ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Биогеография» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет5/5
Дата20.04.2017
өлшемі1,42 Mb.
#14173
1   2   3   4   5
Зертханалық жұмыстардың тақырыбы

1 зертханалық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ: Жер шарындағы қазіргі фауна мен флораның шығу тегі.

МАҚСАТЫ: Жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың пайда болуын, дамуын және қазіргі алуантүрлілігіне сипаттама беру.

МАЗМҰНЫ:

1. Жер бетінде тірі заттың пайда болуы.

2. Тірі заттың географиялық қабықта алатың орны.

3. Тірі заттың құрамы мен құрылымы.

4. Жер бетінде тірі заттың пайда болуы мен тез таралу себептері.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:
2 зертханалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: Биосфера эволюциясының даму кезендері. Биосфера құрылымы.

МАҚСАТЫ : Биосфера құрылымымен және даму кезендерімен танысу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

1. Биосфера эволюциясының мынадай сатылы кезендеріне сипаттама беру: органикалық қарапайым жәй заттардың синтезі, биогенез, антропогенез, техногенез және неогенез.

2. Биосфера эволюциясына жер континенттерінің дрейфі қалай әсерін тигізді.

3. Биосфера құрылымына сипаттама бер.

4. Биосфераның әрбір комплексінің өз ара байланысын анықта.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
3 зертханалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: Экожүйе концепциясы. Биоценоз, биота, биогеоценоз, фация.

МАҚСАТЫ: Экожүйе концепциясы. Биоценоз, биота, биогеоценоз, фация түсініктерімен танысу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

1. Экожүйе концепциясы.

2.Экожүйенің блоктарға бөлінуі. Экожүйені функциональды позицияларына байланысты бірнеше блокқа немесе элементке бөледі. Элементтерге сипаттама бер.

3.Экожүйедегі байланыстар сипаттамасы, ерекшеліктері.

4. Биоценоз, биота, биогеоценоз, фация.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:


  1. Дүние жүзі атласы.

  2. Лабораториялық жұмыс дәптері.

4 зертханалық жұмыс


ТАҚЫРЫБЫ: Құрлықтағы организмдердің ендік және биіктік белдеулер бойынша таралу заңдылықтары.

МАҚСАТЫ: Организмдердің кеңістікте таралу ерекшеліктерің, факторларын анықтау.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

1. Либихтың шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың минимум заңына сипаттама беріп, мысал келтір. (Фактордың ағзаға әсер етуі графигін сыз).

2. Экватордан полюстерге қарай өсімдіктер мен жануарлардың ауысып, өзгеруі зоналық деп аталады. Сондықтан белгілі бір территорияның өсімдігі мен жануарлар дүниесі біркелкі еместігімен сипатталады. Осыған байланысты өсімдіктер зоналық (зональность) және интерзоналық (интерзональность) деп екіге бөлінеді, соған сипаттама бер.

3.Таулардағы өсімдік жамылғысы мен жануарлардың таралу ерекшеліктеріне сипаттама бер. Таулардағы белдеулерден тыс орналасқан және белдеулер арасында орналасқан бірлестіктердің таралу ерекшеліктерің қарастыр.

4. Таулардағы жануарлар дүниесі. Жануарлардың таулардағы биіктік белдеудің заңдылықтарына спецификалық физиологиялық адаптациялары. Рептилиялардың түрлері мен ерекшкліктері. Сүтқоректілері және жыртқы жануарлары.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:


  1. Дүние жүзі атласы.

  2. Географиялық белдеулер мен зоналар картасы.

  3. Лабораториялық жұмыс дәптері.

5 зертханалық жұмыс


ТАҚЫРЫБЫ : Аралдардағы тіршілік.

МАҚСАТЫ: Аралдардағы флора мен фаунаның таралу ерекшеліктерін және территорияның ландшафтты және экологиялық құрылымының күрделілігі бойынша аралдардың генетикалық типтерің білу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

1. Территорияның ландшафтты және экологиялық құрылымының күрделілігі бойынша аралдардың генетикалық типтерін анықтап сипаттама бер.

2. Аралдық доғалар (островные дуги) бойымен организмдердің таралуы қалай жүзеге асады. Р. Макартур мен Е. Уилсонның «тепетеңдік теориясын» сипаттап бер.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:


  1. Дүние жүзі атласы.

  2. Географиялық белдеулер мен зоналар картасы.

  3. Лабораториялық жұмыс дәптері.

6 зертханалық жұмыс


ТАҚЫРЫБЫ: Ареалдың конфигурациясы мен құрылымы.

МАҚСАТЫ: Ареалдардың конфигурациясы, құрылымы және типизациясымен танысу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

1. Ареал ұғымына, түсінігіне анықтама бер.

2. Ареалдарды картада бейнелеуде қандай әдістер қолданылады сипаттама бер.

3. Жануарларды не өсімдіктерді белгілі бір басқа территорияға жерсіңдіргенде («барерлерді сындыру» (десегрегация)) биосфераға қалай ықпалын тигізеді. Толық сипаттамасын беріп мысалдар келтір. Акклиматизация, реакклиматизация дегеніміз не? Осы түсініктерге мысал келтір.

4. Ареалдардың алуан түрлілігіне қарамастан кейбіреулері бір біріне ұқсас болып келеді. Сондықтан ареалдарды көлемі, шекарасының сипаты және географиялық орналасу ерекшелігі бойынша типизациялайды. Ареалдардың барлық типтеріне сипаттама беріп мысалдар келтір.

5. Төменде келтірілген карталарда қандай ареал типі келтірілген.(Сурет-1).



КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Дүние жүзі атласы.

  2. Географиялық белдеулер мен зоналар картасы.

  3. Дүние жүзі контур картасы.

  4. Лабораториялық жұмыс дәптері.



Сурет – 1. Летрус тұқымдас скарабеид-қоныздарының ареалы. (О.Л. Крыжановский бойынша, 1965).

7 зертханалық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ : Жер шарының негізгі зональдық аудандастырылуы.

МАҚСАТЫ : Жер шарының негізгі зоналық аудандарының құрылымын, ерекшеліктерің білу.

  1. Негізгі мінездемелері бойынша құрлықтар арасындағы айырмашылықты айыра білу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : Жер бетінің табиғат зоналар жүйесі картасын пайдалана отырып әр бір материктің табиғат зоналарына сипаттама беру.

  1. Белгілі бір материкте қандай табиғат зоналары бар және материктің қай бөлігінде орналасқаның көрсету.

  2. Қандай табиғат зоналары кең таралған.

  3. материктегі горизонтальды зоналық қалай байқалады және жалпы заңдылықтардан ауытқулар барма? Анықталған ауытқулардың себептерің түсіндір

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Дүние жүзінің физикалық картасы.

  2. Дүние жүзі атласы.

  3. Дүние жүзі контур картасы.

  4. Зертханалық жұмыс дәптері.

8 зертханалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: Экожүйелердің негізгі типтеріне сипаттама.

МАҚСАТЫ: Негізгі экожүйелермен және осы экожүйелердің құрылымымен танысу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

1.Мәңгі жасыл тропикалық және эквоториалды ормандар, саванналар, тропикалық ормандар, шөлдер, пампалар, прериялар, дала, тундра, биік таулы белдеулерге сипаттама беру.

2. Әр бір экожүйені контур картасына түсіру.

3. Фотоавтотрофтар қауымдастықтарына сипаттама.

4. Бірінші және екінші қатардағы гетеротрофтарға сипаттама.

5. Омыртқасыз және омыртқалы жыртқыш жануарлары.

6. Экожүйелердің жалпы ерекшеліктері.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР: Дәптер, сызғыш, карандаш, контур карталары.

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:

Әлемнің контур картасына экожүйелерді әр түрлі түске бояп шартты белгілермен сызып көрсету. Әрбір экожүйеге жұмыс дәптерлеріне қысқаша сипаттама беру. Фотоавтотрофтар, түрлі қатардағы гетеротрофтарды жыртқыш жануарларыды дәптерге кесте сызып, кестеге түсіру.




Экожүйенің аталуы

Фотоавтотрофтары

Бірінші және екінші қатардағы гетеротрофтарға сипаттама.

Омыртқасыз және омыртқалы жыртқыш жануарлары.


Экожүйелердің жалпы ерекшеліктері.































9 зертханалық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ: Биофилотикалық патшалықтар. Ориенталды және Эфиопия патшалықтарына сипаттама.

МАҚСАТЫ: Биофилотикалық аудандастыру ерекшеліктерін түсіну.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ:

1.Ориентальды патшалық алып жатқан территорияны контур картасына түсіру. Сонымен бірге контур картасында патшалықтың ішіндегі биофилотикалық аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.

2.Ориенталды патшалықтың флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.

3. Эфиопия патшалығы алып жатқан территорияны контур картасына түсіру. Сонымен бірге контур картасында патшалықтың ішіндегі биофилотикалық аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.

4. Эфиопия патшалығының флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:


  1. Дүние жүзінің физикалық картасы.

  2. Дүние жүзінің климаттық картасы.

  3. Контур картасы.

  4. Лабораториялық жұмысқа арналан дәптер.

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:
10 зертханалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: Биофилотикалық патшалықтар. Мадагаскар және Кап патшалықтарына сипаттама.

МАҚСАТЫ: Биофилотикалық аудандастыру ерекшеліктерін түсіну.

МАЗМҰНЫ:

1. Мадагаскар патшалығы алып жатқан территорияны контур картасына түсіру. Сонымен бірге контур картасында патшалықтың ішіндегі биофилотикалық аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.

2. Мадагаскар патшалығының флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.

3. Кап патшалығы алып жатқан территорияны контур картасына түсіру. Сонымен бірге контур картасында патшалықтың ішіндегі биофилотикалық аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.

4. Кап патшалығының флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:


  1. Дүние жүзінің физикалық картасы.

  2. Дүние жүзінің климаттық картасы.

  3. Контур картасы.

  4. Лабораториялық жұмысқа арналан дәптер.

11 зертханалық жұмыс


ТАҚЫРЫБЫ: Аустралия және Антарктикалық патшалықтарға сипаттама.

МАҚСАТЫ: Биофилотикалық аудандастыру ерекшеліктерін түсіну.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ:

1. Аустралия патшалығы алып жатқан территорияны контур картасына түсіру. Сонымен бірге контур картасында патшалықтың ішіндегі биофилотикалық аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.

2. Аустралия патшалығының флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.

3. Антарктикалық патшалығы алып жатқан территорияны контур картасына түсіру. Сонымен бірге контур картасында патшалықтың ішіндегі биофилотикалық аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.

4. Антарктикалық патшалығының флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:


  1. Дүние жүзі атласы

  2. Жарты шарлар физикалық картасы

  3. Лабораториялық жұмысқа арналған дәптер

12 зертханалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: Неотропикалық, Неарктикалық және Палеарктикалық патшалықтарға сипаттама.

МАҚСАТЫ: Биофилотикалық аудандастыру ерекшеліктерін түсіну.

МАЗМҰНЫ :

1. Неотропикалық, Неарктикалық патшалықтары алып жатқан территорияны контур картасына түсіру. Сонымен бірге контур картасында патшалықтың ішіндегі биофилотикалық аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.

2. Неотропикалық, Неарктикалық патшалықтарының флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.

3. Палеарктикалық патшалық алып жатқан территорияны контур картасына түсіру. Сонымен бірге контур картасында патшалықтың ішіндегі биофилотикалық аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.

4. Палерктикалық патшалықтың флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:


  1. Дүние жүзінің физикалық картасы.

  2. Дүние жүзінің климаттық картасы.

  3. Контур картасы.

  4. Лабораториялық жұмысқа арналан дәптер.

13 зертханалық жұмыс


ТАҚЫРЫБЫ: Мұхиттардағы биогеографиялық аудандастыру.

МАҚСАТЫ: Мұхит, теңіз бірлестіктерінің ерекшеліктерімен танысу. Мұхиттардағы организмдердің таралуындағы заңдылықтар.

МАЗМҰНЫ :

1.Су экожүйелерінің жер беті экожүйелерінен айырмашылығы, құрылымы.

2. Мұхиттардағы экологиялық және биофилотикалық аймақтарға және организмдердің таралуындағы заңдылықтарына сипаттама.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:


  1. Дүние жүзінің физикалық картасы.

  2. Дүние жүзінің климаттық картасы.

  3. Контур картасы.

  4. Лабораториялық жұмысқа арналан дәптер.

14 зертханалық жұмыс


ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның флорасы мен фаунасынын экологиялық негіздері. Биосфераның экологиялық және генетикалық алуантүрлілігі негізгі табиғи ресурс ретінде.

МАҚСАТЫ: Қазақстанның флорасы мен фаунасынын экологиялық негіздері. Биосфераның экологиялық және генетикалық алуантүрлілігі негізгі табиғи ресурс ретінде маңызын анықтау.

МАЗМҰНЫ :

  1. Алуантүрліліктің құндылығы.

  2. Қорғауға алынған қорықтар территориялары мен акваториялары.

  3. Биогеографиялық зерттеулер жобалары.

  4. Қазақстанның қызыл кітапқа енген флорасы мен фаунасы.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Қазақстанның физикалық картасы.

  2. Қазақстанның климаттық картасы.

  3. Контур картасы.

  4. Лабораториялық жұмысқа арналан дәптер.


СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

  1. Биосферадағы биохимиялык циклдер және зат айналымдары

  2. Организмдердің биіктік белдеу бойынша таралуы

  3. Құрлыктың табиғат зоналары

  4. Қазакстанның Қызыл кітабы.

  5. Іле Алатауынын өсімдік және жануарлар дуниесінің әртурлілігі

6. Сирек және азайып бара жатқан өсімдікіер мен жануарлар

7. Солтүстік Американын эндемиктері

8. Австралияның эндемик жануарлары

9. Қазакстаннын эндемик организмдерінің ареалы







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет