыми психологияның пайда болып дамуына әсер етті.
«Психология» термині 1500 жылы Марбург қаласының профессоры Гокленнус есімімен байланысты. Келесі бір дерек бойынша «психология» терминін неміс философы Ломоносовтың ұстазы Христиан Вольф 1732 жылы енгізген. Ол Афродитаның баласы Эросқа ғашық болған гректің Психея атты мифологиялық әңгімесін пайдаланады.
Психологияның даму жолы ұзақ болды.
Ғылымға дейінгі психология. Бұл кезеңде адам өзін және басқа адамдарды әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде тікелей танып білдіреді. П. Жаненің айтуынша, «Бұл халықтың психологтарға дейін өздері жасайтын психологиясы»,- дейді.
Пәлсапалық психология. Психология пәлсапалық жүйеде қарастырылады.
Ғылыми психология 1860 жылы неміс ғалымы Г.Т. Фехнер өзінің «Психофизика элементтері» деген еңбегін жариялайды. Х. Вольф пен Гальтон идеяларын Фехнер бірінші болып эксперименталды әдіс реттеуде қолданып, психикалық құбылыстардың зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеуден өткізеді.
1879 жылы Лейпцигте В. Вундт алғашқы психологиялық лаборотория құрады. Фехнерге қарағанда Вундттың ғылымға тигізген әсері ол жүйелі лаборотория құрып, ғылыми мектептердің пайда болуына әсерін тигізді. Сондықтан, В. Вундт ғылыми психологияның атасы болып есептеледі.
2) А.В. Лазурский психологияның дамуына үлкен үлес қосқан орыс психологы.
Эксперименталды психология – психологиялық пәндер құррылатын басқа эксперименталды психология негізін меңгеру психологиялық кез-келген саласын түсінуге қажет. В.В. Никандровтың айтуынша «эксперимент» категориясын әртүрлі авторлар, әр түрлі түсіндіреді. Дәстүрлі түрде экспериментті тар мағынада емес кең мағынада түсінуу керек, себебі жаңа ғылыми білімді анықтауға құрылған экспериментті эксперименталды психология қарастырады.
Ғылыми психология бос жерден пайда болған жоқ. «Ғылымға дейінгі кезеңін» алып қарастырсақ та, онда зерттеулер жүргізілгенін көруімізге болар, мысалы: ІІІ ғасырда б.э. Немеций көз 3-4 элементті бір мезгілде бірден қабылдай алатынын анықтаған. К.А. Рамуль алғашқы эксперименттер ХVІ ғасырда жасалған деген деректер бар дейді. Ал ХVІІІ ғасырда бұндай деректер көптеген кездеседі. Оның айтуынша:
Алғашқы психологиялық тәжірибелер ғылыми мақсатқа сәйкес емес кездейсоқтық мінездемеге ие болған.
ХVІІІ ғасыр зерттеушілері ғана психологиялық эксперименттерді ғылыми мақсатқа байланысты жүйелі пайдалана бастады.
Бұл зерттеулер көбінесе қарапайым көру түйсіктеріне байланысты.
Алғашқы психологтар физиолог (Вундт, Бине, Павлов) болуы, кейде дәрігерлер (Бехтерев) немесе физиктер (Бугер, Вебер, Фехнер, Гельмгольд) облды. Олар психологиялық проблемаларды жаратылыстанушы ретінде қарастырды. Алғашқы 1860 жылы «Психофизика элементтері» атты Г.Т. Фехнердің туындысы эксперименталды психология алғашқы еңбегі болып табылады. Осылайша, психофизиканы жан мен тән қарым-қатынасының нақты теориясы яғни дене әлемі мен психика әлемі қарым-қатынасы деп қарастырды.
Алғашқы ірі психологиялық трактат Вундт (1873-1874) трактаты «физиологиялық психология» деп аталды, алғашқы француз лабораториясы (1889) Бонк, кейін Биненің физиологиялық психология лабороториясы деп аталды.
Осылайша, алғашқы қадамын жеке дара ғылым ретінде жасауды психология әлі де болса өзінің қайнар көзі – физиология мен физикадан бөліне алмады. В. Вундт (1832-1920) «эмпирикалық» экспериментке дейінгі психологияны эксперименталды психологияға айналдырды. 1879 жылы пайда болған психологиялық лабороторияда дүйние жүзінің көптеген психологтары білім алды. Фехнер Вундтан бұрын зерттеу жұмысын жүргізгенімен Вундт лабораториясында ғана алғашқы психологиялық мектеп пайда болды. Вундт объективті бақылауды интроспекция әдісімен үйлестіруді белсенді пайдаланды. Объективті бақылау ғана интроспективті әдісті психологиялық эксперимент деп атайды. Өзінің психофизикалық эксперименттерінде Фехнер мына талаптарды орындады:
а) арнайы әзірлеген психофизикалық әдістерді пайдалану; б) қайта-қайта қайталау негізінде эксперименттің дәлдігіне, беріктігіне жету оның нәтижесін математикалық әдіспен өңдеу.
Өзінің «Ес» туралы (1885) еңбегінде Эббингауз эксперименталды психологиялық мақсатын белгілі бір құбылыстар мен факторлардың функционалды байланысын өзін-өзі бақылау арқылы емес, белгілі бір мақсаттарды шешу жетістігіне байланысты түсіндіру деп қарастырады.
Ресейде психологиялық дамуы физиология саласынан басталады. И.М. Сеченов «Психологияны кім және қалай дамытады?» деген мақала жазады. «Кім?» деген сұраққа ол: физиологтар, «қалай» деген сұраққа – релекстерді зерттеу арқылы деп жауап береді. И.П. Павлов Сеченевтің шәкірті болмаса да оның еңбектерінің әсері терең болды. И.П. Павлов (1903) шартты рефлекстерді ашады. Алғашында оны психикалық деп атаған болатын. В.М. Бехтерев 1907 жылы Санкт-Петербургте Психоневрологиялық институт құрады. 1910 жылы Бехтеров «Объективті психология», ал 1917 жылы «Адам рефлексологиясының жалпы негіздері» атты еңбектері жарық көрді. Бехтеров рефлексология терминін еңгізді. Рефлексология – ішкі және сыртқы тітіркенгіштерге жауап қайтару реакциясын зерттейтін ғылыми пән.
Осылайша, Павлов пен Бехтерев Уотсыннан бұрын объективті психология негізін қалаған. Оны психология деп атамаса да тәртіп туралы ғылым деп атаған.
3) Кез-келген ғылымның өзінің методология ретінде анықтайтын принциптері болады. Эксперименталды психологияның да өзінің методологиялық принциптері бар.
Детерменизм принциптері.
Психологиялық құбылыстар организмнің сыртқы орта байланысымен алдын ала анықталған. Сыртқы ортаның жүйелі байланыссыз психика адекватты емес болып жұмыс істей бастайды. Психикалық құбылыстар сыртқы ортадан тыс бола алмайды. Механистік детерменизмнен айырмашылығы онда, себеп салдардың алдында болады. Психика ортамен байланысты яғни сыртқы себептер әрекеті ішкі шарттармен жанамаланады.
Физиологиялық және психикалық бірлік принципі.
Жүйке жүйесі психикалық процесстердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Психикалық құбылыстарды физиологиялық процестермен бірдей деп түсіндіруге болмайды. Психикалық құбылыстардың психологиялық модель құрылысын физиологияға сілтеме жасамай-ақ зерттеуге болады.
Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі.
Іс-әрекет жеке бастың ортамен байланыс жүйесін құрайды. Жеке бас бұл жағдайдан тыс өмір сүре алмайды. Бұл жүйе саналы және мақсатты түрде жеке басты қалыптастырады.
Даму принципі. (тарихи принцип, генетикалық принцип).
Даму материяның қасиеті болып табылады. Ми – жүйке жүйесінің ұзақ тарихи даму нәтижесі. Психика – тарихи және әлеуметтік-экономикалық шарттар негізінде қалыптасты. Даму принципі құбылыстарды үздіксіз қозғалыста қарастырады.
Объективтілік принципі.
Объективтілік принципінің мазмұны объектіні тануда субъектіге тәуелсіздіген мойындау.
Құрылыстық принцип.
Б.Б. Коссовтың айтуынша “кез-келген психикалық құбылыстар біртұтас жүйелі процесс ретінде қарастырылуы тиіс. Субъекті мен ортаның байланысы іс-әрекетте көрінеді”. Кез-келген құбылыс біртұтас, жүйе ретінде түсіндірілсе онда оның өзінің бірнеше құрылысқа біріккен әлеуметтері болып, байланыста болады. Кез-келген біртұтас құрылысты жүйелі құрылыстық анализ арқылы қарастырады.
4) К. Хольцкамп эксперименталды деректер мен теориялық түсініктердің жаңа теорияның пайда болуына тигізетін әсерінің ара қатынасын талдайды. К. Хольцкамптың айтуынша, “қазір және осында” атты формада деректерді талдау қажет.
Бағыттаушы теориясыз ғалымдар бағытқа ие баға алмайды. Олар әр түрлі деректерді жинаумен ғана шектеледі. Ч. Дарвин: “Теориясыз бақылаудың болуы мүмкін емес”, деген.
Біздің теория пайдалы болады егер ол:
Көптеген бақылауды нәтижелі ұйымдастырса.
Анық болжамдарды теориялық тексеру немесе практикалық тапсырма кезінде қолданылса.
К. Хольцкамп эксперименттердің төрт “формалды басымдылықтарын” ажыратады:
“Эксперименталды болжауды” теориялық негізде қалыптастыру, экспериментті жоспарлау.
Экспериментті ұйымдастыру және өткізу.
Эксперименттің экологиялығын бағалау (эксперимент жағдаятының зерттелінетін шындыққа сәйкестік деңгейі).
Эксперименталды нәтиженің теориядан ауытқуын бағалау.
Б.Г. Ананьев эксперименттің рөлін психологиялық зерттеуде ерекше екенін атап көрсетеді.
В.Н. Дружинин психикалық регуляция деңгейлік пен эмпирикалық суреттеме әдістерінің байланысын қарастырып, мынандай деңгейлерге бөледі:
физиологиялық деңгей
психофизикалық
сенсорлы-прецептивті процесс
психиканың интегративті деңгейі (ойлау, мотивация)
жеке бас.
Достарыңызбен бөлісу: |