ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет10/13
Дата27.02.2020
өлшемі389 Kb.
#58707
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Әртүрлі жұмыстар жүйесі, әдетте, тоқсанның не оқу жылының аяғында өткізіледі. Өтілген бірнеше тарауларға қатысты әр түрлі 10-15 лабораториялық эксперимент қойып, әр топ оқушыларына бір мезгілде әр түрлі жұмыстарды (мысалы, 10-сыныпта, механикадан, молекулалаық физикадан, электр бөлімінен) орындаттырады. Бұл тәсіл бойынша әр оқушы жеке дара әр түрлі жұмысты орындап, оның өздігінен, шығармашылық түрде істеуіне мол мүмкіндік туғызылады. Бірақ, оның мынадай кейбір әдістемелік қолайсыздығы болатындығын мұғалім ескеруі керек: а)лабораторииялық жұмысты орындау күнделікті өтілген тақырыппен байланысты болмайды; ә)жұмысты орындау туралы әр жұмысқа әр түрлі нұсқау берудің мүмкіндігі қиын; б)жұмыстың нәтижесін сынып болып талқылау ыңғайсыз; в)әр түрлі лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру, тексеру, қорытындылау да қолайсыз.

Физикалық (лабораториялық) практикум оқу жылының аяғында 9-10-11-сыныптарда, 1-2 сағат бойы өткізіледі (мысалы дененің еркін түсу үдеуін өлшеу, шала өткізгіштіктердің вольт-амперлік сипаттамаларын алу, электрорезонансты зерттеу). Мұндай лабораториялық практикумдар күрделі аппаратуралармен жасалады, физикалық құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылымми-зерттеу және өлшеу әдістерімен таныстырады.

Зерттеушілік лабораториялық жұмыстар – металдар мен шала өткізгіштіктердің кедергілерінің температураға байланыстылығын зерттеу (10-сынып), эврикалық – Бойль-Мариотт заңын анықтау (9-сынып), иллюстративтік – Ньютонның екінші заңын тексеру (9-сынып) сияқты болып келеді.

Физикалық оқу экспериментінің құндылығын арттыру мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

1)мектеп физика курсының ғылыми деңгейін көтеру;

2)физикалық білімнің мазмұнын қазіргі физика ғылымының даму дәрежесіне сәйкестендіру.

Мектепте физикалық эксперименті тиісті дәрежеде өткізудің ең басты шарты – физика кабинетін жабдықтау және оның жұмысын жоспарлы түрде дұрыс жолға қоя білу. Бұл физика мұғалімінің ынта-жігеріне және іскерлік қабылетіне бірден-бір байланысты жұмыс.


Сыныптан тыс тәжірибелер және бақылаулар. Сыныптан тыс эксперименттің білімдік және тәрбиелік маңызы күшті: оқушылардың физика мен техникаға қызығушылығын арттырады; оларды өз бетінше тәжірибелер, бақылаулар, өлшеулер жүргізуге баулиды; физикалық теория мен практиканың байланысын терең түсінеді; айналамыздағы физикалық құбылыстардың мән-мағынасын ұғады; физика және техника туралы әдебиеттерді оқуға әуестенеді; ол жайындағы кәсіби мамандықтардың ерекшеліктерімен танысады.

Оқушылардың физика-техникалық сыныптан тыс тәжірибелері мен бақылауларын ұйымдастыруға бірқатар жеткілікті мүмкіндіктердің бар екендігін аңғару қиын емес.

Сыныптан тыс эксепримент үйде, өндіріс обьектілерінде экскурсия кезінде, физикалық кештерде, физика-техникалық үйірмелерде, қолдан приборлар жасау кезінде өткізіледі.

Сыныптан тыс уақытта физикалық тәжірибелерді, бақылауларды, өлшеулерді нәтижелі өткізу мұғалімнің мынадай әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарды күні бұрын жасай білу шеберлігіне байланысты: 1) оқу материалына сәйкес қосымша әдебиеттерді таңдап алып, онымен оқушыларды таныстыру, олар орындайтын тәжірибелер мен бақылауларды жоспарлау; 2) ондай жұмыстарды орындауға тапсырмалар дайындау; 3) оларды орындайтын орынды және қажетті приборларды анықтау.

Мысалы, оқушылардың үйде жүргізетін бақылаулары мен өлшеулері мынадай тапсырма бойынша орындалуы керек:

а) үйдегі шелектің, кастрюляның, бидонның, кесенің сыйымдылығын мензурканың жәрдемімен өлшеп анықтау (7-сынып).

ә) үйден мектепке дейінгі жүрген жүрісінің орташа жылдамдығын қадымдап анықтау, оның графигін сызу (7,9-сынып).

б) тұрмыста және техникада инерция құбылысының ескерілуін бақылау (7,9-сынып).

в) үйдегі электрпісіргіш арқылы бір күнде және бір аптада жұмсалатын энергияның құнын есептеу (8-сынып).

г) үйде және табиғатта байқалатын жарықтың дисперсиясы, интерференциясы, диффракциясы құбылыстарын бақылау, оларды түсіндіру (9-сынып).

д) адамның жерге түсіретін қысым күшін және қысымын өлшеп, анықтау (11-сынып).

Сыныптан тыс эксперименттің орындалу нәтижелерін мұғалімнің сабақта сұрап, талдап, қорытындылап, толықтырып тұруы қажет.




8 тақырып «Физикадан зертханалық сабақтар»

Дәріс мақсаты: Зертханалық сабақтарды жүргізу әдістемесін меңгерту.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Фронтальды лабораториялық жұмыстар және тәжірибелер

Әрбір мектеп оқушысының физиканы оқи бастағанға дейін әртүрлі физикалық түсініктер қоры болатыны даусыз.

Әрине, өз беттерімен өмірден жинақталған білім қорлары барлық оқушыларда бірдей емес. Ал кейбір оқушыларда олар, тіпті дұрыс болмауы да мүмкін. Бұл түсініктер қандайда бір жаңа материалдарда қабылдап, түсіну үшін әрқашан жеткілікті негіз бола алмайды. Түсініктер қоры өмір көрсеткендей, бүкіл курс бойы біртіндеп, жүйелі толықтырылып отырылуы керек. Мұның бәрі оқуға керекті арнайы ұйымдастырылған демонстарциялық тәжірибелерді сыныпта жүргізілу қажеттілігіне әкеліп тірейді. Демонстарциялар оқушыларды зерттеулер мен бақылауды неғұрлым жинақы және дұрыс жүргізуге үйретеді. Оларды білім көзін сыртқы дүние құбылыстарынан, тәжірибеден іздеуге мүжбүр етеді және ғылым ретінде физика туралы шынайы түсінікті қалыптастырады. Дұрыс көрсетілген деонстарциялық тәжірибелер оқушылардың физикаға деген қызығушылығын туғызады. Олар, физикалық шамалар, шщамаларды өлшеу әдістері, аспаптар, қондырғылар, т.б. туралы жәй түсініктен негізгі физикалық ұғымдады игеруге үйретеді. Сонымен, демонстарциялар оқушыларды физикалық заңдар мен теорияларды оқып үйренуге, физиканы шын мәнінде терең меңгеруге жетелейді.

Демонстрациялық тәжірибелердің көрсетілетін көздері шартты түрде төмендегідей:

1.Физиканы оқытудың алғашқы сатысында оқушылар тәжірибе жасау техникасын әлі толық білмейді. Мысалы, «Металдағы электр тогы» тақырыбын өткенде 8 сынып оқушысы бұл жұмысты нұсқау берген жағдайда да орындай алмайды. Өйткені, ол электр түзеткіщінің қызмеін білмейді, тізбекті дұрыс қоса алмайды. Ал оны орындау жөнінде нұсқау беру, оушылардың назарын басқаға, қосымша мәселеге бұрады. Сондықтан бұл тәжірибені демонстарциялық тәжірибе ретінде ғана ұғыну ұтыс әкеледі.

2.Тәжірибе жасалатын аспаптар оқушылар үшін күрделі және қажетті құрал-жабдықтар жеткіліксіз болған жағдайда демонстарциялық тәжірибелер жасалады. Мысалы, 7 сыныпта «Барометр-анероид», «Гидравикалық пресс» тақырыптарын өткенде, оар демонстарциялық тәжірибелер ретінде ғана өткізіледі, оқушылар құралдарды қолдану дағдыларына бірте-бірте үйренеді. Манометрді, оның жұмыс принципін түсіндіргенде тақтайшаға бекітілген «манометр» деп аталатын қатынас ыдыстар арқылы демоснтарциялық тәжірибе жасауға болады.

3.Уақытты үнемдеу үшін кейде лабораториялық тәжірибелер орнына демонстарциялық тәжірибелер жасалады. Шынына, оқушылар осындай тәжірибе жасап шығу үшін демонстарциялық тәжірибелерге қарағанда, үш есе артық уақыт жібереді. Сондықтан демоснтарциялық тәжірибе тиімдірек. Өйткені, оқушылар оны бақылай отырып, өз беттерінше жұмыс істеуге қажетті кейбір жұмыс әдістерін үйренеді.

4.Қауіпсіздік шараларына сәйкес оқушылардың өздері тікелей жұмыс істеуге болмайтын жағдайда демостарциялар көрсеткен жөн.

5.Сыртқы көрінісі әсерлі және айқындығы жоғары демонстарциялық тәжірибелер жасау лазым.


Фронталь лабораориялық жұмыстар қысқа уақытты немесе бір сағаттық болады. Ол сабақта барлық оқушылар бір мезгілде бәрі бірдей жұмысты орындайды. Мұның бірқатар ұйымдастыру-әдістемелік артықшылықтары бар: а)өтілетін тақырыппен тығыз байланысты болады; ә)барлық оқушының бірдей жұмысты орындауы, оны өткізу мен тексеру мұғалім үшін жеңілдейді. Мұғалім бұл жұмыстың мынадай өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек: а)сыныпта барлық оқушыларды бірдей приборлармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі бола бермейді; ә)бір жұмысты 3-4 оқушы бірігіп топ болып жасайтындықтан, олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, қалғандары тек бақылауға мәжбүр; б)жұмыстың приборларын тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге оңайлыққа соқпайды.

Физикалық (лабораториялық) практикум оқу жылының аяғында 9-10-11-сыныптарда, 1-2 сағат бойы өткізіледі (мысалы дененің еркін түсу үдеуін өлшеу, шала өткізгіштіктердің вольт-амперлік сипаттамаларын алу, электрорезонансты зерттеу). Мұндай лабораториялық практикумдар күрделі аппаратуралармен жасалады, физикалық құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылымми-зерттеу және өлшеу әдістерімен таныстырады.
9 тақырып «Физика бойынша экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері»

Дәріс мақсаты: Физика бойынша экскурсияларды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін көрсету, олардың атқарытын міндеттерімен таныстыру.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Эксукрсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы.

Олар белгілі оқу материалын өтуге байланысты, немесе сыныптан тыс жұмыс жоспары бойынша өткізіледі. Физикалық экскурсиялар оқу жұмысын жандандырады, оқушылардың ғылымға деген құштарлығын арттырады, олардың білім құмарлығы мен талаптылығын күшейтеді. Оқу жылы ішінде экскурсия өткізу үшін арнаулы күндер бөлінедіә. Бұл күні оқушылар мектепте оқымайды. Оқу процесінде алатын орнына байланысты экукурсиялардың үш түрі бар: алдын-ала өткізілетін, ілеспелі, қортындылау мақсатында өткізілетін экскурсиялар, олар 4-суретте кескінделген.

Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – оқушылардың жаңа материалды түсіндірер алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейді. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын жеңілдетеді.

Қорытынды экскурсиялар – физикатақырыбы, немесе тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара.
Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізіледі, әңгіме үшін тіректік матреиал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізіледі, оны сипаттайды. ФИзикалық экскурсияның мәні – бізді қоршаған дүниені танып білу. Егер экскурсияда көрсетулер болмаса, ол экскурсия болудан қалады, ол кәдімгі лекцияға, немесе әңгімеге айналады. Керісінше, түсіндірме берілмеген экскурсия мақсатсыз саяхатқа айналады, оның білім алуға әсері шамалы. Мақсаты мен тақырбына қарамастан әрбір физикалық экскурсияның өзіне тән белгілері бар. Солардың бірі болмаған жағдайда экскурсия қоршаған ақиқатты танып-білдіру формасы болудан қалады. Тәрбиелеу мен білім беру формасы іспетті экскурсияға тән ерекшеліккөрсету мен айтып беруді ұштастыру. Бұл екеуінің арақатынасы нақты жағдайға қарай өзгеріп отырады. Ол экскурсияның тақырыбына, оқуышлардың құрамына байланысты. Алайда, қандай жағдайда болмасын көрсету мен айтып беру табиғы бірлікте болуы керек. Яғни экскурсиякөрсету, талдау жасаумен; түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Экскурсияға қатысушының көргені, мұғалімнің әңгімесі арқылы оның санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты тұжырым жасатады. Шынында оқушы экскурсияда тек көріп, тыңдап қана қоймай, сонымен бірге толғанады да. Көргені мен естіген оның бойына күшті сезім туғызады, ол қызығады, қобалжиды, ойланады. Сөйтіп, экскурсия өзінің көрнекілгі, түсініктілігі және әсерлілігі мен білім берудің тиімді формасы болып табылады. Фактілерді тиянақты меңгеруге және есте тұрақты сақтап қалуға себін тигізеді. Демек, дүниеге диалектикалық көзқарас қалыптастырады.

Экскурсия орнын таңдағанда, бірінші кезекте, оның экскурсия тақырыбын ашып көрсетудегі маңызына көңіл аударады, мұғалім көптеген фактілерді ескереді. Солардың ішіндегі ең бастылары – барар орынның танымдылық құндылығы, олардың мәлімділігі, ерекшелігі және орналасқан жағдайы. Тақырыбына, экскурсия кезінде көрсетілетін құбылыстың күрделілігіне қарай оның ұзақтығы түрліше болады. Экскурсияның ұзақтығы оның түріне, жүргізу әдісіне, өткізілетін орнына, экскурсияға қатысушы оқушылардың құрамына қарай анықталады. Мәселен, төменгі сынып оқушылары үшін экскурсия ұзаққа созылмағаны жөн. Өйткені, олардың зейін қою, қаракет ету сипаты өзгешелеу. Балалар жалығып, экскурсияның мәліметтеу дәрежесі төмендеп кетпейтіндей етіп құруға мүмкіндік жасау қажет.

Сонымен, білім беру ісінде экскурсияның маңызы өзгеше. Экскурсия тақырыбы, сондай-ақ, оны ұйымдастыру тәсілі әртүрлі болады. Олар ең алымен оқу-тәрбие процесінің мақсатына бағышталады. Мысалы, төменгі сыныптарда – ол табиғатты көру мақсатында ұйымдасытылатын экскурсиялар болса, орталау мектептегі оқушылар үшін диалектикалық-материалистік түсінік қалыптастыру мүмкін. Жоғары сыныптардағы оқу-өндірістік экскурсиялар толитехникалық білім беру жолында маңыз атқарады, мектептің өірмен байланысын қалыптастырудың елеулі құралы бола алады. Экскурсияның мүмкіндігі мол, ол өзінің ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің қай түріне де қолайлы. Экскурсияның оқу процесі ретіндегі ғылыми принципі – ең алдымен экскурсия мазмұнының диалектикалық атериализм идеяларына, осы заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес болуын талап етеді. Материалдың терең ғылыми негізде болуы, оқушылардың танымдық ынтасын арттыруға көмектеседі. Физикалық ғылыми білім, ең алдымен шынай шындыққа сүйенеді. Ол эксперимент арқылы тексеілген болмыстық дүниенің жалпы және маңызды заңдылықтарының көрінісі болып есептеледі.

Ғылыми принциптің талаптары атериалдың мазмұнына ғана қатысты емес. Бұлар материалды баяндау барысында да қатал сақталып отыруы керек: жүргізуші мұғалімдердің, немесе жетекшілердің фактілерді, құбылыстарды, ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беруі - әрбір экскурсияға тән қасиет. Тәрбие беру – ғылым мақсатарын іске асыруды көздейтін болғандықтан, экскурсияның тиісті идеялық бағыты болуын талап етеді. Экскурсия жүргізуші мұғалім теорияның өмірмен байланысын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді жете пайдалануы тиіс. Мысалы, ол белгілі бір теориялық қағиданы келтіріп, оны нақты мысалдармен, фактілермен, цифрлармен нақтылацйды яғни баяндаудың дедуктивті (жалпыдан жалқыға) әдісі қолданылады. Теорияның өмірмен байланысын іске асыру жолында экскурсия жетекшісіне салыстыру тәсілі үлкен мүмкіндік береді. Бұл тәсілді қолданғанда оқушылар табиғаттағы өзгерістер сырын толығырақ және тереңірек түсінеді. Сонымен бірге, көрнекілік принципінің талаптары мен ережелерін сақтап отырудың маңызы да үлкен. Экскурсияның қандай болсын, бәрібір оның адамгершілік, патриоттық сезімдерге тәрбиелейтін материалы болуы шарт. Білім беру мен тәрбиенің танылған формасына айналып отырған физикалық экскурсия ғылыми білімдерді, ғылыми-техникалық білімдерді насихаттаудың тиімді құралы.


10-тақырып. Физика есептерін шығару.

Дәріс мақсаты: Есептердің классификациясын көрсеті, оларды шығару әдістемесін меңгерту.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет