Мысал. 3-есеп. Электрон массасының жылдамдыққа тәуелділік графигін сызыңыздар. Электронның тыныштық массасы -ға тең.
Салыстырмалы теория бойынша массаның жылдамдыққа тәуелділігі: .
Private Sub Command 1-Click()
c=300000000#
M0=9E-31
J=1
N=600
Line (50,230*5)-(600*5,230*5), 5
Line (50,230*5)-(50,0), 5
For V=0 To C-C/N Step C/N
M=M0/Sqr(1-V^2/C^2)
Pset (50+(V/600000#)*5,1000-(18*M/M0)*5),200
Next V
End Sub
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Есеп шығару кезеңдері атаңдар.
Физика есептерінің классификациясы атаңдар.
Есептерді компьютерде шығару қалай жүзеге асады?
12,13 -тақырып. Физикадағы компьютерлік моделдеу. Физикалық процестерді математикалық моделдеу
Дәріс мақсаты: Физикадағы компьютерлік моделдеу, физикалық процестерді компьютерлік моделдеу жайында түсінік беру.
Жоспар:
Компьютерлік моделдеу
Физикалық процестерді математикалық моделдеу.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Физикалық білім адамның өзін қоршаған табиғатты танып зерттеуінің нәтижесі. Ол нақты ғылым элементтерін құрайтын түсініктер, заңдар, теориялар түрінде қалыптасады.
Сабақты тиімді ұйымдастырудың ұтымды жолдарының бірі – динамикалық компьютерлік моделдерді (ДКМ) қолдану. Физика сабағында жаңа технологиялық материалды түсіндіру барысында қолданылатын ДКМ-дің кейбір ерекшеліктерін толығырақ тоқталайық. ДКМ-ді қолдану құбылыстардың механизмін түсіндіруде ерекше рол атқарады. 11-класс оқушыларымен өткізілетін сабақ барысынан мысал келтірейік.
Сабақтың тақырыбы: Фотоэффект. Орта мектептің физика сабағында жарық кванттары таруының негізгі түйіні болып есептелетін фотоэффект құбылысы мен заңдарын түсіндіру кезінде қолданылып жүрген тәжірибелерден оқушылар электрометр разрядын, яғни, фотоэффект құбылысының соңғы нәтижесін көреді. Құбылыстардың механизмі оқушылар үшін көрінбейді. Бұл жеткіліксіздікті ДКМ-ң көмегімен түзетуге болады. ДКМ құбылыстың барысын түсініп білуге көмектеседі. Бұл тәжірибенің механизмін терең түсіну үшін компьютер экранында кескінделген қондырғының схемасы пайдаланылады.
Мырыш пластинаны электрометрге қосып, оны теріс зарядпен зарядтайды. Егер пластинкаға схемадағы 1-ші түймені шерту арқылы ультракүлгін сәуле түсірсек, пластина разрядала бастайды. Сәуле жолына 2-ші түймені шерту арқылы кедергі қойылса, разрядталу тоқтайды. Ал пластинаны 3-ші түймені шерту арқылы оң зарядпен зарядтасақ, онда сәуле түскенмен электрометр разрядталуды көрсетпейді. Мұны бір ғана жолмен түсіндіруге болады. Жарық электрондарды пластинаның бетінен ыршытып шығарады. Егер ол теріс зарядталса, электрондар одан тбіліп, электрометр разрядталады. Пластинада оң заряд болғанда жарық әсерінен ыршып шыққан электрондар пластинаға тартылады да, лның бетіне қайта шөгеді. Сондықтан, электрометрдің заряды өзгермейтіндігін айтамыз. Берілетін сәуленің интенсивтілігін 4-ші түймені шерту арқылы арттырса, разрядталу жылдамырақ жүретіндігін көреді.
1-суртет
|
Тәжірибе басын талқылай келіп, оқушылар өздері мынадай қорытынды жасайды: жарық электрондарды металл пластинаның бетінен ыршытып шығарады. Егер ол теріс зарядталса, электрондар одан тебіліп, электрометр разрядталады. Пластинада оң заряд болғанда, жарық әсерінен ыршып шыққан электрондар пластинаға тартылады да, оның бетіне қайта шөгеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |