ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «КӘсіптік педагогика және психология негіздері»


Психология салаларын жіктеудің негізгі приципі – психикалық іс-әрекетте даму принципі



бет3/5
Дата28.06.2017
өлшемі0,79 Mb.
#20355
1   2   3   4   5

Психология салаларын жіктеудің негізгі приципі – психикалық іс-әрекетте даму принципі.

Бүгінгі күне психологиның көптеген салалары бар. Мысалы: педагогикалық психология – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашады. Салалары: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы.

Медициналық психология – дәрігер қызыметі мен сырқат адамның психологиялық мәнін зерттейді. Салалары: нейропсихология, фармопсихология, психотерапия, психопрофилактика.

Заң психологиясы – құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады. Салалары: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы психологиясы, орындаушы психологиясы.

Жас ерекшелік психологиясы – жеке адамның әртүрлі психикалық құбылыстарының онтогенезін зерттейді. Салалары: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы, герантология

Арнайы психология – дамуы қалыптан шыққан адамдар психологиясының ерекшеліктерін зерттейді. Салалары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.

Салыстырмалы психология – психикалық өмірдің филогенетикалық формаларын зерттейді.

Қазіргі кезде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекетті даму барысында байланыстыра зерттеу. Соңғы кезде психологиялық зерттеу аймағы кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттармен толығуда. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, бұрын кезікпеген эмпирикалыұ деректермен толығуда.

Психология зерттейтін құбылыстар әлемі өте үлкен. Оның ішінде күрделілігі әр деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері, процестері, яғни сезім мүшелеріне әсер етуші объектінің қарапайым белгілерінен бастап,жеке адам мотивтерінің өзіндік ерекшеліктері кіреді.
Негізгі ұғымдар: психология, психика, психикалық процестер, таным процестері, бейнелеу, психология салалары.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Психикалық құбылыстар қандай жағдайларда зерттелінеді және адамдар өмірінде қалай қолданылады.

  2. Бейнелеу процестері дегеніміз не?

  3. Психикалық процестердің жіктелінуі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері. Оқулық – А.: Алла прима, 2012

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПб., 1999

  5. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998


9-тақырып. Психологияны зерттеу әдістері.

  1. Интроспекция әдісі – алғашқы зерттеу әдісі ретінде.

  2. Психологияны зерттеудің негізгі әдістері.

  3. Психологияны зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері.

Ғылым- бұл ең бірінші зерттеу. Сондықтан ғылымның мәні – оның пәнге бағыттылығымен анықталмайды.Ол өзінің белгілі бір әдістерін де қажет етеді. Әдіс – танып білу жолы. Әдістер арқылы ғылым пән ретінде танылады. Психология басқа ғылымдар сияқты,бір емес бірнеше әдістемелердің жиынтығынан тұрады.

Жаратылыстану және нақты ғылымдар әдістерін пайдалана отырып, психологияөткен ғасырдың екінші жартысында дербес ғылым болып, жан-жақты дами бастады. Бұл уақытқа дейін психологиялық білім негізінен өзін-өзі бақылау (интроспекция. әдісі арқылы дамыды. Көп уақытқа дейін бұл әдіс негігі ғана емес, психологияның жалғыз әдісі болып келді. Ол негізінен екі тұжырымдамаға байланысты:



  1. Сана “жабық” оны сыртқы бақылаушы көре алмайды;

  2. Сана субъектінің өзіне ашыла алады (репрезентацияланады..

Бұл тұжырымдама бойынша нақты адамның өзі ғана сааны зерттей алады, басқа оны ешкім зерттей алмайды.

Интроспекция әдісінің идеологі философ Дж. Локк(1632-1704. болды. Ол Декартың танып білу мүмкіншілігі тезисін одан әрі дамытты. Локк бойынша барлық білім алудың екі қайнар көзі бар:



  1. Сыртқы дүние объектісі;

  2. Өзіміздің ақыл-ой әрекетіміз.

Сыртқы дүние объектісіне адам өзінің ішкі сезімдерін бағыттайды, соның қортындысында сыртқы затар туралы әсер алады. Ал ақыл-ой әрекеті негізінде ішкі сезім-рефлексия жасалады. Локк оны “бақылау”, адамның өзінің іс-әрекетін бағыттау деді.Ақыл-ой Локк бойынша ойлау, тану, тілек, ықыласдеп қарастырылады. Рефлексия іс-әрекеттің ерекше бағыты, сонымен бірге субъектінің кәмілеттігін көрсетеді. Психикалық процестер оның ойынша екі деңгейде өтеді. Бірінші деңгейдегі процеске ол қабылдау, ойлау, ықылас және т.б. кірсе, екінші деңгейге – бақылау немесе қабылданатын образдар мен ойлауды қайта жасау. Интроспекциялық қабілеттілік өздігінен пайда болмайды. Бұл әдісті меңгеру үшін көп жаттығу қажет. Локк материалистік позицияда бола отырып, оның іліміне параллель ассоциативті бағыт дамыды. Оның да қайнар көзі – сенсуалистік материализм болды. Бірақ, егер, бірінші принципке назарын көбірек аударса, ассоциативтік бағыттың өкілдері өздерінің ой пікірлерін екінші принципке негіздей құрды. Ассоциативтік психологияның пайда болуы Д.Юм, Д.Гартли есімдерімен байланысты. Д.Гартли(1705-1757. материалистерге өзін қарсы қойды, бірақ өзінің ассоциативтік теориясын материалистік негізде құрды. Психикалық құбылыстардың себебін вибрацияда деді. Оның ойынша жүйке жүйесі физикалық заңдылықтарға бағынады. Сондықтан оның іс-әрекет өнімінде қатаң себептер қатарын құрайды. Бұл себептер қатары барлық ағзадағы тәртіпті қамтиды: сыртқы ортаның вибрациясы, ж.ж. вибрациясы, бұлшық ет вибрациясы. Вибрация туралы ілімді Д.Юм өзінің ассоциативтік психологиясында одан әрі дамытты.

Д.Юм (1711-1776. негізгі принцип ретінде ассоциацияны енгізді. Оның ойынша , сананың күрделі формаларының пайда болуы, “мен”ұғымымен бірге “елестердің бөлшегі” өзара сыртқы (ассоциациялармен. байланыстармен бірігеді. Психика туралы мәліметті тәжірибе арқылы ғана алуға болады деді. Тәжірибе түйсік, эмоция, идея, әсерлер көшірмесі дептүсіндірді. Юм негізгі эксперименттік психологияның пайда болуына жол ашты. Интроспекция әдісі осы кезеңде ерекше қолданылды. Эксперименттік зерттеулер интроспекция арқылы зерттелінді.

Алайда, интроспекциялық әдісті кеңінен қолдану психологияның дамуына өз кедергісін тигізіп, оны дағдарысқа әкелді. Интроспекцивті психология позициясынан психика сана ға теңестірілді. Бұның негізінде сана өзіне-өзі тұйықталды, сондықтан психиканың объективті болмыс пен нақты субъекті байланысы жойылады. Психолог өзін-өзі бақылайды деген түсінік өзінің рпктикалық ұстанымын таба алмады. Сондықтан практикадапсихологияға деген қызығушылық төмендеді. Алайда сонымен қоса, психикалық ойдың дамуы да байқалды:


  • Сана элементі теориясы(В.Вундт, Э.Титченер.,

  • Сана актісі психологиясы (Ф.Брентано..

  • Сана лгі теориясы (У.Джеймс.,

  • Феноменалды алаң теорисы,

  • В.Дильтейдің суреттемелі психологиясы.

Интроспекцивті психология негізінде 1879 ж. Лейпцигте В.Вундт алғаш эксперименттік лаборатория ашты.

Қазіргі психологияда өзін-өзі бақылау қолданылады және оның өзіндік ерекшелігі бар.



Психологияны зерттеудің негізгі әдістері.

Негігі әдіс

Негізгі әдістің нұсқалары

Бақылау

Сырттан бақылау

Өзін-өзі бақылау

Еркінбақылау

Стандартизацияланған

Қосылған

Қосымша


Сауалнама

Жазбаша

Ауызша


Еркін

Стандартизацияланған



Тест

Сауалнама-тест

Тапсырма-тест

Проективті тест


Эксперимент

Табиғи

Лабораториялық



Үлгілеу

Математикалық

Логикалық

Техникалық

Кибернетикалық


Психологтар бақылауды адам психикасын танып білудің бірден бір жолы дейді . Дегенмен, 1968-1980 ж.ж. бақылауды тіптен қолданылмаған кездері де болды. Негізгі әдіс болып стандартизациялау кең қолданылды. Кейбір әдебиеттерде бақылау қосымша әдіс ретінде қабылданды. Алайда 1920-1930ж.ж. көптеген психологиялық жаңалықтар бақылау негізінде жасалды (Ш.Бюллер, В.Штерн, А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Ж.Пиаже және т.б... Жалпы бақылау ғылымға дейінгі психологияда ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, іс-әрекетерді бақылаулар арқылы берілді.

Бақылау бірінші, мақсат қоюдан басталады, одан кейін бізді қызықтырып отырған фактіден нені бақылауымыз керек, яғни бақылау пәні анықталады. Екіншіден, әдебиеттер мен бақылау объектісінің тәсілдерімен танысу. Үшіншіден, бақылау объектісін іріктеу, олар бақыланылатын құбылыстардың психикалық негізін ашып көрсетуі тиіс.

Бақылау техникасы:



  • Алдын-ала регистрациялық парақтарды даярлау;

  • Жазып алатын техникалық құралдарды тексеру;

  • Бақылауға енуі мүмкін жағдаяттарды алдын-ала ойластыру;

  • Орын әзірлеу;

  • Бақыланушының реалды өмірі мен бақылау кестесін белгілеу.

Бақылау сауалнамамен бірлікте қкарастырылады.

Ауызша сауалнама – сыналушының тәртібі мен реакциясын бақылау кезінде пайдаланылады. Сауалнаманың бұл түрі адам психикасына тереңрек үңілуіне әсерін тигізеді. Зерттеу барысының жүруіне сәйкес қойылатын сұрақтарды коррекциялауға мүмкіндік бар. Бірақ, сауалнаманың бұл түрі ұзақ мерзімді қажет етеді және жауаптың объективтілігі сыналушының жеке бас ерекшелігіне, оның тәртібіне байланысты.

Жазбаша сауалнама – қысқа мерзімде көп адамдарды қамтуға болады. Көп тараған түрі – анкета.Кемшілігі: сыналушының жауап кезіндегі реакциясын алдын алуға болмайды.

Еркін сауалнама – қойылатын сұрақтар алдыы-ала анықталмайды. Сыналушы туралы көптеген хабарлама алуға мүмкідік бар.

Психологиялық құбылыстарды сандық бағалау ХІХ ғ. ІІ-жартысында басталды. Математиканы психологияға енгізу әдістемелерді стандартизациялауға әкелді. Стандартизациялаудың негізгі мағынасы екі немесе бірнеше адамдарды салыстыру барысында психологиялық зерттеулердің қателік, кемшіліктерінің минималдылыққа жеткізу. Бұндай психологиялық әдіске тест жатады. Бұл әдіс кеңінен қолданылады. Себебі: алынған мәліметтерді нақты, сапалы түрде бір-бірімен салыстыруға, практикада қолдануға болады.

Экспериент – объективті әдіс. Зерттелінетін құбылысқа арнайы жасанды жағдаяттар әзірленеді де, сол құбылыс анықталады. Экспериенттің негізгі жетістігі зерттелінетін феноменнің себеп-салдарлық байланысы басқа феномендермен салыстырылады, ғылыми түрде құбылыстардың пайда болуы мен дамуы түсіндіріледі.

Лабораториялық экспериент зертелінетін құбылыстарды тереңірек бағалау үшін түрлі аспаптарды қолдану арқылы жасанды жағдаяттарды әзірлейді. Ал табиғи экспериент қалыпты өмір жағдайында жасалынады. Табиғи экспериентті алғаш қолдануға енгізген А.Ф.Лазурский болды.

Үлгілеу – психологиялық ғылымның келесі бір әдісі. Бұл әдісті басқа әдістерді пайдалануда қиындық келтірген кездері пайдаланған тиімді.Үлгілеу психикалық құбылыстарды зерттеу барысында ол туралы белгілі бір хабарламаны пайдалану кезінде сыналушының өзінің нақты қатысуынсынсыз да жүргізіледі.


Негізгі ұғымдар: бақылау, интроспекция, эксперимент, сауалнама, тест, үлгілеу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Зерттеу әдістерінің негізгі және қосалқы болып бөліну себебі неде?

  2. Бақылау және эксперимент әдістерінің өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері. Оқулық – А.: Алла прима, 2012

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПб., 1999

  5. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998


10- тақырып. Таным процестері. Түйсік және қабылдау процестері.

  1. Түйсік және қабылдау, олардың физиологиялық негізі.

  2. Түйсіктердің негізгі түрлері.

  3. Түйсіктердің заңдылықтары.

  4. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.

  5. Кеңістік пен уақытты қабвлдау.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын т б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді.

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнелеуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнелуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.

Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Сөйтіп, қабылдау – бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.

И.П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Анализатор уш бөліктен құралады:



    • рецептор сырттан келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырап отыратын жер;

    • миға баратын жүйке талшықтары, олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады;

    • мидағы түрлі жүйке орталықтары, олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.

Анализаторлардың мидағы ядролары тиісті аймақтарға орналасқанмен, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға да қабілетті. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды.

Түйсіктердің түрлерін үш топқа бөлуге болады.



  1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстерорецептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады.

  2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интерорецептор деп айтады.

  3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұнын рецепторы проприорецептор деп аталынады.

Түйсіктердің негізгі заңдылықтары:

    • Сезгіштік және табалдырық.

Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті абсолюттік, айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз – сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік сезгіштік түйсік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Мысалы, біреу алақанындағы салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу салмақты алты грамнан бастап сезеді. Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек.

    • Адаптация.

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді. Адаптация құбылысы сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Мысалы, жарық жерден қаранғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын тұғызады.

    • Сенсибилизация.

Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты артуының, төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылыды. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мысалы, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады.

    • Синестезия.

Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін.

    • Бір ізді бейнелер.

Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Мысалы, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса, жарықтың ізін айқын көре алады.

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері:

- Қабылдаудың тұтастығы.

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

- Қабылдаудың мағыналығы.

Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды. Қабылдауда объектінің аты сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады.

- Қабылдаудың таңдамалығы.

Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың таңдамалығы делінеді. Мұндай жағдайда объектінің назар аударылған белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз. Қабылдауда ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе фигура делінеді де, қалғандары соның фоны болады.

- Қабылдаудың константылығы.

Қабылдаудың константылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдауын айтады. Мысалы, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып қабылдана береді.

- Қабылдаудағы иллюзия.

Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде көру қабылдауында жиі кездеседі. Көру иллюзияларына контраст, перспектива, заттың жоғары жағын артық бағалау т. б. иллюзиясы жатады. Мысалы, перспектива иллюзиясы: айталық үш бағананың биіктігі бірдей, ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегесі бәрінен үлкен сияқты болып көрінеді. Мұның себебі – нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен , нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында тұрса – үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса – кішірейіп көрінеді. Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, теріс бейнелері – галлюцинациялардан ажырату қажет.

- Апперцепция.

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Уақытша апперцепция адамның әр түрлі алдануы салдарынан жаңсақ пікірлер туғызады.

Кеңістік пен уақыт – материяның өмір сүруінің негізгі формалары.

Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін қабылдау деген сөз. Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (монокулярлық көру) тереңдік жөнінде дәл мағлумат бере алмайды. Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация деп атайды. Кеңістіктегі заттарды қабылдауда көру-қозғалыс анализаторының мәні ерекше.

Уақытты қабылдау сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Уақыт – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа келіп, ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады: уақыттың ритмі – құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бір ізділігі; уақыт темпі – құбылыстардың бір ізділігінің, тездігінің не баяулығының көрсеткіші.


Негізгі ұғымдар: түйсік, анализатор, рецепторлар, қабылдау, қабылдаудың тұтастығы, мағыналылығы, иллюзия, апперцепция.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Сыртқы орта заттары мен құбылыстарын бейнелеу ерекшеліктері қандай?

  2. Түйсік және қабылдау процестерінің айырмашылығы неде?

  3. Түйсіктің физиологиялық негізін талдаңыз?

  4. Қабылдаудың формаларын атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері. Оқулық – А.: Алла прима, 2012

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПб., 1999

  5. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998


11-тақырып. Іс-әрекет психологиясы.

  1. Іс-әрекет түсінгі және онымен байланысты психологиялық факторлар.

  2. Әрекет теориясының психологиялық негізі.

  3. Іс-әрекет түрлері.

Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар жасап әрі оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт-бағдар таңдауға қабілетті, яғни белсенділік көрсете алады. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған адам қоғамындағы белсенділік өз ерекшелігіне сай айрықша көрніске ие. Бұл белсенділік көрнісі іс-әрекет деп аталады. Адам іс-әрекеті – күрделі құбылыс. Оның қыр тараптарын әртүрлі ғылымдар зерттейді: әлеуметтік мағынасын – қоғамдық ғылымдар, физиологиялық механизмдерін – физиология пәні, ал психология - іс-әрекеттің психикалық болмысын танумен шұғылданады.

Іс-әрекет жеке әрекеттерден тұрады. Әрекет- субъектінің қоршаған әлеммен динамикалық жүйе қарым-қатынасы. Кез келген қарапайым әрекет актісі – белсенділіктің негізгі формасы б.т. Кез келген әрекеттің п.б. себептері бар. Әрекетке итермелеуші күш себеп болады. Себеп – сыртқы және ішкі шарттардың бірлігі б.т. , субъектіні белгілі бір әрекетке итермелеуші белсенділік. Себеп, адамды әрекетке итермелей отыра , оны бағыттайды, яғни мақсат, міндеттерін анықтайды.

Мақсат – жетістікке жетудің саналы образы. Ол адамды әрекетке , жетістікке итермелейді. Мақсат – белгілі бір зат, құбылыс немесе арнайы әрекет болуы мүмкін. Міндет – белгілі бір жағдайға жетуге бағытталған әрекеттің мақсаты. Ол әртүрлі шарттардан өтуден тұрады. Кез келген міндет мынадай элементтерден тұрады: талап қою, жетістікке жету шарты.

С.Л.Рубинштейн бойынша, әрекет барысында адамдардың психикасы қалыптасады, дамиды. Әрекетті психологиялық зерттеудің объектісі ретінде зерттеу психиканың жаңа аспектілерін ашуға мүмкіндік береді: процесуалды аспект (психика динамикалық көзқарас тұрғысында талданады), тарихи аспект (психиканы оның негізгі даму заңдары мен заңдылықтарының даму тұрғысында), құрылыстық-функционалдық аспект (психиканың күрделі көпжақты функция тұрғысынан).

Процесуалды, тарихи, құрылыстық-функционалдық аспектілер адам әрекетінің әр түрін зерттеуде қарастырылады: ойынды - Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, оқуды - Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, В.В.Рубцов, еңбекті – С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Д.А.Ошанин, К.К.Платонов, О.А.Кнопкин.

Әрекетті талдау схемасы: әрекет көптеген компоненттерден тұратын жүйені құрастырады - әрекет, операция, мақсат, мотив. Әрекет деңгейі Х.Хекхаузеннің түсіндіруі б-ша, әрекеттің п.б. былай түсіндіреді: ол энергетикалық тұрғысынан бағытталады.

Мотивтің түрлері:


  • Жетістікке жету;

  • Сәтсіздіктен қашу;

  • өз-өзін төмендету(мазохизм);

  • аффиляция;

  • автономия;

  • біреуге табыну;

  • өзін-өзі ақтау;

  • доминатты болу;

  • демонстративтілік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет