ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «бейорганикалық химия»


Мышьяк топшасы элементтері



бет15/19
Дата27.05.2018
өлшемі5,59 Mb.
#40971
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Мышьяк топшасы элементтері
Бұл топша элементтерінің сыртқы электрондық қабаттары (n-1)d10 ns2np3 (Аs, Sb), 4f 5d10 6 s23 - Ві; Сондықтан толық электрондық аналогтар.

+5 тотығу дәрежесі сурьма үшін тұрақтырақ. Аs - Sb - Ві +3 тотығу дәрежесінің тұрақтылығы осы қатар бойынша артады, ал -3 тотығу дәрежесінің тұрақтылығы кемиді.



Табиғатта кездесуі және алу. Бұл элементтердің минералдары көп: жер бетінде Аs - 5.10-4 % , Sb - 4.10-5 % ; Ві - 2.10-5 % , көбінесе күкіртпен бірге кездеседі: АsS реальгар, ҒеАsS арсенопирит; Sb2S3 антимонит; Ві2S висмутит; Ві2Те2S тетрадимит. Оларды алу үшін алдымен сульфидті қосылыстарын оксидтерге айналдырып, карботермия не металлотермиялық әдістермен тотықсыздандырады: 2АsS + 4,5О2→ 2SО2 + Аs2О5

Аs2О5 +5С → 2Аs + 5СО. Аса таза Аs пен Sb алу үшін оларды гидридтерге айналдырып, сосын оларды айырып алады.

АsН3 - арсин; SbН3 - стибин, ВіН3 - висмутин.

АsН3 - SbН3 - ВіН3 - тұрақтылығы азаяды, газдардың улылығы артады. Түсті металдар кендеріндегі кездесетін мышьяк, сурьма, висмуттың қосылыстарын тұз қышқылымен өңдеп, гидридтерін алады:

Аs2Zn3 +6HCI =2 АsH3 +3ZnCI2

t 0

2 АsH3 = 2 Аs + 3H2 - шыны түтікте «қара айна» - Аs пайда болады, осы арқылы криминалистер мышьякпен уланғандықты анықтайды.

Физикалық және химиялық қасиеттері: Аs - ақ түсті; Sb - көгілдір,

Ві - қызғылтым кристалл заттар. Аs, Sb – жартылай өткізгіштер, Ві-металл. Қыздырған кезде осы үш элемент те оксидтер түзеді; 4Э+3О2→2Э2О3.

Бұл элементтер кернеу қатарында сутегіден кейін тұр: Е0Э3+ /Э, В Аs(+0,30),

Sb(+0,74), Ві(+0,20). Сондықтан тотықтырғыш емес, қышқылдарымен әрекеттеспейді. Аs2О3 суда аз ериді. Sb2О3 және Ві2О3 ерімейді. Sb2О3 - амфотерлі оксид, күшті қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді:

Sb2О3 + 3Н24 → Sb2(SО4)3 +3Н2О

Sb2О3 + 6НСI→ 2 SbСI3 +3Н2О

ал сілтілермен әрекеттесіп метасурьма және сурьма қышқылдарының тұздарын түзеді: 2NaOH + Sb2О3 → 2NaSbО22О

6NaOH + Sb2О3 → 2Na3SbО3 +3Н2О

Аs2О3 қышқылдық оксид, Аs2О3 + 6 NaOH=2Na3AsO3 +3H2O

Ві2О3 негіздік оксид, сондықтан тек қышқылдармен әрекеттеседі:

Ві2О3 + 6 НСI→ 2 ВіСI3+3Н2О

Аs2О5, Sb2О5, Ві2О5 қышқылдық оксидтер, Н3АsО4-мышьяк қышқылы, тұздары арсенаттар; Н3SbО4 –сурьма қышқылы, тұзы-антимониттер Na 3SbО4

Na 3SbО2; Ві(ОН)3 ↓ тұздары висмутаттар: Na3ВіO3, NaВіO2.

Тотықтырғыш қышқылдарда үш элемент те ериді.

Аs +5НNO3 конц. → Н3 АsО4 +5NO+Н2О

орта мышьяк қышқылы
3Sb +5 НNO3 конц. → 3НSbО3 +5NO+ Н2О

мета сурьма қышқылы

2Sb +6 НNO3 сұйық→ Sb2О3 + 6 NO2 +3 Н2О

Ві + 4 НNO3 = Ві(NO3)3 + NO +2 Н2О - азот қышқылының концентрациясына байланысты емес.

Үш металл да сілтілермен әрекеттеспейді, тек мышьяк оттегі қатысында сілті балқымасымен әрекеттеседі.

4Аs +12 NaOH +5О2=4Na3AsO4+6H2O

Үш элементтің де +3 және +5 тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстары болғандықтан, тотығу-тотықсыздану реакцияларына түседі:

Аs(+3) - Sb(+3) - Ві(+3) қатар бойынша қосылыстар тұрақтылығы артады.

Аs(+5) - Sb(+5) - Ві(+5) қатар бойынша қосылыстардың тұрақтылығы кемиді, сондықтан тотықтырғыштық активтілігі артады. Н3АsО4 тотықтырғыштық қасиетін тек қышқыл ортада көрсетеді:

Н3АsО4 +2НI =I2 + Н3АsО3 + H2O.

Н3SbО4 те қышқыл ортада тотықтырғыш болады;

Н3SbО4 +2 НСI = СI2 + Н3SbО3+ H2O.

Ві5+ қышқыл ортада да, сілтілік ортада да тотықтырғыш болады:

5NaВіО3 + 4Mn(NO3)2 + 6 H2O → 5NaВіО2 + 4HMnО4 +8НNО3

Мышьяк топшасы элементтері сульфидтер түзеді, олар - суда, сұйық тотықтырғыш болмайтын қышқылдарда ерімейтін ұнтақ заттар:

2ЭГ3 + 3Н2S = Э2S3 ↓+6НГ

2ЭГ5 + 3Н2S = Э2S5 ↓+10НГ

Сонымен, сульфидтерді галогенидтерінен алады.

Sb2S3 және Ві2S3 концентрлі НСI ериді, ал Аs2S3 тек тотықтырғыш қышқылдарда ериді: Э2S3 + 8HCI = 2H[ЭСI4] + 3Н2S

3Аs2S3 +28 НNО3 + 4 H2O = 6 Н3АsО4 + 9 Н2SO4 +28NО

Э2S3 қышқылдық қасиет көрсететіндіктен негіздермен әрекеттеседі:

Sb2S3 + 6 NaOH=Na3SbО3 + Na3SbS3 + 3 H2O

натрий стибаты натрий тиостибаты

Э2S3 қышқылдық қасиет көрсететіндіктен негіздік сульфидтермен әрекеттескенде тиотұздар түзіледі: Аs2S3 +3(NН4)2S=(NН4)3АsS3;

Ві2S3 тек калий мен натрийдің сульфидтерінің балқымасымен әрекеттеседі, сонда мета-тиосульфат түзіледі: Ві2S3+ Na2S = 2NaВіS2

Тиотұздар қатты күйінде тұрақты, бірақ олардың қышқылдары бос күйінде белгісіз. Э2S5- тек сульфидтері ғана белгілі, селенмен, теллурмен қосылыстары жоқ: Аs2S5 – Sb2S5 - Ві2S5 қатары бойынша тұрақтылықтары кемиді, себебі осы қатар бойынша +5 тотығу дәрежелерінің тұрақтылығы азаяды.

2 Na3АsО4 (2 Na3SbО4) +5Н2 S +6 НСI =Аs2S5(Sb2S5) + 6 NaСI +8 H2O

Ві2О5 + 6 Н2 S +2 NaOH = Ві2S5 + 7H2O+Na2S

Аs2S5 және Sb2S5 қышқылдық қасиет көрсетеді, сондықтан негіздермен және негіздік сульфидтермен әрекеттескенде тиотұздар (тиоарсенаттар мен тиостибаттар) түзеді:

Sb2S5 + 6 NaOH = Na3SbО3S + Na3SbS4 +3 H2O

Аs2S5 + Na2S=2 NaАsS3

Олардың да тиоқышқылдары бос күйінде белгісіз. Тиотұздардың түзілуі мен бөлінуі (қышқыл ортада) сапалық реакциялар жасағанда қолданылады.

Сурьма мен висмуттың (Э3+) тұздары бар, мышьяк үшін белгісіз:

2 Sb + 6Н2SO4 = Sb2(SO4)3 + 3 SO2 +6 H2O. Сурьма азот қышқылында ерігенде Sb(NO3)3 түзілмейді, оны былай алады:

SbСI3 + 3AgNO3 = Sb(NO3)3 + 3AgCI↓

Ві +4 НNО3 = Ві(NO3)3 + NO + 2H2O

2 Ві + 6 Н2SO4 = Ві2(SО4)3 + 3 SО2 +6H2O

Ві3+ тұздары суда гидролизге ұшырайтындықтан, ерітіндіде висмутилдер туындылары болады: (ВіО)2 SO4, (ВіО)2СO3. Сонымен бірге Ві(NО3)3 тұздары қос тұздар да түзеді: Ві(NО3)3 .2 NН43 . 4H2O.



Қолданылуы: Ві құймаларға қосылады, Вуда құймасы ядролық реакторларда қолданылады, оңай балқитын құйма; Аs, Sb жартылай өткізгіштер.

Аs медицинада қолданылады. Ауыл шаруашылығында Аs инсектицидтер ретінде (зиянды жәндіктерді жоюға), телефон сымдарын жасауда қолданылады.



Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар :

1. Мышьяк топшасы элементтерінің оттекті қосылыстары, қасиеттері, алу.

2. Мышьяк топшасы элементтерінің қышқылдары, алу, қасиеттері

3. Мышьяк топшасы элементтерінің сульфидтері, қасиеттері

4. Мышьяк топшасы элементтерінің галогенидтері,қасиеттері,алу

5. Мышьяк топшасы элементтерінің тотығу-тотықсыздану реакциялары



VІА элементтерінің жалпы сипаттамалары. Элементтердің физикалық және химиялық қасиеттері . Оксидтері, гидроксидтері, алу, қасиеттері
Халькогендер – « кен түзушілер ». Периодтық жүйенің VІА тобында оттегі, күкірт, селен, теллур, полоний орналасқан. Атомдарының сыртқы валенттілік қабатының электрондық конфигурациясы ns2np2. Оттегі типті бейметалл, күкірт диэлектрик, селен мен теллур металдық жылтыры бар, электр тоғын жақсы өткізеді, олар жартылай өткізгіштер, полоний типті металл. Оттегінің максималь валенттілігі төрттен, максималь тотығу дәрежесі екіден аспайды, қалған халькогендерден айырмашылығы. Оттегі - жердегі ең көп тараған элемент - 50% массалық үлесін құрайды. Электртерістігі (ЭТ ~ 3,5) болғандықтан, барлық дерлік элементтермен әрекеттеседі, тек фтор атомыныкінен төмен, сондықтан фтормен қосылысында тотығу дәрежесі +2, қалған қосылыстарында негізінен - (-2), тек сутегі пероксидінде –(-1). VI A топша элементтерінің V A топша элементтеріне қарағанда сутекті қосылыстары берігірек, себебі олардың ЭТ- гі (электр терістігі) жоғары, керісінше VI A топша элементтерінің оттекті қосылыстарының беріктігі азырақ.

Табиғатта кездесу. Табиғатта оттегісі бар 1400 минерал кездеседі (кварц, слюда, дала шпаты, саз, ізбес, т.б.). Оттегінің өте көп мөлшері химиялық байланысқан, еріген күйінде суда болады. Атмосферада 1015 т, адам организмінде 65%. Оттегіні алу әдістері: 1. Сұйық ауаны фракционды айдап;

2.Судың электролизі арқылы: 2H2O →электролиз 2H2 + O2 .



Зертханада:

1. Оксидтерді термиялық айыру арқылы : 2CrO3t02Cr+3O2 ;

2.Пероксидтерді айыру арқылы: BaO2(пероксид) →t0 Ba+O2 ;

3.Оксоқышқылдар тұздарын айыру арқылы:

2KNO3 t0 2KNO2+O2 ;

2KClO3t0 2KCl+3O2 ;

2KMnO4t0 K2MnO4+O2+MnO2 ; Физикалық қасиеттері: O2 суда аз ериді 100:3. Жер бетінен 100 км жоғары атом күйінде болады, УФ-сәулесі әсерінен айрылады О2фотолиз О+O.

О3 – озон оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі, молекуласы диамагнитті.

O2 –түссіз, О3 – көк түсті газ, полярлығы және полярлануы O2 –ге қарағанда жоғары.

Химиялық қасиеттері: Оттектің химиялық активтігі тек галогендерден ғана төмен. He+O2→ жүрмейді; Ne+O2→ жүрмейді; Ar+O2→ жүрмейді, басқа барлық элементермен қосылыс түзеді. 3O2 эл.разряд 3. Атмосферада 3O2 найзағай әсерінен 3 . Озонның химиялық активтігі оттекке қарағанда жоғары.

О3 +2H++2e-→ O2 +H2O E0=+2,07в

O2 +4H++4e- →2 H2O E0=+1,23в, соңдықтан О3 өте күшті тотықтырғыш. Химиялық активтігі бойынша O2 тек F2 кейін тұр. Инертті газдар, Pt, Au +O2 → жүрмейді. Қалған бейметалдар оттегімен әрекеттеседі. ЭТ оттегі және бейметалдар айырмашылығы аз болғандықтан, оксидтері ковалентті байланыс түзеді. Соңдықтан бейметалл оксидтері - газдар, ұшқыш сұйықтар, тез еритін қатты заттар. Бейметаллдар оксидтері суда еріп, қышқыл түзеді. СО, NO, N2O,SiO тұз түзбейтін оксидтер, суда ерімейді, себебі ол молекулалар өте берік. Бейметаллдар оксидтері қышқылдық қасиет көрсетеді: P4O10(к) + 6H2O(су) = 4H3PO4;

SO3(г) + H2O(с) = H2SO4 ; Cl2O7(г) + H2O(с) = 2HClO4 . Элементтердің тотығу дәрежесі өскен сайын, олардың қышқылдық қасиеті артады: FeO3 , CrO3 , Mn2O7 тағы сол сияқты.

Металдардың оксидтері : негіздік, қышқылдық, амфотерлік болып бөлінеді. Сілтілік және сілтілік - жер металдар оксидтері суда ериді, бұл оксидтерде иондық байланыс болады. Металдардың тотығу дәрежесі өскен сайын оксидтерде коваленті байланыс болады. Егер элемент бірнеше оксид түзетін болса, оның тотығу дәрежесі артқан сайын оксидтердің қышқылдық қасиеті артады. Пероксидтер, супероксидтер, озонидтер: Пероксидтер сілтілік, сілтілік-жер металдар оттегіде жанғанда түзіледі: 2K+O2 → K2O2 , құрамында О22- - анионы бар, тұрақсыз, суда гидролизге ұшырайды, сутек пероксидін түзеді. Сондықтан олар сутек пероксидтерінің тұздары деп саналады.

Супероксидтер сілтілік металдар жоғары қысымда, оттек атмосферасында жанған кезде түзіледі: К + О2 → KO2 , олар тұз тәріздес иондық құрылысты кристалдық заттар. Күшті тотықтырғыштар, сумен қуатты әрекеттесіп, оттек бөліп, ыдырайды.

2КО2 + 2 H2O = H2O2 + 2КОН + О2 .

Озонның электронтартқыштығы жоғары, сондықтан ол сілтілік металдармен немесе олардың гидроксидтерімен оңай әрекеттесіп озонидтер түзеді:

K + O3 → KO3 oзонидтер қызыл түсті, гидролизге түседі. K+O2→KO2 супероксидтер. K2+O2→K2O2 пероксид.

Күкірт. Алу, қасиеттері, қолданылуы. Қосылыстары, алу, қасиеттері

Күкіртте 3d- орбиталі болғандықтан, IV, VI валенттіліктерін де көрсетеді. Күкірт атомдары арасындағы байланыс өте берік, жер бетінде 0,05 % : бос күйінде, сульфидтер FeS2-пирит , PbS-галенит, сульфаттар CaSO4- ангидрит, BaSO4- барит кездеседі. Минералды су көздерінде - H2S газ күйінде болады.



Алу. Бос күкіртті кендерден алады. Күкірт сутекті, сульфидтерді тотықтырып, сульфаттардан карботермиялық әдіспен алады:

2 + 2СO → S + 2СO2



Физикалық қасиеттері: бөлме температурасында ромбалық (α-күкірт), сары түсті, суда ерімейді. S-ромбалық → 940С температурада моноклинді, ß- күкірт (S8), тәж сияқты. sp3 – гибридтелу. Сонымен күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері бір-біріне температураға байланысты ауыса алады.

S8 ↔4500C↔S6 ↔6500C↔S4 ↔9000C↔S2↔15000C↔S

S2 парамагнитті О2 сияқты, қалғандары диамагнитті. Күкірт химиялық активті. Кәдімгі жағдайда фтормен тез, сынап пен күміспен баяу, ал қыздырғанда көптеген элементтермен әрекеттеседі:

S + Me → t0 сульфидтер Ме2 Sn - металл валенттілігіне байланысты.

Оттегімен, галогендермен әрекеттесіп, диоксид және дигалогенид түзеді:

S + О2 → SО2 ; S + Г2 → SГ2 .

Сілтінің ыстық ерітінділерінде күкірт диспропорцияланады.

3S + 6NaOH = 2Na2S + Na2SO3 +3H2O диспропорциялану реакциясы.


Қосылыстары, алу, қасиеттері, қолданылуы
Күкірттің бірнеше оксидтері бар, тұрақтылары - SО2 , 3 . Табиғатта кездесетін күкіртті жағу арқылы S + О2→ SО2 немесе сульфидтік минералдарды өртеу арқылы ZnS + O2 = ZnO + SO2 алады, бұл өндірістегі алу жолдары. (4+) тотығу дәрежесіне сәйкес оксиді өткір иісті, улы газ.Ол суда жақсы ериді.

2 + H2O ↔ H2 SO3 ↔ H+ + HSO3- ↔ 2H+ + SO32- Бұл тепе-теңдік қыздырғанда не қышқылмен әсер етсе, солға қарай, салқындатса не сілтімен әсер етсе, оңға ығысады. Күкіртті қышқыл тұрақсыз, бос күйінде болмайды, орташа күшті, екі негізді қышқыл.



Зертханада концентрлі күкірт қышқылы мен мысты әрекеттестіріп алады:

Cu + 2H2SO4 → Cu SO4 + SО2 + 2H2O; немесе сульфидтерге қышқылмен әсер етіп: Na2SO3 + 2НСІ →2NaСІ + SO2 + H2O.

Күкірт (ІV) оксиді химиялық активті, себебі молекуласы полюсті, сонымен бірге электрондық жұптың доноры, сондықтан ол комплекс түзу, гидраттану реакцияларына бейім. Бұл оксидте күкірттің тотығу дәрежесі аралық болғандықтан, ол тотығу және тотықсыздану реакцияларына түсе алады:

2 +2H2S→3S+ 2H2O - күкірт (ІV)оксиді тотықтырғыш;

2Na2SO3 + О2 → 2Na2SO4 - күкірт (ІV)оксиді тотықсыздандырғыш. Күкірт (ІV)оксиді сілтілерде еріп, сульфит және гидросульфит түзеді:

2 + NaOH → NaHSO3 - гидросульфит SО2 + 2NaOH→ Na2SO3(сульфит) +H2O Гидросульфидтер суда жақсы ериді, гидролизге ұшырайды. Қатты күйдегі гидросульфиттерді қыздырғанда дисульфидтер түзіледі:

2NaHSO3-гидросульфиттер → t0 Na2S2O5+H2O пиросульфитке айналады, бірақ

H 2S2O5 – пирокүкіртті қышқылы жоқ, себебі тұрақсыз.

Күкірт (ІV) – тің оксогалогенидтері бар, ондағы SO2+ радикалы тионил деп қосылыстарын тионилгалогенидтер дейді:

2 +PCl5→POCl3(оксихлорид) + SOCl2 (тионилхлорид).

Олар тотықсыздандырғыштар болады және суда еріп гидролизге ұшырайды: SОCl2+2H2O→2HCl+H2SO3- суда жақсы ериді; Тионилхлорид – түссіз, өткір иісті сұйықтық.

Күкірт (ІV) – тің туындысы тиокүкіртті қышқыл және оның тұздары тиосульфиттер бос күйінде белгісіз, ал тиосульфаттар бар:

Na2SO3 +S→ Na2S2O3 – тиосульфат,

Na2S2O3+HCl →2NaCl + H2S2O3 - тиокүкірт қышқылы да күкірт қышқылы сияқты күшті қышқыл, бірақ тұрақсыз:

H2S2O3 → S+ SО2 + H2O.

Тиосульфаттар тотықсыздандырғыш, себебі құрамында тотығу дәрежесі -2 болатын күкірт атомы бар, әлсіз тотықтырғыштармен де реакцияға түседі:

2Na2S2O3 + J2 → 2NaJ + Na2S4O6 Тиосульфат-ионы лиганда ретінде комплексті қосылыстар құрамына кіреді:

2Na2S2O3 + AgBr → NaBr + Na3[Ag(S2O3)2].

Күкірт (ІV)оксиді тотықсыздандырғыш қасиетін көрсететін реакцияға сульфурилгалогенидтердің түзілуін де жатқызуға болады:

SO2 + Cl2 hυ SO2Cl2 - хлорлы сульфурил, өткір иісті түссіз сұйықтық. Ыстық суда ыдырайды SО2Cl2+2H2O→2HCl+H2SO4

Күкірт (VІ) оксиді 2SО2 + О2 2SO3 катализаторлар қатысында (NO және ванадий(V) оксиді, оған активатор ретінде натрий оксиді мен кремний оксиді қосылады) түзіледі. Қолданылған катализаторларға байланысты: нитроза және контакт әдістері болып бөлінеді. Процесс 5000С маңында жүреді.

Сумен реакциясы өте шабытты жүреді: SO3 + H2O → H2SO4 ;

H2SO4 - май тәріздес, түссіз, иіссіз моногидрат; H2SO4 - күшті тотықтырғыш, күшті қышқыл, суда шексіз ериді, судағы ерітіндісі толық диссоциацияға түседі. Сілтілік және сілтілік- жер металдар сульфаттары термиялық тұрақты, ал активтігі төмен металдар сульфаттары айрылады:

ZnSO4 →ZnO +SO3 ; Ag2SO4 →2Ag+SO2+O2 ; Гидросульфаттарды балқытса: 2NaHSO4t0 Na2S2O7 + H2O дисульфат (пиросульфат) түзіледі. Пирокүкірт қышқылын H2S2O7 → H2SO4 + SO3, оны оксидті күкірт қышқылында еріткен деп қарау керек. Егер H2SO4-те SO3 ерітсе , олеум (май тәріздес деген сөз) түзіледі. Олеум күшті тотықтырғыш, су тартқыш.

Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері оның ерітіндідегі концентрациясына байланысты. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында металдар активтігіне және қышқылдың концентрациясына байланысты ол күкірт (ІV) оксидіне , дербес күкіртке, тіпті күкіртті сутекке дейін тотықсызданады. Al, Fe, Cr металдары суық концентрлі H2SO4 пассивтеледі, оксид қабаты пайда болады, сондықтан концентрлі қышқылды болаттан жасалған цистерналарда тасымалдайды.

Жеңіл металдар (ρ<5 г/см3) + H2SO4 конц. → металл сульфаты+ H2S+ H2O; (Pt- тобы металдарынан басқа) Ме + H2SO4 ыстық конц. → SO2 (S, H2S) металл активтігіне байланысты + металл сульфаты + H2O ; H2SO4 конц. +Me → H2 шықпайды, не SO2 , не S, не H2S түзіледі. H2SO4 конц. HJ, HBr тотықтырады, HCl –ды тотықтырмайды.

H2SO4 +8 HJ → H2S+ 4J2 +4H2O; H2SO4 +4 HBr→ SO2+2Br2+2H2O H+2SO4 сұйытылған +Me→ H2 бөлінеді + металл сульфаты, реакция тек кернеу қатарында сутегінің алдында тұрған металдармен жүреді.

Сұйытылған күкірт қышқылы + Pb → жүрмейді, себебі Pb беті PbSO4 тұнбасымен жабылады. H2SO4 тұздары → сульфаттар, гидросульфаттар түзіледі. Көп сульфаттарда кристалданған суы болады: Na2SO4 ×10 Н2О глаубер тұзы. CaSO4×2H2O - гипс ; CaSO4×H2O – алебастр; CuSO4×5H2O; FeSO4×7H2O – мыс, темір купоростары; қос тұздары ашудас (квасцы) деп аталады. KAl(SO4)2×12H2O; KCr(SO4)2×12H2O.

Гидросульфаттарды активті металдар түзеді, суда жақсы ериді, қыздырғанда дисульфаттарға айналады. Дисульфаттар гидролизге түскенде кері реакция жүреді: Na2S2O7 + H2O ↔ 2NaHSO4


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет