Теориялық мүмкіншілікпен салыстырғанда өнімнің шығымын анықтауға арналған есептер
Бұл есептеулерде өнімнің шығымының массалық үлесі туралы ұғым қалыптастырылады. Өндіріске байланысты есептеулерде алынған өнімнің шығымы әруақытта шығынға байланысты болады. Сондықтан да технолог- иялық есептеулерде өнімнің шығымына байланысты формуланы пайдалануға болады.
Нη= mП / mТ ·100; η = mпрак / mтеор
Есеп №2 Құрамында 45% S бар 320 т күкіртті колчеданнан 405 т күкірт қышқылы алынған. (есептеу сусыз қышқылға) Күкірт қышқылының шығымының массалық үлесін анықтаңдар.
Шешуі:
m (руда) = 320т Формуланы жазамыз
ω(S) = 0,45 η = mпр / mт
mпр (Н2 SО4) = 405 т Өнімнің шығымының массалық
үлесін анықтау үшін күкірт қышқыл -
η (Н2 SО4) - ? - ының практикалық және теориалық
массасын білсе болғаны. Ал, практика-
М(S) = 32·10-3кг/моль лық масса есептің шартыңда көрсетілген.
М(Н2 SО4) = 98 ·10-3 кг/моль Сондықдан да, күкірт қышқылының теориалық массасын анықтау үшін алдымен рудадағы күкірттің массасын анықтау керек.
mS = 32 ·103 кг · 0,45 = 144 · 103 кг = 144т
Күкірт қышқылын алу кезінде жүретін химиялық реакция теңдеуін жазамыз.
S + О2 = SО2 ; 2 SО2 + О2 = 2SО3 ;
SО3 + Н2О = Н2 SО4
Үш теңдеуді біріктіріп жалпы теңдеу алынады:
2S + 3О2 + 2 Н2О = 2 Н2 SО4
Сонымен өндіріс үрдісінде 1 моль күкірт 1 моль күкірт қышқылын береді: S → Н2 SО4
Енді есепті қажетті әдістермен шығаруға кірісеміз. Алдымен күкірттің сан мөлшерін табады: γ = m / М
γ (S) = 144 · 103 кг׃ 32 ·103 кг /моль = 4,5 · 106 моль
Күкірт қышқылының массасын табамыз: m = γ · М
m теор ( Н2 SО4) = 4,5 · 106 моль · 98 · 103 кг /моль = 441· 103 кг = 441 т
Осыдан күкірт қышқылының шығымын анықтаймыз:
η (Н2 SО4) = 405 т / 441 т = 0,94 = 94%
Жауабы: η (Н2 SО4) = 94%
Есеп №3. 20 г аммоний хлориді артық мөлшерде кальций гидроксидімен әрекеттескенде қанша көлем аммиак түзіледі, егер аммиактың көлемдік шығымы 98% болса.
Ш ешуі:
m(NН4СІ) =20 г η = Vпр / Vт Vпр = η · Vтеор
η(NН3 ) = 98%
20г хл
V(NН3 ) = ? NН4СІ + Са(ОН)2 = 2 NН3 + СаСІ2 + 2Н2О
107г 44,8
Химиялық теңдеу бойынша
m(NН4СІ) =2 моль · 53,5 г/моль = 107 г
V(NН3 ) = 2 моль · 22, 4 л/моль = 44,8 л
Пропорция құрамыз:
20 ׃ 107 = V ׃ 44,8
Vтеор (NН3) = 20 г ·44,8 л / 107 г = 8,4л
Vпр (NН3) = 8,4л · 0,98 = 8,2л
Жауабы: 20 г NН4СІ 8,2 л NН3 алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |