ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Балалар психологиясы» 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған ОҚу- әдістемелік материалдар



бет5/11
Дата20.11.2016
өлшемі2,03 Mb.
#2134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз?

2.Нәрестенің қимыл әрекеттерінің туған кездегі әрекеттерімен салыстыра отырып талдағыздар?

3.Нәрестенің зейінінің дамуы ерекшелігін атап көрсетіңіз?

4.Нәрестенің есін дамытудың жолдары?

5.Нәрестенің эмоциялық сезімі неден көрінеді?



Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

7-дәріс. Тақырыптың аталуы: Сәбилік кезең.

Дәріс жоспары:



  1. Сәбилік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама

  2. Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры

  3. Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері

  4. Сөздің дыбыстық, ерекшеліктерінің қалыптасуы.

  5. Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар.

  1. Сәбилік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама

Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды.

Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында көбінесе сұйық тамақпен тамақтанады. Алғашқы жылмен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы 3 есе артады. Екі жасқа келгенде салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай сайын 1 см өсіп, балаларда 20 сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты ырғаққа келеді.

Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады. Осы кезде ай сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста миының салмағы 1100-1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы баяулайды:

7 жасқа келгенде 1250 г болады

8-9 жасқа келгенде 1300 г бболады

15 жасқа келгенде 1350 г болады

21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады.

Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте тез дамиды.



2.Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры. Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300-ге тарта сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес ( автономиялық) сөз деп аталады. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдей бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады. (ням-ням, мам-мам,ня-ня) тамақ ішемін деген сөзі және баланың мұндай дербес сөздері үлкендердің нағыз сөзінен бұрмаланып алынған сөз болады. Мысалы: сүт- түт, шәй-тәй, ішемін-тем.

Бала тілінің тез шығып, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие жұмысына байланысты. Сөздік қорының молаюы, олардың психикасының дамуына да әсер ертеді.

Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды жақсы қабылдап, есінде сақтап, зейінін шоғырландырып, кең көлемде ойлайтын, қиялы ерекше дамыған сезімтал болады. Өзінің қоршаған орта туралы түсінігі де кең болып, жан-жақты дамиды.

Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл –ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.



Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды.

Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы

Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.

Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.



Автономды сөйлеу балада тез ( әдетте жарты жыл көлемінде) өзгеріске түсіп, жылдам жойылып кетеді. Айтылуы және мәні жағынан түсініксіз сөздер «үлкендердің» сөзімен алмаса бастайды.

3 жасқа қарай баланың белсенді сөздік қоры 1000-1500 сөзге жетеді. Шамамен 1,5 жастағы сөйлемі 2-3 сөзден тұрады. Бұл көбінесе субьект және оның әрекеті (« мамам келе жатыр»), әрекет және объект әрекеті (« мам берші») немесе әрекет және әрекет орны (« кітап анда») 3 жасқа қарай ана тілінің негізгі грамматикалық және негізгі синтаксистік құрылымдарын меңгере бастайды.

Бала сөзінде барлық сөздер бөлігі кездеседі, мысалы: « Есіңде ме суға барғанымыз, әкем мен Мерей шомылды, ал анам қайда болды?», « Мен әкем мен анамның баласымын, атам мен апамның немересімін», « Мен сенің келгеніңе өте қуаныштымын».

Баланың сөйлеу белсенділігі көбінесе 2-3 жас аралығында дамиды.

3.Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері. Баланың тілінің дамуы. 2 жастың өзінде бала атқаратын қызметіне байланысты:

-1) бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіретін кезі болады. Ф-ф-ф-ф-ф-у- сіріңке, темекі, пеш,газ,шам, т.б тамақ ішем, ет жеймін су ішемін.

-2) тұрған орынына қарай

-3) сыртқы ұқсастығына қарай бөлу: га-га-га- қаз тұмсығы созылып тұрған саз балшықты құсқа ұқсатады, жүннен тоқылған затты бөки дейді.

-4) дыбысты бойынша атау. Ля-ля- радио, музыка, ән. Қоқ-қоқ тауық, мияу- мысық деген сияқты т.б.

2 жастың соңында бала үлкендермен үнемі қарым-қатынас жасау нәтижесінде сөздік қоры жылдам артады. Үлкендерден білмегендерін сұрайды, үлкендердің сұрағына жауап береді. Алғашқы сұрағы бұл не? Бұл қалай аталады?- деп сұрап, әр заттың өз атауы болатынын біледі.



1 жастың соңында 18-25 активтік сөз болса, 3 жаста 1000-1200 сөз. Екі жастың соңында да баланың тілі анық емес, грамматикалық тұрғыда байланысы жоқ болады. Сөздің грамматикалық құрылымын игерудің белгілі бір заңдылығы болады:

  1. 60-70 сөзге жеткен соң қарапайым сөйлем құрастырады.

  2. Сөзді тыңдап отырып қайталайды.

  3. Ситуациялық сөз.

  4. Баланың жалпы даму деңгейіне байланысты, яғни ақыл-ойының, дербестігінің дамуына байланысты.

1-ден 3- жасқа дейінгі аралықта баланың сөзді меңгеруінің өзіндік мәні болады. Бала айналасындағы құрбы-құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі танып біледі.

  1. Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде әр заттың қасиетімен атқаратын қызметін ажыратады.

  2. Қоршаған ортадағы заттарды таңдау, топтау, жалпылау негізінде қабылдап негізгі белгілерін ажыратады.

  3. Заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынас байланыстарын ажыратады.

  4. Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде алдына мақсат қойып ерікті әрекет етуге, дербестікке үйренеді.

  5. Үнемі үлкендермен қарым-қатынас негізінде тәлім-тәрбие нәтижелерін игеретін болады,болмайды деген сөздер мәнін түсінеді

  6. Бала өзін өзгелермен салыстырып қоғамдағы өз орнын түсінеді.

  7. Өзіне және өзгелерге баға беріп, басқа біреулер үшін жауап беріп, жауапкершілік сезімі оянады.

  8. Практикалық ойлауы дамиды. Тақпақ жаттау,ертегі,әңгіме айту,дидактикалық ойын ойнауы жүзеге асады.

Осы кезде бала тілінің дамуының үш жағын байқауға болады.

  1. Психофизикалық

  2. Психологиялық

  3. Логикалық, грамматикалық, фонематикалық

Психофизиологиялық даму үшке бөлінеді:

  1. Бақыру ( жылау)

  2. Былдырлауы

  3. Нағыз сөзі

Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта өтеді:

  • Үлкендердің сөзін түсінуі жоғарғы бағытта өтеді

  • Сәбидің өзіндік белсенді сөздік қоры қалыптасады.

Балада дыбыстарды есту негізі қалыптасады. Бірте – бірте өңделіп, сөздік дыбыстар құрайды, ақырында балада алғашқы сөзді түсінуі мен құрастыру дағдысы қалыптасады да үлкендермен айналасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артып кеңейеді. Сәбилік кезеңде баланың тілінің дамуы үшін үлкендермен қарым-қатынас жасау мен заттармен әрекет етудің маңызы зор.

Кейбір үлкендермен сирек араласатын баланың тілі кеш дамиды. Тағы да ескертетін жай баланың барлық талап – тілектерін, айтқанын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыратын болсақ, бала көпке дейін сөйлей алмайтын болады.

Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40 тан 100 ге дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады. Бір жарым жастан соң кенет өзгеріп, бала сөйлеуге ынталы боып, тек заттың атын атап қана қоймай, оны затпен байланыстырып айтатын болады.

4.Сөздің дыбыстық ерекшеліктерінің қалыптасуы. Белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.

Грамматикалық құрылысты, игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін – түбірлі сөздержен құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.

Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады. Заттарды өз қолымен ұстап, әрекет етіп көріп, қасиетін ажыратады. Осының өзі баланың сөздік қорын дамытады. « Киіміңді әкел! «Әжені шақыр! « Атаға таяғын алып бер» десе баланың түсінігі кеңейіп, қарым-қатынас шеңбері артады. 3 жасқа қарағанда әр сөздің мәнін, қолданылатын орнын ажыратып, түсінеді. 2 жастың соңында сөздің мәні мен мазмұңын түсініп, қысқаша қызықты ертегіні тыңдап, бірнеше қайталап айтып беруі талап етеді. Әңгіме, ертегіні тыңдау арқылы қабылдау, есте сақтау, зейін қою, ойлаудың алғашқы белгілері байқалады.



5. Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар. Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас дағдарысы болады. Өзінің «менін» бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау. Бала бағыты өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский, Э.Келлер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттейді.

3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:

  1. Негативизм- бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.

  2. Қыңырлық ( упрямство)- бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.

  3. Наразылық бүлікші ( қасарыспалық)- кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездеесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.

  4. Деспотоизм ( шексіз билеушілік)- отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.

  5. Бағасыздану (обесценивание)- 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Сәбилік кезеңде пайда болатын негізгі әрекеті рөлддік дидактикалық қимылды ойындар. Осы кезде бала үлкендердің әрбір әрекетіне еліктеп, көптеген заттармен әрекет етуді меңгереді. Қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді. Барлық психикалық үрдістер дамиды. Заттар мен әрекеті де ойын арқылы дамиды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сөздің грамматикалық құрылымын игерудің заңдылығын талдаңыз

  2. Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры

  3. Сәбилік кезеңдегі бала психикасының даму ерекшелігіне тоқталыңыз

  4. Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері

  5. Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстарды атаңыз


Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

8- дәріс.

Тақырыптың аталуы: Сәбилік кезеңнің соңында жаңадан пайда болатын әрекеттер.

Дәріс жоспары:



  1. Сәбилік шақта жаңа іс-әрекеттің пайда боуы.

  2. Психикалық дамыту және үйрету.

  3. Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері

  4. Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу

  5. Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.

Сәбилік шақта жаңа іс – әрекеттің пайда болуы.

Бала 3 жасқа аяқ басқанда неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлері ( сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу).

Еңбектен бөлек ойын болған емес. Аңшылыққа, мал шаруашылығына және кетпен мен егін егуге көшкен балалар түсіне бермейтін және арнайы даярлықты керек етпейтін еңбек құралдары пайда болды.

Қоғам дамуының сатысында рөлдік ойын пайда болды. Ол ойын арқылы балалар өздерінің қажеттіліктерін үлкендермен бірге өмір сүруге ұмытылысын қанағаттандырады.

Рөлдік ойынның алғы шарттары заттық әрекетте пайда болады. Ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады.

Баланың бүкіл өмірі үлкендерге байланысты болғандықтан барлық іс-әрекетті ұйымдастырып, бағыт беріп отырады.

Үйрету егер психикалық дамудың бала жеткен дәрежеіне лайықталып жүргізілсе ғана табысты болуы ықтимал деген қорытынды шығады. Үйрету баланың дамуына ыңғайластыра жүргізілмеуі, оның артында қалмауы тиіс. Үйрету дамудың жеткен дәрежесін есепке алады. Мұндағы мақсат- сол жерде тоқтап қалу емес, онан әрі дамуды қалай жүргізу керектігін білу.Үйрету психикалық дамудан озық жүреді, оны өзінің соңынан ертеді.

Үйретудің психикалық дамудағы жетекші рөлі бала жаңа іс-әрекетті меңгере отырып, әуелі оны үлкендердің басшылығымен және көмегімен, содан соң өздігінен орындауға машықтанатынынан көрінеді. Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке атқаратын қызметінің арасындағы айырмашылық баланың таяудағы даму аймағы деп аталады. Таяудағы даму аймағының көлемі баланың үйренгіштігінің, оның бойында осы қазір бар даму қорының маңызды көрсеткіші.

Үйретудегі әрбір жаңа қадам баланың таяудағы даму аймағын пайдаланады және сонымен бір мезгілде онан әрі үйретудің алғышарты болып табылатын жаңа аймақ жасайды. Мәселен, сәбиге тіл үйрете отырып біз оның қалыптасқан есту, көру, қабылдауларының мүмкіндіктерін, үлкендерге еліктеуін, түсінігін пайдаланамыз.

Мектеп жасына дейінгі балаға көбіне қабылдаудың бөлшектенбеуі, ойлаудың нақтылығы, ерік пен естің ырықсыздығы сияқты қасиеттер тән. Бұл ерекшеліктер психологиялық зерттеулер арқылы талай рет бекітілген болатын. Балалардың үлкен суреттер мен заттарды суреттеулеріне олардың өздерінің суреттерін әдетте заттардың жалпы сұлбасын немесе олардың жеке бөлшектерін, ұсақ-түйектерін қабылдай алатыны көрінеді, ал оларды бірден тұтастай қамтуға көбіне күштері жетіңкіремейді.

Ерте жас кезінде әрекет заттық болып келеді. Бұл кезде балаға заттың арнаулы аты, ол неден жасалғаны, бәрі-бәрі қызықтырады. Ол жуынуды сабынмен, сүлгімен, қасықты қолдана бастайды. Әрекет үдерісін баланың көңілімен аударады. Ол көптеген нәрселерді үлкендерден үйрене бастайды. Мектепке дейінгі іс-әрекет басқа да іс-әрекет түрін үйренуге мүмкіндік береді. Онда жеке ойын, сурет салу, еңбек ету қабілетін иемденеді.

Негізінен білік жеке автоматты іс-әрекет формасының жаттығуды қайталаудағы қорытындысы. Баланың білік қабілетін қалыптастыруға үлкендер ықпал етеді. Бала үлкендермен көп жұмыс жасаса, барлық нәрсені өз бетімен жасайтын болады. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балада ең бастысы тәрбие болады. Жаңа жаңалықтар баланы алға ұмтылуға итермелейді. Үлкендер балаға үнемі көңіл аударып отырса бала тез арада барлығын бағалап, сарапқа салады және өз көзқарасын ашып айтады.

Ерте жастағы іс-әрекет дамуының кейбір ерекшеліктерін қарастырамыз:


  • Балада әлеуметтік білік қалыптасады.

  • Әрекет процедурасын орындауда қажеттіліктің ұйымдасады. Оған қажеттілік пен тазалық жатады.

  • Бала іс-әрекет тәрбиесінің ережелерін меңгереді.

  • Балада жеке өзіндік сапалық қасиеттер қалыптасады.

3.Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері

Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен аламасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар.

Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді олатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.

4.Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу.

Заттық іс-әрекеттен алынып жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан – ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады.

Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйдеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамытудың қажетті жағдайларынан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі – үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет. Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде балалар ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды.

Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым – қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.



5.Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.

Егер сәбилік шақ аса маңызды жетістіктерге толы (бір жастан екі жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым- қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез – құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелді болады.

Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты. Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Кеңістікте белсенді қозғалып жүру дағдысы (локомодация) әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалиып алады.

Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттар мен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сәбилік кезеңдегі негізгі әректтерді атаңыз

  2. Сәбилік шақтағы іс-әрекеттің түрлеріне тоқталыңыз

  3. Бала психикасының дамуына заттармен әрекет еудің ықпалы бар ма?

  4. Сәбилік кезеңде заттар мен әрекет ету арқылы қарым-қатынасқа бейімделудің жолдарын атаңыз

5.Сәбилік кезеңде жетістіктерге жетуге заттармен әрекет етудің ықпалы

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

9-дәріс. Тақырыптың аталуы. Сәбидің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы

Дәріс жоспары:



  1. Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы

  2. Көріп қабылдаудың ерекшеліктері

  3. Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері

  4. Сәбидің ойлауының ерекшеліктері

  5. Сәбидің зейіні мен есінің ерекшеліктері

  6. Эмоцияның ерекшеліктері

1.Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы. Сәбилік кезеңнен бастап, бала айнала қоршаған ортадағы заттардың қасиеттерін қабылдай бастайды. Заттардың арасындағы қарапайым байланыстарды байқап, осы байланыстарды өзінің іс-әрекетінде қолданатын болады. Осының өзі баланың құралдарды қолданып әрекет ету нәтижесінде болатын ақыл-ойының әрі қарай дамуының басты себебі деп саналады. Баланың жаңа құралдары пайдаланып, әрекет еуіне байланысты ойлау мен қабылдау әрекеті қалыптасады.

