Тақырып 4. Қайта өркендеу дәуipi философиясы
Дәріс сұрақтары:
1. Ренессанс және Реформация дәуіріндегі философияның гуманистік бағыттылығы.
2. Жаңа дәуірде натурфилософияның дамуы.
Қайта өркендеу дәуірі философиясының қалыптасуының әлеуметтік- экономикалық алғышарттары. Өнер мен жаратылыстану ғылымдарының гүлденуі және оның философиялық ойға әcepi. Теоцентризмнен антропоцентризмге ету. Гуманизм - Қайта өркендеу дәуірінің ерекше белгісі. Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Колюччо Солютати: адами бастауды асқақтату. Лоренцо Валла, Марсилио Фичино, Леонардо да Винчидің антропоцентризмі. Пико делла Мирандоло: адам - ғаламның орталығы және өз бақытын жасаушы. Мишель Монтень: адам тұлғасының тәуелсіздігін және толыққандылығын қорғау.
Ренессанс дәуірінің әлеуметтік-саяси концепциялары. Никколо Макиавелли: «мақсат құралдарды ақтайды». Томас Мордың ерік еркіндігі туралы гуманистік принципі. Томмазо Кампанелланың теократиялық мемлекеттің құрылымы.
Реформация - адамды ренессанстық асқақтатуға қарсылық. Шіркеудің монополиясына Мартин Лютердің қарсы шығуы. Шіркеу басшылығын Эразм Роттердамскийдің әжуа eтyi. Жан Кальвин: Құдай сөзi арқылы құтқарылу.
Fылым мен өнердегі платонизм, неоплатонизм және аристотелизм концепциялары. Николос Кузанский, Николай Коперник, Джордано Бруно, Галилео Галилей және Иоганн Кеплердің ілімдерінің ортағасырлық схоластикадан арылудағы рөлі. Дуниенің гелиоцентристік бейнесінің қалыптасуы.
Тақырып 5-6. Жаңа дәуір философиясы. XVIII ғасырдағы Еуропаның ағартушылық философиясы
Дәріс сұрақтары:
1. Таным әдістерінің даму мәселесі: рационализм, эмпиризм, сенсуализм.
2. Субстанция мәселесі
3. Жаңа дәуірдің әлеуметтік-саяси ойы.
4. Ағартушылық философиясының мәні.
Капиталистік өндіріс тәсілінің қалыптасуы, шіркеу беделінің құлдырауы және ғылымның өркендеуі. Жаратылыстану ізденістерін дамытуды көздеген прогрессивті буржуазия табының пайда болуы. Таным әдістерін (методтарын) іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм. Дуниенің жаңа, механикалық бейнесі. Философияда «субъект-объект қатынастары» принципінің үстемдік eтyi.
Фрэнсис Бэкон - танымның эмпирикалық тәжірибесінің негізін қалаушы. «Білім - күш». Идолдар туралы ілім. Танымның индуктивтік әдісі.
Рене Декарттың рационализмі. Дәлелді білімге қол жеткізудегі ойлау ережелері. Субстанция мәселесі. Рационалдық дедукция және Декарттың дуализмі.
Томас Гоббстың әлеуметтік-саяси көзқарастары. Қоғамдық келісім-шарт теориясы.
Джон Локк: қоғамның табиғи күйі - еркіндік пен теңдік. Биліктің үш тармағы туралы Локктың ілімі - болашақ демократиялық мемлекеттің іргетасы.
Субстанция мәселесін шешудегі Бенедикт Спинозаның пантеизмі Спинозаның этикасы: еркіндік дегеніміз танылған қажеттілік.
Готфрид Лейбництің монадологиясы.
Джордж Берклидің субъективтік идеализмі. Давид Юмнің солипсизмі. Ағылшын эмпиризмінің дағдарысы.
Ағартушылықтың адамзат тарихындағы әртүрлі типтерінің ортақ жақтары.
Шарль Луи Монтескье табиғи факторлардың негізінде қоғамның генезисі мен мәні туралы. Франсуа Вольтер: тендік дегеніміз заң мен құқықтың алдында тең болу. Жан Жак Руссоның қоғамдық келісім-шарт теориясы. Феодалдық ережелердің Дени Дидро шығармаларында сыналуы. «Энциклопедияны, немесе ғылымдардың, өнерлер мен қоленерлердің түсіндірме сөздігін» жасау. Клод Адриан Гельвеций, Жюльен Оффрэ Ламетри және Поль Анри Гольбахтың материализмі. Ағартушылық - әлеуметтік прогресс жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |