Политехникалық білім беруде физикалық және техникалық мазмұндағы лабораториялық жұмыстар да өте-мөте бағалы. Мұндай жұмыстар оқушыларды әртүрлі иехникалық құралдардың, механизмдердің, түрлі жабдықтардың, құрылғылардың құрылыстарымен және қызметімен таныстырып, өлшеуіш құралдармен жұмыс істеуге дағдыландырады. Мұндай политехникалық мазмұндағы лабораториялық жұмыстар оқушылардың сызбалар мен схемаларды шартты белгілерді пайдаланып үйренуіне мүмкіндік береді. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды кәсіби бағыттау.
Ғылыми негізделген кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысының орталығы – жалпы білім беретін орта мектептер.
Физиканың кәсіби бағдарлық ролі:
а) политехникалық білімдердің негізі;
ә) физиканы оқытудағы еңбек тәрбиесі;
б) физика-техникалық кәсібибағдар.
Халықшаруашылығының негізгі салалары бойынша оқушылардың политехникалық білімін тереңдетуде физика сабақтарының ролін ерекше ескерген жөн. Мысалы, «Электродинамика» бөлімін оқығанда жас жеткіншектер двигательдердің, генераторлардың, электр станцияларының қуаттарымен, оларда қолданылатын жаңа приборлармен танысады. Материалдардың түрлі қасиеттерімен таныстырғанда, космос ғасырының металы - титан туралы түсінік беруге болады. Оның тығыздығы 4510 кг/м.куб., балқу температурасы 16680С, ал беріктілігі темірдің беріктілігінен 2 есе, алюминийдікінен 6 есе артық. Мұндай жеңіл әрі берік металл авиацияда, космонавтикада кеңінен қолданылатын болады (в). Физиканы оқыту процесінде жастар көптеген техникалық мамандықтардың (электрмен пісіру, механик, инженер, ғарышкер, конструктор, оператор, т.т.) кәсіби ерекшеліктермен танысады (ә).
Мұндай материалдар мектеп физикасының танымдық, тәлім-тәрбиелік және кәсібибағдарлық маңызын айқын аша түседі. Демек, бұл жағдай физика сабақтарында күнделікті ескерілуі тиіс.
Ғылыми дүниетаным қалыптастыру
Ғылым әрдайым дүние жайлы біртұтас ғылыми көзқарас жасауға талпынады, өйткені дүниеде барлық нәрсе өзара байланысты және бір-біріне өзара тәуелді.
Дүниенің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыру таным процесінің ежелден бергі түпкі мақсаты, мұраты болып келеді. Кейде мақсатқа жеткендей сәттер болады. Бірақ, үңіле қарағанда, танымның әр кезде қол жеткен дәрежесі бүкіл әлемнің бейненің тек тарихи бір сатысы болып шығып отырды. Дегенмен, бұл таным процесінің әлсіздігі немесе оның белгілі бір шегі бар екендігі емес, қайта керісінше, дүниетанымдық құбылыс үздіксіз екенін, бір мәннен одан әлдеқайда терең мәнге көшіп отыратынын көрсетеді.
Ертедегі Шығыс, Греция, Рим тәрізді дамыған елдердің ғалымдары да жалпы заңдарды, нақты заттардың бірыңғай түпкі құрылымдық негізін ашуға, дүниеге біртұтас көзқарас жасауға талпынған.
Алуан түрлі денелердің бәрі әрі қарай бөлінбейтін түп негізгі бөлшектер – атомдардың түрліше қосындысынан тұрады. Атомдар мәңгі қозғалыста болады. Түрлі заттардың алуан түрлі сапада болуы атомдардың санына, түр-нобайына және көлеміне байланысты. Атомдардың қозғалысы заңды, себепті, қажетті нәрсе болып есептеледі. Дүниеде ешқандай кездейсоқ нәрсе жоқ.
Сөйтіп, ерте дүниенің ғұлама ғалымдарының дүниетаным туралы ілімі, яғни атом ілімі, ғылымның алдағы бүкіл даму барысына зор әсерін тигізді, өйткені ондағы даналық болжамдарының сырын ғылым біздің бүгінгі заманымызға дейін зерттеп келеді. Алайда мұндай диалектикалық-материалистік көзқарастармен қатар, ертедегі ғұламалардың ой-пікірлерінде қарама-қарсы көзқарастар да орын алған еді. Кейінгі дәуірлердегі ғылымның дамуына Аристотельдің философиясы, әсіресе оның логикалық ілімі, физикасы, категориялар жайлы ілімі аса зор әсерін тигізген-ді. Бірақ оның идеализмі және космологиясы «әлемнің ортасы-жер, сол жердегінің бәрін құдай қозғалысқа келтірген, дүние уақыт пен кеңістікте шектелген» деген сияқты т.б. көзқарасы дүниенің Птолемей жасаған геоцентрлік жүйесінің негізін құрды, ал бұл түсініктер кейіненен бірталай діни ілімінің қағидасына айналды.
Дүниенің бұл ғылыми бейнесін жаратылыстанулық ғылыми көзқарас деп атауға болады. Оның игі маңызын атомистикалық негізгі идеяларына, яғни материаның құрылымдық түсінігін дүниенің бірлігі және ол жайлы білімнің тұтастығы қағидасынан білуге болады.
Оқушылардың ойлауын дамыту
Оқушылардың физикалық ұғымдарды түсініп, талдап ұғуы олардың логикалық және диалектикалық ойлауын дамытуға зор ықпал етеді.
Физика – табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты – заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін біліп-тану, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық процесс оқушылардың физикалық ойлауын дамтыуды қажет етеді. Бұл үшін оқыту процесінде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және жүйелілік, абстаркция және жинақтап қорытындылау сияқты логикалық ойлау операцияларын пайдаланамыз. Демек, физиканы осылай логикалық талапқа сай оқытып, физика ғылымы негіздерінің логикалық жүйесін ашу арқылы оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине, алдымен мұғалімнің физикалық білімдер жүйесі мен оның құрылымының ерекшеліктер сипаттарын білуді қажет етеді.
Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларды логикалық ойлаудың негізінен мынадай түрлеріне үйретуіміз керек:
физикалық ойлау;
ғылыми-техникалық ойлау;
диалектикалық ойлау;
индуктивтік ойлау;
дедуктивтік ойлау;
абстракты ойлау.
Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес, мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс. 1.Физикалық ойлау деп оқушылардың: а) физикалық құбылыстарды бақылау, ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу, б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды анықтау, в) физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық және сапалық байланыстарды тағайындау, г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу, д) физикалық білімдерді практикада қолдана білу іскерліктерін дамытуды түсінеміз. Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әрекеттерінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсілдерді қолдана білу, ә) физикалық формулалардың дұрыстығына сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, в) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін текресе білуі, г) физикалық заңдылықтардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі т.т.
Достарыңызбен бөлісу: |