Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «философия»



бет36/40
Дата04.11.2023
өлшемі191,94 Kb.
#189809
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Коллоквиум – білімді нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар – тәртіп бойынша, спецификалық құрылымға ие, сондықтан жауаптар жинақталған материалды талдау негізінде ғана беріле алады.
Эссе – бұл сын, публицистика сияқты түрлі жанрларда өзекті мәселерге қатысты өз ойларын баяндау.
Презентация– курсант өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру, курсанттың қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру критериі бойынша бағаланады.
Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер)– курсанттарға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған курсанттар өз кейсін жаза алады.
Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет.
Топтық жоба– топта 3-5 адамнан құрылып, әрбіреуі өз жобасын өңдеуі керек.
Жеке жоба– неғұрлым дайын курсанттар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.
Жобаларды орындау.
Тапсырманы орындау тәртібі:

  • өзіндік жұмыстар графигімен бекітілген мерзімнен кешіктірмей

тапсырмаларды орындауға кірісу;

  • егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда

курстың сәйкес тақырыбына қайтып оралып, оны толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу;

  • егер осыдан кейін қиындықтар туындаса, онда курсантқа

консультацияға келу;

  • алынған шешімді талдау;

  • тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережесін тексеру керек;

  • тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз

жеткізу;

  • тапсырма графикпен (орын) бекітілген мерзімнен кешіктірмей

қорғалуы керек, себебі ол академиялық берешек болып есептеледі.
Өзіндік жұмысқа берілген уақыт шектелген, сондықтан өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылуға, саналы демалуға үйрену қажет. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның өзіндік жұмыс әдістемесін курсанттарға үйретуге қатысты жауапкершілігі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет