Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «философия»


Тақырып 3. Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы



бет24/40
Дата04.11.2023
өлшемі191,94 Kb.
#189809
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Тақырып 3. Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы
Дәріс сұрақтары:
1. Ортағасырлық көзқарастың негізгі белгілері: теоцентризм, провиденциализм, креацианизм, эсхатология.
2. Шығыс перипатетизмі.
3. Патристика.
4. Схоластика.
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының қалыптасуына әсер еткен факторлар, оның даму кезендері. Мұсылмандық діни ілімнің қалыптасуы. Мутакаллимдер мен мутазилиттердің Құранды түсіндіруі. «Таза ағайындардың» неоплатонизмі.
Классикалық суфизмнің философиялық қырлары. Өмір cүpiп отырғанның бәрі Құдай және Құдай бәрінде өмip сүреді. Мухиддин ибн Араби: әмбебап адам концепциясы. Әл-Ғазалидің Құдайы алғашқы себепті рационалды түсінуд сынауы. Суфизмнің түркілік тармағы. Қожа Ахмет Йасауи: әлемдегі және өзіндегі Құдайды «басынан кешіру» және жету тәжірибесі.
Араб-мұсылман философиясындағы универсализм, энциклопедизм, пантеизм және перипатетизм. Әл-Кинди: акыл-ой - дүниені танып-білудің жалғыз бастауы және өлшемі. «Екінші Ұстаз» Әл-Фараби білімінің энциклопедизмі. Әл-Фарабидің онтологиясы, гносеологиясы, логикасы, натурфилософиясы, этикасы, өнер философиясы. Әл-Фарабидің қайырымды қала ілімі және қазіргі заман. Ибн Синаның ғьлымдар классификациясы. Ибн Рушд: философияны ортодоксалды мұсылмандықтан қорғау. Жүсіп Баласағұнның адам мен қоғам туралы гуманистік философиясы. Махмұт Қашғаридің түркі энциклопедиясы. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының Еуропаның ғылыми ойына айқындаушы әсері.
Ортағасырлық Еуропада христиандыктың таралуы. Рим-католик шіркеуінің орталықтандырылған, экономикалык, идеологиялық және саяси мықты ұйымға айналуы. Апологетика - христиандық көзқарасты философиялық құралдар аркылы негіздеудің бірінші талпынысы. Юстин, Татиан, Тертуллианның ілімдері - христиандықты философияға қарсы қою. Оригеннің теологиялық іліміндегі неоплатонизм элементтері.
Патристиканың екінші кезеңі. Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит, Максим Исповедниктің еңбектеріндегі философияның христиандық догматикасы.
Теологияны антикалық философияның элементтері арқылы логикалық түрде негіздеу ретінде схоластиканың ерекшеліктері. Северин Боэций мен Иоанн Эриугенаның ілімдері. Ансельм Кентерберийский: Құдай болмысының төрт дәлелі. Номинализм және реализм: универсалийлер туралы пікірталастар. Пьер Абелярдің бірқалыпты реализмді дамытуы. Фома Аквинскийдің Құдайтанымы. Уильям Оккам: ақыл-ой мен сенімнің, философия мен діннің бөлінуі. Ортағасырлық философиялық ойдың философия тарихындағы рөлі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет