ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет7/13
Дата27.02.2020
өлшемі389 Kb.
#58707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

2. Оқушылардың ғылыми-техикалық ойлауы физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын-ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель схемаларды жасай білуге үйрету арқылы дамытылады.

3. Физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-салдарларын анықтай білуге үйрету – оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы әдістемеік тәсіл.

4. Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалқыдан жалпыға көшіп, жинақтау) тәсілі негізінде дамытылады.

5.Анализ (жалпыдан жекеге көшу арқылы талдау) тәсіліне сүйеніп оқушылардың дедуктивтік ойлауын дамытуға болады.

6.Абстракты ойлау бірқатар түсіндіруге қиын физикалық құбылыстарды баяндауды оңайлату мақсатында қолданылады.

Оқушыларды физикалық ойлаудың осындай түрлері мен тәсілдеріне үйретудің нәтижесінде олардың физикаға қызығушылығы артады, біліп-тану қарекеті жақсарады, оқу процесіндегі белсенділігі жоғарылайды.



4,5 -тақырып. Физиканы оқытудың қазіргі заманға концепциясы. Пәнаралық байланыс, оның әдістемелік дидактикалық мәні
Дәріс мақсаты: Пәнаралық байланыс, пәнаралық байланыс түрлері жайында мағлұмат беру.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Физика курсы мазмұнының басқа оқу пәндерінің мазмұнымен байланысы


Ғылыми ұғымдарды қалыптастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың басты мақсаты оқушыларды жан-жақты дамыту, оларға ғылыми көзқарас қалыптастыру және бір пәннен алған білімін екінші пәнді игеруде қолдана білуге дағдыландыру.

Е. Аққошқаров өзінің «Физикалық ұғымдарды қалыптастырудың және терминдерді меңгерту тәсілдері» атты еңбегінде: “Әрбір оқу пәні бір-бірімен жүйелі түрде байланысқан және бірін-бірі толықтырып, дамытып отыратын ұғымдардан құралады. Өйткені, жеке оқу пәні шеңберінде тұйықталған, дараланған байланыс жүйелері толық білім алуға, дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін пән ішіндегі байланысты пәнаралық байланыс дәрежесіне көтерудің маңызы зор”-деп көрсеткен.

Олай болса, пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқушылардың білімін жетілдіруге, бір пәннен алған білімін екінші пәнді оқып үйрену барысында пайдалана білу дағдысын арттыруда маңызы зор.

Соңғы жылдары физиканың, астрономияның, математиканың, химияның, биологияның және т.б. жаратылыстану пәндерінің өзара байланысы осы пәндерді дәрістеуді қайта қарауды, білім беруді кең тұрғыдан қамтуды, олардың терең байланысын оқыту процесінде тиімді пайдалануды көздеуде.

Пәнаралық байланысты әдіскер-ғалымдар екі түрге жіктейді:

1.Уақыттық белгісі бойынша.

2.Мазмұндық белгісі бойынша.

Уақыттық белгісі бойынша пәнаралық байланыстарды болып өткен, ілеспелі және келешекте болатын байланыстарға бөледі.

Мазмұндық байланыстарды-факті жүзіндегі, ұғымдық және теориялық деп ажыратады.

Оқушыларға ғылым негіздерін игерту процесінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың мынадай тәсілдерін көрсетуге болады:

1)жаңа оқу материалын меңгертуде оқушылардың басқа пәндер сабақтарында алған білімін пайдалану, мұнда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың үш кезеңі қарастырылады:

-жаңа ұғымды қабылдауға оқушыларды дайындауда пәнаралық байланысты жүзеге асыру;

-жаңа ұғымды меңгерту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру;

-жаңа оқу материалын бекітуде және есептер шығаруда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру;

2)пәнаралық сипаттағы экскурсиялар өткізу, мысалы, физика және биология бойынша табиғатқа топ серуен жасау;

3)қорытындылау сипатындағы қайталау сабағын өткізу, мұнда әр түрлі пәндерді оқып үйрену кезінде алған білім біртұтас етіп біріктіріледі, мысалы, физиканы, химияны және биологияны оқып үйрену процесінде энергия туралы алған білімін қорытындылау, соның нәтижесінде оқушылар энергияның сақталу және айналу заңын толық әрі терең түсінеді. Іргелі ұғымдар әртүрлі пәндердің өзара байланысқан ұғымдарының жалғасымдылықпен қалыптастырылуы барысында ұзақ процесс нәтижесінде меңгертіледі. Мысалы, “зат” ұғымын қалыптастыру физиканы, химияны және биологияны оқыту нәтижесінде жүзеге асады; бұл ұғым осы оқу пәндерін оқып игергенде ғана қалыптасқан болып саналады.

Көптеген әдіскерлердің зерттеулері мектеп оқушыларында іргелі ұғымдарды қалыптастыру және дамыту берік бекіген пәнаралық байланыстарды тағайындау нәтижесінде жүзеге асатындығын көрсетеді.

7-8 кластарда физика мен химияны оқыту кезінде заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың негізгі кезеңдерін қарастырайық:

I кезең 7- класта физиканы оқытуда.

Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды молекулалық деңгейде қалыптастыру. Молекулалардың қозғалысы. Дене температурасының молекулалардың қозғалыс жылдамдығымен байланыстылығы. Молекулалар арасындағы өзара әрекет.

II кезең 8- класта химияны оқытуда

Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды атом-молекулалық деңгейде түсіндіру. Жай және күрделі заттардағы молекулалар құрамы. Физикалық құбылыстар кезінде молекулалардың сақталу және химиялық құбылыс кезінде бұзылуы. Молекулалардың кинетикалық және потенциалдық энергиясы.

III кезең 8- класта физиканы оқытуда.

Заттардың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды қалыптастыру.

Атомның ядролық моделі. Ядро заряды және атомдағы электрондар саны. Денелердің электрленуі құбылысының мәнін, металдрдағы және электролиттердегі электр тогының табиғатын, өткізгіштердің кедергісін және т.б. түсіндіру кезінде заттың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды нақтылау және жүйелеу.

IV кезең 9- класта химияны оқытуда.

Заттардың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды дамыту.

Атомдардың электрондық қабаттарының құрылымы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар. Молекулалар мен кристалдардың электрондық құрылымы. Иондық және коваленттік байланыстар. Полярлы және полярлы емес ковалентті байланыс. Иондық, атомдық және молекулалық кристалл торлар.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет