Заманауи білім берудегі мобильді оқыту 1. Мобильді оқыту – білім берудегі инновациялық технология ретінде
2. Білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздері
3. Қашықтан оқыту
4. . STEAM – білім беру
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Заманауи қоғам жан-жақты Интернет пен мобильді құрылғылар пайдалану жағдайында өмір сүріп келеді. Бүгінгі таңда смартфонсыз, планшетсіз, компьютер мен дүниежүзілік желісіз өмір сүру мүмкін емес, өйткені ол тұлғадан мобильділікті талап етеді, сондықтан мобильді технологияларды дамыту қоғамнан белгілі бір ізденістерді керек етеді және ол дәстүрлі білім беру жүйесіне белсенді кіріктіріліп отыр. Мобильді оқытудың ерекше өзгеруі мен оңтайландырылуы қоғам санасының жаһандануына байланысты. Сонымен, мобильді оқыту деген не?
Мобильді оқытудың тез танымалдығы, жылдам өсуі ұрпақ пен уақыт қажеттіліктеріне байланысты: біріншіден, мобильді құрылғылар – олар өте қолайлы, біз оларды күнделікті, тәуліктің кез келген уақытында, кез келген геожағдайда пайдаланамыз; екіншіден, кез келген ақпарат қолжетімді; үшіншіден, қашықтан хабарласа аламыз, ақпарат береміз, білімімізбен алмасамыз. Қоғам санасы жаһандану үстінде. Сананың жаһандануы есебінен мәдени және әлеуметтік сан-алуандылық кеңейеді: интернетте біз өзімізден өте алыс жерлердегі мәдениеті, дәстүрі мен өмір салты мүлде басқа адамдармен қарым-қатынас жасаймыз.
Мобильді оқыту электрондық және қашықтан оқытумен тығыз байланысты, айырмашылығы тек қандай мобильді құрылғыларды пайдалануында болып табылады. Оқыту осы үдеріске қатысатындардың орналасқан жеріне байланысты емес және ол алып жүруге ыңғайлы құрылғыларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Басқа сөзбен айтқанда, мобильді оқыту алып жүруге ыңғайлы құрылғылар көмегімен орналасқан орны бойынша білім алу бойынша шектеулерді азайтады.
Мобильді оқыту – ол мобильді (алып жүруге ыңғайлы) құрылғыларды: планшеттерді, смартфондарды, нет-буктерді, мини-компьютерлердіі пайдалана отырып оқыту.
Мобильді құрылғылардың құндылықтары:
мобильді құрылғылардың мөлшері үлкен емес және оны адам өзімен бірге алып жүре алады;
мобильді құрылғыларды іс жүзінде жер шарының кез келген нүктесінде желіге қосуға болады;
мобильді құрылғылар желіде бірнеше пайдаланушының бірлескен жұмысын қамтамасыз етеді.
Мобильді технологияларды пайдалану электрондық оқытуға қолдау көрсететін әртүрлі механизмдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, атап айтқанда:
электрондық білім ресурстарының бақыланып бөлінген дистрибуциясын ұйымдастыру (білім және зерттеу контентіне қолжетімдік; подкаст-хабарлар; вебинарлар; әлеуметтік медиа және т.с.с.).
білім үдерісі қатысушыларының орналасқан орнына қарамастан, бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін, жанама, географиялық бөлінген коммуникацияны қамтамасыз ету.
мобильді құрылғыны оқу, әдістемелік және анықтамалық материалдардың дербес медиаханасы; визуалды ақпаратты сандық түрде тиянақтау үшін фотоаппарат мен бейнекамера; аудиодәрістерді жазу және тыңдау үшін плеерлер; мұражайларда мультимедиалық гид және т.б. ретінде пайдалану.
мобильді құрылғыны оқу орнының корпоративтік желісіндегі мультимедиа мен ұйымдастыру техникасына, өлшеу құралдары мен құрылғыларына қосу.
білім беру және зерттеу мақсаттарында мобильді құрылғыларға кіріктірілген қадағалар мен сенсорларды пайдаланушының қоршаған ортасы (гироскоп, діріл, жарық, ылғалдық, қысым, температура және т.б.) туралы мәліметтер жинау үшін іске қосу.
орналасқан орнын анықтау; географиялық объектілерді іздеу және бірлесіп сипаттау; анықтамалық картографиялық ақпарат алу; қозғалыс тректерін құру және т.с.с. үшін мобильді құрылғының геоорналасу құралдарын қолдану.
Көптеген жекелеген технологиялар мобильді оқытуға қолдау көрсете алады, оларға келесілерді де қосуға болады:
жеке сандық көмекші, аудиторияда және таза ауада қолдану мүмкіншілігі;
Tablet PC UMPC мобильді телефондары, мобильді камералар мен Smartphone;
Mobile Author-ды зерделеу, мысалы, WAP жариялау үшін, J2me мен Smartphone;
жеке аудиоплеер, мысалы, дәрістердің аудио жазбаларын тыңдау үшін;
мұражайлар мен галереялардағы тасымалы дыбыстық және мультимедиалық гидтер;
Sony PSP немесе Nintendo DS / Wii сияқты, ойындарға арналған заманауи тасымалы пульттер.
Мобильді оқытуға техникалық қолдау көрсету:
MPEG – мобильді оқытуға байланысты аудиовизуалды мазмұнды қысқарту мен жеткізу тәсілі үшін;
Wi-fi Интернет арқылы оқытушылар мен ресурстарға қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
LTE – сервисі жоғары қосу жылдамдығы мен деректерді қалыпты беруді қамтамасыз етеді;
HTML5 – HTML5 форматындағы курстар мен презентацияларды заманауи мобильді құрылғылардан көруге болады.
M-learning негізгі түрлері:
Socrative – ол оқу орындарында сабақ үстінде тестілеу жүргізуге арналған онлайн-сервис. Осы сервис тез арада сөзжұмбақтар жасауға, дауыс беруге, сауалнамалар мен тестілер өткізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Socrative нақты уақытта тестілеу нәтижелерін тез қарау мен тек топтың емес, сонымен қатар әрбір білім алушының жетістігін бағалауға мүмкіндік береді. Бір уақытта 50 адамнан тест алуға болады.
Socrative дидактикалық құндылықтары:
Оқушылардың біріккен шығармашылығы;
Оқу пәнін өз бетімен оқу мүмкіндігі;
Оқу мәселесіне тереңдеп кіру;
Орындалған тест, қалыптастырылған тапсырмалар сапасы тікелей оқылатын материалға байланысты.
Kahoot – ол ойын түріндегі оқыту платформасы, оны мектептер мен басқа оқу орындарында білім беру технологиясы ретінде пайдаланады. «Kahoots» оқыту ойындары көптеген таңдаулары бар викторина болып табылады, ол пайдаланушыларды белсендіруге мүмкіндік береді және ол веб-браузер арқылы қолжетімді. Осы сервисті оқушылардың білімін тексеру үшін, сынып сабақтарындағы формативтік бағалау үшін немесе үзіліс үшін пайдалануға болады.
Оқу үдерісінде Kahoot жаңа он-лайн-сервисін қолдану білім алушылардың жан-жақты дамуына, олардың уәждерін арттыруға, сондай-ақ педагог жұмысын оңайландыруға ықпал етеді. Осы сервис контенті әлеуметтік, айқын және мұғалімнің пайдалануы үшін қарапайым. Ол бүкіл интербелсенді заттарды – викториналарды, сауалнамалар мен талқылауларды тез құрайтын құрал болып табылады. Осы платформада жасалатындардың барлығы өз атына сәйкес «кахуттар» деп аталады. Осы мини-ойындарға бейне материалдар мен суреттерді кіргізуге, сауалнамалар енгізуге (егер, әрине, сауалнамалар дайын болса) болады. Жарыс әсерін беру үшін, сұрақтарға таймер қосуға болады. Сыныпта немесе топта ойынды бастау үшін, мұғалім немесе оқытушы білім алушылар тобына жүйе құрастырған кодты беру керек, оны олар содан кейін өздерінің құрылғыларына (планшеттеріне, смартфондарына, десктоптарына) енгізеді де, көңілді оқу басталады! Оқытушы сұрақтар дайындайды, ал білім алушылар, өздерінің мобильді құрылғыларын пайдалана отырып, жауап береді.
Kahoot-тың бірқатар мүмкіндіктері бар, олар білім алушыларды уәждеуге және қызықтыруға көмектеседі. Экранда сұрақ пайда болған кезде, әр сұрақ үшін әртүрлі музыка ойнайды, және жауап беретін уақыт шектеулі екендігін білдіретін тықылдаған дыбыс шығып тұрады. Білім алушылар қаншалықты тез жауап берсе, ол соншалықты көбірек баллға ие болады. Көшбасшылар кестесі де бар, ол кім барлығынан көп балл жинағанын көрсетеді. Тест аяқталғаннан кейін, нәтижесі кесте түрінде беріледі. Kahoot-та барлық ниет еткендер үшін ашық бұқаралық тестілердің өте үлкен кітапханасы бар.
Quizizz – ойын түрінде оқытуға арналған платформа, ол кез келген оқу пәні мен кез келген жастағы адамға жарамды. Осы сервис педагогқа өз тестілерін жасауға, оларды редакциялауға мүмкіндік береді, сондай-ақ топты жақсырақ басқаруға, әрбір білім алушының жеке жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді (барлық білім алушыларға бірдей тапсырма беріледі, бірақ әрқайсысы өз құрылғысында тапсырма кездейсоқ дәйектілікпен әртүрлі беріледі және әрқайсысы өз құрылғысында өзіне тән қарқынмен жұмыс істейді).
Quizizz – ол білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған интернет-құрал. Білім алушылар дисплейінде тек жауаптар символын ғана емес, сонымен қатар қалауы бойынша ұлғайтып алуға болатын суреті бар сұрақты да толығымен жіберуге болады. Жұмыс барысында топта білім алушылар зейінін алаңдататын ешнәрсе жоқ. Қалауы бойынша сұрақтарды көрсету үшін проекторды пайдаланбаса да болады. Барлық сұрақтар мен жауаптарды әрбір білім алушының дисплейінен және педагог компьютерінен көруге болады. Оқытушы немесе мұғалім сынып жұмысы бойынша толық мәлімет алып отырады.
Әрбір тестілеу тек нәтижелермен ғана таныстырып қоймайды, ол сонымен қатар деректерді Excel кестесінде алуға да мүмкіндік береді. Қалауы бойынша оқытушы немесе мұғалім тек өзінің тесттерін ғана емес, сонымен қатар дайын Quizizz кітапханасына орналастырылған тесттерді де пайдалана алады.
Электрондық білім беру ортасы – ол білім алушылардың медиасауаттылығын, сыни ойлау, шығармашылық міндеттерді шешуге қабілетін, жаһанды ойлай білу, командада жұмыс істеуге дайын болу және азаматтық сана сияқты, қазіргі адамға қажетті барлық қасиеттер мен біліктіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін білім беру кеңістігі.
Қорыта келе, электрондық білім беру ортасы (ЭБО) дегеніміз – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының тиімді өзара әрекетін қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық құралдар жиынтығы кіретін АКТ-инфрақұрылымы болып табылады.