Фотоэффект туралы толығырақ түсінік алу үшін, металдың бетінен жарықтың әсерінен ыршып шығатын электрондардың санын және олардың жылдамдығын немес кинатикалық энергиясын анықтап алу керек. Осы мақсатта ДКМ-ді пайдаланып оқушылардың өздеріне эксперименттік зерттеулер жүргізуді ұсынамыз. Олар: компьютер экранында көрініп тұрған 1-ші түймені шертіп фотоэлементтің кварц шынымен жабылған кішкене саңылауына ултьракүлгін сәулелерді бағыттайды. Сонда катодтан электрондар бөлініп шығады. Катодпен анодтың арсындағы батареясы тудырған электр өрісінің көмегімен электрондар анодқа қарай қозғала бастайды. Катод пен анодтың арасындағы кернеу потенциометрдің, яғни 2-ші түйменің көмегімен реттейді. Ол вольтметрмен өлшенеді. Катод пен анодтың арасындағы потенциалдар айырмасы нолге тең болғанда да, қарастырып отырған тізбекте фототок болатынын тәжірибеден көреді. Олай болса, пластина бетінен ұшып шыққан фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы бар. Егер электронның массасы деп, оның бастапқы ең үлкен жылдамдығын десек, онда бұл фотоэлектронның кинетикалық энергиясы: өрнегімен анықталады.
Анод пен катод арасындағы электр өрісінің тарапынан пайда болатын кедергіні жеңіп шығуға фототэлектронның кинетикалық энергиясы жұмсалатынын көреді.
Достарыңызбен бөлісу: |