ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені биология 5В080100


Өзін-өзі баұылау сұрақтары



бет3/8
Дата24.07.2017
өлшемі1,4 Mb.
#21984
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Жасуша теориясының негізін қалаған кімдер.

  2. Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы қандай.

  3. Жасуша туралы ілімнің тарихы.

  4. Жасушаның алуан түрлілігі.

  5. Өсімдік жасушасының құрылысы. Протопласт. Цитоплазма. Пластидтер. Туынды заттар.

  6. Вакуоль.

  7. Ядро.

  8. Жасуша қабықшасы.

Ұсылынған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, Дәуір, 2005.

  2. Мұхитдинов, Н.М. 
    Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы: оқулық / Н.М. Мұхитдинов; Ә.Б. Бегенов, С.С. Айдосова.- 2-бас., өңд., толық.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2001.- 279 б. 

  3. Мәкенова, М. Ботаника курсының практикумы: оқу құралы / М. Мәкенова.- Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2000.- 236б. 

Қосымша

  1. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы: оқулық / Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С.- Алматы: Санат, 1998.- 368 б..

  2. Мұхитдинов, Н. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы/ Н. Мұхитдинов; Ә. Бегенов, С.Айдосова.- Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1993.- 340б. 


2-Дәріс

Гистология негіздері.

1. Өсімдік ұлпаларының классификациясы.

2. Меристемалык (түзуші), жабын - негізгі (паренхималык), механикалық немесе аркаулык ұлпалар жүйелері, олардың түрлері мен қызметтері.

3. Өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалар жүйелері, олардың түрлері мен кызметтері.
Ұлпаның классификациясы.

Өсімдіктердің жануарлардан айырмашылығы сол, олар өмір соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа органдар түзіп отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің белгілі бір жерлерінде түзіліп қалыптасатын меристемалық немесе түзуші ұлпалардың болуымен байланысты. Ұлпаларды негізінен мынадай топқа жіктейді: Түзуші ұлпа, өткізгіш ұлпа, механикалық ұлпа, жабындық ұлпа, аренхима, ассимиляциялық ұлпа, бөліп шығарушы ұлпа.



Түзуші ұлпалар. Түпкілікті ұлпаларды жасап, өсімдіктің өсуін қамтамасыз ететін жасушалар тобын түзуші ұлпалар деп атайды. Меристема ұлпасы тығыз орналасқан тірі жасушалардың тобынан тұрады. Мұндай жасушалардың қуысын цитоплазма толтырып тұрады., оның ортасында үлкен ядро орналасады, жасуша қабықшасы өте жұқа болып келеді. Меристемалық жасушалардың екі қасиеті болады- белсенді түрде бөлінеді және дифференциацияланады, яғни басқа ұлпалардың жасушаларына айналады.

Алғашқы және соңғы меристема. Алғашқы меристема өскіннің, ұрықтың жасушаларынан дами бастаған кезінен пайда болады. Соңғы меристема , әдетте алғашқы меристемадан кейін тұрақтанған ұлпалардан пайда болады. Алғашқы меристемадан алғашқы ұлпалар, соңғы меристемадн соңғы ұлпалар түзіледі. Түзуші ұлпа өсімдікте орналасуына қарай және атқаратын қызметіне байланысты төбе, бүйір, қыстырма, жарақат меристемасы деп бөлінеді. Төбелік меристема сабақтың, тамырдың негізгі және бүйірлік өстерінің ұштарында орналасқан. Ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Сабақ пен тамырдың ең жоғарғы ұштарында тез бөлінуге қабілетті паренхималық жасушалардың тобы орналасады. Оларды белсенді /инициалды/ жасушалар деп атайды. Бүйірлік меристема өстік органдардың ұзына бойында, олардың үстіне параллель, цилиндр тәрізді орналасады. Органдардың көлденеңінен өсіп жуандауын қамтамасыз етеді. Көп жағдайда оны камбий деп атайды. Сабақтың буынаралықтарының төменгі жағында және гүл сағағының түп жағында орналасады. Бұл алғашқы меристема болып табылады., ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Зақымдық меристема өсімдіктің кез келген зақымдалған бөлігінде пайда болады. Шығу тегі жағынан ол соңғы меристемаға жатады.



Жабындық ұлпалар

Жабындық ұлпаның негізгі қызметі өсімдік мүшелерін сыртқы орта әсерінен қорғау. Пайда болуына қарай алғашқы және соңғы деп бөлінеді. Алғашқы жабындық ұлпа үлпекқабат деп аталады. Оның құрамында құрылысы, атқаратын қызметі әртүрлі түктер мен трихомдар, жұптасқан жасушалар, төмпешіктер, қозғаушы жасушалар кездесетіндіктен, үлпекқабат өте күрделі ұлпалар қатарына жатады. Олар алғашқы меристема протодермадан жасалады. Үлпекқабат бір қатар тығыз орналасқан жасушалардан тұрады., оның сыртқы қабырғасы кутик затымен қапталған. Көптеген өсімдіктерде үлпекқабатөсіндісі болып табылатын түктер түзіледі. Түктер бір және көп жасушалы, жабындық және тығыздық, тірі және өлі болады. Үлпекқабаттың газ алмасуы мен транспирация қызметін лептесіктер атқарады. Лептесік аппараты екі бұршақ тәрізді жанаспа жасушалар мен саңылаудан тұрады. Саңылау ауа камерасына ашылады. Үлпекқабат жасушалары түссіз болса, жанаспа жасушаларында хлоропласт болады. Хлоропластардың қызметінің нәтижесінде лептесік саңылауларының ашылып жабылуы реттеледі. Жабындық ұлпа жасушаларының ерекшеліктері. Лептесік. Трихома. Перидерма құрамы. Қыртыс. Қос жарнақты өөсімдіктерде алғашқы жабындық ұлпа соңғы жабындық ұлпамен алмасады. Соңғы жабындық ұлпа перидерма деп аталады. Ол бірнеше қатар жасушалардан тұратын күрделі ұлпва. Перидерма соңғы меристема- феллогеннің тангентальды және радиалды бөлінуі нәтижесінде қалыптасады. Феллогеннің радиалды бөлінуі нәтижесінде сыртқа қарай феллема, ішке қарай феллодерма жасалады. Онда жасушааралық қуыстар болмайды. Сыртқы ортамен байланыс жасымықша арқылы жүзеге асады.



Арқаулық ұлпа. Сипаттамасы мен құрылысы.

Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың қаңасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, нөсер жамбырға майыспай, сыңбай төтеп береді. Жылдан-жылға өсімдіктің өзарып өсуі, бұтақ жаюы оның көлемін ұлғайтып, көп салмақ түсіретіндігне қалың жауған қарға, желге, соққан дауылға тірек ұлпасы болса ғана қарсы тұра алады. Алғаш түзіле бастаған мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетіле қоймағанымен, өсіп ұлғая келе жақсы жетіліп, тірек қызметін атқара бастайды. Сабақтағы тірек ұлпалар сақина тәрізді тұтаса немесе үзік-үзік болып орналасатандықтан үш қырлы, төрт қырлы, көп қырлы. Сабақтар барлық салмақ күшіне төзімді болып, қанша дауыл соқса да қатты майысып, иіліп барып қайта қалпына келеді. Жасуша пішіні мен құрылысна қарай тірек ұлпашс 3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима, склереида (склеренхима мен склереида бірге топтастыруға болады). Колленхима - өсіп келе жатқан жас сабақта, жапырақ сағағында, жапырақ жүйкелерінде болатын жасушаларында цитоплазма, ядро, вакуоль, хлорофилл дәндері бар қабықшасы қалыңдамаған тірі жасушалардан тұратын, өсу қабілетін жоймаған алғашқы тірек ұлпа. Жасушалары бір-біріне тығыз орналасқан. Жасушааралық қуыстары болмайды, пішіндері қабықшаның қалыңдауына байланысты бұрышты (әр жерінен қалыңдайды), ұзынша, т.б. Бұрышты колленхима бегония, алабота, қызылша, картоп, раушан жапырақтарының сағағында, асқабақтың жас сабағында өңнің астын ала қатарласып жатады. Жасуша қабықшасы қатайып ағаштанбайды, целлюлозадан тұрады. Осы себепті жасуша өскен сайын еркін созылып өседі, бөлінеді, пішінін өзгерте алады. Склеренхима жасушаларының пішіндері ұзынша қабықшасы біркелкі қалыңдап ағаштанған қатты, орналасқан жеріне қарай тін талшығы және сүрек талшығы деп екіге бөлінеді. Тін талшығының жасушасы ірі жіңішке ұшы сүйір, талшық сияқты, ұзындығы 1-200 мм, өте берік, қабықтың тін қабаты мен түтікті талшық шоқтарында болады. Талшықты өсімдіктер: зығыр, талшығының ұзындығы 4-60 мм; қарасоранікі 8-40 мм; қалақайда 5-55 мм. Тін талшығы қабық бөлімінде болатындықтан өсімдік қатты майысқан кезде мықтылық қасиет береді. Әсіресе тығыз талшығы таза жасуынықтан тұратындықтан сапалы тоқыма өнеркәсібінде жоғары бағаланады. Сүрек талшығы камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе түзіледі. Қабықшасы сүректенген тін талшығынан қысқарақ, ағаш сұлбасы (корола) діңінің салмағын жеңілдетеді. Сүрек талшығы дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің сабағында, жапырағында және тамырында болады. Ағаш сүрегінің қатты, тығыз немесе жұмсақ жеңіл болуы сүрек талшығы жасушалары қабықшасының қалындауына байланысты. Жасушасы өте қалың қабықшалы ағаштар: емен, талшын, қайың, т.б. Сүрегі өте тығыз, салмақты және берік қабықшасы онша қалыңдамағандарға тал, үйеңкі, шаған, т.б. жатады. Ал сүрегі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, бұл қасиеті әр түрлі өнеркәсіп орындарында түрлі бұйымдар (ыдыс, аспап, уық, кереге, шаңырақ, есік, терезе, т.б.) жасағанда еске алынады. Склереида («склероз» - қатты) – жоғары сатыдағы өсімдіктердің әр түлі мүшелерінде кездесетін, жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдаған тірек ұлпасының бір түрі. Кейде оны қиыршық тасты жасушалар деп те атайды. Хинин ағашының тамырында, сарғалдақтың тамырсабағында, алхоры, шие, шабдалы, өрік, жиде, алша, долана жемісінің сүйегінде, жаңғақ, емен жаңғағы, тары тұқымының сыртындағы қатты қабығы және қауызында, алмұрт, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етінде болады. Сонымен склереида өсімдік мүшелерінде бірдей кездеспей, кейбір мүшелерінде дара жасуша болып, топтанып немесе сыртын тұтас қаптап жататын қабық түрінде кездеседі. Егер оның жеке бір жасушасын алып қараса, қабықшасы өте қалың, арасында тармақтанып жатқан саңылаулары бар, цитоплазмасы болмағандықтан өлі жасуша, дегенмен ағаш пайда болған кезде жасушалары тірі болады. Қорыта келгенде тірек ұлпасы өсімдіктің барлық мүшелерінде қаңқа қызметін атқарады, сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап, өсімдікке мықтылық, иілгіштік, серпімдік қасиет беріп, морт сынудан сақтайды.

Өткізгіш ұлпа. Сипаттамасы мен құрылысы.

Өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттарды жеткізетін жасушалар тобын өткізгіш ұлпа дейді. Жасушаларының іші қуыс түтікше тәрізді, өткізгіш ұлпа жоғары ағыс жолы және төменгі ағыс жолы деп екіге бөлінеді. Жоғары ағыс жолымен тамыр түктері арқылы топырақтан сорып алған су мен онда еріген минералды тұздардың ерітіндісі сабақ бойымен жоғары қарай көтеріліп өркендері мен жапырақтарына жеткізіледі. Оның өтетін немесе ағатын жолы сүрек (ксилема) бөлімі. Сүрек жасушалары түтікше тәрізді, оны трахеида деп те атайды. Трахеида деп қабықшасы сүректенген (қатайған), екі ұшы сүйір, өте жіңішке ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге жететін өлі жасушаларды айтады. Алғаш түзіле бастаған кезде жасуша қабықшасы таза целлюлозадан тұрғанымен өсе келе қатайып, сүректеніп беріктік қасиет береді. Әсіресе қылқан жапырақты өсімдіктердің сүректерінің 80-90%-ы трахеид жасушаларынан тұрады. Көктемде түзілген трахеида жасушаларының қабықшасы жұқа, ішкі қуысы кең. Жаздың соңғы айларында түзілгендерінің қабықшасы қалың, ішкі қуысы тар болады. Сондықтан ерте көктемдегі трахеида суды өткізсе, кейінгісі беріктік қызмет атқарады. Трахеида арқылы түйнек пен тамырда қорға жиналатын қант пен басқа да органикалық заттар көктемде жер үсті мүшелеріне жеткізіледі. Жоғары ағыс жолы жасушаларында трахеяда (түтік) жатады. Ол трахеидадан ұзын, себебі жас жасушалар біртіндеп ұзарып, көршілес жасушалардың бір-біріне түйіскен жері алдымен шырыштанып бөрітіп, ақырында еріп кетеді де, жасушалар өзара қосылып трахея (түтік) пайда болады. Оның ішіндегі цитоплазмасы жойылып орнына су толып, ұзындығы (көлденең пердесіне дейін есептегенде) 10 см-ден 5 м-ге дейін (лианаларда), (еменде 2 метрге) жетеді. Көлденең перделерінде көптеген майда саңылаулары болғандықтан бір жасуша екінші жасушамен тығыз байланысады. Түтік жасушалары тозған кезде айналасын қоршаған тірі жасушалар өзекке еніп қабықшасындағы өсінділермен ішін бітеп су жүрмей қалады. Түтік жасушалары трахеидадан да кейін пайда болғандықтан тек гүлді өсімдіктерде өте жақсы дамыған. Қорыта келгенде жоғары ағыс жолы екі түрлі жасушалармен қозғалады, бірі трахеида (ашық тұқымдыларда жақсы дамыған), екіншісі трахея(жабық тұқымдыларда жақсы дамыған). Бұл жасушалар сабақтың сүрек бөлімінде болатындықтан су мен онда еріген минералды тұздары тамырдан бастап, сүрек бойымен жоғаы қарай жер үсті мүшелеріне жеткізіледі. Төмен ағыс жолымен (флоэма) фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілген органикалық заттар жапырақтан басталып, тамыр, сабақ, жеміс, түйнек, т.б. мүшелеріне таралады. Қылқан жапырақтыларда органикалық заттар сүзгі тәрізді жасушалар арқылы, ал гүлді өсімдіктерде сүзгілі түтіктері арқылы қозғалады. Сүзгі тәрізді жасушалар ұзынша, ұшы сүйірленген. Оның серік жасушалары болмайды, майда саңылаулары жасуша қабықшасының жан-жағына орналасқан. Сүзгілі түтік жасушалары тірі, бірінің үстіне бірі қаланып жатқан жасушалардың көлденең перделерінде сүзгі тәрізді көптеген майда тесіктері болады, сол арқылы көршілес орналасқан жасушаларға органикалық қорек заттары өтеді. Сүзгілі түтік ағаштар мен бұталарда 3-4 жылдан соң тесіктері бітеліп күзге қарай істен шығады. Кейде көктемде сүзгі тесіктері ашылып, қайтадан органикалық заттар қозғалысы қалпына келеді, мысалы: жүзімнің сүзгілі түтігі 2 жыл, жөкенікі 3-4 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Сүзгілі түтіктің сүзгі тәрізді жасушалардан айырмашылығы оның айналасында қабықшасы жұқа, цитоплазма мен ядросы бар ұзынша бір немесе бірнеше серік жасушаларының (жанама жасушалар) болуында. Сүзгілі түтік пен серік жасушасының бір-біріне жанасқан беттерінде саңылаулары болады, сол арқылы бір-бірімен қатынасады. Екеуі де бір меристемалық жасушадан пайда болады. Өсімдік сабағында төмен ағыс жолы элементтері (флоэма) ксилеманың (сүрек) сыртында (қабықта) жапырақ тақтасының астыңғы бетіне орналасқан.

Өткізгіш шоқтар.

Өткізгіш ұлпа мен арқаулық ұлпа өсімдік денесінде белгілі ретпен орналасып өткізгіш шоқтар жүйесін түзеді. Өткізгіш шоқтар өсімдік мүшелеріне қоректік заттарды таратады. Шоқтардың төрт түрін ажыратады: коллотериальды, биколлотериальды, концентрлі, радиальды. Өткізгіш шоқтар сүрек (ксилема) пен қабық (флоэма) өткізгіш элементтерінің шоғырлануы кейде тек ксилемадан немесе тек флоэмадан ғана құралуы мүмкін. Шоқтың айналасында басқа да тірі және өлі жасушалар болады. Дара жарнақты өсімдіктердің (бидай, жүгері, пияз) сабақтарында өткізгіш шоқтар шашырап ретсіз орнасса, қос жарнақтылар мен ашық тұқымдыларда белгілі бір ретпен шеңбер құрып орналасады.



Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің өткізгіш шоқтары түзілген соң құрылысында ешқандай өзгеріс болмайды, ал қос жарнақтыларда шоқтары қалыңдап өсіп, көршілес жатқан шоқтармен тұтасып шеңбер құрады. Ол камбий жасушаларының болуына байланысты. Камбийі жоқ шоқтар ары қарай өспейді. Оны тұйық, ал камбийі барларды ашық шоқ дейді. Ксилема және флоэма элементтерінде қосымша тірек ұлпасы болса, оны түтік – талшық шоқтары деп атайды. Тірек ұлпасы өсімдікке беріктік қасиет беріді, әрі қолайсыз жағдайлардан қорғайды. Кейде шоқты айнала қоршай орналасып өткізгіш ұлпа жасушаларының қуысы қабысып қалмауына себепші болады.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. 1.Ұлпа деген не.

  2. Ұлпаларды қандай түрлерге жіктейді.

  3. 3.Лептесіктің құрылысы қандай.

  4. Арқаулық ұлпаларға тән белгілер.

  5. Флоэма қандай гистологиялық бөліктерден тұрады.

  6. Ксилема қандай гистологиялық бөліктерден тұрады.

  7. Өткізгіш шоқтар дегеніміз не, оның қандай түрлері бар.

Ұсылынған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, Дәуір, 2005.

  2. Мұхитдинов, Н.М. 
    Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы: оқулық / Н.М. Мұхитдинов; Ә.Б. Бегенов, С.С. Айдосова.- 2-бас., өңд., толық.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2001.- 279 б. 

  3. Мәкенова, М. Ботаника курсының практикумы: оқу құралы / М. Мәкенова.- Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2000.- 236б. 

Қосымша

  1. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы: оқулық / Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С.- Алматы: Санат, 1998.- 368 б..

  2. Мұхитдинов, Н. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы/ Н. Мұхитдинов; Ә. Бегенов, С.Айдосова.- Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1993.- 340б. 


2 МОДУЛЬ Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы.

3- Дәріс

Өсімдіктер морфологиясы.

1. Өсімдіктер морфологиясының максаты мен міндеті. Өсімдіктің вегетативтік және генеративтік мүшелері.

2. Сабақ - жапырак - тамыр вегетативтік мүшелерінің құрылысынын зандылыктары. Вегетативтік мүшелердің морфологиясы.

3. Өсімдіктің генеративті мүшелерінің морфологиясы. Гүл. Гүлшоғыры, классификациясы және биологиялық маңызы. Жемістер. Тұқымдардың морфологиясы.
Тамырдың морфологиялық құрылысы. Тамыр  жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.Тамырға радиальды симметрия тән,ол салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше.Тамыр төбе меристемасы арқылы оң  геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады.Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы – тамырда  жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен  жабылған.

Күрделі және қарапайым риния тәрізділер мен псилот тәрізділерде,сол  сияқты мүк тәрізділерде нағыз тамыр жоқ.Риния тәрізділердің  жер астындағы мүшесі қалың ризоидтармен жабылған,ризоидтар деп аталатын құрылысы тамырсабаққа ұқсас денеден тұрады.Мүк тәрізділерде тамырдың  қызметін  экзогенді  жолмен пайда болған ризоидтар атқарады,ал сфагум мүктерінде ризоидтар жоқ.Сол сияқты тамыр кейбір су өсімдіктерінде: дүңгіршіктерде, жоғары сатыдағы тіршілік ететін өсімдіктер:арамсояуда, сұңғылада.

Тамырда  көбінесе экзогенді жолмен қосалқы бүршіктер  жетілген.Жанама тамырла сияқты қосалқы бүршіктер экзогенді жолмен де өсіп-өнеді.Қосалқы бүршіктерден өркендер – тамыр атпалары жетіледі.Тамырларында қосалқы бүршіктер пайда болатын өсімдіктер тамыр атпалылар деп аталады.

Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады.1.Суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап,оны сабақ және жапыраққа қарай жылжытады.

2.Өсімдіктердің топыраққа бекініп,өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді. 

3.Дерон,Д.А.Савинин,И.И.Туманов және басқа зерттеушілердің жұмыстарынан  тамырда кейбір органикалық заттардың синтезделетіні белгілі.

4.Тамырда қор заттары жиналады.

5.Топырақта тіршілік ететін организмдер саңырауқұлақтар бактериялармен үйлесіп селбеседі.

6.Вегетативтік жолмен көбею қызметін де атқарады.

Тамырларды морфологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктегенде негізінен олардың пішінінің алуантүрлілігі,консистенциясы,бұтақтану ерекшеліктері және кеңістікте орналасуы ескеріледі.Пішіні жағынан әдетте кең тараған тамырлар: цилиндр тәрізді, жалпақ жапырақты кермек, ұршық тәрізді,шомыр тәрізді,түйнек тәрізді тамырлар.

Тамырлардың экологиялық 4 типі ажыратылады.Олар:жерасты тамыр,сутамыр,ауатамыр және гаусториялық тамырлар,Жерасты тамырлары тұтасынан немесе жартылай топырақ арасына таралады.Мұндай тамырлар жоғары сатыдағы өсімдіктердің 70%қамтиды. Сутамырлары су қабаттарында орналасады.Су түбіне жетпейді. Ауатамырлары ауада болады,атмосфералық ылғалды сіңіреді.Мұндай тамырлар ылғалды тропикалық орманның эпифидтеріне тән. Гаусториялы тамыр паразитті тіршілік ететін,негізгі өсімдіктердің денесіне еніп,ондағы дайын қоректік заттарды сорып,қабылдау қызметін атқарады.



Тамырлар жүйесі деп – бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз.Тамырлар жүйесінің 3 типін ажыратамыз: 1-кіндік тамырлар жүйесі,мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп,бірінші реттегі өс – негізгі тамыр бұтақтанып одан екінші,үшінші және одан арғы түзетін жанама тамырлар тарайды.Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады.2-ші кейде 3-ші реттегі жанама тамырлар өздерінің қуаттылығы өс диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықта орналасуы  бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп,ерекшеленіп тұрады. Мұндай тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлігіне және жабық тұқымдылар бөлімінің қосжарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән.

Тамырлар жүйесінің құрамына негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр кіреді. Негізгі тамыр ұрықтан өсіп шығады. Негізгі тамырдан жанама тамырлар таралады. Олар көбінесе сору аймағында пайда болады. Қосалқы тамырлар өсімдіктің әр түрлі мүшелерінен өсіп шығады. Олар тамыр жүйесінің жаңаруынан немесе зақымдалудан, кесілуден кейін пайда болады. Қосалқы тамырлар тамыр жүйесінің топыраққа жанасу бетін ұлғайтады. Өсімдіктің негізгі тамырлары әр түрлі болады. Мысалы, зығырдың негізгі тамырының ұшы аздап тармақталған және өзі жіңішке жіп тәрізді. Оның өте жақсы дамыған негізгі тамырынан ұсақ жанама тамырлар, ал жанама тамырлардың өзінен ұсақ тамырлар өседі. Ол тамырлар жіп тәрізді тамырлар деп аталады.



Үрмебұршақасбұршақсәбізбақбақ,қауынкүнбағыс, т.б. тамырлары кіндік тамырға жатады. Кейбір өсімдіктердің негізгі тамыр жасушаларына қоректік заттар жиналады. Сондықтан олар жуандап пішіні тамырға ұқсамай қалады. Кіндік тамыр жүйесі қос жарнақтылар класының тұқымдастарына тән (Ranunculaceae, Papaveraceae, Fabaceae). Шашақ тамыр жүйесі –дара жарнақтылар класының тұқымдастары –Liliaceae, Poaceae тұқымдастарына тән. Астық тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі жиналыңқы келеді, олар шашақ тамыр деп аталады. Шашақ тамырда негізгі тамыр байқалмайды. Сабақтан тармақталған қосалқы тамырдың қалың шоғы өседі. Пияз, сарымсақ, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тарыда шашақ , тамыр жүйесі болады. Тамыр жүйесіндегі тамырлардың көптігінен ол өте ұзын болады. Мысалы: жантақ тамырының ұзындығы 25-30м, ал тіқурайдікі шамамен 6м. Кез келген өсімдік тамырының жалпы аумағы оның жер үсті мүшелерінен әлдеқайда артық болады. Жылыжайда өсірілген қарабидайдың барлық тамырының жалпы ұзындығы шамамен 623 км-дей болған.

Тамырдың ұзына бойында оның анатомиялық құрылысы бірдей болмағандықтан,оның әртүрлі бөлімдері бірыңғай қызмет атқармайды.Әдетте жас тамыр ұшынан тамырдың 4аймағын (бөліну,өсу немесе созылу,сору,өткізу) және тамыр оймақшасын ажыратады.

Тұқымды өсімдіктердің ұрық тамыршасының меристемалық клеткалары өсу барысында әртүрлі ұлпаларға жіктеледі.Тамырдың бой конусы меристемалық құрылысын сақтап,тамырдың оң геотропизм бағытында тереңдеп өсуін қамтамасыз етеді.Өсу барысында тамыр топырақтың қатты бөлшектерімен жанасады.Тамырдың бой консусын механикалық зақымданудан сақтайтын ерекше паренхималық ұлпа клеткаларынан тұратын тамыр оймақшасы жауып тұрады.1-ші тамыр оймақшасы борпылдақ орналасқан тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Ол клеткалардың  сыртқы қабаттары тез ескіріп топырақтың қатты бөліктерімен жанасқан кезде түлеп түсіп отырады.Олардың орнын жаңадан жетілетін жас клеткалар басады.Тамыр оймақшасының әсіресе сыртқы клеткаларында көп мөлшерде крахмал дәндері жиналады.Құрлық өсімдіктерінің барлығының тамыр ұшында тамыр оймақшасы болады, ал суда өсетін өсімдіктерде тамыр оймақшасының орнына оймақшаға ұқсас тамыр қалташа жетіледі.Тұқымды өсімдіктердің көбінде,әсіресе даражарнақтылар тамырының ұшында калиптроген деп аталатын тамыр оймақшасының меристемасы болады.Соңғы деректерге қарағанда,калиптроген гормондарды синтездеп,тамырдың өсуіне әсер етеді.

         Тамыр оймақшасының ішкі жағында клеткалардың бөліну аймағы жатыр.4-ші тамырдың барлық ұлпалары меристемадан тұратын бөліну аймағынан пайда болады.Инициалді клеткалардың саны әртүрлі.Папаротник тәрізділерде апикальды меристема 1инициалды клеткадан тұрса, ал ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдыларда олардың саны молайып,кейде тоттанып 3қабат түзіп жатады.Бөліну аймағында меристемалық ұлпаның 3 қабаты түзіледі.Сыртқы қабат – дерматоген ,ортаңғысы – периблема,ішкісі – плерома.Дермотогеннен тамырдың алғашқы жабындық  ұлпасы эпиблема немесе ризодерма және тамыр оймақшасы,периблемадан алғашқы қабық, плеромадан орталық цилиндр қалыптасады.Бөліну аймағынан жоғары клеткалардың өсу аймағы орналасады.Бұл аймақтағы клеткалардың пішіні алғашқы кезде изодиаметрлі,созылып өсудің нәтижесінде цилиндр тәрізді пішінге ие болады.Клетка ішінде вакуольдер санының артуына орай олардың көлемі де ұлғаяды.

Бұдан жоғары орналасқан сору аймағын,кейде клеткалардың маманану аймағы деп те аталады.Өйткені,мұнда клеткалар жіктеліп,өзгеріске ұшырап,олардан әр түрлі ұлпалар пайда болады.Сору аймағында жетілетін тамыр түктері арқылы өсімдіктер өзі өсіп тұрған ортасынан суда еріген минералдық заттарды қабылдайды.

Тамыр ұшының эпиблемасының сабақ пен жапырақ эпидермасының айырмасы – мұнда клетка қабықшасы жұқалығынан,устьицилер мен кутикулалар болмайды және суды оңай өткізеді.Тамырдың сору аймағында эпиблеманың әрбір клеткасы бір клеткалы тамыр түгін жасауға қабілетті.Тамыр түктері шағын аймақта,әрбір шаршы милиметрге бірнеше жүзден,ұзындығы әр түрлі.Ұзындығы 1см-ге жететін ұзын түктер қант қызылшасы,асқабақ өскіндерінде кездеседі,астықта 0,75-тен 2 мм-ге дейін болады.Тамыр түктерінің клетка қабықшасы целлюлозалы,вакуолі ірі,цитоплазмасы қабықшасын астарлай орналасады.Түктер түзетін эпиблеманың беті өсімдіктердің жапырағы сияқты кутикуламен емес, топырақ түйіршіктерін түктерге жабыстыратын  шараналы заттармен жабылады.Тамыр түктері су және батпақты жерде өсетін батпақ қалтагүлінде және т.б.болмайды.Тамыр түктерінің тіршілігі 10-20 күннен аспайды.Олардың орнын тамырдың  жаңа бөліктерінен өсіп шыққан түктер басады.Осыған қарамастан, тамыр кейбір өсімдіктерде түктерінің қабырғасы қалыңдап,сүректеніп,тіршілігін екі жылға дейін жалғастырады.

Келесі аймақ – өткізу аймағы.Мұнда тамырдың сору аймағы қабылдаған су және онда еріген минералдық тұздар мен басқа да қоректік заттар сабаққа қарап өтеді.Бұл аймақта жанама тамырлар қалыптасады.Сондықтан ол жанама тамырлар аймағы деп те аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет