ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені биология 5В080100



бет7/8
Дата24.07.2017
өлшемі1,4 Mb.
#21984
1   2   3   4   5   6   7   8

Систематикасы.

Ашықтұқымдыларды 6 классқа бөледі: 1/ Тұқымды папоротниктер, 2/ саговниктер, 3/ бенетиттер, 4/ гинколар, 5/ гнеталар, 6/ қылқан жапырақтылар.



Ашық тұқымдылардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы

Ашық тұқымды өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олар фотоситез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi, және ауаға оттек бөлiп шығарады.


Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Классификациясы.

  2. Жалаңаштұқымдылардың классификициясы.

  3. Қылқанды өсімдіктер класы.

  4. Қылқандылардың анатомиялык және морфологиялық құрылысының ерекшеліктері, дамуынын тіршілік циклі.

.

Ұсылынған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, Дәуір, 2005.

  2. Силыбаева Б. М., Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Семей, 2010.

  3. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы: оқу құралы / Б.М.Силыбаева, Ж.К.Байғана, Н.Ш.Карипбаева, В.В.Полевик.- Алматы: Print- S, 2012.- 614 б. 

  4. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы: оқулық / Н.М. Мұхитдинов; Ә.Б. Бегенов, С.С. Айдосова.- 2-бас., өңд., толық.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2001.- 279 б. 

  5. Мәкенова, М. Ботаника курсының практикумы: оқу құралы / М. Мәкенова.- Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2000.- 236б. 

Қосымша

  1. Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Алматы. 2008.

  2. Қазақстан өсімдіктер әлемінің Асыл қазынасы.и Алматы. 2006.

  3. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы: оқулық / Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С.- Алматы: Санат, 1998.- 368 б..

  4. Абдрахманов, О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасының практикалық жұмыстары: оқу құралы / О. Абдрахманов.- Алматы: Респ. баспа кабинеті, 1994.- 122 б. 

  5. Мұхитдинов, Н. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы/ Н. Мұхитдинов; Ә. Бегенов, С.Айдосова.- Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1993.- 340б. 

8 - Дәріс



Жоғары сатыдағы жабық тұқымды өсімдіктер.

  1. Жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер. Жабыктұкымды (гүлді) осімдіктердің жалпы сипаттамасы, олардың шығу тегі және классификациясы.

  2. Косжарнақгылар және даражарнақылар класынын негізгі ерекшеліктері.

  3. Косжарнақты өсімдіктер классы. Негізгі тұқымдастар.

  4. Даражарңақты өсімдіктер класы. Негіізгі тұқымдастар.

Гүлді өсімдіктерде тұқым жемістің ішінде жетіледі, сондықтан гүлді өсімдіктерді жабықтұқымдылар деп атайды. Түрлерінің саны 250 мыңнан 300 мыңға дейін жетеді. Бұл жер бетінде қазіргі кезде қалыптасқан жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жабынында ерекше басым болып келетін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктерге қосарынан ұрықтану тән.

Қосжарнақтылар класы. Астралар тұқымдасы.

Қосжарнақтылар түрлерінің саны 200 мыңнан астам болады. Олардың көбісінің практикалық маңызы зор немесе теориялық тұрғыдан да. Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Ұрықтық тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады. Тамырлары екінші ретті қалыңдауға қабілетті. Тамыр системасы формасы жағынан көп жағдайда кіндік тамырлар. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды, өйткені өткізгіш шоқтары ашық. Сабақтың көлденең кесіндісінде олар шеңбердің бойымен орналасады. Жапырақтары жай және күрделі, жүйкеленуі торлы. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады. Күрделі гүлділер,немесе астралар тұқымдасы-Сomposittae.Asteraceace.

Бұл тұқымдаста 18-20 мыңдай, түр бар (1мыңдай туыс) .Өмірлік формалары кішігірім ағаштар (кейде бұтақтанбаған калона тәрізді сабағы болады)бұталар, линалар ,жартылайбұталар,кқп жылдық және біржылдық өсімдіктер.Көп жағдайда олар өрмелеп өседі,кейде суккуленттеріде болады. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде)кездеседі. Бұл ең көп таралған және жоғары деңгейде жетілген тұқымдастардың бірі.Көптеген туыстары өзгергіш келеді,өйткені олар белсенді(интенсивті) түрде форма түзу саласында тұр. Түрлері тұқымы арқылы да, вегатативтік жолмен де өте жақсы көбейеді.

Бұтақтарында жапырақтары әдетте кезектесіп, сиректеу қарама-қарсы немесе топтасып орналасады,кейде олар жертаған (розетка) түзіп қатты тыстарады.Көп жағдайда өсімдіктен бөлініп шығатын әртүрлі заттар жиналатын қуыстары болады-сүт жиналады.Тұқымдасқа тән белгілер мынелар; гүлшоғыры себет (корзинка) ,сырт қарағанда гүлге ұқсас.Кейде себеттер (корзинка) жиналып қалқанша (шиток) немесе сыпыртқы (металка)түзеді. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама (обветка) түзеді. Орманның жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері, олардың формасы және түсі осы тұқымдастың өкілдерін классификациялауға және анықтауға ең қажетті белгілер болып табылады.Себеттің үстінгі беті (ложе) жазықта, ойыста , дөңесте болуы мүмкін; жылтыр немесе емшектәрізді;тікенектермен немесе түктермен жабылған; іші толтырылңан немесе қуыс.

Гүлдер алуан түрлі-біреуиері біршама үлкен жіне қанық боялған, ал екіншілері ұсақ, көріксіз болып келеді. Олардың барлығы да 4 шеғбер түзіп орналасады. Күлтесі 5-мүшелі,тостаңаншасы желайдарға айналып кеткен немесе редукцияға ұшыраған.Андроцейі жіпшелері бос орналасқан 5 аталықтан және трубкаңа біріккен тозаңдықтардан тұрады. Құрылысы мұндай болып келетін андроцей тек күрделігүлділерге ғана тән. Гиницей ценокарпты 2 жемісжапырақшалардан тұрады. Аналығы 1.Гүл түйіні төменгі, 1-ұялы.Ұзын болып клетін аналықтың мойыны аталықтың трубкасының ішінде орналасады, одан жоғары әдетте екі жақтауы бар аналықтың ауызы ғана көтеріліп-көрініп тұрады. Жемісі-тұқымша, көп жағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары болады.

Күлтежапырақшаларының құрылысына қарай гүлдердің мынадай түрлері болады: трубка тәрізді, тілше, жалғантілше, воронка тәрізді гүлдер. Екі ерінді гүлсерігі бар гүлдерде болады

Трубка тәрізді гүлді әдетте алғашқы деп қарайды. Күлтенің жапырақшалары бұл жағдайда төменгі жағынан трубкаға бірігеді, үстіңгі жағынан трубка қоңырау тәрізді кеңейеді де,5 тісшеге бөлінеді. Гүл актиноморфты, қосжынысты, кейде дара жынысты.

Гүлдің формуласы: *Са(5)-О-рар.Со(5) G(2).

Тілше гүлдің трубка тәрізді гүлден пайда болғаны күмән келтірмейді.Күлтенің төменгі бөлігі трубкаға бірігеді,бірақ ол өие қысқа болады. Одан жоғары трубка бір жағынан ғана ыдырап тілше түзеді, оның ұшы 5 тісшемен аяқталады. Гүлі зигоморфты, қосжынысты. Гүлдің формуласы:↑Са(5)-О-рар.Со(5)А(5)G(2).

Жалған тілше гүлді екі ерінді гүлден шығару жеңіл, оның күлтесінің тек бір ғана астынғы еріні болады. Жаоғантілшегүл тек 3 күлте жапырақшадан түзілген, оны тілшінің ұшындағы 3 тісі көрсетіп тұр. Бұл зигоморфты ,көп жағдайда аналық гүл, аталығы жоқ. Гүлдің формуласы:↑ Са(5)-О-рар.Со(3)А(0)G(2).

Воронка тәрізді гүлдің күлтесінің трубкасының жоғарғы жағы воронка секілді кеңейген болып келеді. Бұл жыныссыз гүл аталығы да, аналығы да болмайды.Гүлдің формуласы: Са(5)-О-рар.Со(5-7)А0G0

Себетті бір жағдайда тек трубка тәрізді гүлдерден немесе тілше гүлдерден тұруы мүмкін, ал екінші жағдайда оның ортаңғы бөлігі трубка тәрәзді гүлднрдне, ал шет жағы жалғантілше гүлдерден немесе воронка тәрізді гүлднрдне тұрады. Үлкен шет жағындағы гүлдердің түсі ұсақ ортаңғы гүлдеріне қарағанда басқаша болады. Осыдан барып гүлшоғырында әртүрлі түстілік қалыптасады, ол шамасы насекомдарға жақсы бағдар болса керек.

Гүл шоғырында жыныстық бөлінуі әрқилы. Себет тен қосжынысты, қосжынысты және даражынысты немесе жыныссыз, даражынысты, бір себетке немесе әртүрлі себетке жиналған гүлдерден тұруы мүмкін. Әртүрлі себетке жиналған гүлдер бірүйілде және екіүйлі өсімдіктер болуы мүмкін.

Гүлдердің құрылысының жоғарыда келтірген ерекшеліктері және олардың себетте орналасу реті күрделігүлділерді классификациялауда және олардың туыстарын анықтауда шешуші орын алады. Туыстың деңгейінде түрлерді анықтағанда бірінші орынға олардың вегетативтік оргардарының құрылысының ерекшеліктері шығады.

Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор.Олардың ішінде аса құнды тамаққа пайдаланатын,татымды дәмі бар, дәрілік, бояулық, сәндік, қош иісті өсімдіктер аз емес. Көптеген түрлі өсімдіктер жабынының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады, ал кейбіреулері өте қиын, күресуге бой бермейтін арамшөптер. Тұқымдасты 21 тұқымдастармағына бөледі.

Даражарнақтылар класы. Астық тұқымдастары.

Дара жарнақтылар класы 4 класс тармағынан , 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000- дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер. (бір, екі, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында кең таралған. Дара жарнақтаылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы флоэмасында тін паренхимасы болмайды., сондықтан да ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік жасушалардан тұрады. Өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады. Жапырақтары екі қатар түзіп орналасады. Артық қор заттары және метаболизм өнімдері ( эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер) көп түрлі болмайды, олардың молекуласының құрылысцы біршама қарапайым болып келеді. Дара жарнақтылардың ішінде жоғары деңгейлі маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында тамырсабақ , бадана, түйнектер, пиязшықтар түрінде өткізеді. Галофиттері батпақты жерлерде және ылғалы мол топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклі қысқа болатын өсімдіктер, ұзаққа созылатын құрғақшылық басталғанға дейін олар гүлдеп және дән байлап үлгереді. Астық немесе қоңырбастылар тұқымдасы.

Астық тұқымдасы дара жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7,5-10 мың және 700 дей туыс жатады . Олардың ішінде космополит түрлері құрлықтардың барлығында кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады .Тамаққа пайданылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде оларды халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер . Тұқымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып келеді.Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің ұзындақтарына қарай өсімдіктерді түптенген ,сирек түптенген және тамыр сабақты деп бөледі. Олар негізінен шашақ тамырлы, сабақтары буыннан және буын аралықтарынан тұрады. Астық түқымдасының сабақтары әрбір буын аралығының түп жағындағы клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма меристемелар арқылы өсу деп атайды.

Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, қарабидайдың, атқонақтың ,сабағының буын аралығының іші қуыс, ал буындары улпалармен толтырылған болып келеді. Мұндай сабақты сабан деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастарының буын аралықтары да улпалармен толтырылған болып келеді.

Жапырақтары кезектесіп орналасады және екі қатар түзеді .Астық тұқымдасының жапырақтары, әдетте жіңішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді және олардың қынапшасы болады. Қынапша дегеніміз трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген түп жағы. Қынапша сабақты оның буынынан жоғарырақ орап тұрады,одан жапырақ кетеді.Астық тұқымдасында қынапша буынаралығында туп жағында орналасқан,және төменгі бөлінетін клеткаларды қорғап тұрады .Астық тұқымдасы осы ерекшелігімен басқа тұқымдасы басқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерден ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшасынан кететін жерінде пленка тәрізді өскіні немесе тілшесі болады.Ол сабақпен қынапшаның арасынан судың өтуіне мүмкіндік бермейді.Астық тұқымдасының ұсақ, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын-масақтарын түзеді. Олар өз кезегінде күрделі гүлшоғырын-күрделі масақ, сыпырғы түзеді.Астық тұқымдасының барлығы дерлік әрбір масағынаң түп жағында екі масақтың қауызы болады. Масақтарындағы гүлдердің саны әртүрлі астық тұқымдасында бірдей емес ,біреуден бірнешеуге дейін барады. Астық тұқымдасының көпшілігінде әрбір гүлдің 2-ден гүлдік қауызы, 2 гүлдік пленкасы ,3 аталығы және1 аналығы болады .Соңғысының, яғни екінші бетіне аналығының сыртын қалың түктер қаптаған екі отырмалы ауызы болады. Гүл түйіні жоғарғы , барлық уақытта бір ғана тұқым бүрі болады. Масақшасының және гүлінің құрылыстары сызба-нұсқа және диаграмма түрінде берілген.

Гүлінің формуласы:↑Р(2)+2А3G(2).

Астық тұқымдасының жемісі дән деп аталынады. Ал дән дегеніміз бір тұқымды жеміс, онда жемістің қабымен дәннің кебегі бірігіп кетіп отырады. Дәнде эндосперм ұрықты қоршап жатпайды, ол оған бүйір жағынан жанасып ,қалқанша деп аталатын жалғыз тұқымжарнағына тікелей тиіп тұрады. Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде тұқым деп атайды. Ал көп мөлшерде тонналап немесе центнерлеп жиналған дәндерін астық деп атайды. Тұқымдасты үш тұқымдас тармағына бөледі :бамбук тәрізділер, қаңырбас тәрізділер,тары тәрәздәлер. Біздің флорада соңғы екі тұқымдастармағының өкілдері көптеп кездеседі.Олардың ішінде астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды:бидай,қарабидай,жүгері, арпа.Шырмауықтар тұқымдасы. 1500дей түрлері бар. Дүние жүзінің тропиктері мен субтропиктерінде,аздап екі ендіктің де қоңыржай климат облыстарында өседі .Негізінен шөптесін өсімдіктер, сиректеу буталар немесе ағаштар . Жапырақтары кезектесіп орналасады, тұтас , қалақты немесе қауырсынды тілімделген ,қосалқы жапырақшалар болмайды.Жапырақтары мен сабақтарында сүтті шырындарды бөліп шығаратын клеткалары болады. Гинецейі 2жеміс жапырақшасынан тұрады, гүлтүйіні жоғарғы жемістері қауашақ тәрізді, жаңғақша тәрізді. Тропикалық және субтропикалық елдерде, сиректеу қоңыржай климатты облыстарда өсетін 200 дей түрі бар.Түрлерінің көп кездесетін орталығы Жер орта теңізі жағалауы. Өмірлік формалары бұталар ,жартылайбұталар, көп жылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер.

Жемістері қауашақ тәрәзді. Қоңыржай климатты зонада далалық шырмауық атпа тамырлы көпжылдық шөптесін өсімдік .Сабағы шырмалып өсетін және 100-120 см ге дейін ұзындыққа жетеді. Гүлдері ақ немесе ақшылдау ,ашық қызғылт түсті болып келеді және аздап жағымды иіс шығарады.Егістіктің аса қауіпті күресуге қиын арамшөбі, кейде егілген астықтың сабағының жатып қалуына әкеліп соқтырады,сүтті шырындарының көп болуына қарамастан оның ірі қара мал жақсы жейді.Шырмауық гүл туысының 300 дей түрі бар. Бір жылдық жіне көп жылдық шөптесін өсімдіктер, негізінен тропикалық елдерде өседі.Батат шырмауық гүлін крахмал беретін түйнектер үшін себеді. Түйнектері жанама тамырларында пайда болады. Оның шыққан жері орталық Америка, егілген жерлері Орта Азия мен Кавказ.


Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер. Жабыктұкымды (гүлді) осімдіктердің жалпы сипаттамасы, олардың шығу тегі және классификациясы.

  2. Косжарнақгылар және даражарнақылар класынын негізгі ерекшеліктері.

  3. Косжарнақты өсімдіктер классы. Негізгі тұқымдастар.

  4. Даражарңақты өсімдіктер класы. Негіізгі тұқымдастар.


Ұсылынған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, Дәуір, 2005.

  2. Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В., Силыбаева Б.М. Ботаниканың оқу практикасы. Семей, 2012.

  3. Силыбаева Б. М., Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Семей, 2010.

  4. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы: оқу құралы / Б.М.Силыбаева, Ж.К.Байғана, Н.Ш.Карипбаева, В.В.Полевик.- Алматы: Print- S, 2012.- 614 б. 

  5. Мұхитдинов, Н.М. 
    Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы: оқулық / Н.М. Мұхитдинов; Ә.Б. Бегенов, С.С. Айдосова.- 2-бас., өңд., толық.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2001.- 279 б. 

  6. Мәкенова, М. Ботаника курсының практикумы: оқу құралы / М. Мәкенова.- Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2000.- 236б. 

Қосымша

  1. Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Алматы. 2008.

  2. Қазақстан өсімдіктер әлемінің Асыл қазынасы.и Алматы. 2006.

  3. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы: оқулық / Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С.- Алматы: Санат, 1998.- 368 б..

  4. Мұхитдинов, Н. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы/ Н. Мұхитдинов; Ә. Бегенов, С.Айдосова.- Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1993.- 340б. 



4 МОДУЛЬ Өсімдіктер экологиясының элементтері

9 Дәріс.



Өсімдіктер экологиясы.

  1. Өсімліктер экологиясының мақсаты мен міндеті. Өсімдіктер экологиясының жана әдістері.

  2. Аутэкология - организм мен ортаның бірлестігі. Абиотикалық және биотикалык факторлар.

  3. Ылгалдың мөлшеріне катысты өсімдіктердің экологиялык топтары: гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер және ксерофиттер. Эфемерлер. Эфемероидтар. ІІсаммофиттер, галофиттер.

  4. Өсімдіктердің экотиптері мен тіршілік формалары туралы түсінік.


1.Абиотикалық факторлар

Өсімдіктердің өсетін ортасы, жекелеген элементтердің қатарынан- экологиялық факторлардан тұрады. Бұл факторлар өсімдіктердің тіршілік етуіне бірден-бір қажет және оларға қандайда бір болмасын әсер етеді. Қоршаған орта тірі (биотикалық) және өлі (физикалық) факторлардан тұрады. Экологиялық факторлар өсімдіктерге тікелей (жылу, ылғалдық, топырақтың құнарлығы) немесе жанама (теңіз деңгейінен биіктігі, ауа, жел) әсер етеді.

Ортаның экологиялық факторлары әдетте мынадай топтарға бөлінеді.

климаттық факторға — жарық, жылу, ауа (оның құрамы, қозғалуы немесе ағыны), жауын-шашын, ауаның ылғалдығы, электр құбылыстары;

топырақ факторына — физикалық қасиеті, механикалық қасиеті. топырақ пен грунттардың химиялық құрамы мен микробиологиясы;

орографиялық (рельеф) факторға — теңіз деңгейінен биіктігі, беткейлердің экспозициясы (күннің түсуі) мен тіктігі;

Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын болып көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен аударганда һеIіоs — күн, рһуton — өсімдік), сциофиттвр (грек тілінен аударғанда skia — көлеңке) және көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер).



Жарық сүйгіш түрлер (гелиофиттер) — жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі. Фотосинтез цроцесінің тыныс алудан басымдылығы тек жоғары жарықтық жағдайында ғана орын алады (бидай, қарағай, майқарағай).

Күнбағыс, итошаған, қойжелкен тәрізді жарық сүйгіш өсімдіктердің гүлдері жарыққа қарай күн бағытымен бұрылып отырады



Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) күшті жарықты көтере алмайды, үнемі көлеңкеде орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер, папоротниктер, мүктер, ашқылтым шөптер). Кесілген орманның орнындағы шөптер тіршілігін сақтай алмайды.

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) - жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді (орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары)

Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төменгідей топтарға бөлінеді:

1. Гидатофиттер ( грек тілінен аударғанда hudor, hudatos-су)- су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығынан суға батып тұрады (элодея, тұңғиықгүл және т.б.)

2.Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда hudor- су)- құрылық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ).

3.Гигрофиттер ( грек тілінен аударғанда hudros-ылғалды)- ылғалдылығы жоғарғы жағдайдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда- батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағаларында өседі.

4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos-орташа, аралық- қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдар, арамшөптер жатады.

5.Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeros-құрғақ) –құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер.Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

А)суккуленттер (латын тілінен аударғанда (sukkulentus- шырынды)-ұлпаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабылетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава)

Б) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros-құрғақ, қатты)-құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу).Бұл өсімдіктер биік емес, б, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.

Топыпаққа қатысты өсімдіктер:

1.Галофиттер тұзды топырақтарда өсетіндер (солерос, сарсазан, сода және калий сораңы, поташник және т.б.) Галофиттердің осмостық қысымының өте жоғары болуы, оларға топырақ ертіндісін пайдалануға мүмкіндік береді.

2.Псаммофиттер (грек тілінен аударғанда (sammos-құм) қозғалғыш, құмды топырақта мекендейтін ағзалардың ерекше тобын бөліп көрсетуге болады.Мысалы, құм жусаны, ақ селеу, жүзгін, құм қарағаны.
2.Өсімдіктердің тіршілік формалары

Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде табиғатта өсімдіктердің экологиялық топтары ғана емес,тіршілік формалары да қалыптасқан. «Өсімдік формасы» деген түсінікті алғаш рет ендірген ботаник ғалым А.Гумбольдт еді. Ол әуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан. Ал А.Гризебахтың жұмысы мен өсімдік формасының 60-дейін жетіліп, оларды «өсімдіктер формасы »деп атады.

Тіршілік формалары туралы ғылымның одан әрі дамуы А.Н.Краснов,А.Б.Келлер,И.Г.Серебряковтың есімдері мен тығыз байланысты. Белгілі ботаник-эколог А.Б.Келлердің айтуы бойынша «тіршілік формасы »деп өсімдіктердің дене құрылы мен оның белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін түсіну керек.

Өсімдіктердің физиономиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесі:



1.Ағаштар- жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық өсімдіктер,қуатты жетілген ерекше жеке-дара бір діңі болады.

2.Бұталар жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдық өсімдіктер.Бірнеше діңі бар,бүтақтануы жер бетіне таяу басталатын сүректі өсімдіктер.

3.Бұташықтар-бұталарға ұқсас бойы аласа, 50 см-ден аспайды (қара жидек,вереск)

4.Жартылай бұталар - өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады (жусандар,жебір).

5.Лиандар-сабақтары арқылы өрмелеп,жармасып және шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім,қүлмақ,барқыт шөп)

6. Жастықша өсімдіктер –қоректік заттарға кедей, тасты, құмды, шымтезекті және суық жерлерде өсуге бейімделген.

7.Суккулекттер-су қорын сақтайтын шырынды өркенді көп жылдық өсімдіктер(түбіртек,кактус,агавалар)

8.Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және бір жылдық, бұлар тіршілік формаларының топтарға да бөлінеді: кіндік тамырлылар, шашақ тамырлылыр, ұзын және қысқа тамыр-сабақтылар, жуашықтар, шымдылар, түйнек түзушілер, жер бетінде төселмелі және жер бетінде столондылар.

И.Джефридің, кейінірек Э.Синнота мен И.Бейлидің микроскоптық салыстырмалы морфолиялық зерттеулері сүрекілердің шөптесін өсімдіктерден біршама көне екендігін дәлелдеді. Сол сияқты тіршілік формаларының құрамы климаттық жағдайлардың көрсеткіші де бола алады.

К.Раункиер жоғарыдағы көрсеткіштерді қамти отырып, тіршілік формаларының ірі 5 тобын ажыратады. Олар: Фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, криптофиттер және терофиттер.

1. Фанерофиттер (грекше «фанерос» -ашық,анық) бұған ағаштар,

бұталар, сүректі лиандар, эпифиттер жатады. Фанерофиттердің жандандыру бүршіктері топырақ бетінен 25см-ден жоғары орналасады. Өсімдіктер бойының биіктігіне қарай Раункиер бұл топты мегофанерофиттер, мезофанерофиттер, микрофанерофиттер және нонофанерофиттер деп бөледі.

К.Раункиер фанерофиттерге эпифиттерді және суккуленттерді

жатқызады. Эпифиттер-ылғалды тропикалық орманға тән, бүршіктері

ашық, бүршік қабыршықтары мен қапталмайды. Экологиялық тұррғыдан

орманның іш жағындағы көлеңкелі жердегі ағаштарға орналасқан эпифиттер

гигрофиттер, ағаштардың жоғарғы деңгейі, ұшындағы эпифиттер-

ксерофиттер.



2. Хамефиттер- бүршіктері топырақ деңгейінен шамалы ғана жоғары орналасады. Бұған бұташықтар жартылай бұталар, төселмелі өсімдіктер, жастықша өсімдіктер жатады.

3. Гемикриптофиттер (грекше «геми»-жартылай; «крипто»-жабамын көп жылдық өсімдіктер. Екіге бөлінеді: протогемикриптофиттер және жертағанды гемикриптофиттер.

4. Криптофиттер-жандану бүршіктерінің орналасуына қарай геофиттер,гидрофиттер. Геофиттердің бүршіктері топырақта бірнеше см-ге дейін тереңдікте орналасады.Гидрофиттердің вегетативтік өркені суға батып тұрады сондықтан бүршіктері су астында қыстайды.

5. Терофиттер (грекше«терос»-жаз)-бір жылдық өсімдіктер. Бүлардың тіршілігі бір вегетациялық кезеңде аяқталады.Жылдың қолайсыз мерзімін түқым түрінде ғана сыннан өткізеді.

3.Биотикалық және антропогендік факторлар

Биотикалық факторға — барлық организмдердің жиынтығы (жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер);

антропогендік факторға шаруашылықтағы іс-әрекеттері әрекеттері арқылы өсімдіктерге факторларға тікелей өсер етеді.

Техниканың жедел дамуына байланысты адамның биосфераға әсері күрт өсті. Көп жағдайда оны адамның табиғатты өзіне бағындыруы деп түсінеді. Бірақ шындығында олай емес. Техниканын алып күші, экологиялық тұрғыдан сауатсыз адамның қолында, тірі табиғаттың ғасырлар бойы қалыптасқан қарым-қатынасының тізбегінің бұзылуына және түгелдей бір экосистеманың жойылуына әкеп соқтырады. Антропогендік қауіп-қатер XX ғасырдың екінші жартысында жер шарының көптеген жерінде көрніс бере бастады. Әсіресе соңғы кездері мұның әсері түгелдей бір халықтың тағдырына қауіп туғызып отыр.

Алысқа бармай-ақ Қазақстанның өзінен көптеген мысалдар келтіруге болады. Тың көтеруге байланысты Қазақстанның шөлейт аймағының мыңдаған гектар құнарлы жерлері есепсіз жыртылып, нәтижесінде табиғи қалыптасқан өсімдіктер қауымдастықтарының үйлесімді жүйесі бұзылды. Оның үстіне соңғы кездері көптеген колхоздар мен совхоздардың тарауына байланысты, осы айдалған жерлердің көбісі пайдаланылмай ауылшаруашылық айналымынан шығып қалып отыр. Соған байланысты көптеген егістік жерлер эрозияға ұшырауда. Кейбір деректер бойынша соңғы жүз жылдықта планетамыздың егін егілетін жерлерінің 23% эрозияға ұшырап, ауылшаруашылығына пайдаланудан тыс қалып отыр. Жыл сайын теңіздер мен мұхиттарға 20 млн. м3 топырақ сумен шайылып кетіп отырады екен.

Бұған Арал тағдырын, Семей, Капустин-Яр полигондарының Байқоңыр космодромының және т.б. қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерлерін қосатын болсақ, антропогендік фактордың қоршаған ортаға тигізетін әсерінің ауқымының орасан зор екендігі ешбір талас тудырмайды. Қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы, адамның денсаулығына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге оның сол жерді мекендейтін халыктың генефонына да әсері үлкен болады. Соңғы кездері өр түрлі қолы немесе аяғы жок, болмаса ақыл-есі кеміс мутантта

Белгілі бір факторлардың комплексі бар жекелеген территорияларды экотоптар (биотоптар) деп атайды. Бұларга батпақты, қүмды жерлерді, сылдырма тасты шөгіңділерді, құрғақ шөлейтерді және т.б. жатқызуға болады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет