Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»


Құрамында қоспасы бар заттардан алынған өнімнің массасын табу



бет48/109
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#83942
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109
Байланысты:
285b4f1b-dc71-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ХЕШ (2)

Құрамында қоспасы бар заттардан алынған өнімнің массасын табу

Өндіріске байланысты есептерде көбінесе берілген шикізаттардың құрамында қоспасы болып келетін мәліметтер болады. Бұл қоспалар өндірістік үрдіс кезінде тиісті өнімге айнала алмайды. Сондықтан да тиісті өнімге айналатын таза заттың массасын анықтау қажет болады. Оны формула арқылы анықтауға болады.


ω (таза зат) = m (таза зат) / m (қоспа)
m (таза зат) = m (қоспа) · ω (таза зат)
Есеп №5. Құрамында 35% породасы бар 50т фосфорит заводқа әкелінді. Таза кальций фосфатының салмағын табу.
Шешуі:
Рудадағы таза кальций фосфатының мөлшері 65% (100% -35%) , ал бос порода ω (бос порода) = 0,35, ω (Са3(РО4)2) = 0,65
m ( Са3(РО4)2 ) = 50т · 0,65 = 32,5 т
немесе m ( қоспа ) = 50т · 0,35 = 17,5 т осыдан
m ( Са3(РО4)2 ) = 50т - 17,5 = 32,5 т


Жауабы: m ( Са3(РО4)2 ) = 32,5 т


Есеп №6 Құрамында 92% кальций карбонаты бар (СаСО3) бар 500 кг известняктен қанша көлем көмір қышқыл газын алуға болады және сөңдірілген известінің массасын табу.
Ш ешуі:
m(изв) = 500кг Известняктегі СаСО3 массасын табу:
ω (СаСО3 ) = 0,92 m (СаСО3 ) = 500 кг · 0,92 = 460 кг
V(СО2)-? m(СаО)-? Известняктің айырылу реакциясын жазамыз:
СаСО3 = СаО + СО2
Химиялық теңдеу бойынша m (СаСО3 ) = 100 кг
m (СаО) = 56 кг
V(СО2) = 22,4 м3
Есепті шығару үшін массаларын салыстыру әдісін қолданамыз.
460 кг > 100 кг (4,6 есе) олай болса V(СО2) және m (СаО) да 4,6 есе көп болады.
V(СО2) = 22,4 м3 · 4,6 = 103 м3
M (СаО) = 56 кг · 4,6 = 257,6 кг
Жауабы: Известнякті өртегенде 257,6 кг СаО және 103 м3 СО2 алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет