Өндірістің негізгі ғылыми принциптері жөніндегі білім физиканың мазмұнына табиғи жолмен кіруі керек. Физика пәнінің мұғалімі оқушылардың табиғат заңдарының іс жүзінде қолданылуымен таныстырып, оларды өндірістің ғылыми принциптерін түсіндіруге баулиды. Егер оқушыларға өндірістің ғылыми принциптері туралы тек теориялық мәліметер беріліпғ іскерлік дағдыларға үйрету жағын алып тастасақ, онда политехникалық оқу абстаркты-теориялық сипат алады, балаларды іскерлікке даярламайды. Ал өндіріс принциптері туралы теориялық білім бермей, бірыңғай тек техниканы игеру дағыдларын ғана үйретсек, онда бұл политехникалық оқу болмай, тек жалаң қол өнерге үйрету, технизм болар еді. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды өндірістің негізгі элементтерімен таныстыру қамтамасыз етілуі керек. Мұғалім оқушыларға өмірде өндірістің атқаратын міндетін, оның мәнін және жалпы бейнесін, жеке салаларының даму болашағын ашып беруі қажет.