Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»



бет4/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
3. Курстың академиялық мазмұны
Пәннің мақсаты - жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар туралы мемлекеттік-нормативтік құжаттары, оқыту үдерісінде цифрлы технологияларды пайдаланудың әдістемесі туралы жүйелі білім беру. Докторанттардың өзіндік жұмыстары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында заманауи цифрлық технологияларды мақсатқа сай шығармашылық тұрғыда шешудегі дайындығын және түйінді құзыреттілігін қалыптастыру.
«Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар» түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
- ақпараттық қоғамда жоғары білім беруді ақпараттандырудың рөлі мен орыны жайлы;
- жоғары білім беруді ақпараттандыру үдерісінде цифрлық технологиялар туралы білімі мен жүйелі түсінігін қалыптастыру;
- цифрлық білім беру ресурстарын білім контенттерін жасауда докторанттардың өзіндік жұмысары мен ғылыми-педагогикалық жұмысқа қызығушылығын цифрлы технологияларды нақты қолдану арқылы дамыту;
- оқыту үдерісінде цирлы технологияларды қолданудың механизмін меңгерту;
- жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісіндегі цирлы технологияларды пайдаланудың әдістемелік негіздері туралы түсінігін қалыптастыру;
- оқыту үдерісінде цирлы технологияларды қолдануда өздігімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеу жұмысында білім, біліктілігін қолдануын дамыту.
- білімді ақпараттандыру мен цифрландырудың қалыптасып келе жатқан тілін, оның құралдарын пайдалану білімін, оқыту үдерісінде цирлы технологияларды қолдана отырып, кәсіби педагогикалық міндеттерді шешу білу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет