ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқытудың жаңа технологиялары»


Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы



бет2/4
Дата25.08.2017
өлшемі444,95 Kb.
#25823
1   2   3   4

Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) ақпарат тек дыбыстық каналдар арқылы берілетін оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ).

Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезетте көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ.

Диафильмдер - өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары.

Дербес (индивидуальная работа) жұмысжекелеген оқушылармен физика және техника бойынша жетекшілік жасау мақсатында, осы мақсатта реферат, баяндама және мазмұндама дйындау.

Топтық жұмыс – жаңа білімдер мен рактикалық іскерліктерді меңгеру мақсатында оқушылардың тұрақты шағын тобымен және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталып жүргізілетін жүйелі жұмыс.

Оқытудың жаңа технологиялары – ЭЕМ көмегімен ақпараттарды көрсету, тарату.

Оқытудың компьютерлік технологиясыбұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі.

Компьютерлік сауаттылық – бұл оқыту құралы ретінде мұғалім мен оқушыға ЭЕМ қолдануға мүмкіндік беретін білім мен іскерлік.



Тақырыбы: Топтық оқыту технологиясы
Дәрістің қысқаша мазмұны

Сапалы білім беру қай заманда болса да өзекті мәселе болып табылады. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқыту процесінде топтық оқытуды қолдану болып табылады.

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.

Соның ішінде, ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Бұл қасиетті істерде мұғалімге қойылар талап та ерекше. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға тәрбиелеу. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “менін” ашу, сол “менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу.

Оқушының өз бетінше оқып үйрену оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге үлкен ықпал етеді.

Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық  жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.

Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі.

Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс.

Оқушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр.
Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге көп дегендей.

Топ – қазіргі адамның қоғамдық өмірін ұйымдастырудың басты тәсілі, оның ажырамас қасиеті болып табылады. Топтық уақыт өткізудің мәні мен жалпыға ортақтығын Д.Картрайттың және А.Зандердің мына сөздері дәлелдейді: «егер ... болжамдық марстық адам Жерді бір қарап шықса, ол, мүмкін, жер адамдарының бір нәрсені топта жасап, өз уақытының сонша бөлігін бірге өткізетініне таң қалатын шығар».

Топтық оқытудың мәні ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап ескерілген. Бірақ осы күнге дейін көп сұрақтар өз жауабын күтуде. Ең алдымен, айта кететін жайт, «топ» ұғымы негізінен әлеуметтік психологияға тән; ұғымның мәнін жасау, топтық феномендерді зерттеу көбіне көп осы ғылым тұрғысынан жасалып келген. Әлеуметтік энциклопедиялық сөздікте топқа мынадай анықтамалар берілген:


  1. «Кез-келген жалпы қасиетпен: жалпы кеңістік және уақыт болмысымен, іс-әрекетпен, экономикалық, демографиялық, психологиялық және т.б. Сипаттамалармен біріктірілген индивидтер жиынтығы»;

  2. «Арасында белгілі бір тікелей немесе жанама әлеуметтік қарым-қатынастары бар индивидтер жиынтығы»;

  3. «Өзара әрекеттесудің стандартталған үлгілері негізінде өздері қабылдаған нормаларды ұстанатын және өздері белгілеген әлеуметтік рольдерді орындайтын индивидтер жиынтығы».

Педагогикалық және психологиялық сөздікте «топ - әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты мөлшері бойынша саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Педагогикада топ: 1) оқушылар ұйымының мерзімдік не ағымдағы жұмысын атқару үшін құрылған белгілі бір бөлігі. Топ жұмысын топ мүшелері сайлаған топ кеңесі немесе топбасы басқарады; 2) оқу процесінде жоғары мектеп талапкерлерінің курс ішіндегі белгілі бір тұрақты бөлігі; 3) сыныптан не мектептен тыс үйірмелерге (көркемөнер, спорт, т.б.) қатысушылардың қызығушылығы бойынша біріккен бөліктері.

«Шағын топ – ортақ мақсат-міндеттерге ие, тікелей қарым-қатынас жасайтын индивидтердің белгілі бір санының бірігуі. Үлкен және күрделі топтардан шағын топтың ерекшелігі – оның салыстырмалы «құрылымдық қарапайымдылығы». Бұның мәні – шағын топта, әдетте, беделді көшбасшысы болады, оның айналасында топтың басқа мүшелері бірігеді. Бұнда топтың көлемі маңызды емес, ол бірнеше ондықты қамтуы мүмкін» делінген ресейлік педагогикалық энциклопедияда.

Топтарды талдау барысында оларды жіктеу проблемасы айқындалды. Әдебиеттерді шолу барысында анықтағанымыз, көптеген тұрғылардың барына қарамастан бір типология жоқ. Топтарды ажырату белгілері зерттеушілер еңбектерінде өте кең ауқымды болып келген.

Г.А.Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау кезінде, топтық оқу іс-әрекетіндегі келесі ережелерді көрсетеді:



  1. Балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі өседі;

  2. Оқушылар арасындағы өзара қатынас сипаты өзгереді;

  3. Оқушылар маңызды әлеуметтікдағдыларға ие болады: әдеп, жауапкершілік, басқалардың позициясын есепке ала отырып өз мінез-

  4. Құлқын қалыптастыру іскерлігі, қарым-қатынастың гуманистік түрткілері;

  5. Мұғалім топқа бөлуде балалардың өзара бейімділіктерін, олардың дайындық деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда дараландыру мүмкіндігін алады.

Топтық оқу әрекетін өзгеше оқу ситуациясы ретінде бағалай отырып, В.В.Рубцов және В.В.Агеев оның келесі талаптарға жауап беруі керектігін атап өтеді: мақсаттың ортақтығы, әр қатысушының өзінің даралық әрекетін орындауы, барлығының барлығымен үйлестірілуі, аудитивтіксіз, яғни, іс-әрекеттерді жай ғана қосу емес, ортақ нәтижені алу.

Топта оқыту - ол баланың ойлауы мен қабылдау қабілетін дамытады, сабақты ұйымдастыруда жұмыстыңтоптық формалары, соның ішінде «миға шабуыл» және т.б. қабілеттерін дамыту мақсатында тапсырмалар ұсынылады;

Жеке және шағын топтарда міндеттерді зерттеу және шешу-бұнда мұғалім әрбір баланың қызығушылығын анықтап, олардың іс-әрекетін басқару және кеңес беру қызметін атқарады.

Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін топтық оқыту арқылы қалыптастыруда «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегияларын қолданудың маңыздылығы ерекше. Өйткені топтағы оқушылардың барлығы өз ойларын еркін айтуға,пікірлерінқорғай білуге мүмкіндік алады. Мұның барлығы топтағы оқушылардың қарым-қатынасының жақсаруына, сабаққа қызығушылықпен және белсенділікпен қатысуына өз ықпалын тигізіп, оқу материалын саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік береді. Мұндай оқыту стратегияларының ішінен «Ассоциация», «2 жақты күнделік», «Топтастыру», «Түртіп алу», «РАФТ» стартегияларын гуманитарлық пәндерді оқытуда пайдалануға болады.Мектептегі жоғары сынып оқушыларына бұл стратегияларды қолдану оқу-тәрбие үрдісінің жұмысының жоғары деңгейге көтерілуіне үлкен септігін тигізер еді.

Шағын топта коммуникативтік құзіреттіліктерді қалыптастырудың педагогикалық технологиясын жобалау кезінде оқытуды ұйымдастыру формасы және оқыту әдістерін таңдау көп жағдайда топтың мақсаты және ерекшеліктерімен анықталады. Яғни, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шағын тобын жүйелеу қандай да болмасын негіз бойынша жасалуы керек. Біздің ойымызша, шағын топта коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың педагогикалық технологиясын модельдеуде бес критерийді есепке алу қажет: материалды зерттеу тереңдігі, оқудың ұзақтығы, қатысушылардың құрамы, оқушылардың дайындық деңгейі, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шағын тобының қызметінің ұзақтығы.

Коммуникативтік құзіреттілік- адамдармен өзара әрекет пен қарым- қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Осылайша, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шағын тобы (педагогикада) – тұрақты, саны бойынша үлкен емес (әдетте, 5-7 адам) оқу тобы, топ мүшелері жалпы оқу-танымдық іс-әрекетпен біріктірілген, бір-бірімен тікелей өзара әрекеттесуде (жеке және коммуникативтік қарым-қатынастар және т.с.с.) болады, бұл өз алдына эмоционалдық байланыстардың, спецификалық тұлғааралық құндылықтардың, топтық нормалар мен топтық құндылықтардың пайда болуына әкеледі.
Тақырыбы: жекелеп оқыту технологиясы
Дәрістің қысқаша мазмұны

Форма деген ұғым латын тілінен аударғанда "forma" сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық - белгілі орныққан тәртіп. Философия пәніңде «форма» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Демек, оқыту формасы – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту формасы: әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады.



Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады:

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.

Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

Оқыту формасы мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінің белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогика тарихында педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты.

 Осыған қарап оқытудың формалары төмендегідей бөлінеді:

- жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);

- жеке-жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);

- жеке-топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған);

- өзара бірлесіп оқыту (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-Бел-Ланкастер жүйесі);

- саралап оқыту, оқушылардың қабілетіне қарай оқыту (мангейм жүйесі);

- бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыпыпта 5–6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші - бригадир (оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына тән);

- Американдық «Винетка – жоспар», «Трамп – жоспар», т.б.

- Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс, т.б.).

Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары пайда болды, нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады.

Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді. Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепте, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды.

Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйінде орындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады. Баланы жекелеп оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан.

Балаларды жекелеп-топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар оқуға жылдың кез келген уақытында келді. Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.

Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды. XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті.

Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.



2. Сабақ – оқытудың негізгі формасы  

Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі XVII ғасырда пайда болып, үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Мұндағы сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын XVII ғасырда– атақты чех педагогі Ял Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныптық – сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады: сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу-тәрбие үрдісін тәртіптеуді камтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға  құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына,  білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу.

Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік приниптерін ұсынды. Я.А.Коменский сынып сабақ жүйесін терең зерттеді.

Я.А.Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты үш бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді,мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.

Я.А.Коменский «Мұғалім-сабақты жаратушы, оның жүрегі»,- деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер, экскурсияны кең қолдануға баса назар аударған.

Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі:  үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі, яғни сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі  орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп,  бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте таланты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді,  нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру  амалын  қарастыруы  көзделеді  және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі. Сондықтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.

Сыныптық-сабақ жүйесінің жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді.
Сыныптық-сабақ жүйесі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері.

Сабақтың маңызы ұжымдықтан-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға бағытталған жұмысы, нәтижесінде, оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе жинақталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шындалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды.

Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда.

Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.

Сабақ құрылымы - сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы. Олар мынандай болып келеді:

3. Сабақтарды жіктеу

Сабақты жіктеудің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше жолдары бар. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеу (Огородников И.Т., Казанцев И.Н.), сабақ үрдісінің негізгі кезеңдеріне қарай (Иванов С.В.), дидактикалық міндеттеріне, оның сабақта шешілуіне орай, оқытудың әдістері мен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты.

     Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.

М.И.Махмутов сабақты мақсатына қарай, детерменді жалпы-дидактикалық мақсатына қатысты, меңгеруге тиісті материал мазмұныңа байланысты және оқушының қабылдауына орай жіктейді. Ол сабақтың төмендегідей бес түріне тоқталады:

1) Жаңа оқу материалын өту сабағы;

2) Білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы;

3) Жинақтау және жүйелеу сабағы;

4) Аралас сабақ;

5) Бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы (9-сурет).
Сабақ жіктемесінің әр түрлілігі: дидактикалық пайым мен тұжырымдардың болуы, тәжірибеде тұрақталған сабақ түрлерінің негізгі дидактикалық міндеттері мен оның кешендеріне байланысты.

Атап айтқанда: 1) Кіріспе сабақ; 2) Жаңа сабақты өту; 3) Білімді бекіту сабағы; 4) Жинақтау сабағы; 5) Есепті-бақылау, аралас сабақ; 6) Диспут, КВН сабақтары.

Сабақтың басқа түрлері өздігінен сабақ (репродуктивті түр - ауызша және жазбаша; жаттығу); зертхана сабағы; тәжірибе сабағы; экскурсия сабағы; семинар сабағы.

Қорыту және пысықтау сабақтары негізгі екі дидактикалық міндетті шешуге бағытталған:

1) Оқушылардың теориялық білім деңгейлерін көрсетеді;

2) Бағдарламаның өзекті мәселелерін меңгеруде танымдық қызметке қатысты әдістерді қолдануын бұрынғы меңгерген білімнің маңызын ашу амалдарын, барлық бағдарлама бойынша өткен материалдарды оқушылардың игерудегі біліктілік, икем және қабілеттілігін тексеру. Мұның өзі тоқсандық, жарты жылдық және оқу жылында жүргізіледі.

Аралас сабақтың жіктемемен берген кіші құрылымының әдістемелік бөліктері оқыту ситуаңиясының жағдайына бағынышты болып келеді және мұғалімнің педагогтік шеберлігі әсер етіп, көбінесе бірінен-біріне тәжірибесі ауысып отырады, сабақтың кейбір рет тәртібін өзгертеді, мұның өзі әр мұғалімнің танымдық үрдісін ұйымдастыру тәсіліне тәуелді. Мұндай жағдайда сабақ құрылымы оңтайлы, жеңіл болып мұғалім өз жұмысын жауапты қарайды.

XX ғасырдың 70-жылдарында отандық мектептерде оқушылардың сабаққа енжарлығы байқалып, оқуға деген қызығушылық құлшынысы төмендеді. Бұл өзекті де өткір мәселеге тәжірибелі мұғалімдер назар аударып, сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізуді жөн көрді, мұндағы басты мақсат оқушылардың білімге деген құлшыныстығын тұрақтандыру.




Тақырыбы: Мәселелік оқыту технологиясы
Дәрістің қысқаша мазмұны

Физикалық ұғымдарды оқушыларда табысты қалыптастырудың негізгі әдістемелік жолының бірі – ұғымдарды қалыптастыру және меңгеру кезеңдерінде олардың белсенді таным қасиеттерін ұйымдастыра білу. Оқушылардың белсенді таным қасиеттерін ұйымдастыруда, олардың алдына проблемалық ситуация тудырудың маңызы зор. Ұғымдарды игеру процесінде оқушылардың таным қасиетін және зейінін арттыруға, олардың алдына проблемалық жағдай туғызу үлкен ықпал жасайды. Себебі, проблемалық мәселелерді шешуді талаптанудан „ойлау басталады”.

Мәселелік оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды  білім жүйесімен, іскерліктермен, дағдылармен қаруландырып қана қоймайды, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін  дамытады. Оқушыларға  тақырып бойынша мәселелік сұрақтар қойылады. Оқушылар  мәселелік сұрақтарды шешудің  дұрыс нұсқаларын қарастырады, ойланады,  жаңа білімді игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады.

Мәселелік оқыту технологиясының ерекшеліктері мынадай:

- оқушының белсенділіктерін арттыру;

- оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

- оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қана қоймай, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.

Мысалы, „Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірлігің тақырыптары өтілетін сабақтарда, проблемалық ахуалдар туғызу үшін, тәжірибелік демонстрациялар көрсетуден бастаған жөн. Ол үшін екі үлкендеу ыдысқа температурасы бірдей 0,5 л су құйылады. Қайнақ судан массалары әртүрлі екі алюминий денені алып, оларды осы ыдыстардағы суға салады да біраз уақыт өткен соң олардың температуралары өлшенеді. Оқушылар бұл тәжірибеден кейін массасы үлкен алюминий салынған ыдыстардағы судың температурасы жоғары екендігін көріп, жылу берілу оның массасына байланысты деген қорытындыға келеді. Яғни, массасы үлкен алюминийдің суға беретін жылуының мөлшері көп екендігіне тоқталады.

Сосын оқушылардан массалары бірдей әртекті екі дене (қорғасын 11,3 г/см3 (230), алюминий 2,7г/см3 (920)) үшін ыдыстағы судың температурасы қалай өзгеретіні жайлы өз ойларын айту талап етіледі. Оқушылардың біраз бөлігі екі ыдыста да термометрлердің көрсеткіштері бірдей, қалғандары керісінше, термометрлер әртүрлі температураларды көрсетеді деген жорамалдар жасайды. (Осы кезең мәселелік жағдайдың басы болып табылады). Осыдан соң ыдыстардағы судың температурасын өлшеуде, алюминий дене салынған ыдыстағы судың температурасы жоғары екендігін көреді. Сонда оқушылардың кейбіреулерінің назары денелердің көлемдерінің әртүрлі екендігіне ауады да, берілген жылу мөлшері дененің көлеміне байланысты деген қорытынды жасайды (себебі, бірінші және екінші тәжірибеде де көлемі үлкен дене салынған ыдыстағы судың температурасы жоғары болған). Бұл қорытындыны дәлелдеу үшін, енді ыдыстардағы суға бірдей температураға дейін қыздырылған көлемдері бірдей мыстан 8,9г/см3 (400) және алюминийден 2,7 г/см3 жасалған екі денені салады. Бұл кезде ыдыстардағы температуралардың әр түрлі болатындығына байланысты оқушылар берілетін жылу мөлшерінің дененің тегіне байланысты болады,- деген қорытындыға келеді.

Проблемалық жағдай туғызу мектеп оқушыларының жаңаны оқып үйренуін, ұғымды неғұрлым жоғары дәрежеде меңгеруін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет