ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту әдістемесі» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет55/56
Дата18.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#11978
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56

Орта мектептің физика курсында электромагниттік өріс ұғымын қалыптастыру базалық курста басталып, бағытты мектептің жоғарғы кластарында аяқталады. Базалық курста электромагниттік құбылыстар жайындағы элементар мағұлыматтарды ендіру кезінде электр және магнит өрістер жайындағы алғашқы түсініктер беріледі, ал жоғарғы класта электромагниттік құбылыстарды сандық зерттеу жүргізеді, электромагниттік өрістің жеке жағдайларын, олардың қасиеттері мен сипаттамаларын қарастырады, электромагнитік өріс ұғымы енгізеді; электромагниттік толқындарды меңгеру кезінде еркін электромагниттік өріс ұғымы енгізіледі, толқындық оптика мен кванттық физиканы меңгеру кезінде электромагниттік өріс жайындағы түсініктері кеңейтіледі және жалпыланады.

Әдетте электр өрісі ұғымын электростатикалық құбылыстарды меңгеру кезінде енгізеді және тыныштықтағы зарядтармен байланыстырады, ал магнит өрісі ұғымын тұрақты токты меңгеру кезінде енгізеді және токпен немесе қозғалыстағы зарядтармен байланыстырады. Электромагниттік өріс ұғымын электродинамика бөлімінің әртүрлі бөлімдерінде енгізуге болады: қозғалыстағы зарядтардың магнит өрісін меңгеру кезінде, электромагниттік тербелістер мен толқындарды меңгеру кезінде. Электромагниттік өріс ұғымын электродинамика бөлімінің басында енгізген пайдалы.

Оқу материалын оқытуды бастағанда электродинамикаға кіріспеде, оқушыларда бар білімге сүйеніп, электромагниттік өріс жайындағы алғашқы мағұлыматтарды енгізеді. Электромагниттік құбылыстарды меңгергеннен кейін электромагниттік өріс жайындағы білімдерін тереңдетіп, кеңейтеді. Электромагниттік өріс ұғымы енгізуге болатын кейбір әдістемелерді қарастырайық. Оқушылардың физиканың базалық курсында алған электромагниттік құбылыстар жөніндегі негізгі мағұлыматтар жайындағы білімдерін жалпылап, қайталағаннан кейін, электродинамиканың ерекшелеіктерін анықтайды, ньютондық механикамен электродинамиканы салыстырады. Механикада өзара әсерлесуші денелердің қашықтығына, немесе олардың салыстырмалы жылдамдықтарына байланысты болатын тартылыс күшін, серпімділік күшін және үйкеліс күшін меңгергендерін оқушылардың есіне салады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет