Барлығын тез шешуді ұнатушылар. Майысқақтардың керісінше үлгісі кездесудің соңында қажет шешімді қабылдап үлгереді. Онымен істес болған адам шешімін өзгерту үшін күшін салуға тиіс.
Барлаушылар. Олар адамдарға қамқор бола жүріп өзіне керекті жаңалықтарды ғана жинайды,ал өзінен алынған ақпараттар немесе өтірік, немесе жұмысқа қатысы жоқ болып келеді. Онымен бөліскен пікірлер мен фактіерді ол өз қажетіне қарай жаратады.
Тәлімгер. Тәлімгер өзіне зиян келтіре отырып жақындарының жетістігін қамтамасыз етеді. Бұл жетістікке басқа адам жеткенімен тәлімгер үстемділікке,моральдыққа талпынады.
Мақтаншақ. Әріптестері мен басшылыққа мақтаншақтардың жеке өміріндегі және қызметтегі жетістіктері туралы тыңдауға тура келеді. Әдетте оларды мақтап, тоқтап қалған жұмыстарды жалғастыруға болады.
Әңгімешіл. Ол өзімен болған оқиғаларды әріптестеріне жеткізгенді, олардың тыңдап, қолдағанын ұнатады. Ол өсек тасу мен айту қасиетіне ие, сондықтан оған құпияларды сеніп тапсыруға болмайды.
Екпінділердіңжұмысты «қарғысатқандар» сияқты істейтіні туралы басшылығына шағымдануы қалыпты жағдай. Оларға аяушылықпен қарап жұмысқа берілгендіктеріне мақтау айту керек.