-материаның құрылымдық сарқылмасиығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңынының жан-жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің ақарар маңызын ашу; -ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда, кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, роботты техниканың, аомдық энергетиканың дамуымен, жаңа материалдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясында қолданылуымен таныстыру; -өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу; сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру; -қайсыбір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе мәліметтері негізінде қорытынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу; -физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін дамыту, мамандықты саналы таңдауға дайындау; -оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін жетілдіру, еңбек етуге дайындау; -оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру – негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстарды кең ауқымды қорытындылауға үйрету; -физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету; -оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту; -оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту – физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын-ала болжау; -оқушыладың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету; -оқушылардың оқылған физикалық заңдар мен заңдылықтардың іс-жүзінде қолданылуы жайындағы білімдерін кеңейту; -оқушыларды әртүрлі физикалық аспап, құралдар мен қондырғыларды пайдалана білуге тікелей іс жүзінде дағдыландыру; -физика курсын өзбетінше оқып үйренуге баулу; -оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материалдарын талдай білу; -физикалық жаттығуларды, эксперименттік және оқыту тәжірибелерін, лабортаориялық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту, т.б. Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру Өндірістің негізгі ғылыми принциптері жөніндегі білім физиканың мазмұнына табиғи жолмен кіруі керек. Физика пәнінің мұғалімі оқушылардың табиғат заңдарының іс жүзінде қолданылуымен таныстырып, оларды өндірістің ғылыми принциптерін түсіндіруге баулиды. Егер оқушыларға өндірістің ғылыми принциптері туралы тек теориялық мәліметер беріліпғ іскерлік дағдыларға үйрету жағын алып тастасақ, онда политехникалық оқу абстаркты-теориялық сипат алады, балаларды іскерлікке даярламайды. Ал өндіріс принциптері туралы теориялық білім бермей, бірыңғай тек техниканы игеру дағыдларын ғана үйретсек, онда бұл политехникалық оқу болмай, тек жалаң қол өнерге үйрету, технизм болар еді. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды өндірістің негізгі элементтерімен таныстыру қамтамасыз етілуі керек. Мұғалім оқушыларға өмірде өндірістің атқаратын міндетін, оның мәнін және жалпы бейнесін, жеке салаларының даму болашағын ашып беруі қажет. Политехникалық талаптарға арналған лекциялар мен әңгімелерде кинофильмдерді, диапозитивтерді, графиктерді, кестелерді, схемалар мен суреттерді, машина бөліктерін, т.б. көрсету сабақты жандандырады. Мұндай сабақтарды әзірлеуге оқушылар қатыстырылады. Физиканы оқытуда оқушылардың лабораториялық жұмысы, тәлімдік сабақтар ерекше маңыз атқарады. Тағы бір ескертетін жағдай дененің температурасын, қысымын, салмағын, ток күшін, кернеуін тағы осыларға ұқсас физикалық шамаларды өлшеуге үйрету үшін оларды мұғалімнің өлшегеніне қарап байқау жеткіліксіз, оқушы оны өз қолымен өлшеп жатығуы керек, өлшеуіш аспаптарды, құралдарды өз қолымен пайдалана білуі қажет яғни оқушылар байқамы аз бақылаушы болмай, іс-жүзілік жұмыстар атқаруы тиіс. Физиканың заңдары энергетикада, металл өңдеу ісінде, машина жасауда, транспортта және қазіргі өнеркәсіптің басқа салаларында кең қолданылатыны, осы заңдарды оқып үйрену политехикалық оқудың негізі болып табылатыны, өндіріс құралдарының бірқатары, әсіресе өлшеуіш аспаптардың физикалық құранды бөліктері оқушылар санасына сіңірілуі тиіс. Алдына осындай міндеттерді қоя отырып, алайда, мұғалім физиканың негіздерін оқытуды тек техникалық мәселелерді оқытуға айналдырып жібермеуі керек. Политехикалық білім беруді физика сабақтарында сан-алуан мысалдармен сабақтастыруға болады. Мысалы, 7 және 10 сыныптарда жылу құбылыстарын оқып үйренуде жылу машиналарының құрылысы мен жұмысының принциптері түсіндіріледі. 7 сыныпта бу машинасы мен бу турбинасы және іштен жанатын двигатель жөнінде де түсінік беріледі. Бұл двигателдердің ауылшаруашылығын механикаландырудағы мәні ашып көрсетіледі. 7 сыныпта оқушылар қыздырғыштың пайдалы әсер коэффициенті түсінігімен танысады. 10 сыныпта жылу машинасының пайдалы әчер коэффициенті және оны жоғарылатудың тәсілдерімен танысады. Қысым жоғары бу машиналары мен бу турбиналарын жасап шығару пайдалы екендігі атап көрсетіледі. Осы сыныпта оқушылар реактивтік двигателдермен таныстырылады. 8 сыныпта тұрақты ток электр двигателінің жұмсы, айнымалы ток генераторының, трансформаторының құрылысы мен жұмысы оқытылады. Электр энергиясының өнеркәсіпте, транспортта, ауылшаруашылығында пайдаланылуы жөнінде түсінік беріледі. 10 сыныпта оқушылардың электр энергиясының алынуы және пайдаланылуы жөніндегі білімі кеңейтіліп тереңдетіледі, электрленудің негіздері анықталады, ірі және кішігірім су электр станцияларының құрылысы туралы айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |