ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені биология 5В080100


Сабақтың морфологиялық құрылысы



бет4/8
Дата24.07.2017
өлшемі1,4 Mb.
#21984
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақтың морфологиялық құрылысы.

Сабақ ұшында төбе меристемасы болуына байланысты үнемі ұшынан өсіп отыратын өсімдіктің вегетативті мүшесі. Қызметі: сабақ арқылы жапырақта фотосинтез процесі нәтижесінде пайда болған органикалық зат тамырға, ал тамыр арқылы қабылданған минералды заттарды жапыраққа қарай жылжытады. Өсімдіктерді кеңістікте ұстап тұру, жапыраққа бағыттау қызметін атқарады. Сабақта фотосинтез жүреді және вегетативті көбею мүшесі болып табылады.

Сабақтың көлденең кесіндісі көп жағдайда цилиндр тәрізді болып келеді, бірақ шөптесін өсімдіктерде сабақ үш қырлы (қияқта), төрт қырлы (ерін гүлділер,) қанатшалы (орман чинасы), жалпақ (шылаң-рдест) болып келеді.

Сабақтың ұзындығы көп мөлшерде ауытқып отырады. 280 – 300 м (ротангалы пальманың өрмелеп өсетін сабақтары) – ден 1,5 мм дейн (су өсімдігі вольфия). Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді.  

Сабақтың түрлері өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ деп бөлінеді

Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т.б. жатады.

Жатаған сабақтар (желі сабақ) өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Мұртша да желі сабақ тобына жатады. Мұртшаның желі сабаққа қарағанда буынаралықтары ұзын және топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамыр шығады (құлпынай). Желі сабақтың буынаралықтары қысқа. Топыраққа жанасқан жерінен тамыр шықпайды (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз). 

Шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ), мұртшалары болмайды. 

Өрмелегіш және жабысқақ сабақтар. Өрмелегіш сабақтар – мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім және т. б.). Бұлардың сабақтары сүйенетін өсімдікке тығыз жанаспайды. Жабысқақ сабақты өсімдіктер ілмешегі, емізікше өсінділері, жабысқақ түктері арқылы сүйенетін өсімдігіне тығыз жанасады. Сүйенетін өсімдіктен ажырату қиын. Мысалы, плющ, жабысқақ қызылбояу (подмаренник цепкий) және т.б. жатады. Сабақтары жеңіл әрі жіңішке, ұзын болғандықтан шырмалғыш, өрмелегіш сабақты, өсімдіктерді лианалар дейді. 

Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы, (бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауданды қырыққабат және т. б.).



Жапырақтың морфологиялық құрылысы. Жапырақ -өсу шектелген өркеннің бүйір мүшесі. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газ алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады. Жеклеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін атқарады. Жапырақ мөлшері өзгеріп отырады. Бір өсімдікте әртүрлі пішіндегі жапырақтың болу құбылысы гетерофилия деп аталады. Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына қарай жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді. Оларға тұқым жарнақтары, бүршіктердің қабықшалары, тамыр сабақтың, кейде жер беті сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады. Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Оларда хлорофилл дәндері болады. Жоғарғы формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде орналасады. Бұл жабындық жапырақтар, орама жапырақтар және т.б. . Олардың барлығы әдетте нашар жетілген, сағақтары болмайды. Жай және күрделі жапырақ . Сағақты және сағақсыз жапырақ. Жапырақ тақтасының жиегі тегіс, ара тісті, екі рет ара тісті, ирек т.б.

Гүл. Гүл — жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен Ботаниктердің көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл эволюция барысында ашық тұқымдылардың стробиліне ұқсас мүшеден пайда болған. Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пай­да болады, сөйтіп арнаулы репродуктивті мүшелер құрайды да, өсімдіктің жынысты жолымен көбею қызметін атқарады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және жыныс процесі өтеді.

Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске, ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол әр уақытта гүлден пайда болады.

