Бақылау сұрактары:
1. Эндоплазмалық тордың құрлысын алғаш рет кім ашқан?
2. Эндоплазмалық тордың құрылысын сипатта.
3. Рибосома қандай қызмет атқарады?
4. Гольджи аппаратының құрлысы мен қызметі неде ?
Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,14,15,20,22 ( косымша )
2 Модуль Жасушаның микроскопиялық және субмикроскопиялық құрылысы
№12 дәріс тақырыбы – Жасушаның микроскоптық және субмикроскоптық құрылысы. Митохондрийлер. Лизосомалар. Жасуша орталығы
Дәріс жоспары:
Митохондрийлер.
Лизосомалар.
Жасуша орталығы құрылысы және атқаратын қызметі
Митохондрийдi (хондриосом, хондриомит, хондриоконт) 1850 ж. Р.А. Келликер «саркосома» деп атағанымен, оған осы атауды (грек. жiп, дән) 1898 ж. чех ғалымы Бенда бердi. Ол стероидтар биотүзiлуiне, май қышқылдары тотығуына, нуклеин қышқылдары түзiлуiне қатысады. Сопақша (эллипс), шар -, таяқша-, жiпше тәрiздi, басқада түрлi болып, өзгермелi келедi. Енi 0,2-2 мкм, ұзындығы 2-10 мкм, саны 1-ден 500000 дейiн жетедi (әр жасуша түрiне орай өзгередi), цитоплазмада диффузды, қуат көп керек жерлерге тақау орналасады. Митохондрий сыртқы және iшкi жарғақшадан тұрады. Сыртқы жарғақша тегiс, өткiзгiш қабылетi жоғары (молекулаларды цитозольден жарғақша аралық кеңiстiкке өткiзуде жақсы байқалады), iшкiсi көп терең қатпарлар - кристалар (қалыңдығы 20 нм, оксисома деп аталатын заттар болады, түрi тақташа тәрiздi) құрады. Криста айналасын толтыратын сұйықты-митохондрий матриксi деп атайды. Митохондрийлер оттексiз тотығу процесiнде қоректiк заттан қуат (энергия) өндiредi. Сондықтан оларды жасушаның күш беретiн станциясы деп атайды. Оның матриксi, iшкi жарғақшасында тотығу процесiн қамтамасыз ететiн ферменттер болады. Олар ерiктi қуат бөледi. Қуат аденозинтрифосфатаза молекуласында жиналады. Бұл молекулалар барлық жасушаларға таралады, кейiн аденозинтрифосфатаза ыдырауынан бөлiнетiн ерiктi қуат жасушалардың өсуiне, тiршiлiк етуiне, организмнiң барлық қызметiн орындауға қолданылады. Онда тасымалдаушы, тыныс алу тiзбегi ферменттерi, сукцинатдегидрогеназа, АТФ тағы басқалар сақталады. Митохондрий матриксiнде (қуысты толтыратын тығыздығы орташа бiркелкi ұсақ түйiршiктi заттар, онда жүздеген ферменттер, митохондрий рибосомалары, түйiршiктерi, басқа тұрақты қосындылардан ажыратуға болатын митохондрий ДНҚ-сы болады. Жалпы ДНҚ хромосомадағы организм қасиеттерiн ұрпаққа берiп, тұқым қуалауда маңызды рөл атқарады. Лизосоманы (грек. ерiту, дене) 1949 жылы Де Дюв Кристиан Рене ашты. Жасуша iшiндегi iрi молекулалардың қорытылуына қатысады. Оның диаметрi 0,5-2 мкм, түрi (фаго-, аутофаголизосома, көп көпiршiктi (мультивезикулярлы), қалдық денешiктер), құрылысы қорытылатын материалдарға қарай өзгермелi болады. Лизосомаларды анықтау үшiн ыдырату ферменттерiн табады. Фаголизосома лизосомамен фагосоманың қосылуынан пайда болады, оны гетерофагосома деп атайды. Ол жарғақшалы көпiршiк, жасушадан тыс кездесiп, iшiнде қорытылуға арналған материалдар сақтайды. Бұл материалдың бұзындысын гетерофагия деп атайды. Кейiнгi ұлпа жасушаларының қызметiнде маңызды рөл атқарады. Лизосома ферменттерiнiң тапшылығы жасушаларда қорытылмаған заттар (гликоген, гликолипид, гликозаминогликан) жинап, қажеттi қызметiн бұзып, организмде неше түрлi аурулар туғызады. Ол алдымен нейрондар, макрофагтар, фибробластар, остеобластар бұзылуына, олар қаңқа, жүйке жүйесi, бауыр, көкбауыр құрылысын, қызметiн бұзуға жеткiзедi. Гетерофагияда бүйрек түтiкшелерiндегi жасушалар, кеңiстiгiндегi белоктарды ұстап алып, аминқышқылдарына дейiн ыдыратып, қайтадан қанға қайтарады, ал қалқанша без жасушалары белок матрицасынан йод сақтайтын гормондарды бөлiп алып, қайтадан қанға сiңiрiлуiне қатысады. Бұл құбылыстың бәрi ағзалар қызметiнiң күрделi бұзылуына жеткiзедi. Лизосома мен аутофагосома қосылуынан аутофаголизосома түзiледi.
Жасуша орталығы (цитоцентр, центросома, лат. орталық, дене; бұл атауды 1888 ж. Бовери ұсынған) қос қуыс цилиндр тәрiздi, ұзындығы 0,3-0,5 мкм, диаметрi 0,15-0,2 мкм құрылым–центриольден (центросома құрайтын екi денешiк) құралған. Олар бiр-бiрiне жақын өзара перпендикулярлы жазықтықта орналасады. Әр центриоль (лат. орталық нүкте, орталық) жартылай бiрлескен микротүтiкшелерден, көлдеңен белок көпiршесi бар 9 триплеттен тұрады. Центриольдер ортасында микротүтiкшелерi болмайды. Әр центриоль триплетi шар тәрiздi диаметрi 75 нм денешiктермен–серiктермен (сателлиттер) байланысқан. Одан таралған микротүтiкшелер орталық сфераны (лат. орталық, грек. шар) құрады. Бөлiнбеген жасушада қос центриольдер (диплосома) байқалып, ядроға тақау орналасады. Жасуша бөлiнер алдында кезеңаралықтың түзiлу кезеңiнде қос центриольдiң екi еселенуi жүрiп, әр жетiлген центриольге тiк бұрыш құрып, жас жетiлмеген процентриольдер қалыптасады. Алғашқы процентриольде 9 жалқы микротүтiкшелер болып, кейiн олар триплеттерге айналады. Одан соң қос центриоль жасуша бетiне тарап, митозда бөлiну ұршық микротүтiкшелерiн құратын орталық болып есептеледi. Сонымен центросома жасушаның күрделi бөлiну процесiне қатысады. Цитоқаңқаны өте күрделi микротүтiкшелер, микро,- аралық өскiндер, микроперделiктер жүйесi түзедi. Жарғақшасыз тұрақты, басқа күрделi құралған қосындылар (кiрпiкшелер, талшықтылар, жасуша орталығының микробүрлерi), жасуша байланыстары (десмосома, жартылай десмосома, белдеу десмосомы) оның құрамына кiрiп, жасушалар түрiн сақтап, қажет болса өзгерте алады; жасушалар құрамбөлiктерiн бөледi, жылжытады; жасушаға одан заттарды тасымалдайды; жасушалардың қозғалысын қамтамасыз етедi, жасушааралық қосындыларға қатысады. Микротүтiкшелер цитоқаңқаның ең iрi құрамбөлiгi. Қуыс цилиндр тәрiздi құрылым, түрi ұзын (бiрнеше мкм) түтiк тәрiздi, диаметрi 24-25 нм-ге жуық, қабырғасының қалыңдығы 5 нм, кеңiстiгiнiң диаметрi 14-15 нм. Жасушалар түрiн, беттерiнiң қарама-қарсылығын сақтап, құрамбөлiктердi бөлу, жасушааралық тасымалдауды, митозда кiрпiкшелер, хромосомалар қозғалысын қамтамасыз етедi, басқа тұрақты қосындылардың (центриолилер, кiрпiкшелер) негiзiн құруға қатысады. Микроөскiндер жұқа белок жiпшелерi, диаметрi 5-7 нм, цитоплазмада жеке, тор, шоғыр тәрiздi орналасады. Қаңқа бұлшықетте жұқа микроөскiндер тәртiпке келтiрiлген шоғырлар құрады, қалың миозин өскiндерiмен өзара iс-қимыл жасайды. Көптеген жасушаларға, плазмолемма астында орналасқан ақтық тор қоюланған аймаққа тән. Микроөскiндер бұлшықет жасушаларының жиырылуын, цитоплазма мен плазмолемма ақтық торы байланысын қамтамасыз етiп, цитоплазма iшiндегi тұрақты қосындылар тасымалдайтын көпiршiктердi, басқа құрылымдарды ауыстырып отырады; жасушалардың белгiлi қаттылығын қамтамасыз етедi; цитоплазманы бөлу үшiн жиырылғыш тартылуын қалыптастырады; кейбiр тұрақты қосындылардың негiзiн құрады; жасушааралық қосындылар құрылымын құруға қатысады. Аралық өскiндер химиялық жағынан берiк, орнықты, қалыңдығы 10нм-ге жуық белок жiпшелерi, құрылысы әртүрлi жасушаларда ұқсас болғанымен, басты айырмашылығын молекулалық массасынан, химиялық қасиетiнен көруге болады. Иммуноцитохимиялық әдiс антиденешiктермен аралық өскiндердiң әртүрлi класстарын көрсетедi. Аралық өскiндер класында ұқсастық табылып, қатерлi iсiк жасушалары қай ұлпаға жататыны белгiленiп, оны емдеу, диагноз қою жолдары анықталды. Олар мына негiзгi қызметтердi атқарады: құрылымдық - ұстап тұру, тiректiк, цитоплазмада белгiлi орындарға тұрақты қосындыларды бөлудi қамтамасыз етедi; ұлпалар жасушалары арасында пiшiн бұзылуы күшiн бiркелкi бөлудi қамтамасыз етiп, кейбiр жасушалар бұзылуын тежейдi; мүйiз заттар құруға қатысады; нейрон өсiндiлерi түрiн бiрқалыпты, бұлшық ет мысжiпшелерiн (миофибриллы) ұстап тұрады, оларды плазмолеммаға бекiтедi, ол оның жиырылуын қамтамасыз етедi.
Бақылау сұрақтары:
1. Лизосомалардың құрлысын алғаш рет кім ашты?
2. Лизосомалардың құрылысын сипатта.
3. Жасуша орталығы қандай қызмет атқарады?
4. Митохондрийлердің құрлысы мен қызметі неде ?
Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,14,15,20,22 ( косымша )
3 Модуль Жасуша құрылымының, оның кейбір құрамбөліктерінің ауытқуы (патологиясы)
№ 13 дәріс тақырыбы – Тұкым қуалау құбылысындағы жасуша құрылымының рөлі. Жасушалардың консервациялануы, трансплантациясы
Дәріс жоспары:
Митоз, мейоз, ұрықтану.
Хромасомалардың құрылысы және қызметі.
Жыныс жасушаларының құрылысы және дамуы.
Партогенез.
Жасушалардың криоконсервациялануы
Ұрпақ қалдыру қызметi, тектiк хабарды ұрпақтан ұрпаққа беру жасуша циклi кезiнде қамтамасыз етiледi.
Көбею жыныстық және жыныссыз деп екіге бөлінеді. Жыныссыз бөлуінің бірнеше формалары бар: жай бөліну, шизогония, спора түзілу, бүршіктену, фрагментация, конъюгация, копуляция.
Ұрықтану сперматозоидтың жұмыртқа клеткасымен қосылып, нәтижесінде зигота түзілумен аяқталу процесін айтады. Организмдердің ұрықтанбаған жұмыртка клеткасының дамып жетілуін партогенез деп атайды.
Жасушаның бiр бөлiнуiнен екiншi бөлiнуiне дейiнгi кезеңдi, немесе бөлiнгенiнен өлгенiне дейiнгi мезгiлiн тiршiлiк, жасушалық цикл (грек. киклос - шеңбер) деп атайды. Кезеңнiң ұзақтығы 2-4 сағат құрады. Жасушаның күрделi бөлiнуi, митоз (mitosis, грек.-жiп), кариокинез 1-3 сағат iшiнде аяқталып, жас жасушаларға материалдарының тең бөлiнуiн қамтамасыз етедi. Митозда (кариокинезде) негiзгi: про-, мета-, ана-, телофазалар болады. Профаза (көрiну) хромосома конденсациясынан басталып, жарық микроскопта хромосома жiпше тәрiздi құрылымдар болып көрiнедi. Әр хромосома қос параллель жатқан хроматидтерден (грек. түс, тәрiздi, ұқсас) тұрып, центромерлер (бөлiк) аймағында байланысады. Ядрошықпен ядро қабығы кезең соңында жоғалып кетедi, кариоплазма цитоплазма құрамымен араласып, миксоплазма (аралас) түзедi. Центриолилер жасушаның қарама - қарсы беттерiне ауысып, митоз ұршығы жiпшелерiн бере бастайды. Центромера аймағында ерекше белок кешендерi - кинетохорлар құрылады. Кинетохорларға ұршықтың кейбiр микротүтiкшелерi жабысатындықтан-кинетохорлар микротүтiкшелерi деп, жасушаның бiр полюсiнен екiншi полюсiне дейiн созылып орналасқан ұршық микротүтiкшелерiнь - полюс микротүтiкшелерi, ал ұршықтан тыс жатып, жасуша ортасынан плазмалеммаға бағытталған микротүтiкшелердi - жұлдызша немесе нұр шашушы деп атайды. Метафазада хромосомалар конденсациясы ең жоғары деңгейге сәйкес, митоз ұршығы экватор аймағына шоғырланып, метафаза тақташасын немесе аналық жұлдыз бейнесiн құрады. Анафазада хромосомалар бiр мезгiлде хроматидтерге бөлiне бастап, жасушаның қарама-қарсы полюстерiне 0,2-0,5 мкм/мин. жылдамдықпен ұршық микротүтiкшелерi бойымен беттейдi. Телофаза кезiнде жас жасушалар ядролары қайта құрылып, бөлiнуi тоқтайды. Екiншiсi, тiкелей бөлiну - амитоз. Бұлардан басқа жасушаның бөлiну түрлерiне мейоз, эндомитоз жатады. Мейоз жыныс жасушаларының бiрiнен соң бiрi жылдам жалғасатын екi – жою, теңестiру бөлiнуi. Хромосомалар екі еселенетін қабілеті бар, гендік ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа тасушы, құрылысы күрделі клетка компоненттерінің бірі. Хромосома центромерадан, кинетохордан, хроматидтерден түрады. Цетромералардың орналасуына қарап хромосомаларды үш негізгі типін ажыратады: акроцетрикалық хромасомалар (бір иығы қысқа), субметацетрикалық (иықтарының ұзындығы тең емес ), метацетрикалық (тең иықты).
Хромосомаларда келесі өзгерістер болады: 1) субмикроскопиялық өзгерістер, молекулярлық деңгейде пайда болған-гендік мутация, 2) микроскопиялық өзгерістер, жарық микроскопы арқылы анықталған. Мутацияның келесі түрлерін айырған:
1. Хромосома сегменттерінің жойылуы-жетіспеушілік немесе деляция.
2. Хромосомаға сегменттердің қосылуы-дупликация.
3.Хромосомааралық немесе хромосомаішілік сегменттердің материал жолымен тарамдалуы-транслокация.
4.Хромосомаішілік тарамдалу материалы қандай да бір сегменттің 180 бұрылуынан; гендердің хромосомада орналасуы керісінше- инверсия. Егер де қандай да бір сегмент хромосомада 2 рет немесе бірнеше рет болса, онда оны абберация, дупликация деп атайды.
Ұрықтандырудың визоцервикалдық, моноцервикалдық, ректоцервикалдық тәсілдері болады.
Консервация – жыныс жасушаларды - 196 С. сұйық азотта қатыруын айтамыз. Жасушаларды еріткеннен кейін арнайы криопротекторды қолданып суды жасушалардан кетіруге болады. Кейбір мемлекеттерде эмбриондардың консервациясы бөлшектену кезенінде жүргізіледі. 2002 жылы Ұлыбританияда консервацияланған жасушадан кыз туды.
Қазіргі кезде ұлпалар мен мүшелерді қондыру көптеген елдерде жүргізілуде. 1980-1990 жылдары әлемде бүйректі қондыратын 301 орталық болып 25 мың операция жасалынған. Жүректі қондыратын 64 орталықта 500- ге жуық операциялар жасалынған.
Қазақстанда мүшелерді трансплантациялау операциялары академик М. Әлиевтің есімімен байланысты. М. Әлиевтің басшылығымен ХХ ғасырдың 80-90 жылдары бауырға, ұйқыбезіне, т.б. мүшелерге операция жасалынған. 2002-2003 жылдары Қазақстан дәрігерлері трансплантация саласында жаңа жетістіктерге қол жеткізді, себебі, ұлпалар мен мүшелерді қондырудан жасушалық трансплантацияға көшті. Мысалы, 2002 жылы М.Әлиевтің басшылығымен бауырға, 2003 жылы әлемде бірінші болып М.Әлиев, Ж. Досқалиевтар қалқанша безге шприцпен эмбриондық жасушаларды енгізу арқылы сәтті операциялар жасады. Қазіргі кезде Қазақстанда бауыры ауыратын адамдарға эмбриондық гепотоциттерді енгізу арқылы жылына 200-300 сәтті операциялар жасалынды. Бұл әдістің болашағы мол.
Трансплантологияда мүшесі алынатын ағзаны – донор, ал сол мүшені қондыратын ағзаны – рецепиент, қондырушы мүшені – трансплантант деп атайды.
Трансплантацияны – аутотранплантация, аллотрансплантация және ксенотрансплантация деп үшке бөлінеді.
Аутотранплантация деп бір ағза мүшесін сол ағзаның екінші бір жеріне қондыруды айтамыз.
Аллотрансплантация дегеніміз бір түрге жататын ағза мүшесін екінші бір ағзаға қондыру.
Ксенотрансплантация деп донор және рецепиент әртүрлі түрлерге жататын болса айтамыз.
Трансплантологияның көптеген проблемалары белгілі: 1) трансплантация сәттілігі; 2) дер кезінде донор табу т.с.с.
Трансплантация нәтижесі барлық уақытта сәтті бола бермейді, себебі, көпшілік жағдайларда трансплантант пен рецепиент арасында иммундық үйлесімділік болмайды. Яғни, донор мүше мен рецепиент ұлпалары арасында гистоүйлесімділік болмаса, рецепиент ағзасында донор мүшесінің ұлпаларына қарсы бағытталған антидене түзіледі де соңғысын кері қайтарып, трансплантацияны болдырмайды. Ал егер, рецепиент пен трансплантант арасында гистоүйлесімдік болса, онда трансплантация нәтижесі сәтті болады. Бұл тұрғыдан алғанда аутотрансплантация ең сәтті, ал аллотрансплантация әсіресе, ксенотрансплантация сәтсіздеу болып келеді.
Аталған проблемаларды шешу үшін көптеген әдістер қолданылады - иммунодепрессанттарды қолдану, эмбриональдық құрылымдарды пайдалану, ағза мүшелерін клондау т.б.
Қажетті донор мүшелерін дер кезінде табу екінші негізгі проблема болып табылады. Оны мүшелер мен ұлпалар банкін құру, жасанды мүшелерді құрастыру, ағза мүшелерін клондау арқылы шешуге болады. Қазіргі кезде тері, қан банкілері құрылған және адамның барлық мүшелерінің жасанды баламалары құрастырылған. Дегенмен, трансплантологияның болашағы ағза мүшелерін клондаумен байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Ген информация қайда сақталады ?
2. Митоза қандай кезендер болады?
3.Мутациялардың қандай түрлері болады?
Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,15,20,22 ( косымша )
3 Модуль Жасуша құрылымының, оның кейбір құрамбөліктерінің ауытқуы (патологиясы)
№ 11 дәріс тақырыбы – Өсімдіктер жасушаларының жалпы құрылысы
Дәріс жоспары:
Пластидтер.
Көпіршіктер.
Қосындылар.
Өсімдіктер жасушаларының қабығы. Химиялық кұрамы.
Өсімдіктер жасушасының ең негізгі ерекшелігі мықты торша қабаты- қабықтан тұрады және ол плазмалық мембрананы қоршап, қорғап жатады. Бұл қабат өсімдіктер жасушасына механикалық беріктік береді. Ең алғаш микроскоптың көмегімен қалың жасуша қабатын Р.Гук тапты да, оны жасуша деп атады. Жасуша қабығы целлюлоза және пектиннен тұрады. Көп ткандерде жасуша күрделі және жоғары дифференцианалды құрылымда болады. Кейбіреуінде біріншілік, екіншілік, үшіншілік қабықтар болады. Бұл үш қабық бір-бірінен микрофибрилдердің орналасуы бойынша және химиялық құрамы бойынша ажыратылады.
Біріншілік және екіншілік қабықтар негізінде полисахаридтердің целлюлозасынан тұрады. Біріншілік қабықта басқа да лигнин және суберин, ал жасуша эпидермисінда кутин берік жоғары қатар түзеді де, жасушаны судың құрғап кетуінен сақтайды. Саңырауқұлактар мен дрожжылардың жасуша қабаты хитиннан тұрады. Кейбір ткандерде үшіншілік қабық болады, ол екіншілік тканнің ішек құрамына кіреді және спецификалық құрылымнан, химиялық заттардан тұрады да боялу реакциясы жүреді. Бұл қабық негізінен целлюлозадан, ксиланадан тұрады.
Плазмадесма цитоплазмамен шатасып жатады, бірақ бір-біріне қосылмайды. Электронды микроскоппен қарағанда плазмодесманың ішінде бір жасуша екіншісіне еніп жатады да жұқа плазмалық жарғақшасы болады. Осы плазмадесма арқылы вакуоль немесе вакуольдік жүйенің цистерналары байланысады. Бұндай байланыс жасушааралық заттардың циркуляциясын қамтамасыз етеді. Протопласт белокты-липоидтық мембранадан тұрады. Ядро протопластың орталық бөлігінде орналасады және диаметрі 300 А0 болатын дөңгелек саңылаулар жинақталған қабықшамен қоршалған. Ядро ішкі құрылысы- ядрошық қабықшасы жоқ.
Вакуольді жүйе жасушаның дифференциалану уақытында цитоплазмамен өте тығыз байланыста болады. Бұл процесс вакуольге сұйықтың толуына көмектесуі мүмкін. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында Гольджи аппараты цитоплазмада әр түрлі болады. Оны диктиосома немесе гольджисома деп атайды. Диктиосома доға тәрізді пластина пішінді, митохондиряның мөлшеріндей немесе одан да кішірек келген жұқа болады. Олар аяқ жағында кенейген, толтырылған көпіршік тәрізді цистернаның манайында көптеген копіршіктер орналасады, олар диктиосоманың әрекеттерінің өндіреді. Диктиосома цитоплазманың бойында ретсіз, шашыраңқы орналасқан.
Өсімдіктер жасушасындағы митохондрийлер жануарлар жасушасындағы сияқты болып келеді. Ең манызды мәселе митохонрийлер мен хлоропластардың арасында туады.
Пластидтер- өсімдік жасушасы протопластың органоиды. Бұларда көмірсутектердің алғашқы және екінші синтезі жүреді. Осы процесс өсімдіктің зат алмасуы үшін қажет.Пластидтердің түсі бойынша үш негізгі түрі бар: түссіз лейкопластар, жасыл түске бояған хлоропластар, жасыл емес хромопластар.Лейкопластар- түссіз пластидтер, олар өсімдіктердің боялмаған бөліктерінде болады. Лейкопластардың көбірек тараған түрі- аминопластар. Оларда моно және дисахаридтерден екінші реттік крахмал түзу синтезі жүреді. Жасыл пластидтер- хлоропластар фотосинтездегі көмірсутектердің жарық энергиясың қатусуымен алғашқы синтезінің органоиды болып табылады. Бұл пластидтер тек жарықта пропластидтерден, не басқа дифинетифті пластид түрлерінен дамиды. Сары қызыл хромопластар протопластидтерде немесе лейкопластарда каротиноидтардың жинақталуы нәтижесінде қалыптасады.
Қосындаларды пайда болуына қарай 3 топқа бөлуге болады: 1) пластидтердің (крахмал, май, пигмент) қызметінің нәтижесінде пайда болғандар, 2) вакуольдер жүйесіне жатқызылғандар (алейрондық тұқымдар, тұздардың кристалдары), 3) цитоплазмадағы диктиосомалар(майлар, эфир майлары) қызмет нәтижесінде пайда болғандар.
Бақылау сұрактары:
1. Пластидтер дегеніміз не?
2. Хлоропластардың қандай түрлері болады?
3. Вакуольді шырының құрамына не кіреді?
4. Өсімдік жасушаның қабығының құрлысың сипатаныз.
Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,15,20 ( косымша )
3 Модуль Жасуша құрылымының, оның кейбір құрамбөліктерінің ауытқуы (патологиясы)
№ 14 дәріс тақырыбы Жасушаның дифференциациясы, өсуі, қартаюы. Некробиоз
Дәріс жоспары:
Жасушаның дифференциациясы, өсуі, жаңаруы, қартаюы.
Жасушалардың қайта қалпына келуі. Некробиоз
Дифференциация дегеніміз – жалпыға ортақ қасиеттің специализацияланған жалқы қасиетке айналуы. Жасушалық дифференциация тоқтаусыз организмнің бүкіл өмір бойында жүреді. Бірақ ең биік интенсивтілікке бұл процес эмбриональдық кезеңде жетеді. Дифференциация процестеріне күрделену және жоғарыланған дәрежесіне аутқуы тән. Бұған гистогенез бен органогенез жатады. Дифференциация нәтежесінде жасуша белгілі бір функцияларды орындауға бейімделіп, келесі бір функцияларды орындау мүмкімдігін жоғалтады. Көп жағдайларда дифференциация уақытша және қайтымды, кейбір жағдайларда тұрақты және қайтымсыз болады.
Өсуші жасуша популяциясы. Бұл жағдайда әрбір жасуша организм мен ұзақтылып бірдей болады, ал жаңа жасушалар тек ұлпаның өсуін қамтамасыз ету үшін бөліну арқылы пайда болады. Өсуші жасушалық популяцияға мысал ретінде асқазан асты және қалқанша бездерді, бүйректі, сілекей бездерін айтуға болады.
Жаңарушы жасуша популяциясы. Бұндай популяцияда көп түзілген жаңа жасушалар соншама жасушалардың өлуімен теңестіріліп отырады бұндай жаңарушы популяцияға мысал ретінде эритроциттті алуға болады.
Жасушаның қартаюы және өлуі.
Алғашқы дифференциалданған кезеңінен және дифференциалдану кезеңінен кейін көпшілік жасушалар қартаю фазасына өтіп, ол жасушалар өлумен аяқталады.
Қартаю кезіңде жасушалар түрлі морфологиялық және физико-химиялық өзгерістер болады. Осындай өзгерістердің бірі – бұл «қажу» менесе «шаршау» пигментін жинақтауы. Ол жүйке жасушаларында, миокард ұлпаларында көп байқалады. Қартаю кезінде ядро түсі қоюлана бастайды. Бұл процесс – пикноз деп аталады. Ол жасушаның өлуімен аяқталады. Жасушаның қартаюы соңында катабиозға және жасушаның өлуіне әкеп соғады.
Некробиоз - организм тіршілігін жойғаннан соң клеткалардың активті, яғни клеткалар бүлінгеннен, біраз уақыт өткеннен кейін барып тіршілік әрекетінің білінуі. Некроздың бұзылуы клетканың жеке жерінде немесе комплексінде, бүкіл организмді немесе жекеленген мүшесіне таралу мүмкін. Некроздың тууына әртүлі фактор болады: механикалық, физикалық, температура, химиялық тағы басқа. Некроздың инфекциялы және инвазиялық түрлері бар. Морфологиялық жағынаң үш түрі бар: құрғақ, дымқыл, гангренді. Құрғақ некроз белок жасушаларының коагуляция және денатурация, клеткааралық заттар және плазманың сұйықтық шығаруынан пайда болады. Дымқыл некроз өлі тканнің балқуы және суы бай мүшелерінде кездеседі.
Бақылау сұрақтары:
1. Жасуша дифференциациалануы дегеңіміз не?
2. Жасушаның өсуі және жанаруы қалай жүреді?
3. Жасуша өлгенде организмде қандай өзгерістер жүреді?
4. Что таке кекроз
Әдебиеттер: 1-10 ( негізгі), 11, 12,15,20 ( косымша )
3 Модуль Жасуша құрылымының, оның кейбір құрамбөліктерінің ауытқуы (патологиясы)
№ 15 дәріс тақырыбы – Жасуша патологиясы
Дәріс жоспары:
Қатерлі ісік жасушаларының құрылысындағы ерекшеліктері
Аурудың туындауына әртүрлі биологиялық, физикалық, механикалық және т.б. әсерлер себеп болады. Олар негізгі немесе қосалқы, арнайы және арнайы болмаған, тікелей немесе жанама, сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Денсаулыққа зиянды өндірістік заттар кәсіпке байланысты ауруларды қоздырады. Қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына организмнің иммунды жүйесінің орны ерекше. Қатерлі ісіктердін клиникалық көріністері, оның нәтижесі осы иммунды жүйе қызметіне тікелей байланысты.
Қан жүйесінің ісіктері екі топка бөлінеді: 1) қан жасаушы тканьнің жүйелі ісіктері- немесе лейкоздар, 2) қан жасаушы тканьнің аймақтық ісіктері немесе қатерлі лимфомалар.
Лейкоздар деп қан жасаушы клеткалардың жүйелі және үдемелі өсіп кетуімен сипатталатын ісіктерді түсінеді.
Лейкозды бірінші рет ашқан неміс ғалымы Р.Вирхов (1845) қанның түріне қарап «ақ қан» ауруы деп ат берген болатын. Екі жылдан кейін ол «лейкемия» деген терминді ұсынды. Бірақ лейкоздардың лейкемиялық, яғни қанда лейкоциттер санының көбеймейтін түрі де бар, сондықтан біздің ғасырымыздың 20- жылдарыңда «лейкоз»- яғни қан жасаушы тканьнің жүйелі гиперплазиясы деген гемобластоз қабылданды. 1908 жылы Элерман және Банг тауқтар лейкозын вирус қоздыратынын дәлелдеген. Одан кейін тышқан, кұстар, теңіз шошқасы, ит лейкоздарын да вирустар тудыратыны анықталды.
Көптеген зерттеулер иондаушы радиацияның лейкоз пайда болуындағы рөлін көрсетіп отыр. Мысалы, атомдық жарылысты басынан кешірген Хиросима мен Нагасаки түрғындарының арасында басқа жапондықтарға қарағанда лейкоз 11-18 есе жиі ұшырайтыны анықталған. Семейдегі ядролық полигон айналасындағы тұрғындар арасында лейкоздар мен лимфосаркомалар санының Қазақстанның басқа аймактарымен салыстырғанда бірнеше рет көбейгені анық болып отыр. Рентгенологтар басқа дәрігерлерге қарағанда лейкозбен 8 рет жиі ауыратыны белгілі.
Көптеген химиялық канцерогендер(бензипирен, холантрен және т.б.) ісіктермен қатар лейкозды да шақыра алады. Лейкоздардың пайда болуына гендер мутациясының маңызы зор. Жоғарыда айтылған әсерлер нәтижесінде қан жасаушы тканьдердің арасында қалыпты құрылысы өзгерген жасушалар пайда болады. Ісік, әрине организмнің иммунды жүйесі әлсіреген ғана дами алады бәрі де бүтіндей жойылып отырады. Лейкоз бергілі бір жерде, бір жасушаның көбеюі салдарынан басталады да, кейін бүкіл организмге тарап жүйелі ісікке айналады. Қазіргі кезде лейкозға тән ісік жасушалары әулеті (клоны) екені анықталды.
Лейкозды жасушалардың сипатын есепке ала отырып екі топқа бөледі: 1) жіті лейкоздар, 2) созымалы лейкоздар. Жіті лейкоздар жіті жұқпалы аурулар тәрізді өтіп, сырқаттың ыстығының өте жоғары болуымен, некрозды баспа, гингивит, геморрагиялық диатез дамуымен сипатталады. Жіті лейкоздар жалпы лейкоздардың 2% қамтиды. Балаларда лейкоздардың ішінде ең көп кездесетіні жіті лимфобласты лейкоз.
Созылмалы лейкоздар бірнеше жылдар бойы моноклонды, жетілген (қатерсіз) ісік түрінде дамиды. Созылмалы лейкоздар:1) миелоциттерден, 2) лимфоциттерден және 3) моноциттерден туындайтын лейкоздар деп үш топқа бөлінеді. Ісік жасушалары бір жерде немесе таралып өсе алады.
Көпклеткалы организмдерде көптеген түрлі себептердің салдарынан клеткалардың қызметінің бүзылуына әкеліп соғатын клеткалалар тобының өзгерісі немесе закымдануы жүреді. Түрлі клеткаларға сыртқы зақымдаушы факторлардың физикалық және химиялық, мысалы температураның, сәулелі энергияның қысымның және бсқалардың әсері біршама толық зртелген. Зақымданған кезде оның түрлі бояғыштарды байланыстыратын қабілеті өзгереді. Зақымдалған клеткаларда гликолиздік процестердің үдеуі, АТФ мөлшері кемиді, протеолиздік белсенділігінің артуы тән.
Бақылау сұрактары:
1. Қатерлі ісік жасушалырының пайда болуына не әсер етеді?
2. Лейкоздардың қандай түрлері болады?
3. Организмде қандай өзгерістер жүреді ісік пайда болғанда?
Әдебиеттер: 1-4 ( негізгі), 11, 18,23 ( косымша )
3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
1 тақырып: Микротехникамен танысу. Гистологиялық препаратттарды дайындаудың негізгі әдістермен танысу (2 сағат)
Мақсаты: Гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі әдістерімен танысу, оны өңдеудің басты кезеңдерін біліп, олардың әрқайсысының мәнін түсіну. Микротехникада қолданылатын аспап – құралдармен, бояғыштармен танысу. Гистологиялық препараттарға қойылатын талаптарды меңгеру.
1 тапсырма. Гистологиялық препараттың анықтамасын біліп алып, оған қойылатын талаптарды меңгеріп, дәптерге оны дайындаудың мына өңдеулер өткізу жолдарын жазып алу керек:
Жас объект
Бекіту Сүйекті немесе тісті кальцийсіздендіру
Мұздату микротоммен кесінділерді әзірлеу
Ағын суда жуу
Күштілігі өсе түсетін спирттерде сусыздандыру
Парафинде немесе целлоидинде қатыру
Микротомда (жұқа кесінді дайындайтын техника) кесінділер әзірлеу
Кесінділерді парафиннен немесе целоидиннен тазарту
Кесінділерді бояу
Кесінділерді сақтау үшін бальзамға немесе басқа ортаға салу
2 тапсырма. Кесіндіні парафиннен тазарту және гематоксилин–эозин әдісімен бояу:
Ксилол I...........................................................................5 минут
Ксилол II..........................................................................5 минут
96 градустегі спирт.........................................................1 – 2 минут
70 градустегі спирт.........................................................1 – 2 минут
Тазартылған су................................................................1 – 2 минут
Гематоксилин..................................................................1 – 2 минут
Тазартылған су................................................................шаю
Ағынды сумен жуу.........................................................5 минут
Эозин................................................................................1 – 2 минут
70 градустегі спирт.........................................................1 минут
96 градустегу спирт........................................................1 минут
Карбол – ксилол..............................................................1 минут
Ксилол.............................................................................1 минут
Бальзам (уақытша болса – глицерин)...........................
Жабынды шыны
3 тапсырма. Кесіндіні парафиннен тазарту және Ван – Гизон әдісімен бояу:
Ксилол I...........................................................................5 минут
Ксилол II..........................................................................5 минут
96 градустегі спирт.........................................................2 минут
70 градустегі спирт.........................................................2 минут
Тазартылған су................................................................2 минут
Гематоксилин Вейгерта..................................................5 минут
2 рет ағынды (бояуы кеткенше) суда жуу.....................
Пикрофуксин...................................................................5 минут
Тазартылған су..................................................10 секунд, жылдам шаю
70 градустегі спирт.........................................................30 секунд
96 градустегу спирт............................................2 рет 30 секундтан
Карбол – ксилол..................................................1 минут, жарықтану
Ксилол.............................................................................1 минут
Бальзам (уақытша болса – глицерин)...........................
Жабынды шыны
Бақылау сұрақтары:
Гистологиялық препарат дегенiмiз не?
Гистологиялық препаратты бекiтудiң мақсаты неде?
Бекiту ретiнде ненi жиi қолданады?
Гистологиялық материалды қатыру тәсiлдерiн ата.
Микротом дегенiмiз не, ол не үшiн пайданылады?
Гистологиялық препарат қандай талаптарға сай болуы керек?
Қандай микротехникалық әдiстермен препараттың тазалығына және айқындығына (контрастылығы) жетуге болады?
Қандай құрылымдарды оксифильдi, базофильдi және аргирофилдi деп атау ұйғарылған?
Әзірленген препараттарда не бейнеленгенін қорғау.
2 тапсырма. Микротехникада қолданылатың аспап-құралдармен, бояғыштармен танысу.
Әдебиеттер: 1-7 (негізгі), 11,12,20,22 ( қосымша)
2 Такырып. Жасуша биологиясындағы зерттеу әдістері
Жасуша аралық және жасуша ішіндгі сигнал беруі (2 сағат)
1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптардытеориялық талқылау.
2. Микроскопен жұмыс істеудің негізгі ережелерің және гистологиялық препаратарды зертеулеуге қажет тәсілдерді менгеру.
3. Жасуша құрысының зерттеу әдістерімен танысу
1 тапсырма.Микроскоптың құрылысын еске алып, оның бөлшектері аттарын білгеннен кейін оқу дәптеріне мына негізгі ережелерді жазып алып, оларды жақсы меңгеріп алған жөн.
МИКРОСКОППЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Микроскопты сол жаққа, сурет дәптерін оң жаққа қойып, кіші ұлғайтқыштағы микроскопты сол көзбен, оң көзді жұмбай (қыспай) қарап, айнаның ойыс жағын жарық көзіне бағыттап, біркелкі, әрі жеткілікті жарықты табу.
Препараттың жабын шынысы жоғары бетінде болып, зерделенетін құрылымды үстел саңылауының дәл ортасына орналастыру қажет.
Кремальераны бұрап, жарық шоғырын табу. Линза мен препарат қоятын үстел арасы 1 см жуық болуы керек.
Окулярға қарап отырып, бұрандалардың көмегімен препараттың біркелкі боялған және жұқа жерін тауып, кесінді көрінісін толық қарап шығып, зерделенетін құрылымды үстел саңылауының дәл ортасына қою қажет.
Фокусты өзгертпей револьвердің көмегімен үлкен ұлғайтқышқа ауыстыру керек (дұрыс ауысқанда револьвер шырт етеді).
Окулярға қарап отырып, бейне анық көрінгенше микробұранданы оңға немесе солға сәл қозғалту қажет.
Препаратты үлкен ұлғайтқышта зерттеп, бейненің суретін салып алғаннан кейін, тубусты көтеріп, револьверді кіші ұлғайтқышқа ауыстырғаннан кейін ғана, оны үстелден алуға болады. Препаратты зерделегенде осы тәртіпті қатты сақтау шарт. Өйткені сабаққа ұсынылатын препараттар осы кезеңде көп сынады.
Сабаққа берілген барлық препараттарды зерделегеннен кейін кіші ұлғайтқыштағы микроскопты жапқышпен (ақ орамал) жауып, оқу үстелінің ортасына (шетінде болса, үзіліс кезінде біреу қағып кетуі мүмкін) жылжытып қою керек. Препараттарды кезекшінің тақтайшасына қайта жинастырып салу керек.
тапсырма. Жасуша зерттеу әдістерімен танысу. Тірі организмдегі құрылымдарды бақылау, фазалы-қарама-қарсы түс айыратын, электронды, авторадиография, флуоресцентік және т.б. микроскопия әдістері.
1- сурет. Биологиялык зерделеуге арналган микроскоптар.
А - ЭМВ-100 АКА электронды микроскоп: 1-микроскоп бағанасы; 2-басқару пульті; 3-люминесцентті экраны бар камера; 4-бейнелерді талдау блогы; 5-көрініс-хабар тетігі.
Б- “Биолам-С" жарык микроскопы: 1-таган; 2-тубус үстаушы; 3-көлбеген тубус; 4-окуляр; 5-револьвер; 6-объективтер; 7-үстел; 8-жарык жинаушы; 9-оныц бурандасы; 10-айна; 11 –микрометрик;12 макрометрлік бұранда
Бақылау сұрақтары:
1. Микроскопен жұмыс істеудің негізгі ережелеріне не жатады?
2. Жарық және электронды микроскоптардың айырмашылығы неде?
3. Фазалы-қарама қарсы түс айратың микроскоптың ерешелігі неде?
Әдебиеттер: 1-7 (негізгі), 11,12,20,22 ( қосымша)
тақырып: Прокариотты және эукариотты жасушалардың жалпы құрылысы (2 сағат)
1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптардытеориялық талқылау.
2. Организмнің негізгі құрылымдары-торша және торшасыз құрылымдармен танысу.
1 тапсырма. Препараттан микроскоптың кіші ұлғайтқышында көп бұрышты жасушаларды тауып, оларды үлкен ұлғайтқышпен көріп, әр жасушада көк түске боялған ядросы, оның айналасында қызғылт цитоплазма барын, кейінгі сыртынан цитолеммамен қоршалғанын байқау қажет. Қос жасушалардың бейнесін дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-цитолемма, 2-цитоплазма, 3-ядро.
сурет. Жасушаның электронды микроскоптагы қурылысы. Сызба.
1 -жасуша қабығы; 2-пиноцитоз (суйық) көпіршіктері; 1-центросома; 4-гиалоплазма; 5-эндоплазмалық тор: а-цитожарғақтар: б-рибосомалар; 6-ядро; 7-перинукпеарлы кеністіктің цитожарғақ қуысымен байланысы; 8-ядро тесіктері; 9-ядрошық; 10-Гольджи аппараты, 11-секреторлы көпіршіктер; 12-митохондрийлер; 13-лизосомалар; 14-қарбудың уш дейекті сатылары; 15-жасуша қабығының цитожарғақтармен байланысы.
Кестені толтыру. Жасуша құрылымдарынының ерешеліктері.
Жасуша құрылымдары
|
Микроскопиялық құрылысы
|
Атқаратын қызметі
|
Плазмалемма
|
|
|
Гранулярлы ЭПС
|
|
|
Агранулярлы ЭПС
|
|
|
Гольджи аппараты
|
|
|
Митохондриялар
|
|
|
Лизосомалар
|
|
|
Центриолдер
|
|
|
Рибосомалар
|
|
|
Микротүтікшелер
|
|
|
Хромосомалар
|
|
|
Ядрышық
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |