Гидралар бүршіктену арқылы және жынысты жолмен көбейеді.
Бүршіктену процесі жазда тез жүреді. Аналық организмнен қалыптасқан жас особьтар бөлініп кетеді. Күзде, су температурасы төмендеп, қорек азайған кезде, гидралар жынысты жолмен көбейе бастайды. Гидра тәрізді полиптер теңіздерде тіршілік етеді. Олардың жынысты және жыныссыз ұрпақтары алмасып отырады. Полиптердің бүршіктенуі арқылы жынысты особьтар — медузалар түзіледі. Полиптен бүршіктеніп бөлінген кішкене медузалар су ағынымен алыс қашықтарға барады. Мұның өзі түрлердің жақсы таралуына себепкер болады.
Медуза денссінің пішіні қол шатырды еске-түсіреді.Медуза шұғыл серпіліп қозгалады. Шатырша бұлшық еттер жәрдемімен жиырылғанда оның астындағы су сыртқа тебеді де, жәндіктің ентелей қозғалуына жол ашады.
Медузаның көзі жақсы жетілгенімен де, тым қарапайым болғандықтан, тек жарықты ғана ажырата алады.
Медузалар негізінен жынысты жолмен көбейеді. Бұлар дара жынысты жәндіктер. Ұрықтану суда жүреді. Ұрықтанған жұмыртқадан личинка дамып, ол одан әрі субстратқа бекінеді және жыныссыз ұрпақ— гидра тәрізді полиптің бастамасы болады.
Маржан полиптері —ішек қуысты жануарлардың үлкен тобы. Олар теңіз суларында тіршілік етеді. Маржан полиптерінің ас қорыту қабатындағы клеткаларында қатпарлар болады, ол қатпарлар ішек қуысының ішіне қарай сәулеленген перде түзе сұғынып жатады. Мұндай құрылыс ішектің ас қорыту беті аумағын ұлғайтады. Бұл полиптер гидра сияқты жеке-жеке тіршілік еткенмен (актиния) көп жағдайда колония түзеді. Колониядағы полиптердің ішек қуысы бәріпе ортақ болады. Маржан полиптері жынысты да жыныссыз да жолмен көбейеді. Оларда ұрпақ алмасу болмайды. Көптеген түрлерінде бүршіктенген организмдер жеке бөлініп кетпегендіктен колония пайда бо-лады.
Полиптің нәзік те жұмсақ денесін іэбесті скелет қорғайды, клеткаларымен де жақсы қорғана алады.
Маржан полиптерінің (мадрепора) мөлшері айтарлықтай үлкен болғанымен де (ұзындығы 1-см-дей, көлденең қимасы 2мм бұлтірі организмдердің миллиарды жиналғанда мың жылда тропикті теңіздердің тасты жағалықтарынан қалын бұдырлар жасайды. Маржандар колониясынан рифтер пайда болады.
Рифтер жағалық рифтерге, тосқауыл рифтерге және маржан аралдарына (атоллдарға) бөлінеді.Жағалық рифтер- тікелей жағалыққа жақын жатқан маржандар әректетінің нәтижесі.Австалия маңындағы ұлы тосқауыл риф біржарым мың километрге созылып жатыр.
Маржан қалдықтарының (атоллдарының) сақина тәрізді пішінін Ч. Дарвин былай түсіндіреді: маржан рифтері конус пішінді вулканды аралдардың айналасына түзіледі.Тіпті әлдеқашан сөнген вулкан өте ұзақ мерзім ішінде, жер қыртысының ғасырлық тербелісі кезінде су астына батады.
Риф жасайтын организмдердің дамуы үшін көп қорек және оттегі мол таза теңіз суы қажет болады. Сондықтан да рифтің теңізбен ұласқан жағы үнемі ұлғая береді. Егер теңіз түбі көтеріліп, судан арал көрінетін болса, онда арал шетін көмкеріп жатқан риф оның жаңа жағалық сызығын бойлай жайылып кетеді. Рифтің көтеріңкі келген учаскелері тіршілігін жояды. Өлген полиптер басылып тығыздалып тұтасқан тығыз маржан ізбес тастарына айналады. Теңіз бойындағы көптеген су жағалауына үйлерге арналган құрылыс материалы ретінде, көшеге төсеніш жасауға пайдаланады.
Жерорта теңізінде тіршілік ететін қызыл маржан едәуір жойылып маңызы төмендеп кеткен, бірақ жұрт оны әсемдік бұйым ретінде қадір тұтады. Биіктігі 1 м-ден аспайтын полиптастың пішіні көп бұтақты ағашқа ұқсайды. Ізбес тас қызыл түсті болады.