Гүлдің негізгі бөліктеріне – гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл сағағы, гүл кіңдігі немесе гүл табаны, гүл серігі және жыныс мүшелері жатады. Гүл шығатын буында орналасып, оны қолайсыз жағдайдан қорғап, жауып тұратын жапырақты гүл жапырақ немесе жабын жапырақ деп атайды. Бұл әдетте біреу ғана кейде бірнеше болуы мүмкін .

Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын сағақтың ұшы гүл кіндігі немесе гүл табаны деп аталады; бұл өсімдік түріне қарай жалпақ та, ойыс та және дөңес те болып кездесе береді. Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі сабақ бөлігін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барлары — сағақты гүл, сағағы жоқтары — сағақсыз немесе қондырмалы гүл.

Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойында кейде дара (дара жарнақтыларда), кейде қос-қостан (қос жарнақтыларда) ұсақ жапырақшалар орналасады, олар гүл жапырақша деп ата­лады. Бұл өсімдіктердің осы екі тобынын негізгі жүйелік белгілерінің бірі болып есептеледі. Өсімдік гүлінің құрылысын симметрия тұрғысынан алғанда әр түрлі. Симметрия — гүл бөлімшелерін ортасынан тең жарып, бойлата тартылған сызықтық екі жағынан оның бөлімшелерінің орналасуы.

 Гүл симметриясын гүл серігіне қарап анықтайды. Егер бір гүлдің қақ ортасынан тең бөлінетіндей үштен артық сызық тартуға болса, ондай гүлді полисимметриялы гүл немесе дұрыс гүл, я болмаса актиноморфты, не радиалды гүл дейді; мысалы, қалампырдың, наурызгүлдің, итмұрынның, қызғалдақтың, алманың және т.б. өсімдіктердің гүлдері осындай. Егер күлте арқылы екі ғана сызық жүргізуге болса, ондай гүлді бисимметриялы гүл дейді. Мысалы, бұған қапустаның, серігүлдің және т. б. гүлдері жатады. Егер күлте арқылы бір ғана сызық тартуға келетін болса, ондай гүлді моносимметриялы гүл неме­се бұрыс гүл деп атайды. Мысалы, шегіргүл, бұршақгүлі, тегеурінгүлі, бәрпі және т. б. Егер күлте арқылы бір де сызық жүргізуге келмейтін бол­са, ондай гүлді ассиметриялы гүл немесе симметриясыз гүл дейді. Мысалы, канна, валериана және т.б. гүлдері. Гүл кіндігіне орналасқан тостағанша мен күлтені гүл серігі дейді.

Егер бір гүлдің құрамыңда аналығы мен аталығы бірдей кездесетін болса, оны қос жынысты гүл, ал гүлде не аналығы не аталығы ғана кездессе, оны дара жынысты гүл дейді. Тек аталығы ғана болатын гүл аталық гүл, ал тек аналығы ғана бар гүл аналық гүл. Бір өсімдік данасының бір жерінде аналық гүлі, екінші жеріңде аталық гүлі өссе, бір үйлі өсімдік (жүгері, қияқтың кейбір түрі, кайың, емен, асқабақ тағы басқалар), ал егер бір өсімдіктің аналық гүлі бір данасында, аталық гүлі екіншісінде өссе екі үйлі өсімдік дейді (тал, бәйтерек, көк терек, жаңғақ, сора, қымыздық т. б.). Көптеген өсімдіктерде қос жынысты гүлдер мен дара жынысты гүлдер де кездеседі. Мұндай өсімдіктерді көп үйлі немесе көп некелі (полигамды) өсімдік деп атайды (үйеңкі, қарамықтар және т. б.).

Гүлшоғыр. Гүлшоғыр деп гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын (жиынтығын) айтады . Гүлшоғырлар сабақтың ұшында дамиды. Өсімдік түріне байланысты бір гүлшоғырда гүлдердің саны екіден бірнеше жүзге дейін жетеді. Кез келген гүлшоғырдың негізгі сабағы, тарамдалған жанама сабақшалары бар. Негізгі сабағының бұтақтануына қарай гүлшоғырлар жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді.

Жай гүлшоғырларының жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді. Мысалы: шашақ, жай масақ, собық, жай шатыр, шоғырбас (шоқпарбас),

        Шашақ гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарып, ұшындағы гүлі ең соңында ашылады (қарақат, қырыққабат, мойыл, мия, қараған). Кейде шашақ гүлшоғырда 2 немесе 4 гүл ғана болады, мысалы: шеңгел, асбұршақ, жабайы бұршақ және т. б. Жай масақ шашақ гүлшоғырына өте ұқсас. Айырмашылығы – гүлдері сағақсыз бекінеді (жолжелкен). Собық масақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар (жүгері, калла). Жай шатыргүлшоғырының негізгі сабағы қысқарады. Оның дәл ұшынан сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады (пияз, адамтамыр (женьшень), наурызшешек, ақшұнақ). Шоғырбас гүлшоғырында қысқарған жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады (беде). Себет гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ. Жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер орналасады. Оның жиегін (айналасын) жасыл түсті орама жапырақтар қоршап тұрады (күнбағыс, бақбақ, өгейшөп, гүлкекіре). Күрделі гүлшоғырларжай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Олар: күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр деп те атайды), күрделі масақ, сырға, күрделі шатыр.Күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр) негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері екі қатарда шашақталады. Жанама бұтақтануы ұшына жақындаған сайын кішірейеді (жүзім, гүлшетен, тары, күріш). Күрделі масақ – орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады. Әр масақшада 2-3 гүлден болады (бидай, қарабидай, бидайық). Сырға гүлшоғыры масақ пен шашақ гүлшоғырына ұқсас (2-сурет). Айырмашылығы – негізгі орталық сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі (қайың, терек, тал, көктерек).



Күрделі шатыр – жай шатыр гүлшоғырынан құралады. Себебі жай шатырдағы жеке гүл сағақтарында бірнеше гүлден топталып, шоғырланған (сәбіз, балдырған,

Гүл мен гүлшоғырлардың маңызы Гүлді реңі, пішіні, аңқыған хош иісі үшін мәдени түрде гүлзарларда өсіреді. Гүлдердің хош иісі бөлініп шығатын эфир майына байланысты. Гүлдер медицина мен парфюмерияда кеңінен қолданылады. Медицинада түймедағы, жөке, қырмызыгүл және т. б. гүлдердің шипалық қасиеті болғандықтан, оларды кептіріп, дәрінің құрамына қосады. Қалампыр, банан гүлшанақтарынан татымды дәм жасалады. Жөке, қарамық гүлдерінің шірнелері балдың дәмін кіргізеді, хош иіс береді. Гүлшоғырларда жеке тұрғанда байқалмайтын өте ұсақ гүлдер жинақталады. Олар тозаңдану кезінде жәндіктерге (көбелек, ара, қоңыз) тез байқалады. Тозаңданған гүлдер ғана жеміс беріп, тұқымын таратып көбейеді.



Жеміс, классификациясы, жемістер мен тұқымдардың таралуы.

Тұқым гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтану нәтижесінде пайда болатын, көбею, таралу қызметін атқаратын мүшесі болып табылады. Ол сырты жеміс қаппен қапталған ұрықтен және қор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақуақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілдікті болған кезде тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі. Қор заттарының жиналуына байланысты тұқым эндосперімді, эндоспермсіз, перисперімді, эндосперімді-перисперімді деп бөлінеді. Жеміс тұқымды сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктің көбею және таралу мүшесі. Жеміс гүлден, ұрықтану процесіне кейін ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктер ұрықтану процессі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды. Жеміс перикерпийден және тұқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий- бір немесе бірнеше аналықтың жатынының қабырғасынан көп жағдайда гүлдің басқа бөлңктерңнен – жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып табылады. Перикарпий үш қабаттан тұрады: сыртқы-экзокарпий, ортаңғы- мезокарпий және ішкі- эндокарпий. Жемістер алуан түрлі болып келеді. Қарапайым апокрапты гинецейден пайда болған жемістерді апокарпиялар, ал ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокарпиялар деп атайды. Жемістерді жай және күрделі деп екіге бөледі. Егер жеміс гүлдің бір ғана аналығынан дамыса-ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса –күрделі болып табылады. Жабық тұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жәімістер деп бөледі. Шырынды жемістердің ірі паренхималық, шырыны мол жасушалардан түзілген мезокарпийі жақсы дамыған. Құрғақ жемістілердң шырындыларға қарағанда мезокарпийі нагар дамыған. Көпшілігінің мезокарпийі көп қабатты, жасуша ішілік заттарын жоғалтқан паренхималық, склеренхималық және қабыршақ жасушалардан түзілген. Құрғақ жемістер қақырайтын және қақырамайтын, ал шырынды жемістер шиелі және сүйекті жемістер деп бөлінеді. Қақырайтын құрғақ жемістер қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай бөлінеді. Таптама- бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көп тұқымды құрғақ, бір жағынан қақырайтын жеміс. Апокрпты гинецейден біріккен таптама түзіледі. Таралу жолдары – жел, су, жануар, адам арқылы таралады. Жемістерді қақырайтын, қақырамайтын, құрғақ және шырынды деп жіктейді.


Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Тамыр қандай қызмет атқарады?

  2. Тамыр түгі қалай пайда болады?

  3. Сабақ қандай қызмет атқарады?

  4. Дара жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағы қос жарнақтылардан қалай ажыратылады?

  5. Жапырақ қандай қызмет атқарады?

  6. Жапырақтың сабаққа бекіну типтерін атаңыз.

  7. Гүл бөліктерін атаңыз.

  8. Гүл бөліктері қандай қызмет атқарады?

  9. Тозаңның құрылысы қандай?

  10. Гүлшоғыры дегеніміз не?


Ұсылынған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, Дәуір, 2005.

  2. Мұхитдинов, Н.М. 
    Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы: оқулық / Н.М. Мұхитдинов; Ә.Б. Бегенов, С.С. Айдосова.- 2-бас., өңд., толық.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2001.- 279 б. 

  3. Мәкенова, М. Ботаника курсының практикумы: оқу құралы / М. Мәкенова.- Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2000.- 236б. 

Қосымша

  1. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы: оқулық / Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С.- Алматы: Санат, 1998.- 368 б..

  2. Мұхитдинов, Н. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы/ Н. Мұхитдинов; Ә. Бегенов, С.Айдосова.- Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1993.- 340б. 


4- Дәріс

Өсімдіктер анатомиясы. Өсімдіктердің көбеюі.

1. Өсімдіктер анатомиясының максаты мен міндеті. Өсімдіктің вегетативтік және генеративтік мүшелерінің ішкі құрылысының ерекшеліктері.

2. Өсімдіктің вегетативті мүшелерінің анатомиялық құрылысы.

3. Өсімдіктердің генеративтік мүшелерінің анатомиялық құрылысы. Андроцей және гинецей. Аталық пен аналыктың анатомиялық құрылысы.

4. Өсімдіктердің көбею түрлері. Өсімдіктердің кобею жолдары: Жыныссыз, жынысты.

5. Тозандану. Тозаңдану жолдары және оларға өсімдіктердің бейімделуі.

Тамырдың анатомиялық құрылысы.

Тамырдың анатомиялық алғащқы құрылысы ашық тұқымдылардың,жабық тұқымдылардың және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің барлығының тамырына тән алғашқы құрылыс.Жоғарыда аталған өсімдік топтарынан тамыр алғашқы құрылысын жас тамыр ұшының сору аймағынан көре -аламыз.Ол үшін тамыр ұшының көленең кесіндісінен препарат дайындап,оны микроскоп арқылы қарау керек.Мұнда оның 3 бөлігі:эпиблема мен оның тамыр түктері,алғашқы қабық және орталық цилиндр көрінеді.



Эпиблема – тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа.Эпиблема дерматогеннен пайда болады және тірі,жұқа қабықты паренхималық клеткалардың бір қатарынан тұрады.Эпиблеманың негізгі қызметі өсімдіктің өсіп тұрған топырағынан суды және онда еріген минералды тұздарды сорып,оны қабықтың паренхималық клеткаларына жеткізу.Эпиблеманың бұл қызметі одан өсіп шығатын тамыр түктерімен тікебей байланысты.

Алғашқы қабық тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Алғашқы түзуші ұлпа периблемадан пайда болады.Қабық паренхималық клеткалардың экзодерма,эндодерма қабаттарынан тұрады.



Экзодерма – қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты.Экзодерма бір қабатты,екі қабатты,көп қабатты болып келеді.Ол кейбір өсімдіктердің қабығында бөлініп айқын байқалмауы да мүмкін.Клеткалардың тірі пішіні – көп бұрышты.Клетка қабықшалары көбіне қалыңдау келед,әрі тығыз орналасады.Құрылымдық және физиологиялық тұрғыдан алғанда негізгі қызметі – қорғаныштық.Өйткені эпиблема клеткалары өліп,түлеп түсісімен,оның клетка қабықшалары тозданады,сирек жағдайда сүректенеді.Экзоерманың тозданған клеткаларының арасында қабықшасы целлюлозалы бірен-саран клеткалар қалады,солар арқылы сыртқы ортадан қоректік заттарды қабылдау жүзеге асады.Экзодерма дара жарнақтылардың тамырында жақсы жетіледі.Олардың алғашқы құрылысты ескі тамырларында тозданған экзодерма – қосжарнақтылардың тамырына тән соңғы жабындық ұлпа тоздың қорғаныштық қызметін атқарады,

Мезодерма – дөңгелек піщінді,ірі және паренхималық клеткалардың экзодермасы мен эндодермасының арасындағы қабаты.Мезодерма клеткаларының шеттен орталыққа қарай пішіндері,орналасуы өзгереді.Шет жағында клеткалары майдарақ,жиі,орталыққа қарай іріленіп,борпылдақ тартады,орталыққа жақындай түскенде клеткалары қайтадан майдаланып,жиілей түседі.Мезодерма клеткаларының басым көпшілігінің борпылдақтығы өсімдіктердегі ауа алмасуына көп пайда тигізеді.

Алғашқы қабықтың паренхимасы суды және онда еріген минералдық тұздарды эпиблемадан орталық цилиндрге қарай көлбеу бағытта тасымалдайды.



Эндодерма – алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты.Ол орталық цилиндрді қоршап  орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұрады.Бұл қабаттың негізгі міндеті – қабықтың сыртқы қабаттары арқылы суда еріген қоректік заттардың орталық цилиндрде орналасқан өтккізгіш ұлпа элементтеріне қарай жылжып өтуін реттеу.Эндодерма жұқа қабықшалы, тірі, көлденең кесіндісінің пішіні төрт бұрышты клеткалардан тұрады.

Эндодерма клеткалары онтогенезінде 3 кезеңнен өтеді.1-ші кезеңінде клеткалардың радиалды және көлденең қабырғалары қалыңдайды.Егер бұл қалыңдаудан көлденең кесінді жүргізсек,олардың пішіні нүкте тәрізді болып көрінеді.Ол Каспари дақтары деп аталады.Басқа бағыттағы кесінділер қалыңдаулардың клетканы шеңбер жасап қоршап жататындығын көрсетеді.Сондықтан ол Каспари белбеуі деп аталады.Көрші клеткалардың белбеулері бір-бірімен жалғасып,орталық цилиндрді қоршап жатады,Химиялық талдаудың нәтижесі Каспари белбеуінде суберинге ұқсас заттың жиналатындығын және сүректену жүретінін көрсетті.

Эндодерма дамуының алғашқы кезеңі плаундардан басқа өсімдіктердің тамырынан табылған.Екінші кезеңде эндодерманың барлық клетка қабырғаларының ішкі бетіне суберин сіңеді.

Дара жарнақтылардың және қос жарнақтылардың көбінде тамырларына екінші рет қалыңдау тән емес,сондықтан мұнда эндодерма дамуының үшінші кезеңі байқалады.Бұл кезеңде клеткалардың барлық қабырғасы қатты қалыңдайды және сүректенеді.Тек сырт жаққа қараған қабырғалары ғана салыстырмалы түрде жұқа қалпында қалады.Эндодерманың жоғарыда сипатталған құрылымының мәне өте үлкен.Өйткені Каспари белбеуі арқылы қоректік заттар қабықтан орталық цилиндрге өтеді,ал цилиндрден қабыққа қарай өте алмайды.Заттардың эндодерма клеткаларының тірі бөлігі ғана арқылы өтуі мүмкін,

Бұл кезеңде де эндодерма қабатының арасында кейбі клеткалардың қабықшасы қалыңдамайды.Олар өткізгіш клеткалар деп аталады.Өткізгіш клеткалардың саны орталық цилиндрдегі ксилема сәулелерінің санына сәйкес келеді және олар осы сәулелерге қарсы орналасады.Эндодермадан заттардың өтуін өткізгіш клеткалар қамтамасыз етеді.

Орталық цилиндр негізінен түтікшелер мен сүзгілі түтіктерден тұратындықтан,оны түтікшелі цилиндр немесе стель деп атайды.Стель плеромадан пайда болады және тамырдың қабық бөлімінен меристемалық клеткалардың перицикл деп аталатын қабаты арқылы бөлінеді.Перициклден іщке қарай прокамбий клеткалары жатады,олардан алғашқы өткізгіш ұлпалар пайда болады.Перицикл клеткаларының бөлуінен жанама тамырлар өсіп шығады,сондықтан бұл перикамбий деп аталады.Перицикл камбийдің және феллогеннің пайда болуына да қатынасады.

Флоэма элементтері бөліні аймағына таяу жерде ксилемадан бұрын пайда бола бастайды.Алғашқы сүзгілі түтіктер серік клеткаларынсыз перицикл маңайында пайда болып, протофлоэманы түзеді.Флоэманың одан кейінгі элементтері тамырдың ортасына таяу қалыптасады және метафлоэманы түзеді.Протофлоэма мен метафлоэма екеуі бірге алғашқы флоэма деп аталады.Флоэманың ксилемадан бұрын пайда болуы протофлоэма арқылы тамырдың төбе меристемасына,оның тіршілік әрекеттері үшін қажетті қоректік заттардың жеткізілуіне байланысты.

Ксилема флоэмадан кейін пайда болады.Оның алғашқы элементтері тамырдың созылу аймағында қалыптасады әрі сақиналы, серіппелі түтіктерден тұрады.

Сонымен,флоэма мен ксилема тамырдың шетінен ортасына қарай,яғни экзархты қалыптасады.Ксилема даму барысында флоэманы басып озып, тамырдың ортысын алып жатады.Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысына ксилема радиус бойлай сәулеленіп,ал флоэма клеткаларының тобы сол сәулелердің арасында орналасады.Ксилема сәулелерінің саны 2-еу және одан көп болуы мүмкін.Бір сәулелі шоқ моноархты,екі сәулелі шоқ диархты,үш сәулелі шоқ триархты,төрт сәулелі шоқ тетрархты,одан ары пентархты,гексархты және т.б.болып жіктеледі.Моноархты шоқтар өте сирек,кейбір папоротник тәрізділерде,гүлді өсімдіктерден су жаңғағында ғана белгілі.

Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.Ашық тұқымдылар мен қосжарнақтыларда өсімдіктер жасының артуына байланысты тамыр жуандап өсіп,соның алғашқы құрылысы соңғы құрылысымен ауысады.Папоротник тәрізділерде және дара жарнақтылардың басым көпшілігінде тамырдың анотомиялық алғашқы құрылысы сақталады.

Тамырдың алғашқы құрылысының соңғыға ауысуы кезіндегі өзгеріс орталық цилиндрден басталады. Ксилема сәулелері мен флоэма бөлімдерінің арасындағы паренхималық клеткалар меристемалық қасиет білдіріп бөлінеді.Одан соңғы түзуші ұлпа камбий пайда болады.Ксилема мен флоэманың арасындағы  камбий қабаттары әуелде бір-бірінен бөлек орналасады.Көп кешікпей перициклдің протоксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан клеткалары тангентальды бөлініп,камбий қабаттарын бір-біріне қосады.Осыдан алғашқы ксилеманы қоршай орналасқан тұтас камбий сақинасы түзіледі.Камбий қызметінің нәтижесінде алғашқы флоэма сыртқа қарай ығысады.Камбий клеткаларының бөлінуінен пайда болған соңғы флоэма элементтері оның сырт жағына,соңғы ксилема элементтері іш жағына қарай орналасады.Сонымен,флоэманың ұлғаюы сырттан ішке қарай, ксилеманың ұлғаюы іштен сыртқа қарай жүреді,соңғы ксилема радиус бойлап емес,каллотералды орналасып камбий түзуі шеңбер пішініне ие болады.Камбийдің перициклден пайда болған бөлігінен өткізгіш ұлпа элементттері түзілмейді,олардан алғашқы ксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан өзек сәулелерінің паренхимасы қалыптасады.

Сонымен, анатомиялық алғашқы құрылымның соңғы құрылымға ауысуы барысында мынадай кезеңдерді өткереді:

1.Флоэма мен ксилеманың арасында камбий пайда болуы

2.Перициклден феллогеннің пайда болуы

3.Алғашқы қабықтың түлеп түсуі

4.Өткізгіш ұлпаның радиусты бойлап орналасуынан коллатералдыққа ауысуы.
Сабақтың анатомиялық құрылысы.

Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысын зерттеген кезде қос жарнақты өсімдіктер сабағында үш бөлімді айқын көруге болады: алғашқы қабық, орталық цилиндр және өзек. Алғашқы қабық бөллімінде колленхима, паренхима және эндодерма болады. Сабақтың сыртын өң қаптап жатады. Эндодермада крахмал жиналатындықтан , оны крахмал қынабы деп те атайды. Дара жарнақты өсімдіктерде эндодерма анық көрінбейді. Өң астын қаптарлай склеренхима қабаты орналасқан. Орталық цилиндрдің алғашқы қабаты- перицикл жасушалары. Қос жарнақты өсімдіктерде сосуд-талшық шоқтары шеңбер бойымен орналасса, дара жарнақтыларда сабақ бойында түзу спираль түзе орналасады. Өң қабатынан өзекке қарай шоқ көлемі үлкейіп, саны азая түседі. Өзек бірыңғай паренхима жасушаларынан тұрады. Қос жарнақты өсімдік сабағында камбий жасушалары қызметі нәтижесінде соңғы құрылыс түзіледі. Орталық цилиндрде камбий шоқ ішілік және шоқ аралық прокамбийден пайда болып, бөліне келіп бір-бірімен қосылып, камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысындағы тұйық коллотериалды шоқ ашық коллатериалды шоққа айналады. Орталық цилиндрдегі өзгерістермен бір мезгілде алғашқы қабықтың эпидермис астындағы паренхима жасушаларынан Феллоген түзіліп, оның қызметінің нәтижесенде тоз, феллоген, феллодерма қабаттарынан тұратын соңғы қабық перидерма жасалады. Алғашқы қабық түлеп түседі. Ағаш тектес көп жылдық өсімдіктер сабағы жай көзге анық көрінетін үш бөлімнен – қабық, сүрек, өзектен тұрады. Камбийдің ұзақ мерзімге созылған қызметінің нәтижесінде жылдық сақиналардың түзілуі, өткізгңш элементтердің сүректенуі және соңғы жабындқ ұлпалардың пайда болуы көп жылдық сүректі өсімдіктердіңи сабағын қалыптастырады. Көп жылдық сабақ перидермасын қалың қабатты қыртыс алмастырады. Сабақтың негізін ксилема элементтері мен сүрек талшығынан тұратын сүрек бөлімі құрайды. Қылқан жапырақты өсімдіктердің сүрегі біртекті, су өткізумен қатар механикалық қызмет атқаратын трахеидтер мен паренхима жасушаларынан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет