Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



бет45/109
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#83942
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   109
Байланысты:
285b4f1b-dc71-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ХЕШ (2)

2. 9 сынып есептері


Химиялық теңдеулер бойынша есептеу, егер реакцияға қатысқан екі заттың біреуі артық алынса

Тоғызысыншы сыныпта алдыңғы тарауда айтылғандай 13 және 14 вариантты есептердің түрлері шығарылады. Бұл есептердің ерекшелігі сол, есептерде екі заттың массасы көрсетіледі оның біреуі артық мөлшерде беріледі. Химиялық реакция жүргенде алынған заттың бір мөлшері реакцияға толық қатыспай артық қалады. Химиялық есептеулерді реакцияға толық қатысатын заттармен жүргізеді. Сондықтан есеп шығарарда алдымен қандай зат артық алыңғаны анықталып, содан кейін барып негізгі есептер шығырылады.


Есеп №1. 20 г МдО құрамында 94,5г НNО3 бар ерітіндісімен әрекеттеседі. Қанша грамм тұз пайда болады.
Бұл есепте ең бірінші әрекет, ол магний оксиді мен азот қышқылының қайсысының артық алынғаның анықтау.
0,5моль 0,5моль
m ( MgO) =20г MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О
m(НNО3 ) =94,5г 1моль 1моль

m(Mg(NO3)2) -? γ( MgO) = 20г : 40г/моль = 0,5моль


γ(НNО3 ) = 94,5г : 63г/моль =1,5моль
М( MgO)=40г/моль γ( MgO)=0,5моль=γ(Mg(NO3)2) = 0,5моль
М(НNО3 )=63г/моль Осыдан:
М(Mg(NO3)2)=148г/моль m(тұз) = γ · М = 0,5моль·148 г/моль =74г
Жауабы: 20г MgO азот қышқылымен әрекеттескенде 74 г Mg(NO3)2 тұзын береді.

Химиялық реакцияға қатысқан артық заттарды анықтаудың бірнеше әдістері бар.


1-әдіс. Заттардың сандық мөлшерін моль ұғымы арқылы анықтау. Бұл әдіс №1 есепте қарастырылды.
2-әдіс Химиялық реакцияға қатысқан заттардың массалар арақатынасы арқылы.
Реакция теңдеуі бойынша:
m (MgO) : m (НNО3 ) = 40 : 126 = 2 : 6,3
Есептің шарты бойынша:

m (MgO) : m (НNО3 ) = 20 : 94,5 = 2 : 9,4


6,3 < 9,4 қышқыл артық алынған
3-әдіс. Химиялық реакцияға қатысқан заттардың массаларын салыстыру. Химиялық реакция теңдеуі бойынша:
m (MgO) = 1моль · 40 г/моль = 40 г
m(НNО3 ) = 2моль · 63г/моль = 126г
20 г < 40 г 2есе кіші, олай болса, қышқыл да 2 есе аз болу керек, яғни
m (НNО3 ) = 126 г : 2 = 63г, ал есептің шарты бойынша қышқыл 94,4 г олай болса қышқыл артық алынған.
4-әдіс. Пропорционалдық коэфициент арқылы.
20г 94,5
MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О
40г 126

20 г : 40 г = 0,5; 94,5 : 126 = 0,75


0,5 < 0,75 қышқыл артық алынған.
5-әдіс.Пропорция әдісі арқылы.
20г mх
а) MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О
40г 126

20 : 40 = mх : 126


m(НNО3 ) = 20 г ·126 г / 40 г = 63 г
63 < 94,5 - қышқыл артық алынған.
94,5 г
ә) MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О
40г 126
׃ 40 = 94,5 : 126
m (MgO) = 40 г ·94,5 г / 126 г = 30 г




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет