Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»



бет25/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Кезең

Кезеңнің мазмұны

Алдын-ала жұмыс

Шыққан ойды қалыптастыру, бар элементтерді бағалау

Қажетті
ақпаратты жинақтау

Қолданушының талдауы
Негізгі дидактикалық мақсатты ерекшелеу
Қарапайым баспадан шыққан оқу құралымен салыстырғандағы жаңа қажетті ерекшелеу

Мазмұнды даярлау

Дидактикалық мақсатты ерекшелеу
Жоспар құру
Мазмұнның модуль түрінде ұсынылуы

Дизайн

Ортақ тұжырымдамаларды өңдеу
Медиа таңдау (дыбыс, сурет, видео және т.б.)
Бағдарламаның жазылуы
Толық әрлеу және интербелсенділікті арттыру

Өнім

Программалау және сандық мазмұн
Бейнелер құру, дыбыстар және т.б.
Модульдегі дайын материалдарды жинақтау

Тестілеу

Өнімді тестілеу және бағалау

1-кесте. ЦБР жасау кезеңдері




Көрсетілген кестені толықтай қарастырайық.
Алдын ала дайындық келесідей бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады:
ЦБР-ң дидактикалық талаптарын жобалау:
-ол үшін берілген бағыттағы спецификадан тұратын, берілген топтың әлеуеттік білім алушыларын және курстың мақсаты үшін қажетті талдау жұмыстары жүргізіледі;
-берілген талдаудың нәтижелері бойынша ЦБР формасының шешімі қабылданады;
ЦБР-ң техникалық талаптарын жобалау:
-таңдалынған технологияны шынайылыққа айналдырудың ол үшін құралы бар екендігіне көз жеткізу;
ЦБР құрылымын жобалау. ЦБР оқу кезеңінде қолданудың әдістемесін жобалау (оқытушыларға арналған). Мазмұнды даярлау қадамында бірінші кезекте бағдарламасы құрылады. Кей кезде ол құрылымын түсіндіретін иллюстрациялармен ығыстырылады. Бағдарлама интербелсенді ойлау арқылы, яғни білім алушы мен компьютер, оқытушы мен білім алушы және басқада білім алушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру құралдарын ұсынады.
ЦБР программалық жүйелерінің қызметтік құрамының мүмкіншіліктері келесі түрдегідей көрсетіледі:

  • оқу материалдарының модульдері (өзін-өзі бақылау және түрлі типтегі тапсырмалар);

  • қосымша материалдар (терминдердің контекстік цифрын ажыратып, бастап нормативтік мәліметтерге дейін және электрондық кітапханалар);

  • сервистік құралдар (білім алушымен жұмыс істеу анықтамасы, сөздік, глоссарий, электрондық күнделік, іздеу жүйесі және т.б.);

  • коммуникативтік жүйе (оқытушы мен білім алушы арасындағы өзара қарым-қатынасты қамту);

  • қорғау жүйесі.

Мазмұнды даярлау фазалары және программалау ереже бойынша кезектесе жүзеге асырылады. ЦБР оқу мазмұнының программалық құралы екі кіші жүйелерден тұратын үлкен бір жүйе түрінде ұсынуға болады:

  • ақпараттық (мазмұндық бөлім);

  • программалау (программалық бөлім).

  • ЦБР-дың ақпараттық бөліміне:

  • нақты құрылымды оқу материалдары;

  • мультимедианың барлық спектрларында ұсынылған иллюстрациялар (кесте, анимация, дыбыс, видео);

  • тапсырмаларды орындау мысалдарымен теориялық білімде дағды мен қабілетті жетілдіруге арналған практикум және жиі кездесетін қателерді талдау мәселелері;

  • бақылау және қадағалау жүйелері (тестілік тапсырмалар, топпен жұмысқа арналған тапсырмалар және т.б.).

  • қосымша материалдар (терминдердің контекстік цифрын ажырату, танып оқудан бастап нормативтік мәліметтерге дейін және электрондық кітапханалар);

  • сервистік құралдар (білім алушымен жұмыс істеу анықтамасы, сөздік, глоссарий, электрондық күнделік, іздеу жүйесі және т.б.) жатады;

ЦБР дизайны кезінде ЦБР-ң жалпы құрылымы анықталады және арнайы бағдарлама құрылады. Берілген кезең екі кезеңнен тұрады: жалпы тұжырымдар мен әрбір жеке бөлімінің дизайны құрылады.
ЦБР тестілеу қорытындылары дидактикалық мақсаттармен сәйкес келуі үшін өнімнің әрбір фазасында жасалынады. Сондай-ақ программалық қателерді анықтауға бағытталған техникалық тестілеу программаларының маңызы зор.
ЦБР қорытынды тестілеу жұмысы құрастырушылардың қадағалауымен үздіксіз эксперименттік жұмыстар арқылы іске асырылуы тиіс. Оның мақсаттары:

  • программаны оқытудың шынайы режимдегі барлық қызметтік модульдерінің жұмысын анықтау (программа жұмысының тұйықталып қалуы, қаншалықты жылдам жұмыс жасайтындығы және т.б. бақыланады);

  • оқу материалдары мен программалық шынайылықтың бұрын көрмеген анықсыздығын көрсету;

  • ЦБР интерфейсінің ұйымдастыру сапалылығын бағалау, білім алушының жұмыс кезеңінде туындаған қиындықтарын көрсету;

  • тестілік тапсырмаларды орындаудың, қолданылуының іске асырылу нәтижелерін жинақтау.

Цифрлық білім ресурстары келесідей мазмұнды талаптарды қанағаттандыруы тиіс: 

  • нақты оқулықтың құрылымы мен мазмұнының сәйкестігі;

  • жаңа оқыту сапасын қамту, заманауи оқу формаларына бағытталу, жоғары интербелсенділік, білім алушылардың өзіндік оқуының күші;

  • оқытудың дифференциалды және индивидуалды деңгейлерінің мүмкіншіліктерін қамту (бұл пәндік қабілет пен білім деңгейіне қатысты, сондай-ақ интеллектуалды және жалпы қабілет);

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, психологиялық-педагогикалық және оқушылардың тәжірибелік мәдени негізгі сипаттары;

  • ақпараттық жұмыстарға бағытталған түрлі формадағы (кескін, кестелер, түрлі жанрдағы құрамдас және түпнұсқа мәтіндер, видеотізбектер және т.б.) материалдардан тұрады;

  • стандартсыз шешу тәсілдеріне бағытталған тапсырмалардың жиынтығынан тұрады (диагностикалық сипатта және оқытуда);

  • білім алушының өмірлік мәселелерін шешудегі (сонымен қатар тұрмыстық) оқу қызметтерінің түрлерін ұсыну, берілген пәндік аймақты жетілдіру;

  • пәндерді сыныптар мен тақырыптарға, пәндерге бөлудің оқыту

кезеңінің модульдік құрылымын жоспарлау түрлерін қамту.
2. Барлық білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары сапалы болу керек. Осыған қарамастан, сапа ұғымын міндетті түрде жіктелуді қажет етеді. Сапалы деп атану үшін, білім беруді ақпараттандыру құралдары қандай талаптарға сай келуін нақты анықтау қажет. Осындай талаптарды анықтау осы немесе басқа нақты білім беру электрондық басылымы немесе ресурсының сапа деңгейін анықтау бойынша сарапшылардың және қатардағы оқытушылардың мәселесін айтарлықтай жеңілдетеді.
Басылымдар мен ресурстардың өздері сияқты, оларға қойылатын талаптарды бірнеше белгілер бойынша топтауға болады. Атап айтқанда, барлық талаптарды екі негізгі топқа бөлуге болады: барлық білім беру электрондық басылымдарға шектеусіз қатысты білім беру деңгейіне инвариантты талаптар және жалпы орта, жоғары кәсіби және қосымша білім, сонымен қатар мүмкіншіліктері шектеулі адамдарды оқыту ақпараттандыру құралдарына қойылатын арнайы талаптар.
Бәрінен бұрын, білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар сияқты дәстүрлі оқу басылымдарына қойылатын стандартты дидактикалық талаптарға сәйкес болу керек. Дидактикалық талаптар оқытудың арнайы заңдылықтарына және тиісті түрде оқытудың дидактикалық қағидаларына сәйкес келеді. Ары қарай бірінші топтың талаптарына жататын білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарына қойылатын дәстүрлі дидактикалық талаптар қарастырылған.
Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, ғылымилықты қамтамасыз ету талабы электрондық оқыту құралдарының (ЭОҚ) соңғы ғылыми жетістіктерін ескере отырып ұсынған оқу материалының жеткілікті тереңділігін, әдептілігін және мазмұнының ғылыми дұрыстылығын білдіреді. Білім беру жүйесінің қажеттіліктеріне сәйкес, оқу материалын ЭОҚ көмегімен игеру ғылыми танудың негізгі әдістерін ескере отырып құрылу керек: сараптау, салыстыру, бақылау, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, ұқсастық, индукция және дедукция, талдау және синтез, өңдеу және жүйел талдау.
Электрондық оқыту құралдарын пайдалана отырып, оқытудың қол жетімділігін қамтамасыз ету талабы білім алушылардың жасы мен жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқу материалының теориялық қыиндылығының деңгейін және зерттеу тереңділігін анықтау қажеттілігін білдіреді.
Оқу материалының тым қиын болуына және аса күрделі болуына жол берілмейді, осы кезде осы материалды игеру оқушы үшін мүмкін емес.
Оқытудың мәселелігін қамтамасыз ету талабы оқу танымдық әрекеттің мағынасы және сипатымен шартталады. Білім алушы шешуді қажет ететін оқулық мәселемен кездескен кезде, оның ойлау қабілеті белсенді бола бастайды. Осы дидактикалық талапты электрондық оқыту құралдары арқылы орындалу деңгейі дәстүрлі оқулықтар мен нұсқауларды пайдаланумен салыстырғанда, айтарлықтай жоғары болуы мүмкін.
Оқытудың көрнекіліктігін қамтамасыз ету талабы зерттеліп отырған нысандардың, олардың макеттерінің немесе модельдерінің сезімдік түсінуін және білім алушылардың жеке бақылауын есепке алу қажеттілігін білдіреді. Электрондық оқыту құралдарын пайдалану кезінде көрнекілікті қамтамасыз ету талабы жаңа, жоғары деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Виртуалды шындық жүйесін тарату жақын болашақта оқытудың көрнекіліктері туралы ғана емес, полисенсорлығы да туралы айтуға мүмкіндік береді.
Оқытудың саналығын, білім алушының өз еркімен және белсенді әрекет етуін қамтамасыз ету талабы оқу әрекетінің қорытынды мақсаттары мен мәселелерін нақты түсіне отырып, оқу ақпаратты алу бойынша білім алушылардың өз еркімен жасаған әрекеттерін білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының құралдарымен қамтамасыз етуді ұйғарады.
Осы кезде білім алушы үшін құрылған болып оның оқу әрекеті бағытталған мазмұны табылады. Білім берудің электрондық басылымдары және ресурстарымен жұмыс жасау мен пайдалану негізінде әрекеттік тәсіл болу керек. Сондықтан тиісті басылымдар мен ресурстарда білім алушы әрекетінің нақты моделі көріну керек. Оның әрекетінің дәлелдері оқу материалының мазмұнына сәйкес болу тиіс. Оқытудың белсенділігін жоғарлату үшін білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының қосалқы жүйелер оқу жағдайларын білдіру керек, сұрақтарды қалыптастыру керек, білім алушыға оқудың осы немесе басқа траекториясын таңдау мүмкіндігін ұсынып, оқиғалар барысын басқару мүмкіндігін беру керек.
Электрондық оқыту құралдарын пайдалану кезінде оқытудың жүйелігі мен кезектілігін қамтамасыз ету талабы білім алушылар оқылып отырған пәндік салада білімдердің белгілі жүйесін кезекті түрде игеру қажеттілігін қамтамасыз етуді, білімдер, ептілік пен дағдылар белгілі жүйеде, логикалық негізделген түрде қалыптасуын қамтамасыз етуді білдіреді. Ол үшін қажет:
- оқу материалын жүйелі және құрылыстырылған түрде ұсыну,
оқу ақпараттың әр бөлігін қалыптастыру және ұсыну кезінде қалыптасатын білімдердің, ептіліктер мен дағдылардың ретроспективаларын, сонымен қатар перспективаларын есепке алу;
- зерттеліп отырған материалдың пәнаралық байланыстарын есепке алу;
- оқу материалын және оқытатын әсерлерді берудің дидактикалық негізделген кезектілігі;
- оқыту логикасымен анықталған кезектілікте білім алу үдерісін ұйымдастыру;
- мысалдарды, мазмұнды сәттерді құру, тәжірибелік сипаттағы тапсырмаларды, сараптамаларды, түрлі үдерістер мен құбылыстардың модельдерін ұсыну арқылы электрондық оқыту құралдарын ұсынған ақпаратпен байланысты қамтамасыз ету.
Бақылайтын - өлшейтін электрондық оқыту құралдарының және олардың құрылыстарының мазмұнды және функционалдық анықтығын қамтамасыз ету талабы. Оқу жүйесінің қажеттіліктер осындай электрондық оқыту құралдарына бақылайтын-өлшейтін материал оқу материалының мазмұнына (мазмұнды анықтығы) және білім алушылар әрекетінің бағаланып отырған деңгейіне (функционалдық анықтығы) сәйкес келуін қамтамасыз ету талаптарын жүктейді.
Бақылайтын-өлшейтін электрондық оқыту құралдарының және олардың құрылыстарын пайдалану кезінде сенімділікті қамтамасыз ету талабы электрондық оқыту құралдарын пайдалана отырып, оқу материалын игеру деңгейін дұрыс өлшеу ықтималдығы ретінде анықталады. Талап білім беру жүйесінің көп мәртелі өлшеу қорытындыларының тұрақтылығын қамтамасыз ету немесе бір білім алушының оқыту қорытындыларын қадағалауды қамтамасыз етуге негізделеді.
Электрондық оқыту құралдарына, сондай-ақ, білім беру сипаттағы дәстүрлі басылымдарға да қойылатын дәстүрлі дидактикалық талаптардан басқа, оқытудың ақпараттандыру құралдарына электрондық оқыту құралдарын құру және жұмыс жасауында қазіргі заманғы ақпараттық және телеқатынастық технологиялардың артықшылықтарын пайдаланумен шартталған арнайыландырылған дидактикалық талаптар қойылады.
Дағдылану талабы электрондық оқыту құралдарын білім алушының жеке мүмкіншіліктеріне икемделуін ұйғарады. Талап электрондық оқыту құралдарын пайдалана отырып оқыту үдерісін білім алушының білімдері мен ептіліктерінің деңгейіне, психологиялық ерекшеліктеріне дағдылануды, үйренуді білдіреді.
Электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану кезінде электрондық оқыту құралдарына дағдыланудың үш деңгейін ажырата білу керек. Дағдыланудың бірінші деңгейі болып, білім алушы өзіне лайықты жеке материалды оқу темпін таңдау мүмкіндігі саналады. Дағдыланудың екінші деңгейі білім алушының жағдайының диагностикасын қарастырады, оның қорытындылары негізінде оқыту мазмұны мен әдістемесі ұсынылады. Дағдыланудың үшінші деңгейі ашық тәсілге негізделеді, ол мүмкін болатын пайдаланушылардың жіктелуін қарастырмайды және электрондық оқыту құралдарының авторлары оны пайдаланудың көп нұсқасын және білім алушылардың санына қарай әзірлеуге ұмтылып отыр.
Оқудың интербелсенділігінің талабы дегеніміз, оқу үдерісінде оқушының электрондық оқыту құралдарын екі тарапты өзара жұмыс жасай алуын білдіреді. Электрондық оқыту құралдары диалогты және қайта байланысты қамтамасыз ету керек. Диалогты ұйымдастырудың маңызды құрастырушы бөлігі болып электрондық оқыту құралдарын білім алушылар мен оқытушылардың ісіне деген міндетті теңбе-тең реакциясы табылады. Кері байланыс құралдары бақылауды жүзеге асырады және білім алушының іс-әрекетін реттейді, ары қарай жұмыс бойынша ұсыныстар жасайды, анықтамалық және түсіндіретін ақпаратқа деген тұрақты қол жеткізуді жүзеге асырады. Оқу жұмысының қорытындылары бойынша қателер диагностикасы кезінде кері байланыс құралдары білім деңгейін жоғарлату жөнінде нұсқаулармен бірге жұмыс талдауының қорытындыларын да береді.
Интербелсенділікті және кері байланысты нақтырақ қарастыру керек, өйткені интербелсенділік және кері байланыстың болуы көптеген электрондық оқыту құралдарынан ерекше айырмашылығы болып табылады.
"Оқытушы – ЭОҚ - білім алушы" үштігінде кері байланысты екі негізгі түрге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Ішкі кері байланыс электрондық оқыту құралдарын білім алушыға ол жаттығуларды орындау кезіндегі істер не жауап ретінде түсетін ақпаратты білдіреді. Осындай байланыс оқу әрекетін білім алушы өзі түзету үшін арналған. Ішкі кері байланыс білім алушыға оқу әрекетінің табыстылығы немесе қателіктігі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ол білім алушыны рефлексияға оятады, ары қарай істерге деген ынта болып табылады, оқу әрекетінің қорытындыларын бағалауға және реттестіруге көмектеседі.
Ішкі кері байланыс кеңес беруші және қорытынды бола алады. Кеңес беру ретінде көмек, түсіндіру, еске түсіру, итермелеу және т.б. болуы мүмкін. Қорытынды кері байланыс, сондай-ақ, әр түрлі болуы мүмкін: білім алушыға шешілген мәселенің дұрыстығы туралы ақпаратты хабарлаудан бастап дұрыс қорытындыны немесе әрекет әдісін көрсетуге дейін.
Сыртқы кері байланыстың ақпараты компьютер техниканы және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып, оқытуды жүргізетін оқытушыға түседі, және онымен білім алушының әрекетін, сонымен қатар электрондық оқыту құралдарының жұмыс жасау режимін реттеу үшін пайдаланады. Электрондық оқыту құралдарына қойылатын талаптарды қарастыруды жалғастырайық. Электрондық оқыту құралдары екі тарапты өзара жұмыс жасау орын алуын білдіреді.
Электрондық оқыту құралдарымен жұмыс жасау кезінде білім алушының зияткерлік әлеуетінің дамуын талап ету талабы электрондық оқыту құралдарымен жұмыс кезінде білім беру жүйесінің оның ойлау стильдерінің (алгоритмикалық көрнекілік-образдық, теориялық қалыптасуына деген қажеттіліктеріне, күрделі жағдайда лайықты шешім қабылдау ептілігі немесе күрделі жағдайда нұсқалық шешімдерде, ақпаратты өңдеу бойынша дағдыларға (деректерді өңдеу жүйесін, ақпараттық-іздеу деректердің, дерек көздерді және т.б. пайдалану негізінде жауап береді.
Электрондық оқыту құралдарында оқу материалын ұсынудың жүйелігі мен құрылымдық-фунционалдық байланыстығының талабы. Осы талапты атауы өзі туралы айтып отыр.
Бақылайтын-өлшейтін оқулық электрондық оқыту құралдарында тапсырмалардың қалыптастырылғаны мен бірегейлігін қамтамасыз ету талабы. Осы талапқа сәйкес, оқушыға қойылатын талаптар өлшеулер немесе бақылаулар басталғанға дейін толығымен болмау керек, білім алушы электрондық оқыту құралдарымен жұмыс жасап отырғанда кездейсоқ пайда болу керек. Осы кезде, түрлі оқытшылар алған тапсырмалар түрлі болу керек, бұл педагогикалық өлшеулердің нақтылығы мен барабарлығын қамтамасыз етудегі білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келеді.
Электрондық оқыту құралдарын пайдалана отырып, оқытудың дидактикалық циклының толықтығын (тұтастығын) және үзіліссіздігін қамтамасыз ету талабы электрондық оқыту құралдары ақпараттық және телеқатынас техникасымен жұмыс жасау сеансының бір сеансы шектерінде дидактикалық циклдың барлық буындарының орындалу мүмкіндігін ұсыну керек дегенді білдіреді.
Дидактикалық талаптармен әдістемелік талаптар тығыз байланысты. Білім беру электронды басылымдар мен ресурстарға деген әдістемелік талаптар оның ақпараттандырылуына ақпараттық технологиялар құралдарды әзірлеу және пайдалану бағытталған, тиісті ғылымның мазмұны ерекшеліктер, оның ұғымдық аппараты, оның заңдылықтарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің қазіргі заманғы технологияларының мүмкіншіліктеріне бағытталған нақты оқу пәнінің арнайы ерекшеліктерін ескеруді ұйғарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет