Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»


Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет32/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

2.Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Бактериалар
Бактериялар — бір клеткалы тірі организмдер. Бактерия цитоплазмасында вакуольдер болады. Бактерияның басқа тірі организмдерден ерекшелігі, оның клеткасында қалыптасқан ядро болмайды. Алайда мұқият жүргізілген лабораториялық зерттеулер бактериялардың цитоплазмасында клетка яд-росында тән органикалық заттардың болатындығын көрсетеді.
Бактериялар — Жер бетіндегі аса ұсақ тірі организмдер. Олардың мөлшері бірнеше микрон ғана (микрон — 0,001 мм-ге тең өлшем). Көптеген бактериялық процестерді, әсіресе жұқпалы індет ауруларының
таралу себептерін күшті үлкейтетін микроскопсыз түсіну мүлде мүмкін емес еді.. Бактериялар денесінің пішіні қаоай қысқа таяқша тәрізді болып келеді, олар бактериялар мен бациллалар. Дене пішіні жағынан бактериялар мен бациллалар бірдей болғанымен де, тіршілік әрекетінде айырмашылықтар бар, бациллаларда споралары болады, ал бактерияларда ол болмайды. Пішіні шар тәрізді болса— кокктар, екі шар тәрізді болса,— диплококктар, тізбектелген болса, —стрептококктар деп ата-лады. Иілген түрлері де — вибриондар, спирпллалар және спирохеталар болады.
Бактериялардың тіршілік етпейтін жерлері жоқ, олар топырақта да, суда да, ауада да, жануарлар мен адам организмінде де болады. Тірі табиғаттағы зат алмасуда бактериялардың маңызы зор. Зат алмасу процесі бактерияларда өте шапшаң жүреді. Көптеген бактериялар топырақты азотпен байытып, оның құнарлылығын арттырады. Бұршақ түқымдас өсімдіктердің — ақ беде, бөрі бұршақ, т. б.— тамырларынан бактериялары бар түйіндерді табу қиын емес. Бактериялар жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі жойылған қалдықтарын бүлдіреді, көңді ыдыратуға қатысады және топырақтың минералдануына себін тигізеді. Адам спиртті, айранды, сірке қышқылын ашыту процесте-рінде бактерияларды пайдаланады. Алайда адам мен жануарлар организмінде паразиттікпен тіршілік ететін де көптеген бактериялар бар. Мұндай бактерияларды ауру туғызушы немесе патогенді бактериялар дейді. Туберкулездің, дифтериттің, күйдіргінің, сіреспенің таяқша тәрізді бактериялары өте қауіпті болады. Сіреспе бациллалары көңі көп, майлы топырақта тіршілік етеді де, адам денесіне сәл жарақаттанған жердегі қанға ену арқылы жұғады.
Ауру туғызушы бактерияларды өлтіру қиын емес. Олар қайнатқанда, кептіргенде және улы заттар әсерінен тіршілігін жояды. Олардың жарақаттанған, сыдырылған жерлерге еніп кетуінен сақтанудың оңай жолы — жарақаттанған жерге дереу йод түнбасын жағу.
Бактериялар қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді. Бұл процесс өте шапшаң — әрбір 15—30 минутта — өтеді. Көптеген бактериялардың спораларында тығыз қабық түзілетіндіктен, олар — 120°-қа дейінгі қызуға шыдайды. Бактериялар спораларының тіршілік әрекеті ұзақ жылдарға сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет