Сабақтың тақырыбы: Өтірік өлең құрастырамын. Өтірік өлең. Мұғалімнің аты-жөні: Н. Дукенбаева



бет1/5
Дата17.02.2020
өлшемі482,81 Kb.
#58231
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2-сабақ ,өтірік өлең

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:Әдебиеттік оқу



Күні:14.03.2018 ж

«Арыс қаласының №2 бастауыш мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы:



Өтірік өлең құрастырамын.

Өтірік өлең.

Мұғалімнің аты-жөні: Н.Дукенбаева

СЫНЫП: 2 «Б»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім

Салт- дәстүр және халық ауыз әдебиеті

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.4.1. Өтірік өлеңнің жанырлық ерекшеліктерін анықтау

2.1.2. Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналау

2.2.6 1. Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

Сабақтан күтілетін нәтижесі:

Барлығы орындай алады: өтірік өлеңнің әзілге құрылатынын біледі

Көпшілігі орындай алады: өтірік өлеңдердің халық шығармасы екенін айтады.

Кейбірі орындай алады: өтірік өлеңді құрастыра алады, оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Тілдік мақсат

Сталт-дәсүр-традиции, халық ауыз әдебиеті-устное народное творчество, өтірік өлең

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Рөлдік ойынды меңгереді.

Өтірік өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндайды, сахналайды.

Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалайды.
Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастыққа, еңбек сүйгіштікке және шығармашылыққа баулу.



Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, көркем еңбек.



АКТ қолдану дағдылары

Нотбук, проектор

Бастапқы білім

« Қожанасыр мен Алдаркөсе» аңызы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психология-

лық ахуал қалыптасты-ру 2 минут

Топқа біріктіру

2 минут

«Ойын арқылы оқыту» тәсілі

Топпен

жұмыс

«Сақина салмақ» ойынын

5 минут

«Интегративтік» тәсіл

Топпен жұмыс

Сахналық қойылым

5минут

«Суреттер сөйлейді»

ойыны

10-мин


«Айтыс өнері»

7 минут




«Қайырлы таң» өлең шумағын үш тілде айтады

Олай болса топқа бірігейік:

1 –ші топ «Ақылдылар»

2-ші «Тапқырлар»

3-ші «Білгірлер»

Үй тапсырмасы.

Мұғалім сөзі : Балалар, өткен сабақта « Қожанасырда қонақта» тақырыбымен танысқан болатынбыз. Ал олай болса ортаға Қожанасырды шақырамыз.

Қожанасыр: Саламатсыздар ма балалар. Қанекей,сендермен ұлттық «Сақина салмақ» ойынын ойнайық . Әр топтан екі оқушыдан шықсын.Сақинаны кімнің қолына салсам сол адам сұрағыма жауап береді.Әрбір дұрыс жауап қазақтың ұлттық аспабы- домбырамен бағаланады.

Қожекең: Біз әдебиеттен қандай тарауды өтіп жатырмыз?

Оқушы: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. Атадан қалған асыл мұра тақырыбын.

Қожекең: Рухани жаңғыруды қалай түсінесің?

Оқушы: Ұлттық кодты сақтау,ұлттық бірегейлікті сақтау

Қожекең: Қазақтың салт-дәстүрі туралы Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы қай басымдылығында айтып өткен?

Оқушы: Мақаланың «Ұлттылық бірегейлікті сақтау»

3-ші басымдылығында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»- деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев нақты атап өтті.

Қожанасыр: Салт дәстүрлерге нелер жатады?

Қыз ұзату, Бесікке салу ,Шілдехана, Тұсау кесер.

Қожанасыр:Халық ауыз әдебиеті дегенді қалай түсінесіңдер?

Халық ауыз әдебиеті дегеніміз халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

Қожанасыр: Ауыз әдебиет түрлерін ата?

Батырлар жыры, мақал- мәтелдер, аңыздар, жаңылтпаштар, шешендік сөздер, жұмбақтар, ертегілер , мысалдар

Дескриптор: Білім алушы

1. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінді.

2 . Салт дәстүрлерге нелер жататынын ажыратады.

3. Рухани жаңғырудың басылымдылығын айтады.

4. Сұрақтарға жауап береді.

Қожанасыр: Жарайсыңдар, балалар, « Сақина салмақ » ойынын керемет ойнадыңдар.

Мұғалім сөзі: Балалар үйге берілген «Қожанасыр мен Алдаркөсе» аңызы бойынша қандай суреттер салдыңдар?

Әр топтан бір-бір оқушы қорғайды. Бағалау

Мұғалімнің сөзі: 1 Аңызда кім тапқыр?

2 Кім ақылды?

Оқушы: Алдар-ақылды, Қожанасыр-тапқыр, Тазша бала –таланты

Мұғалімнің сөзі: Олай болса балалар осы тапсырманы сахналап көрсетейік.Кейіпкерлер- автор, Қожанасыр, Алдаркөсе сахнаға шықсын.

Автор: Қожанасыр мен Алдаркөсе Ыстықкөлдің жағасында келе жатады.

Алдаркөсе: Қожеке, сіз тапқырсыз ғой. Мына көлден неше шелек су шығады екен. Айтып жібермес пе екенсіз?

Автор: Деп сұрапты. Қожанасыр ойланбай былай жауап беріпті.

Қожанасыр: Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек су шығады.

Соныда білмейсің бе, Алдаркөсе ?

Автор: Депті Қожанасыр.

Дескриптор: Білім алушы

1. Кейіпкерлердің рөлін сомдай алады.

2. Қойылымның ережесін түсінеді.

Мұғалімнің сөзі: Оқушылар бұл аңыздан не байқадық? Көлдей шелек су болама?

Оқушылар: Көлдей шелек болмайды. Ол өтірік.

Мұғалімнің сөзі: Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Өтірік өлең құрастырамын».

Өтірік өлеңдер-тапқырлыққа құрылған, күлкілі оқиғаға толы халық шығармасы.

«Тазша баланың қырық өтірігі»

Мұғалімнің сөзі: балалар, мына слайдқа қарап өз ойларыңмен өтірік өлең құрастырыңдар

1-ші топқа сурет





ШИ шие



Теңіз Түйе

Шие

К Күйме


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет