Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»


Оқытушылардың жобалау практикасын қолдау құралы ретіндегі оқу дизайны



бет40/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Оқытушылардың жобалау практикасын қолдау құралы ретіндегі оқу дизайны
1. Оқу дизайндарының жоғары оқу орны оқытушыларын қолдаудағы рөлі
2. Оқытушылардың жобалау практикасын қолдау құралы ретіндегі оқу дизайны

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Жоғары білім беру саласын жаһандандыру ісінде университет оқытушыларының алдында тұрған міндет – жаңа педагогикалық әдістер мен технологияларды оңтайлы біріктіре отырып, білім алушыларды оқытуды тиімді ете түсу. Оқытудың сапасы мен білім беру тәжірибесі білім алушыларды заманауи қоғам өміріне толыққанды атсалысу үшін қажетті үздіксіз оқу дағдыларымен қаруландырудағы аса маңызды өлшемдер саналады. Білім беруде білім алушыларды оқытудағы дизайндау тәжірибелерін игеруде университет оқытушыларын қолдауға бағытталган ғылыми жұмыстардың маңызды даму саласы ретінде танылып отыр. Осы бағыттағы зерттеулердің дәл осы аймағындағы шешуші проблема – тиімді үлгілерді оқытушы-практиктер тез түсініп, қайтадан жеңіл қолдана алатындай етіп, бір қалыпқа келтіру. Мұның өзі оқытушылардың «оқу жобасы» терминін тәжірибе алмасу мен жаңа әдісті қолдануды жеңілдету үшін сабақ беру мен оқытудағы құжаттарды рәсімдеудің түрлі тәсілдеріне қатысты да қолдануына алып келді.
Мұның барлығы университет оқытушыларын дизайндаудың білімдік идея- ларын құжаттық рәсімдеуге, модельдеуте, іске асыруға, алмасуға әрі бейімдеуге және олардың алдыңғы қатарлы тәжірибесіне сүйенуге мүмкіндік беретін репо- зиторийлер жасақтауға мәжбүрлейді. Австралиялық жоғары білім беру саласын- дағы алғашқы ірі масштабты жобаның бірі – осы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) және олардың оқу дизайндарындағы өз формасы мен әдістерін тез өзгерте алатын рөлі, 2000 жылы Австралия университеті оқытушылар құрамының тапсырысымен жасалған. Бұл жоба білім беруде АКТ-ны қолдану арқылы жоғары сападағы үлгілерді іздестіру, бағалау, рәсімдеу және таратуды қарастырды. Әрі қарай «оқу дизайндары» деп аталатын жобаның нәтижесі – оқу дизайндары деп аталатын контексте талданған мысалдар мен жалпы жетекшілік үлгілері сақталады. Бұл оқу дизайндары графиканың көмегімен сипатталған, бірізді оқу іс-шараларын, білім беру тәжірибесін (бұдан әрі қарай оқу дизайнының визуалды бірізділігі қолдау мен оның ресурстарын және сипаттамалық мәтінді қамтитын зерггеу бірліктері еді. Мәтіндік сипаттама - нәтижелік тізімдеме мен дизайнның бөлшектерін, нақты міндеттерді, ресурстар мен қолдауды қамтамасыз етіп, бұл дизайнды қолданудың маңызын айта отырып, педагогика саласында жұмыс істейтін және кез келген бағалау процедурасын жүргізетін зерттеушілердің көзқарасы түрғысынан рефлексиялы түсіндірме жасайды.
Осы тақырыпта 2007 жылы Австралия ғылыми-зерттеу кеңесі қаржыландыратын бұдан да ірі зерттеулер басталды. Олардың мақсаты – оқу дизайндары туралы әдебиеттердегі жетіспей тұрған элементтерді зерттеу, нақтылап айтқанда: оқытушылар дизайндарды шын мәнінде қалай құрастырады; инновацияны қаншалықты еркін қолдана алады, сондай-ақ оқытушыларға олардың дизайндау жұмыстарында бағыт керсететін практикалық икемді құралдар мен тіректердің жоқтығы т.б. Ал. өз кезегінде, зерттеу сұрағына жауап береді: оқу дизайндары оқытудың сапалы тәжірибесін жасақтауда университет оқытушыларына қалай көмектесетінін айқындау болды. Зерттеу үш кезеңнен тұрды. Зерттеудің бірінші кезеңі оқытушылардың дизайндаудағы қолдау құралдарының рөлі негізіндегі оқыту тәжірибесін жинақтап, зерттеуге арналды. Дизайндаудың тұғырлары мен құралдарын зерттеуге кеткен уақытта, университет ұстаздарын оқыту тұжырымдамасындағы зерттеулердің ауқымды көлемі мен айтарлықтай қаржыландырылуына қарамастан, оқытушылардың шын мәнінде дизайнды қалай іске асыратыны туралы мәліметтер өте аз болған. Зерттеуге Австралия университетінің отыз оқытушысы ауқымды үш пәндік саладан таңдап алынды: ғылыми, кәсіби және өнер бағыттары. Қатысушылар өздерінің дизайндау саласындағы тәжірибелері туралы сауалнамаға қатысты. Жартылай өкілетті комиссия мүшелері оқытушылар жұмыс істеген контекстер, олардың оқыту мен сабақ берудегі тұжырымдамалары, пәндік базалары, дизайнды алғаш құрудағы және білім алушыларға бұрын берілген дизайнды қайталап қарастырудағы тәжірибесі, қолданған шешуші ықпалдары мен тіректері туралы сүрақтар қойды. Зерттеудің бұл кезеңінің негізгі нәтижелері төменде берілген. Австралия университетінің оқытушылары жобалау тұрғысынан қарағанда жоғары автономия деңгейін көрсете алады, мұның өзі оларда оқу дизайндарын көп қайтара қолдану мүмкіндігі болады дегенді білдіреді. Атап айтқанда, тыңдаушылардың 40 пайызы жасақталған оқу бағдарламалары болмаған жағдайда сабақ берді де, бұл оларға оқу бірліктерін өз таңдауы мен білім алушы қажеттіліктеріне сәйкес еркін дизайн құруға мүмкіндік берілді. Қатысушылардың 60 пайызы орындалуы үшін алдын ала белгіленген, оқытудың анықталған нәтижелері, қажетті білім беру мазмұны сынды бағыттаушы принциптері бар тұрақтанған оқу бағдарламалары шеңберінде сабақ берді. Дегенмен, бұл оқытушылардың басым бөлігі осы құрылым аясында да өздерінің дизайн қалай құрылуы қажет деген шешім қабылдауда еркін екенін анықтады. Екі оқытушыдан басқа қатысушылардың барлығы дизайндаудағы шешімдеріне институттық құрылымдардың белгілі бір деңгейде ықпал ететінін айтты. Атап айтқанда, жоспарлау үдерістері оқу дизайндарына ірі өзгерістердің қаншалықты жиі енгізілетінін айқындап, бағалау саласындағы саясат стратегиясының түрлеріне қатысты көптеген багыттаушы принциптерге, яғни «оқыту мен сабақ берудің қандай шарттары бар және жоғары сапалы оқу дизайндарының кезеңдерін талдау.
1 -кезең: Практиктердің дизайндарындағы алғашқы талдау процедуралар және іс-әрекет түрлері. Қолда бар стандарттар мен технологияларды талдау
2-кезең: дизайндау - даму- бағалау циклі. Қолдау мен құралдар дизайнының принциптері. Онлайн-қолдау концепциясы мен құралдар түрін мақұлдау
3-кезең: соңғы талдау
Дизайндау принциптерін қолдау құрылымы мен практикада қолдану үшін жетілдіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет