ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «КӘсіптік педагогика және психология негіздері»



бет1/5
Дата28.06.2017
өлшемі0,79 Mb.
#20355
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.03

/03-2013


«Кәсіптік педагогика және психология негіздері» пәні бойынша

оқу-әдістемелік материалдар


Басылым №




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»

«5В021000» – «Шетел тілі» мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013


Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық жұмыс (проект)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

Педагогика- жеке адамның дамуы қалыптасуындағы тәрбие және оқыту теориясын зерттейтін ғылым саласы

Даму – сандық және сапалық өзгерістер жиынтығы

Тәрбие – қоғамдық құбылыс,адамның саналы әрекеті

Тәрбие заңдылықтары – тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар

Мақсат – субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы

Тәрбие процесі – бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі

Тәрбие формасы – тәрбие рпроцесінің сыртқы көрнісі

Әдіс – (“metodos”-грек сөзі) ақиқатқа,шындыққа,мақсатқа жетудің жолдары

Ұстаным (позиция) – ішкі наным

Дидактика – (didaktikas-оқытушы,didasko-оқушы)білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы

Оқыту процесі – білімді,біліктілік пен дағдыны меңгертетін,дамытатын іс-әрекет барасы.

Дидактикалық принциптер – оқытудың мазмұнын,ұйымдастыру түрлерін,әдістерін,оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі

Рейтинг – ағылшын тілінде “torat” –“жетістік өлшемі”деген ұғымды білдіреді

Инновация – педагогикалық процестегі жаңашылық,өзгерісті енгізу

Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі

Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы

Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы комплексті жаттығулар

Топ – қандайда бір ортақ ерекшеліктері немесе белгілеріне қарай жиналған адамдар жиынтығы

Инстинкт – ағзаның белгілі тіршілік ортасына бейімделу негізіндегі әрекет-қылықтың тума, көп өзгермейтін формасы

Интеллект – Ақыл-ой қабілеттерінң жиынтығы

Интуиция – күрделі өмірлік жағдаяттардан шығу жолдарын дұрыс шешу немесе бағыттала алу қабілеттілігі

Білім беру - Бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерілуін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек қабілеттерін детілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді.


2 ДӘРІСТЕР

1-тақырып. Педагогиканың ғылымдық мәні. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.


  1. Педагогиканың ғылымдық мәні. Оның зерттеу аймағы.

  2. Педагогиканың көрнекті өкілдері.

  3. Педагогиканың негізгі зерттейтін проблемалары.

  4. Педагогикалық теориялардың метадологиялық негіздері.

Тәрбиенің негізі ұрпақтың болашақ өмірге дайындаудан басталады. Қоғамдық құбылыс өрістеген сайын, тәрбиенің мазмұны да өзгере бастайды. Ендеше, адамзат қоғамының белгілі кезеңінде, дәлірек айтсақ, құл иеленуші дәуірдің аяғына таман тәрбие қоғамдық қызметке айналып, арнайы тәрбиелеуші мекемелер пайда болып, кәсіби мамандықтарға балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады. Біртіндеп тәрбиенің қоғамдық қызметі өрістеп, тәжірибе жинақтау, оны жүйелеу қажеттілігі туындады.

ХІІ-ғасырдың басына дейін педагогика филосфияның бір бөлігі ретінде қарастырылды. “Ғылымның қадір-қасиеті және жетілуі” деп аталатын Фрэнсис Бэконның трактаты Жариялануымен қатар, педагогика ғылыми білімдердің дербес саласы ретінде бөліне бастады. Осы ғасыр кезеңінде педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педгаогі Ян Амос Коменский (1592-1670) еңбектерінде беки түсті. Ал оның теориялық идеялары әлі күнге дейін өзінің маңызын жойған емес. “Ұлы дидактика” – балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалады. “Аналар мектебінде” адамгершілік тәрбиесіне, отбасы тәрбиесіне үлкен мән беріп, отбасы тәрбиесінің маңызын анықтайды.

Сондай- ақ, педагогика тарихында елеулі еңбегімен көрінген ғылым өкілдері: ағылшын педагогі Джон Локк (1632-1704), француз педагогі Жан Жак Руссо (1712-1781), швед педагогі Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), неміс педагогі Адольф Дистерверг.

Д.Локк тәрбиенің психологиялық негіздеріне және адамгершілік қалыптасу мәселелеріне үлкен мән берді. Баланы “таза тақтамен ” теңеді. Ж.Ж.Руссо, тәрбие баладағы тума қасиеттердің дамуына кедергі болмай, оған толық еркіндік беріп, оның қызығулары мен құмарлықтарын ескеру қажет екендігін айтты. Песталоцци педагогикада алғашқыфлардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді. А. Дистерверг өзінің идеяларын прогрестік-демократиялық бағытта өрістете отырып, балалардың оқу жұмысының белсенділігін арттыру, шәкірттердің өзіндік оқуына мән беру, халық мұғалімдерін дайындау мәселелерін көтерді.

ХҮІІІ-ғасырда германияда алғаш мұғалімдер даярлайтын арнайы оқу орындары ашылды.

Педагогика ғылымының ілгерлеуіне өз үлестерін қосқан орыс педагогтары: К.Д.Ушинский (1824-1870) ,Н.И.Пирогов(1810-1881), В.И.Водовозов(1825-1886), А.Ф. Лесгафт(1837-1909), Л.Н. Толстой(1828-1910) және т.б.

Педагогиканың шұғылданатын объектісі – жеке адамның дамуы мен оның арасында болған заңдылықтарды зерттеу және соның негізінде тәрбиелік жұмыстардың теориялық, әдістемелік проблемаларын шешу, яғни педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән мағынасын зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негізгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Олар:



  1. Жеке адамның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайында дамуы және қалыптасуының мән-мағнасы мен заңдылықтарын зерттеу;

  2. Тәрбиенің мақсатын анықтау;

  3. Тәрбиенің мазмұнын белгілеу;

  4. Тәрбие тәсілдерін зерттеу.

Педагогиканың ғылым саласы ретінде өрістеуіне себеп болатын - әдіснамалық шарттар.

Ғылым әдіснамасы бұл-табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болатын әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндермесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.

Негізінен екі әдіснамалық идея бағытының маңызы үлкен. Әдіснамалық алғы шарттарының ішінде аса маңыздыларының бірі тәрбиенің барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдарлы байланыс сипатында екендігі.

Бұнда-тәрбие қоғамның және оның даму бағытының қажетінен туындайды.

Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея – бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы “әлеуметтік” бағдарламаға сәйкес, қоғамдық ықпалдың соның ішінде тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады. Мұнда жеке тұлғаның жандүниелік белсенділігі жоққа шығарылмайды.

Бүгінгі педагогика тағылымы қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарына жүгіне отырып қоғамдық ілгерлеуге қызмет ету кажеттігін, адамды қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп тануды міндет санайды. Бұл жағдайда әрине идеалистік бағыттарды да, имандық шарттарды да өз орнымен үйлесімді пайдалану қажет.

Педагогика өзінің ғылыми қалыптасуында философия, тарих, этнография, эстетика, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың идеяларын пайдаланып жетілуде.

К.Д.Ушинский педагогикалық антропология еңбегінде былай деген: “Егер педагогика адамды әр тараптан тәрбиелегісі келсе, ол ең алдымен сол адамды жан жақты танып алу тиіс” дейді.

Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі және үнемі жетіліп отыруында. Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық тәжірибені үйрену және қорытындылау, әлеуметтік талдау, математикалық статисканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу.

Қандай да болмасын ғылым саласы өзінің мазмұны мен теориялық жүйесінің толығуына және зерттеу бағыттарына сәйкес жеке салаларға таратыла бастайды.

Өз алдына дербестік сипатқа ие болған педагогика салаларын келесідей бөлуге болады.


  1. Жалпы педагогика.

  2. Мектеп жасына дейінгі балалар педагогикасы.

  3. Мектеп педагогикасы.

  4. Судро, тифлопедагогика, олигофренопедагогика.

  5. Жеке пән әдістері.

  6. Педагогика тарихы.

Сонымен қатар, жаңа педагогика салалары да даму үстінде: мектептану, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, басқару педагогикасы, ішкі істер органдарының педагогикасы. Дербес педагогикалық пән ретінде әскери педагогика, жоғарғы мектеп педагогикасы, кәсіби техникалық білім беру педагогикасы да өзінің маңыздылығы жағынан басқа салалардан кем түспейді.

Негізгі ұғымдар: педагогика, әдістеме, философиялық бастаулар, тәрбие, әлеуметтену, педагогика салалары.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Осы заманғы педагогиканың дамуы қандай әдіснамалық шарттарға негізделеді?

  2. Педагогика жүйесіне енетін ғылыми салалардың түрі мен олардың мазмұны қандай?

  3. Педагогиканың негізін салушы ғалымда кімдер және олардың идеялары қандай болды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006


2-тақырып. Тәрбие процесі.

  1. “Тәрбие процесі” ұғымының анықтамасы.

  2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері

  3. Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы

  4. Тәрбие процесінің мазмұны


Тәрбие процесі - бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудің кірістіре жүргізілетін тұлғаны қалыптастыру, дамыту процесі.

Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстылығы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Тәрбие процесі көп қырлы. Фархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару алыпты қасиеттерімен сипатталады. Тәрбие процесі мазмұндық және процесуалдық жақтары да жеке анықталады. Оқу пәні мұғалімінің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті – бұлардың бәрі тәрбие процесі болып табылады.Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие процесі ерекше орын алады.

Тәрбие процесі – белгіленген мақсатқа бағытталған тәрбиелеушілер мен тәрбиешілер арасындағы өзара бірлескен әрекет болғандықтан, бұл процесс ең алдымен, мақсат-бағдарлы болып табылады.

Тәрбие процесі көп факторлы процесс. Алдағы көптеген объективті, субъективті фактордың әрекеттері бұл процесті өте күрделі екендігін көрсетеді. Субъективті факторлар тұлғаның ішкі қажеттіктерін білдіріп, тұлға қалыптасып, өмір сүретін объективті жағдай білдіре отырып, тәрбие міндеттерін табысты көруге қажеттеседі.Ал объект жағдай мазмұны мен бағыты ұйымдастырылған тәрбие іс-әрекетімен қаншалықты сәйкес келсе, жеке тұлғаның қалыптасуы да соншалықты табысты болуына тұлға әртүрлі жерлердің ықпалына түседі. Жағымды тәжірибе ғана емес, түзетуді қажет ететін мағынасыз тәжірибені де қамтиды. Тәрбие процестің қиындығы оның өзгермелі, динамикалық, қозғалмалы болуымен ерекшеленеді. Тәрбие процесі үшін тәрбиенің ықпал ету басталғаннан бастап соңғы нәтижелер арасының ара-қашықтығы тәрбие процесінің ұзақтылығымен айқындалады.

Тәрбие процесі - үзіліссіз процесс. Мектептік тәрбие процесі – бұл тәрбиеші мен тәрбиешінің өзара жүйесі, үздіксіз әрекеттесу процесі. Тәрбие – тұрақты әдетке айналғанда ғана нәтижеге жетуге болады.

Тәрбие процесі – комплекстік процесс. Тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны, формалары және әдістерінің бірлігін, яғни бір уақытта өзара әрекеттесуі комплекстік процесс д.а.

Тәрбие процесі - аймақты сипатымен ерекшеленеді. Олар: тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиешілеуге қарай (кері байланыс).

Тәрбие процесі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті, өз кезінде, өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Сондықтан, қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы, әрқилы жүйе мен құрылымы біртұтас түзуге байланысты.Қазіргі теориялық педагогикада тәрбие процесінің талаптары мен құралған келесі жүйелер белгілі:



    • тәрбие міндеті;

    • теория процесінің міндеті;

    • теория процесінің мазмұны;

    • процестің өту жағдайлары;

    • тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы;

    • тәрбие іс-әрекеттерінің қолданылатын әдістері мен формалары;

    • процестің даму кезеңдері: т.б.;


Негізгі ұғымдар: қоғамдық тәжірибе, тәрбие процесі, тәрбие заңдылықтары.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. «Тәрбие» түсінігінің педагогикадағы анықтамасы қандай?

  2. Тәрбиенің жалпы заңдылықтары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. –А.,1991

  6. Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. – М.; 1991

  7. Педагогикалық басшылық.БМ. Т1,1987


3-тақырып. Тәрбие принциптері.

1.Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері.

2.Тәрбие принциптерін жекеше талдау.
Тәрбие процесінің принциптері – тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне және оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері.Бұнда жалпы және нақты тәрбие принциптері деген ұғымдар бар. Нақты принциптердің өзгешілігі – тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігі және бұл принциптерге қойылатын талаптар:

1.Міндеттілік. Тәрбие принциптері бұл кеңес нұсқау емес, керісінше олардың толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуы талап етіледі. Негізінен тәрбие принциптерін бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбие принциптерінің тиімділігін кемітеді, түп негізін мүлдем өзгертеді.

2.Комплекстілік талап. Тәрбие принциптері комплексті бөлінбеген талаптар түрінде тәрбие принциптерінің барлық кезеңдерінде өзара байланысты түрде қолданылуы қажет.

3.Бір мәнділік. Тәрбие принциптері жалпыға бірдей ортақ ережелер ретінде бір мәнді болып келеді. Олардың ешқайсысын ертеңге қалтыруға немесе кезекке қоюға болмайды, яғни қосалқы принциптер болмайды.

Тәрбие принциптері белгілі жүйені құрайды. Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады;


    • тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы.

    • тәрбиенің өмірмен еңбекпен байланысы.

    • тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу.

    • тәрбие гумманизацияы

    • тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау.

    • тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.

  • Тәрбие мемлекеттік құрылыстың, ондағы үкімет билігі мен мекеменің қуатына арқа сүйеп, сонымен бірге мемлекетте қабылданған және жүргізіліп жатқан саясатпен ұштасып жатады. Бұл принцип педагог тәрбиелеп жатқан өскелең ұрпақты мемлекеттік тәрбие стратегиясына сәйкес тәрбиелеу міндеттеріне бағындыруды көздейді. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасағандықтан тәрбиеші тәрбие саласы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайды.

Мектеп қоғамдық, мемлекеттік мекеме ретінде тек мемлекет демеуімен ғана өмір сүре алмайды, мектеп сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білімдік сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік мекеме. Сондықтан педагогтар тәрбие билігінің жалғыз иегері деп ұғынбай, тәрбие ісіндегі халық өкіліміз деп түсіну керек.

  • Өмір мектебі ең күшті тәрбие мектебі. Сондықтан тәрбиенің өмірмен байланысты болу принципі көптеген тәрбие жүйелерінің негізгі принципі болып табылады. Ол тәрбиенің мынадай екі бағыттағы белсенді іс-әрекетін талап етеді:

1.Әртүрлі өзгерістері мол қоғамдық және еңбектік өмірмен тәрбиеленушілерді кең және нақтылай таныстыру.

2.Тәрбиеленушілерді өмірлік қатынастарға әртүрлі қоғамдық пайдалы еңбектерге араластыру.



  • Дұрыстыққа, яғни өнеге, өмірге арқа сүйеу принциптері қарапайым педагог адамдағы жағымды қасиеттерді анықтауға міндетті және әлі толық қалыптаспаған немесе кері бағыттағы қасиеттерді үнемі дамытып, оларды қажетті деңгейге жеткізуі қажет.

  • Гумманизация принциптерінің талаптары:

1.Тәрбиеленуші тұлғасына кісілік тұрғысынан қарау.

2.Оның құқықтарымен тәуелсіздігін сыйлау.

3.Тәрбиеленушіге саналы ойластырылған талаптар қою.

4.Қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде оның ұстанымын құрметтеу, санасу.

5.Адамның өзімен-өзі болу құқығын қолдау.

6.Тәрбиеленушінің санасына тәрбиенің нақты мақсатын жеткізу.

7.Қажетті сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы.

8.Тұлғаның қадір-қасиетін төмендететін дене және басқа да жазалаулардан бас тарту.

9.Тұлғаның нанымдарына қандай да бір себептерімен қайшы келетін қасиеттерді қалыптастырудан аулақ болу (ЮНЕСКО “адам құқығы деклорациясының” 1-ші бабы).


  • Тәрбиелеу процесінде тәрбиеші тәртіптің жеке тұлғамен есептесуі өте маңызды. Бұл тұлғалық сапалық сүйену припципі. Бұнда тәрбиешіден объективтілік жан жақты білім және педагогикалық жоғары шеберлілік.

  • Бұл принцип ұрпақ тәрбиесіндегі мектеп отбасы және қоғамдық орындар талпыныстарын реттеу принципі деп те аталады.


Негізгі ұғымдар: тәрбие принциптері, принцип талаптар, міндеттілік, комплекстілік, бірмәнділік.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері қандай?

  2. Тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы және оның өмірмен байланысын дәлелдеңіз.

  3. Тәрбиенің тұлға дамуындағы маңызы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. –А.,1991

  6. Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін жұмысының жүйесі.-А.,1999



4-тақырып.Тәрбие технологиясы.

  1. Тәрбие технологиясы туралы түсінік.

  2. Тәрбие процесінде тәрбие технологиясының маңызы.

  3. Тәрбие технологиясын жүзеге асыру.

Теориялық білімнің дәйектілігі тәжірибеде анықталады. Бұған технология ұғымы бірге қарастырылады. “Технология” сөзі “техно және “логос”, яғни “өнер”, “шеберлік” және “ғылым” сөздерінен құралған. Бұл термин көбінесе өндірістік салада көп қолданылады. Өндірістік тұрғыдан алғанда, технология – түрлі ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нәтижесі. Кез-келген іс-әрект негізінде технология және өнерлік сипат болады. Өнер – интуицияны, технология – ғылымды арқау етеді.Технология жоқ жерде жеке шеберлік үстемдік етеді. Дегенмен”ұжымдық шеберліктің” жинақы көрінісі технологияға айналады.

Тәрбие ордасы мектеп пен өндіріс түсініктері бір-бірінен алыс емес. Екеуі де белгілі тапсырысты орындайды, сәйкес материалдық базасы болуы қажет. Тәрбие жүйесі қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, сондай-ақ педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын құрастырады. Ерекшеліктері:



  • Тәрбие процесін жеке операцияларға бөлуге болмайды, сондықтан ол – біртұтас.

  • Біртұтас болғандықтан тәрбие жалпы технологияға негізделгенімен жеке шеберлікпен ұштасады.

  • Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ.

Қазіргі кезде жеке интуитивті жасалған әдістерден гөрі, ғылыми негізделген жаңа технологиялар бойынша жұмыс істеу өз нәтижесін көрсетіп отыр. Тәрбие бойынша тұлғаның жеке-дара қасиеттерін қалыптастыруға көп көңіл бөлініп, тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту принципі кейінгі кезде бұзылды. Бұл олқылықты толықтыру бағытында тәрбие технологиялары мына талаптарды орындайды:

  1. Тәрбиеленушілерге үш бағытта: санасына, сезіміне, қылықтарына әсер ету;

  2. Тәрбие және өзіндік тәрбиенің бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу;

  3. Тәрбиеге қатысты барлық формалардың бірлігі мен реттілігі – кезек күттірілмес шарттылығында;

  4. Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны басқарудың жүйелілігін талап етеді. Бұнда тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар, олардың өзара байланысы міндетті түрде ескерілуі қажет.

Тәрбие технологиясын жүзеге асыру, бірнеше кезеңдер арқылы жүргізіледі және олар кез-келген тәрбие істерінде қолданылады:

І. Мақсатты анықтау.

ІІ. Жоспарлау.

ІІІ. Дайындық және ұйымдастыру.

ІҮ. Жұмыстың міндетті түрде іске асырылуы немесе барысы.

Ү. Нәтижелерді талдау.


Негізгі ұғымдар: өнер, шеберлік, технология, тәрбиелік істер, әлеуметтік бағдарлар.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Технологиялық білімнің мәні қандай?

  2. Тәрбие өнері мен тәрбие технологиясының айырмашылығы неде?

  3. Тәрбиелік істердің өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. –А.,1991

  6. Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. – М.; 1991

  7. Педагогикалық басшылық.БМ. Т1,1987

  8. Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін жұмысының жүйесі.-А.,1999



5-тақырып. Дидактика – білім беру және оқыту теориясы.

1.Дидактика пәні және категориялары.

2.Оқыту процесінің ерекшеліктері.

3.Педагогикалық процестің құрылымы.



Дидактика- (didaktikas-оқытушы, didasko-оқушы) сөзі, грек тілінен аударғанда “оқыту” немесе “үйрету” деген мағынаны білдіреді.

Ғылымға бұл ұғымды алғаш енгізген неміс педагогі-Вольфганг Ратке. Ал Ян Амос Коменский 1657 жылы осы ұғыды пайдалана отырып “Ұлы дидактика” еңбегін жазды. Оның ойынша, дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту” керек деген сұрақтарға жауап береді.

Сонымен, дидактика “кімді, қашан, қайда, неге оқыту” сұрақтарына жауап іздейді.Дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы.Оны “оқыту теориясы” деп те атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет