Есеп шығару – оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыруда, физикалық құбылыстарды игертуде, олардың ойлау қабілетін дамытуда септігі мол. Есептерді шығарудың басты шарты – оқушылардың бойында физикалық заңдылықтар жайында білім қорының болуы, физикалық шамаларды дұрыс түсінуі, сондай-ақ оларды өлшеу тәсілі мен өлшем бірлігін білуі болып табылады. Есептерді шығарудың міндетті шартына оқушылардың математикалық дайындығы да жатады. Есептерді шығару физикалық құбылыстарды бақылауды және эксперименттерді жүргізуді қажет ететін белсенді танымдық үрдіс. Эксперимент пен бақылау есептердің шартын анықтауға, жетіспейтін мәліметтерді алуға, шамалар арасындағы байланыстылықты тағайындауға мүмкіндік береді. Мұндай мақсаттарға суреттердің, графиктердің де септігі бар. Есептерді шығару ойлау үрдісі болғандықтан – бұл талдау мен салыстыру үрдісі. Есеп шартын талдау – есепте берілген құбылыстың жалпы суреттемесін көзге елестетуге мүмкіндік береді, осының салдарынан қарастырылып отырған есепте қандай жағдайлар маңызды, қандай мәліметтер арасында байланыс орнату керектігі анықталады. Берілген құбылысты түсіну үшін есеп шартына байланысты кейбір мәселелерді қысқартуға болады. Мысалы, механикада көбіне үйкеліс, геометриялық оптикада «жұқа» линзаның қалыңдығы ескерілмейді және т.с.с. Физикада есептерді көптеген белгілері бойынша классификациялайды: мазмұнына, қойылуына, сұрақты зеттеу тереңдігіне, шығару тәсіліне, қиындық дәрежесіне байланысты және т.б. Мазмұны бойынша ең алдымен есептерді оның физикалық материалына байланысты ажыратады. Мысалы: механика, молекулалық физика, электродинамика т. б. Есептің бұлай ажыратылуы шартты нәрсе, көбінесе есептер физиканың бірнеше бөлімдерін қамтиды. Техника, өндірістік, ауылшаруашылық, транспорт және байланыс жайындағы материалдарды қамтитын есептерді политехникалық мазмұнды есептер деп атайды. Политехникалық есептердің мазмұны меңгерілетін бағдарлама материалымен тығыз байланысты болуы керек. Бірқатар есептер тарихи сипаттағы мәліметтерден: физикалық тәжірибелерден, ғылыми ашылулардан (жаңалықтардан), тіпті тарихи ертегілерден тұрады. Ондай есептерді тарихи мазмұндағы есептер деп атайды. Сұрақтарды зерттеу әдісіне және сипатына байланысты есептерді сапалық және есептеу (сандық) есептері деп ажыратады. Сапалық есептер деп есепті шығару барысыда физикалық шамалардың арасында тек сапалық тәуелділігі ғана тағайындалатын есептерді айтады. Заң бойынша мұндай есептерді шығару барысында есептеулер жүргізбейді. Кейде есептің мұндай түрін әдістемелік әдебиеттерде сұрақ –есептер, логикалық есептер, сапалық сұрақтар деп атайды. Сандық есептер деп есепті шығару барысында физикалық шаманың арасындағы сандық тәуелділік тағайындалатын есептерді айтады. Шығарылу тәсілдеріне байланысты есептерді ауызша, экспериментті, есептеу және графикалық есептер деп ажыратады. Бұлай ажыратудың өзі шартты түрде ғана, өйткені есепті шығару кезінде көбінесе бірнеше тәсілді қолданады. Сапалық есептерді әдетте меңгерілген материалды бекіту құралы ретінде қолданады. Мектеп физика курсының көптеген тақырыптары үшін сапалық есептер негізгі бөлім болып табылады. Есептің мұндай түрі қарастырылған мәселенің физикалық мәнін қалай меңгергенін қысқа уақытта анықтауға мүмкіндік береді. Сапалық есептерді логикалық ой қорыту негізінде шешеді. Сапалық есептерді шығаруда талдау мен салыстыру (анализ және синтез) өзара тығыз байланыста болады, оларды кейде бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Есептеу есептері – есептің нәтижесі математикалық амалдардың және есептеулердің көмегімен алынатын есептер. Ондай есептерді әртүрлі жолдармен шығаруға болады. Есептерді шығаруда қолданылатын математикалық амалдарға байланысты алгебралық, геометриялық, тригонометриялық және графиктік тәсілдерге ажыратады. Физикалық есептерді алгебралық тәілмен шығаруды қарастырайық. Физика есептерін бұл тәсілмен шығаруда формулаларды пайдаланады, оларды құрады және алгебралық теңдеулерді шешеді. Алгебралық тәсілді қолданудың қарапайым жағдайы – есепті дайын формула бойынша шығару. Күрделірек есептерді шығаруда бірнеше формулаларды немесе теңдеулер жүйесін қолданып шығарады. Қарапайым есепті алгебралық әдіспен шығарудың мысалын қарастырайық (дайын формула бойынша).
11 -тақырып. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексеру
Дәріс мақсаты: Студенттерді оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Оқушылардың үлгерімін тексеруді дұрыс ұйымдастыру олардың жұмыстарына бақылау жасау үшін қажет. Ол оқушылардың ой-өрісінің дамуына, олардың ойлауы мен сөйлеуіне әсер тетеді, олардың білімдерін жүйеге түсіреді, сондай-ақ мұғалімнің қолданған әдісінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздерінің оқу еңбегіне есеп беріп тұруы оларды жауапкершілікке тәрбиелейді. Физикадан үлгерімді тексеруге – білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру кіреді. Оқушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға – тексерудің жүйелілігі және бағаның әділ қойылуы жатады. Оқушылардың физикадан білімін ауызша және жазбаша, ал іскерліктер мен дағдыларды эксперименттік және графиктік есептерді шығарудың, бақылау және лабораториялық жұмыстардың көмегімен тексереді. Оқушылардың білімін тексерудің ең кең тараған түрі – ауызша тексеру. Оның көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімді ауызша тексеруді сабақтың барысында, қайталау уақытында және жаңа материалды оқып үйренуге дайындық кезінде, сабақтың соңында өткізуге болады. Білімді ауызша тексеру тәсілі екі формада: жеке және жаппай өтеді. 1)жеке дара сұрауда оқушылардың бірі тақтада физикалық құбылысты, заңды немесе құрылғының, приборлардың жұмыс істеу принципін, есептің шешуін жүйелеп түсіндіреді, тәжірибелер жасайды. 2)білімді жаппай тексеруді сабақтың кез-келген кезеңінде өткізуге болады: материалды қайталағанда, жаңа материалды оқып үйрену процесінде және т.б. Білімді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын өткізу жолымен жүзеге асады. Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін: 10-15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Бір сағаттық бақылау жұмысын бір тоқсанда бір-екі рет өткізеді. Практикалық іскерліктер мен дағдыларды тексеруді приборлар мен аспаптардың көмегімен оқушылардың түрлі тәжірибелерді орындау жолымен өткізеді. Мұндай практикалық тексеру жұмыстары жеке-дара, сондай-ақ жаппай өткізіледі. Жеке-дара практикалық тексеруде оқушы қандай-да бір тәжірибені қайталап көрсетіп береді, приборлардың, машинаның құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіріп береді немесе физикалық шамаларды өлшеу тапсырмасын орындайды. Жаппай практикалық тексеруде мұғалім бүкіл сыныпқа тапсырма береді де, жұмыс барысын қадағалайды. Мұғалім өзінің бақылауларына және оқушылардың жазбаша есеп беруін негізге ала отырып баға қояды. Мұндай жұмыстардың қатарына лабораториялық жұмыстарды жатқызуға болады. Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау Оқушыладың білімі бес балдық жүйемен бағаланады. Бағаларды қою кезінде мұғалім анықталған критерийлерді жекетшілікке алады, оларға білімдердің тереңдігі, көлемі және меңгерген білімді жалпылай алу мен талдай білу, алған білімдерін танымдық және практикалық іскерліктерге қолдана білу жатады.
Білімдерді бағалау кезінде мұғалім физика бойынша жалпы білім беру бағдарламасында келтірілген білімдерді бағалау нормаларын басшылыққа алады.
Бағдарламада оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау нормасының мысалы келтірілген.
12, 13 -тақырып. Техникалық құралдарды пайдалану, бағдарламалап оқыту тәсілдері
Дәріс мақсаты: Теханикалық құралдар мен бағдарламаланған оқыту құралдары ұғымдарына анықтама беру. Оларды қолдану әдістемесін көрсету.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
1. Оқытудың техникалық құралдары дегенде техникалық қондырғылардың және оларға арналған арнайы дидиактикалық материалдардың жиынтығын түсенеміз. Орта мектпетердің физика кабинеттерін оқытудың техникалық құрлдарымен жабдықтау және оларды қолдану әдістемесіне 15-20 жылдай уақыт өтті. Қазіргі уақытта мектептердің барлығы дерлік оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен жабдықталған. Бұрынғы техникалық құралдарды біртіндеп сырып келеді. Дәстүрлі ОТҚ (оқытудың техникалық құралдары). Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының әртүрлі классивикациясы бар. Төмендегі схемада соның бірі келтірілген. Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін ОТҚ (ТСО). Оған радио, магнитофон жатады. Бұл жағдайда сәйкесінше дидактикалық құралдар оқу радиоқабылдағыштары және магнитофонды жазбалар болып табылады, мысалы физикалық диктанттарды, текстерді экрандық құрал арқылы бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |