ПОӘК 042-18-38.54/03-2014
|
№2 басылым
25.06.2014 ж.
|
беті беттің
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СемЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-38.54/03-2014
|
ПОӘК
«Физиканы оқыту теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№ 2 басылым
25.06.2014 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Физиканы оқыту теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
«5В011000 – Физика» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2014
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
3
|
2
|
Дәрістер
|
5
|
3
|
Практикалық сабақтар
|
52
|
4
|
Білім алушылардың өздік жұмыстары
|
53
|
1 ГЛОССАРИЙ
Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады.
Физиканы оқыту әдістемесі – физиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің қосымшасы болып табылатын педагогикалық ғылым.
Физиканы оқыту пәні – физиканы оқыту процесінде оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, физиканы оқытудың теориясы мен практикасы.
Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері - үш сұрақтың жауабын іздеу: неге оқытамыз, нені оқытамыз және қалай оқытамыз.
Оқыту технологиясы - бұл оқытудың формалары және тәсілдері, әдістері
Оқытуды гуманизациялау - барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.
Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны.
Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме.
Колледж – кәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі.
Базистік оқу жоспары - орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін құжат.
Экология - орта жағдайы мен тірі организмдердің өзара қатиынасы жайындағы ғылым.
Ойлау – обьективті шындықты бейнелетін адамзат танымының жоғары басқышы.
Әлеуметтік мотивтер – оқушылардың басқа суьбектілермен әртүрлі өзара әсерлермен байланысқан побуждения.
Танымдық мотивтер – оқу іскерлік процесімен және мазмұнымен байланысты побуждения.
Өткен байланыстар – бьасқа пәндердің ертеректе меңгерілген материалдарымен физика курсының байланысты.
Ілеспелі байланыстар – бірмезгілде меңгерілетін әртүрлі оқу пәндерінің ұғымдары, теориялары, заңдары арасындағы байланыс.
Алдағы байланыстар - бұл физика курсының материалдары басқа пәндерді меңгеру үшін база болып табылатын байланыстар.
Сабақ – бұл мұғалім дәл тағайындалған уақыт мезетінде оқушылардың тұрақты танымдық іскерлік топтарын басқаратын оқытудың ұйымдастырылған формасы.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл оқу материалының әрбір тақырыбын сабақтар бойынша бөлу.
Оқытудың сөздік әдісі – материалды баяндаудың сөздік әдісі (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, дәріс), сондай-ақ кітаппен жұмыс істеу (оқулықпен, хрестоматиямен, анықтамалық құралдармен, дидактикалық материалдармен және т.б.).
Әңгімелеу – меңгерілетін тақырыпқа жататын іс-жүзіндегі материалды жалғасымдылықпен баяндау.
Түсіндіру – мұғалімнің жаңа ақпартты дәлелдеп, негіздеп, талдап түсіндіруі.
Әңгімелесу - оқытудың «сұрақжауап» әдісі.
Оқу эксперименті – бұл сабақта физикалық құбылыстарды арнайы құралдардың көмегімен шығару.
Демонстрация – бұл мұғалімнің физикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды көрсетуі. Фронтальды тәжірибе – мұғалімнің текелей басшылығынсыз, жазбаша нұсқаулықсыз оқушылардың қандай-да бір практикалық іс-әрекеті (бақылау, өлшеу). Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар - күнделікті ортада, табиғатта, ауылшаруашылық өндірістерінде оқушылардың үйде орындайтын қарапайым тәжірибелері. Физика кабинеті – бұл оқу қондырғыларымен, көрнекі құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған өзара байланысты орындар бөлінген мектептің оқу бөлімшесі. Физикалық есеп – логикалық ойқорыту, физикалық эксперимент және математикалық амалдар процесі қолданлатын физика әдістері негізінде шешілетін кішігірім мәселе. Есептерді шығару технологиясы – есептің шартында берілген және ізделініп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындайтын, есептің жауабына әкелетін амалар мен тәсілдер жиынтығы. Физикалық есептерді шығаруға үйреті технологиясы – оқушыларға есеп шығару дағдысын қалыптастыруға әкелетін тәсілдер жүйесі. Сынақ –сабақ уақытында ұйымдастырылатын оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің жалпы формасы. Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы. Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық каналдар арқылы берілетін оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ). Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезетте көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Диафильмдер - өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары.
Достарыңызбен бөлісу: |