ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет3/13
Дата27.02.2020
өлшемі389 Kb.
#58707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13











Физиканы оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты, атап айтқанда ең алдымен физикамен, психологиямен және педагогикамен байланысты (1.2 схема). Бұл ғылымдармен байланыс физика курсының мазмұнынан, сондай-ақ оқыту әдістерінен, тәсілдерінен және формаларынан көрінеді.


1.2 Схема


ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ





ФИЗИКА


ПСИХОЛОГИЯ


ПЕДАГОГИКА


ФИЛОСОФИЯ

ЛОГИКА ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


Физиканы оқыту әдістемесі сондай-ақ философиямен, логикамен, техникалық ғылымдармен тығыз байланысты. Техниканың дамуы оқытудың жаңа тәсілдерін құруға әкеледі, өз кезегінде оларды оқу процесінде қолдану әдістемесін жасауды талап етеді.

Орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу процесін реттейтін құжаттар.

«Білім беру жайындағы» заңда білім беру жүйесін демократизациялау және білім беру аймағындағы мемлекеттік саясат принциптері идеясы көрініс тапқан. Оларға жатады: білім берудің гуманистикалық сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтар приоритеті, жеке адамның даму еркіндігі.

Көрсетілген принциптер өзінің жүзеге асуында, бірішіден, тұтастай білім беру мекемелері деңгейінде өзінің статусын таңдау мүмкіндігін көрсетеді, екіншіден, нақты оқу процесі деңгейінде мұғалімге оқу бағдарламалары мен оқулықтарын таңдауға мүмкіндік береді, үшіншіден, оқушы деңгейінде меншікті оқу «траекториясын» таңдай алады.

Білім беру жүйесін демократизациялау оқу процесін гуманизациялау, гуманитаризациялау және дифференцияциялау принциптерінде өзінің бейнесін алады.

Оқытудың гуманизациясы барлық оқу-тәрбие процесінің орталықты субьектісі болатын баланың жеке адамдық қасиетіне көңіл бөлінуі болып табылады.

Оқытуды гуманитаризациялау сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.

Дифференциациялау оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.

Қазіргі уақытта жалпы орта білім беруді әртүрлі типтегі: мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде, жеке меншік мектептерде, жалпы білім беру мекемелерінен алуға болады.

Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны.

Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме.

Колледж – кәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі.

Жеке меншік мектептер қоғамдық ұйымдардың, әртүрлі ассоциациясының және фондтардың, мекмелер мен жеке адамдардың ұсыныстары бойынша құрылады. Жеке меншік мектептің өзінің уставы және білім беру іскерлігін жүзеге асыруға бағытталған, сәйкес білім беру департаментінен берілген лицензиясы болуы міндетті.

«Білім туралы» заңымен метептердің төмендегідей құрылымы бекітіледі: I-IV (III) – бастауыш мектеп, V-IX – негізгі мектеп, X-XI – жалпыбілім беретін (толық) орта мектеп. Осы құрылым негізінде міндетті болып он екі жылдық білім беру болып табылады, ал жоғарғы мектеп бағыттық болып қалады.

Әртүрлі типегі оқу мекемлерінде білім алу мүмкіндігі, бұрынырақ өзінің білім беру стратегиясын анықтауға құқылы және әртүрлі оқу бағдарламалары мен құралдарды қолданатын, білім беру стандарттарын жасауды талап етеді.

Орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін екінші құжат, базистік оқу жоспары болып табылады, ол оқушылардың оқу жүктемесінің максимал көлемін анықтайды, мемлекеттік білім беру стандартының компоненттерін меңгеруге бөлінген оқу уақытын анықтайды.

Базистік оқу жоспары пәндерді қамтымайды, білім беру аймағын қамтиды және екі бөлімнен тұрады: инвариантты және вариа­тивті.

Инвариантты бөлімінде мемлекеттік білім беру стандартының компоненттері толықтай жүзеге асады, жалпы білім беретін мекемелердің түлектеріне қажетті білімдермен, іскерліктермен және дағдылармен қаруландырады.

Вариативті бөлімінде мектептік және регионалды компоненттерін жүзеге асырады.

Базистік оқу жоспарының қосымшасына сәйкес физиканы меңгеруге 7-дің 11 сыныптар бойынша аптасына екі сағаттан аз уақыт бөлінбеуі керек.

Оқу процесін реттейтін үшінші құжат, мемлекеттік білім беру стандарттары болып табылады, ол оқушылардың міндетті дайындық деңгейінің талаптарын анықтайды. Білім беру стандарттары пән бойынша бағдарлама болып табылмайды. Олар базистік оқу жоспары сияқты оқу бағдарламаларын құру үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет