Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «философия»


Тақырып 10. Болмыс - онтологияның орталық категориясы



бет28/40
Дата04.11.2023
өлшемі191,94 Kb.
#189809
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Тақырып 10. Болмыс - онтологияның орталық категориясы
Дәріс сұрақтары:
1. Болмыс ұғымы.
2. Болмыстың негізгі формалары.
3. Материя ұғымы мен қасиеттері.
Онтология - болмыс туралы философиялық ілім. Материалдық және идеалдық болмыс. Болмыстың негізгі түрлері: «бірінші» және «екінші» табиғат болмысы; адам болмысы, рухани (идеалдық) болмыс, әлеуметтік болмыс. «Материя» ұғымы. Материя туралы философиядағы және ғылымдағы түсініктердің эволюциясы. Қозғалыс - материяның өмір сүру формасы. Қозғалыстың негізгі түрлері. Кеңістік пен уақыт - материяның атрибуттары. Өлі және тipi табиғаттағы кеңістіктік-уақыттық қатынастар. Әлеуметтік-тарихи кеңістік пен уақыттың ерекшелігі.
Болмыс және сана. Сананың генезисі Философия мен ғылымдағы сана мәселесі. Сана және өзіндік сана. Tiл және сана. Акыл-ой - философиялық ойлаушы сана.


Тақырып 11. Даму принципі: диалектика және синергетика
Дәріс сұрақтары:
1. Жүйелік қағидасы.
2. Диалектика ұғымы.
3. Диалектиканың принциптері мен категориялары.
4. Синергетика диалектиканың альтернативасы ретінде.
«Тұтастық», «жүйе», «құрылым», «бөлік» және «элемент» категориялары. Болмыстың жүйелі ұйымдастырылуы және оның негізгі құрылымдық денгейлері.
Даму - болмыстың атрибуты. Жаһандық эволюционизм принципі. Диалектика - дамудың философиялық теориясы. Диалектиканың принциптері, заңдары және категориялары. Жалпы өзара байланыс принципі. Қайшылықтар арқылы даму принципі. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өтуі заңы. Қарама-қарсылықтардың бірлігі және күрeci заңы. Tepicтeyдi тepicrey заңы. Диалектиканың категориялары: мән және құбылыс; жеке, ерекше, жалпы; форма және мазмұн; себеп және салдар; қажеттілік және кездейсоқтық; мүмкіндік және шындық.
Диалектиканың тарихи формалары. Диалектика туралы қазіргі замаңғы пікірталастар. Диалектика және синергетика. Синергетика - ашық сызықтық емес жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерінің жалпы заңдылыктары туралы ғылым. Синергетика заңдылықтарының қазіргі замандағы маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет