ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқытудың жаңа технологиялары»


Тақырыбы: Білім берудегі инновациялық технологиялар



бет3/4
Дата25.08.2017
өлшемі444,95 Kb.
#25823
1   2   3   4

Тақырыбы: Білім берудегі инновациялық технологиялар

Дәрістің қысқаша мазмұны

Мектептердің негізгі мақсаты – зерделі, дарыды балаларды шығармашылық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік туғызу және дамыту. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы - оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру. Сондықтан да, оқытудың инновациялық технологияларын зерттеу, оны өз ісіне пайдаланып, жоғары нәтижеге жету мұғалімнің міндеті.

«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиетегі ең кең қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.

Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалдық технология, білім беру технологиясы, даму технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қай түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология» деген не? – деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.

Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технолгиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес.

Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.

Технология – «техно» - өнер, шебер, қол өнер, «логия» - ғылым деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, «технология» терминінің қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.

Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:

1.Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістер мен үдерісінің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.

2. Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.

Осы анықтамалардан көрініп тұрғандай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.

Ал педагогикалық технолгия дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:

Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.

Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз – білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.

Технология дегеніміз – тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.

Педагогикалық технология – қойылған білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үрдісінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы (Беспалько В.П.).

Педагогикалық технология – педагогиклық үдерісті ұйымдастырудың әдістемелік құралы; оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, құралдарын, формаларын анықтайтын арнайы психологиялық-педагогикалық құралдардың жиынтығы (Лихачев Б.Т.).

Егер әдістемені көп жағдайларда оқу процесін ұйымдастырып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиалдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология – ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология – ол болашақ оқу үрдісінің жобасы. Демек, педагогикалық технология – бір ретке келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады.

Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.

Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы – оқыту іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.

Сонымен, технологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістемелік әдістерден туындамайды, оқу үрдісін зерттеудің дербес бағыты болып табылады екен.

Енді, білім беру технологиясының белгілі анықтамаларын қарастырайық:



  1. Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, олардың арасындағы білім беруге неғұрлым жоғары жетістіктерге жету үшін қарым-қатынасты, бүкіл оқыту үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, бағалауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары;

  2. Материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру тиімділігін арттыратын білім беру үрдісінің принциптерін айқындау және тиімді тәсілдерін жасау.

Оқушының шығармашылық қабілеті ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтар деп білеміз.

Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқытуда бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген оқытуды дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.


Тақырыбы: Дамыта оқыту технологиясы
Дәрістің қысқаша мазмұны

Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л В .Зенков).

Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков). Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен омес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.

Дамыта оқытудық екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.

"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудық байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.

Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді.

Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.

"Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.

Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы.

Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға өзір тұруы.

Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.

Л.В.Занков жүйесі. Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

•  оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;

•  теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;

•  оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы;

•  оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;

• барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды. Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген. Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.

Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететінін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудық оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді.

Занков жүйесінің басты міндеті - баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерік-жігер, сезіменді.

Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте саңтаудық сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәөрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, баңытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсат - баланың барлық адамдьщ қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л .В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.

Л.В. Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп.

Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгендерін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарама-қайшы білімдер ойды дамытады. Мұғалімнің жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сүрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей, оқушыны өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.

Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны — сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын болып келеді. Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталуы мүмкін. Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мүғалім баланың өз ойын, өз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.

Оқытуды ұйымдастырудық маңызды нысаны - экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет. Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес. Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда баланың байқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.

Сонымен сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастыруылады. Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жаңсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады. Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады.

Л.В.Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балаларкім "озат", кім "үлгермеуші" екенінбілмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.

Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады.

Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар - сыншыл. Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік сияңты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия - өзінің психикалық жағдайы туралы ойлануы, өзінің толғаныстарын таңдай білуге бейімділік. Бала өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады. Л.В.Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары.

Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.

Дамыта оқыту жүйесіндегі технологиялардың классификациялық сипаттамасы.


  1. Қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық.

  2. Философиялық негізіне қарай: гумандық.

  3. Психикалық даму факторына қарай: социатектік, психотектік.

  4. Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай: рефлекторлық, дамытушылық.

  5. Мазмұндық сипатына қарай: білімдік, тәрбиелік.

  6. Басқару мипіне қарай: шағын топтар жүйесі.

  7. Ұйымдастыру формасына қарай: сыныптық, сабақтық, топтық және жеке.

  8. Балаға қатынас амалына қарай: тұлғалық, бағдарлық.

  9. Басымдық танытатын әдісіне қарай: дамытушы.

  10. Оқушылар категориясына қарай: жалпы.

  11.  Жетілдіру бағытына қарай: балама.

 Дамыта оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдары:

Кешенді дамытушы жүйе негізінде мақсатты бағытталған даму;

Теориялық білімнің басты рөл атқаруы;

Мазмұнның толықтығы мен жүйелілігі;

Материалды игеруді қарқынды жүргізу.

Оқытуда эмоционалды үрдісті іске қосу;

Мазмұнды проблемаландыру;

Оқыту үрдісінің вариативтілігі;

Барлық оқушыны бірдей дамыту жұмыстарын жүргізу.

Дамыта оқыту белгілері:


  1. Педагогикадағы түсіндірмелі – иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен  тығыз байланысты.

  2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.

  3. Балаға іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

  4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

  5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

  6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.


Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:

Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде  қалай қолданады?



  1. Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту;

  2. Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.

  3. Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу

  4. Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу

  5. Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.

  6. Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.



Тақырыбы: Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиясы

Дәрістің қысқаша мазмұны

1. Жаңа ақпарттық техникалық құралдар және оларды физиканы оқытуда қолдану

Компьютер – қазіргі уақытқа дейінгі мұғалімдердің қолданып жүрген техникалық құралдардың ішіндегі ең тиімді және қуатты құралдардың бірі.

Компьютерде бағдарламалық оқыту тәсілдерін жүзеге асыратын оқыту бағдарламаларын бағдарламалық оқыту құралдары деп атайды.

Физика сабақтарында ақпараттық компьютерлік технологияны (АКТ) қолдану пәнді меңгеруге деген қызығушылықты арттырады, виртуалды түрде демонстрациялық тәжірибелерді көрсету мүмкіндігін арттырады.

Сабақтың барлық түрлерінде компьютерді қолдануға болады. Атап айтқанда, жаңа оқу материалын өз беттерінше меңгеруде, есептер шығаруда, білімдерін тексерудің тестік формасында және т.б. қолдану мүмкіндігі бар. Сондай-ақ физика сабақтарында компьютерді қолдану олардың нағыз шығармашылық қабілеттерін арттырады. Және дамыта оқыту принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сабақта компьютерлік техниканы қолдану білім алушылардың оқу процесіне деген мотивациясын көтереді, оқушыларға әлемді тану және таным процесін қабылдауға мүмкіндік береді.

Оқу процесінде ақпараттық компьютерлік технологияны қолдануда мұғалім білуі керек:



  • сабақтарда жұмыс жасай алуы үшін дидактикалық материалдарды дайындау үшін сәйкес редакторлардың көмегімен дыбыстық, сандық, текстік, графикалық ақпараттарды өндеуді;

  • сабақтарда презентацияларды демонстрациялау үшін MS Power Point редакторын қолданып, берілген оқу материалы бойынша слайдтарды құруды;

  • өз пәні бойынша дайын бағдарламалық өнімдерді қолдануды;

  • сабақта электронды оқулықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды;

  • оқу бағдарламалық құралдарды қолдануды;

  • дайын қабықша-бағдарламаларды пайдаланып тест тапсырмаларын дайындауда.

Физика сабақтарында оқушыларды компьютерлік техникаға қатыстырудың әртүрлі тәсілдерін қолдануға болады. Олардың бірі – компьютердің көмегімен физикалық есептерді шығару.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 1

ТАҚЫРЫБЫ: Физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау. Сабаққа дайындық

Мақсаты: Мектеп физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау ерекшелігі. Тақырыптық және сабақ жоспарын құрып үйрену.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 2-3

ТАҚЫРЫБЫ: «Мектеп физикалық экспериментінде компьютерлік технологияларды, моделдерді қолдану» (2 с.)

Мақсаты: Физикалық эксперименттерді демонстрациялауда компьютерлік технологияның алатын орын көрсету.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 4

ТАҚЫРЫБЫ: Физика сабақтарында есептер шығару

Мақсаты: Физика бойынша есептер шығару әдістерін меңгеру, есептеу, графиктік және эксперименттік есептерді шығару әдістемесімен танысу.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 5-7

ТАҚЫРЫБЫ: «Механика бойынша виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (3 с.)

Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Кішкене денелерді өлшеу», «Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау», «Рычагтың тепе-теңдік шартын анықтау», «Мензурканың бөлік құнын анықтау. Дененің көлемін анықтау», «Денені бірқалыпты көтерген кезде атқарылатын жұмысты анықтау», «Көлбеу жазықтықтың ПӘК анықтау».
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 8-9

ТАҚЫРЫБЫ: «Молекулалық физикадан виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Температурасы әртүрлі сұйықтарды араластыру кезінде жылу мөлшерін салыстыру», «Мұздың жылу сыйымдылығын анықтау», «Металдардың молярлық жылусыйымдылығын салыстыру», «Тамшы әдісімен сұйықтың беттік керілуін анықтау»

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 10-11

ТАҚЫРЫБЫ: «Электродинамика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тексеру», «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау», «Электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөлігіндегі ток күшін, кернеуді өлшеу»

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 12-13

ТАҚЫРЫБЫ: «Электр және магнетизм бойынша виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Электр тогының қуаты мен жұмысын өлшеу», «Ток көзінің ЭҚК және ішкі кедергісін анықтау», «Электромагниттік индукция құбылысын зерттеу», «Электромагнитті жинау және оның әсерін тексеру»
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 14-15

ТАҚЫРЫБЫ: «Оптика. Кванттық физика бойынша виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Жинағыш линзаның оптикалық күші мен фокус қашықтығын анықтау», «Судың сыну көрсеткішін анықтау», «Жазық пластиналардың көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау», «Жарықтың интерференциясы мен дифракциясын бақылау», «Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау».

3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5.1. Физикадан 7-11 сыныптардың күнтізбелік жоспарын жасау.

5.2. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларына шолу

5.3.Физика сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану мысалдары


Тест тапсырмалары

1 Сабақ жоспары төмендегі элементтерді қамтуы керек: 1- сабақтың тақырыбы мен міндеттерін; 2- сабақты өткізудің уақыты көрсетілген кезеңдерін; 3-білімдерді тексерудің мазмұны мен әдістерін; 4-жаңа материалды меңгеру әдістері мен жалғасымдылығын; 5-қажетті мәліметтерімен қойылған демонстарциялар тізімі; 6-ОТҚ (ТСО) және көрнекіліктердің тізімі; 7-шығарылған есептер мен жаттығулар; 8-үй тапсырмасы

1,4,8 жеткілікті

1,2,3


4,8

+1- 8 көрсетілгендердің барлығы

3,5,8
2 Танымдық қызығушылықты дамытудың негізгі кезеңдер:

+Қызғушылықтың пайда болуы (любопытства) → қызыға білушілік (любознательность) → эпизодтық қызығушылық → тұрақты танымдық қызығушылық → жеке адамға бағытталушылық

Қызғушылықтың пайда болуы (любопытства) → қызыға білушілік (любознательность) → жеке адамға бағытталушылық

Қызыға білушілік (любознательность) → эпизодтық қызығушылық → тұрақты танымдық қызығушылық

Қызыға білушілік (любознательность) → тұрақты танымдық қызығушылық

Эпизодтық қызығушылық → тұрақты танымдық қызығушылық → жеке адамға бағытталушылық


3 Көрсетілген сабақ түрлері сабақтың қандай түрлеріне жатады: дәріс-сабақ; әңгіме-сабақ; практикалық жұмыстарды орындау сабағы; теориялық зерттеулерді орындау сабағы; аралас сабақ (яғни жұмыстың әртүрі қамтылған)?

Білімді тексеру және түзету сабақтары

Білімді жалпылау және жүйелеу сабақтары

Білімді, іскерлікті және дағдыларды жетілдіру сабақтары

+Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы

А- D жауаптарының ішінде дұрысы жоқ


4 Көрсетілген сабақ түрлері сабақтың қандай түрлеріне жатады: есептер шығару сабағы; өз бетінше жұмыстарды орындау сабағы; лабораториялық жұмыс сабағы; экскурсия сабағы; семинар?

Білімді тексеру және түзету сабақтары

Білімді жалпылау және жүйелеу сабақтары

+Білімді, іскерлікті және дағдыларды жетілдіру сабақтары

Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы

А- D жауаптарының ішінде дұрысы жоқ


5 Көрсетілген сабақ түрлері сабақтың қандай түрлеріне жатады: ауызша және жазбаша сұрау; сынақ; сынақтық лабораториялық жұмыс; бақылау жұмысы?

+Білімді тексеру және түзету сабақтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет