6.Діни адам. Діни адам дегеніміз рухани құрылымын толығымен құндылықтардың ең биігін сезінуге арнаған адам. Діни ұғымды 3 негізгі түрге жіктеуге болады:егер барлық өмірлік құндылықтар позитивті түрде сезілсе онда біз имманентті дәруіш ұғымын; егер негативті болса трасцендентальды дәруіш ұғымын; егер жартылай негативті, жартылай позитивті бағаланса дуалистикалық дәруіш ұғымын қолдана аламыз.
Жұмысшының мамандырылған және затты сапасына байланысты қызметін орындаушылық әрекеті 7 психологиялық белгімен (шкала) сипатталады:
нысаналылық – мақсатсыздық;
мотивациялық – қызықпаушылық;
тәуелсіздік – тәуелділік;
ұйымдасушылық – сұрапылдық;
жауапкершілік – жауапсыздық;
біліктілік – біліксіздік;
шығармашылық - тоқырау
Бұл шкала бойынша орындаушының психологиялық кескінін құрап, сапалы талдау нәтижесінде анағұрлым әдепкілерін бөліп көрсетуге болады.
Олардың бастысы:
орындаушының шығармашылық типі, тәуелсіз, білікті, ізденуші;
әлсіздер: сәтсіздікке ұшырамауға қанша тырысса да сәтсіздікке ұшырайды;
сезімтал: өз сезімдерін әсірелейді;
адамгершілікке жат: өзінің жеке мүддесі үшін адамдарды қолданып оларға зиян келтіруші;
қорғанушы позициясын қолданушы: өзгеріс туралы сөз болғанда кедергілер туғызушы;
қатыгез: ескі реніштерін ұмытпайтындар;
жалтарушылар: жарықтан белсенді қашушылар;
безбүйректер: оларға қоршаған адамдар жоламайды;
ақылсыздар: қате немесе шектелген келсімдер жасайды;
өркөкіректер: өздерін күнәіз санайтындар;
үрейленгендер: өздерінің мүмкіншіліктерін әлденеден қорқып шектейді.
Шығармашылыққа талпыну көптеген адамдарға тән. Олар мына қасиеттермен сипатталады:
Ақылдылық.
Конформизмның болмауы.
Өз пікірін бекітудегі тегеуріндік.
«Өз кестесі» бойынша жұмыс істеуге талпыну.
Көп уақытқа созылған тығыз жұмысбастылық қабілеті.
Барлық ерекше,иерархиялы,тылсым ойларды қарастыру тілегі.
Екіжақты, түсініксіз, анықталмаған місеелермен жұмысқа қабілеті.
Қатаң талаптар мен ережелерге бағынбау.
«Ойлау ойынының » еркіндігіне бос уақыт кетіру болса да құштарлық.
Белгісіздікке қызығушылық.
Анықталмаған жағдайларға төзімдік.
Жаңа, ерекше сезінулердегі қажеттілік
Тақырып таңдаудағы еркіндікті қажет ету.
Әзілге қабілеттілік.
Орташа көрсеткіштегі ойшылдық деңгейі.
Шығармашылық адамдарға қарағанда жай адамдар басшының айтқынын қолынан келгенше істеуге дағдылан. Оларды темекі шегу алаңдарында, жұмыс уақытында дүкендерде кездестіруге болады, олар негізінен есептеу, жазу мен тасу қызметтеріне арналған.
Психологтар ұйым қызметкерлерінің келесі рөльдерін бөліп көрсетеді:
Майысқақтар. Ондай адамдарға бірден шешім қабылдаттыру мүмкін емес, олар өздерін көндіруге тырысқанды ұнатады, шешім қабылдаттыру үшін бірнеше рет кедесу қажет.