Екі жастың қабылдауында мынандай бес түрлі ерекшеліктер болады: 1.Заттың суретін немесе адамның бейнесін бейнесін фоттографиядан көрген кезде ерекше белгілерін есте сақтау арқылы қабылдайды. 2. Екі жастағы бала затты түстеріне байланысты ажыратып, қабылдай алмайды. 3.Екі жарым, үш жастағы баланың көру арқылы қабылдауы жақсы дамиды. 4. Үш жасқа келгенде 5-6 геометриялық форманы, 8 түсті ажыратады. 5. Тілдің дамуына байланысты қабылдау қабілеті артады. Өйткені үлкендермен тіл арқылы қарым-қатынас жасау нәтижесінде көріп, естіп белгілі бір ерекшелікке байланысты қабылдайтын сипап сезу қабілеті дамиды. Сәбилік кезеңдегі негізгі әрекеттің барлығы тіл арқылы жүзеге асатын болғандықтан , бала екі жастың өзінде өзінің ана тіліндегі барлық жоғарғы және төменгі тембрдегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндігі болады. Сол сияқты сәбилік кезеңнің өзінде кеңістікті уақытты ажырату қабілеті арта бастайды.

Туйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз – айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады. Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы, жинакталуы. Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте сақталады.

Ойлау. Ойлау аркылы сәбидің қалыптасып келе жатқан заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын біртіндеп есіне түсіру ерекшелігі. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер қайталануы бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Сәбидің ойлау кабілеті ойнау барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жағдайларды бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.

Сенсорлық даму ақыл-ой тәрбиесінің негізі-сенсорлық тәрбие арқылы жузеге асады.Ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді,заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.

 1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым рәміздік нысандарды меңгеруге негізделеді  және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды көздейді.

     Бала тілінің дамуы. Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бүлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды.

5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ Бұл кезде, әсіресе жарты жарқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан создің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала создің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса создің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.

1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі.

  Бала сөзінің алғашқы қалыптасуы – баланың сөйлеуге қажетті мидағы орталығы ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптаса бастайды. Ол анасының сөйлеу реакцияларын есту анализаторлары арқылы қабылдайды да жарық дүниеге келгеннен кейін бұл реакциялар алғашқы үн – іңгәлаумен жалғасады. Бұл жерде ата-анасының ана тілінде, не басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Олар қай тілде сөйлесе баланың алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 айдан кейін пайда болатын былдырлауы да, ата-анасының сөз сараптауларына тікелей тәуелді. Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдерде бала сөз реакцияларын, айналасындағылардың қимыл-қозғалыстарына, ым-ишараларына еліктеу арқылы өзіне ұялатады. Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың сөйлеуінің және психикалық қалыптасуындағы маңызды кезең.

Балалар адамдардың сөздерін, құстар мен жануарлардың дыбыстарын, музыка әуенін, ағаштардың жапырағының сыбдырын туу сәтінен бастап түрлі дыбыстар жиындарына бөленеді. Бiрақ жалғыз ғана маңызды, тек қана баланың қарым-қатынасының мақсаттарына ересек қызмет көрсететiн сөйлеу дыбыстары, мәлiметтiң тапсыру құралымен және нақтылы әсерлерге түрткi болып табылады. Балдырған сөздердiң мағынасын түсiне де алмайды, сөзде айта алмайды, бiрақ ол интонацияны сезiнедi және мағына бойынша сөз танып бiледi.

Бала бiртiндеп бiз айтатын сөздерге құлақ салады,  дыбыстарды қайталауға тырысады, естiп танып бiледi. Бала сөйлей бастайды, бiрақ  барлық дыбыстарды дұрыс айтуда, буын құрылымын әрдайым айқын сақтай алмайды. Балалардың тілінің дамуы әртүрлi деңгейде болады. Кейбір балалар  күрделi буын құрылымы бар сөзді және сөздерді таза және дұрыс айтады. Ал, кейбіреулері жас шамасы келсе де, сөзді  әлi айқын жеткiлiктi айта алмайды, жеке дыбыстарды терiс айтады. Мұндай балалар көп. Бала тілін жан-жақты дамыту үшiн, балабақшада алған білімдерін үйде қайталауымыз керек. Мектепке дейінгі балалардың тілге үйрету, үйрену үрдісін үзiлiссiз жүргізгеніміз абзал. Ата-ана баласының тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету барысында  негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:

1. Заттарды бақылатып, көрсету арқылы;

2. Баланың түсінігін байқау, яғни сұрақтар қою, жауап алу;

3. Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру.

Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатса, олардың төлдері жайлы, ұқсастығы, келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы туралы айтуды сұрау немесе баланың назарын ас әзірлеу үрдісіне аудару (  тазалаймыз, қайнатамыз, қуырамыз, дәмін татамыз) т. б. сол сияқты.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет