Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»



бет26/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Осыған байланысты білім беру электронды басылымдар мен ресурстар төмендегі әдістемелік талаптарға сәйкес келу керек:
1. Нақты техникалық жүйелердің және құрылғылардың көпшілігіне және олардың жұмыс жасау күрделілігіне байланысты оқу материалын ұсыну оқытудың ақпараттандырылған құралының көмегімен білім алушылардың ойлау қабілеттерінің ұғымдық, образдық және әрекеттің компоненттерінің өзара байланыстығы мен өзара әрекеттігінде құрылу керек.
2. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары оның әр деңгей абстракцияның белгілі пән ішіндегі деңгейіне сәйкес келетін көп деңгейлі иерархиялық құрылым ретінде білім беру саласының ғылыми ұғымдары жүйесінің кескінін қамтамасыз ету керек, сонымен қатар осы ұғымдардың бір деңгейлік, сонымен қатар деңгей аралық логикалық өзара байланыстарының есеюін қамтамасыз ету керек.
3. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары алгоритмдік және эвристикалық әрекеттерді жүзеге асыру үшін жеткілікті игеру деңгейде білім алушылар білімінің пән ішіндегі абстракция деңгейін кезеңді түрде жоғарлату үшін білім алушыға түрлі бақыланатын жаттығу әрекеттер мүмкіншілігін ұсыну тиіс.
Оқытуды ақпараттандырудың құралдарын әзірлеу және пайдалануға қойылатын дидактикалық талаптарды ескере отырып, оқулық электрондық басылымдар мен ресурстарды құру сапасына және пайдалану тиімділігіне әсер ететін бір қатар психологиялық талаптар анықталып отыр. Төменде көрсетілген психологиялық талаптар психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесінде талаптар қатарына енгізіліп отыр.
1. Білім берудің электрондық басылымында немесе ресурсында оқу материалын ұсыну тек вербалдық-логикалық емес, сонымен қатар когнитивтік үдерісінің сенсорлық-перцептивтік және ұсыну деңгейлеріне сәйкес келуі тиіс. Оқытуды ақпараттандыру құралы келесі танымдық психологиялық процестердің ерекшеліктерін ескере отырып, құрылуы керек:
-қабылдау (көбінесе, көзбен көру, сонымен қатар есту, сезу),
назарды аулау (оның тұрақтылығы, шоғырлануы, бір нәрседен екіншіге аудару, бөлісуі және назары);
-ойлау қабілеті (теориялық ұғымдық, теориялық образдық, тәжірибелік көрнекілік-образдық, тәжірибелік - әрекеттік);
-есте сақтау (бір сәттік, қысқа мерзімдік, жедел, ұзақ мерзімді , қысқа мерзімдік есте сақтауда ақпаратты алмастыру) елестету.
2. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын мазмұнды толтыру нақты жас контингентінің тезаурусына және лингвистикалық композициясына және білім алушылар дайындығына бағытталуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, оқытудың ақпараттандыру құралдары білім алушының білім жүйесін ескере отырып және оның тілін біле отырып құрастырылу керек. Оқу материалын талқылау білім алушылардың нақты жастағы контингентіне түсінікті болу керек, бірақ өте қарапайым болмау керек, өйткені бұл назардың төмендеуіне апарады.
3. Оқытуды ақпараттандыру құралдарын құру және пайдалану білім алушылардың образдық, сонымен қатар логикалық ойлау қабілетіне бағытталуы керек.
2.Техника-технологиялықтарға талаптардың көптеген санын жатқызуға болады. Осы нұсқаулық аясында негізгі техникалық және технологиялық келесі талаптарды көрсетуге болады:
1. Нақты білім беру саласында пайдаланып отырған оқулық электрондық басылымдар мен ресурстардың жұмыс жасауының әдептілігі;
2. Оқулық электрондық басылымдар мен ресурстардың телеқатынас салаларында (атап айтқанда, Интернет желісінде) жұмыс жасауының әдептілігі;
3. Локальдық (компакт-дисклерде, басқа сыртқы ақпаратты жеткіз-ушілерде) және желістік режимде жұмыс жасауы;
4. Мультимедиа және телеқатынас технологияларын көбінше пайдалануы;
5. Сенімділігі мен тұрақты жұмыс қабілеті;
6. Гетерогенділігі (түрлі компьютерлік және басқа оларға ұқсас құралдарда тұрақты жұмысы);
7. Кемшіліктерге деген ұстамдылығы;
8. Пайдаланушылардың заңсыз әрекеттерінен қорғаудың болуы;
9. Ресурстарды тиімді және дәлелді пайдалануы;
10. Тестілеу;
11. Қарапайымдылығы, сенімділігі және инсталяция және деинсталяция
12. Толықтығы.
Түрлі білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарына қатысты, оларды тарату технологиясына байланысты, арнайы технологиялық талаптар пайдалануы мүмкін. Жергілікті оқулық электрондық басылымдар мен ресурстарға қойылатын технологиялық талаптар:
- түрлі электрондық жеткізушілерді пайдалану мүмкіншілігін қамтамасыз ету;
- электрондық және қағаз жеткізушілерді үйлестіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- желілік оқулық электрондық басылымдар мен ресурстарға қойылатын технологиялық талаптар:
-жергілікті және желілік режимдерде жұмыс жасау мүмкіншілігін қамтамасыз ету;
-"клиент-сервер" компьютерлік желілік архитектураға бағытталу, оқыту үрдісінің (администрирования) әкімшілендіру құралдарының (жеткізуді басқару, тіркеу, бақылау, оқыту қорытындыларының статистикалық талдау құралдарының болуы) және жалпы ақпараттық біріккен және үндестірілген базалардың болуы;
-ұжымдық жұмысты ұйымдастырудың қосалқы жүйелерінің болуы (оқытушылармен және басқа оқушылармен кері байланыстың болуы);
-платформалық және бағдарламалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.
Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарына қойылатын эргономикалық талаптар да жеке нұсқаулардың қарастыру нысаны болу керек. Негізгі эргономикалық және олармен байланысты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарап құрылатын, оқуға деген ынта деңгейін жоғарлауын қамтамасыз ететін, ақпараттың суретіне және оқулық электрондық басылымдар мен ресурстардың жұмыс режимдеріне қатысты талаптарды атап өту керек. Негізгі эргономикалық талап болып оқу үдерісін ақпараттандыру кезінде білім алушыға деген гуманды (адамгершілік) қатынасты қамтамасыз ету болып табылады, бұл келесіні білдіреді:

  • білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарында достық интерфейсті ұйымдастыруды;

  • оқушы қажетті анықтамаларды, көмекті және әдістемелік нұсқауларды пайдалану мүмкіншілігін қамтамасыз ету;

  • жұмыс кезектілігін және екпінін таңдау мүмкіншілігін қамтамасыз ету.

Жоғарыда көрсетіген талаптарды орындау пайдаланып отырған білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары білім алушының психикасына теріс әсер етуінен сақтайды, электрондық оқыту құралдарын пайдалана отырып, өткізілген сабақтар кезінде жағымды атмосфераны құруға мүмкіншілік береді .
Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары жасау мен пайдалануға қойылатын денсаулық сақтау сипаттағы талаптар компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың гигиеналық талаптарына, санитарлық нормаларына және жұмыс ережелеріне сәйкес келеді. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын талдау үшін білім алушылардың жеке компьютермен жұмыс жасау кезіндегі еңбек және демалыс режиміне деген талаптар өте маңызды. Білім беруді ақпараттандырудың пайдаланған құралдары олар компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың санитарлық нормаларынан аспауы керек.
Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының құжаттарын рәсімдеуге қойылатын талаптар қызмет көрсетуші қызметкерлерге, оқытушылар мен білім алушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар мен ережелердің сауатты және толық рәсімделу қажеттілігін негіздейді:
1. Білім беруді ақпараттандыру құралдарын құру және пайдалану әзірлеушілер мен тапсырыс берушілер және пайдаланушылар арасында интерфейсті қамтамасыз ету үшін, және ақпараттандыру құралдары компоненттерінің функцияларын игеру және жетілдіру мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін тиісті құжаттандырумен қамтамасыз етуі керек.
2. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының құжаттары толық және нақты электронды басылымдар мен ресурстарға сәйкес келу керек.
3. Құжаттама білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын пайдалану кезінде педагогикалық тиімділіктің төмендемеуін қамтамасыз ету керек.
4. Құжаттама білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының шоғырлануына, үйлестірілуіне, ұтымдылығына және компоненттерін қайта пайдалануға ықпалын жасау керек.
Екінші топтағы білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарына қойылатын талаптар (оқу үдерісінің түрі мен деңгейіне байланысты арнайы талаптар) жалпыға жарамды емес және ақпараттандыру құралдарының жеке түрлеріне ғана таратылады.
Өмір әрекетінің мүмкіншіліктері шектелген адамдарды оқыту үдерістерін ақпараттандыру құралдары төмендегі талаптарды қанағаттандыру тиіс.
1. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын құру, жұмыс жасау және қолдану спецификасы өмір әрекетінің мүмкіншіліктері шектелген тұлғалар компьютерлік және телеқатынастық техникаға кәсіби және білім беру әрекетінің аспабы ретінде қол жеткізу не ықпалын тигізу керек.
2. Оқытуды ақпараттандырудың технологияларының арнайы құралдарын құру кезінде ұқсас құралдар мен технологиялардың пайдаланушылары болып табылатын мүмкіншіліктері шектелген тұлғалардың жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтайтын ең басты көрсеткіштерінің топтары анықталу және есептелуі тиіс.
3.Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары оларға деген қол жеткізу қиындалған немесе өмір әрекеті шектелуі не байланысты мүмкін емес жағдайда, оқытудың қарқынды зияткерлік және ақпараттық технологияларын тиімді пайдалану мүмкіншілігін ұсыну керек.
4. Мүмкіншіліктері шектелген тұлғалардың білімін ақпараттандыруға арналған құралдар үздіксіз көп деңгейлі шоғырландырылған білімнің тұжырымдамасына сәйкес келуі тиіс.
5. Ұқсас құралдар білім беру және қалпына келтіру технологияларды үйлестіруге және өзара толықтау тиіс, білім беру және қалпына келтіру технологиялардың бірлігін қамтамасыз ету тиіс.
6. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары өмір әрекетінің шектеулерінің мүмкін болатын толық түзету не және өтеу не бағытталу керек.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1.Цифрлық білім беру ресурстарын жасауға қойылатын талаптарды санамалап көрсетіңіз.
2. Барлық білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарына сипаттама беріңіз
3. Ақпараттандыру құралдарына қойылатын арнайы талаптарды нақты мысалдармен дәлелдеңіз.

1

№ 9
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет