Рефератты қорғау немесе презентация. Бұл сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды,
шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:
Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.
Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ.Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.
Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.
Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.
Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз.Бірінші, екінші ... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.
Курсанттар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.
Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.
Сөз сөйлеуге дайындалу қажет.Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.
Егер сіз жалғыз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз мәтініңіздіі басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.
Реферат тақырыбы бойынша курсант семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.
Рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:
жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;
сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;
рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы;