2. Мектепке оқуға психологиялық дайындық – еріктілік аясы мен мативациялық, интеллектуалдық аялардың жоғары жас ерекшелік деңгейін қамтитын күрделі ұғым. Әдетте психологиялық дайындықтың екі аспектісі – мектепке тұлғалық (түрткіші) және интеллектуалдық дайындық ажыратылады. Баланың оқу қызметі табысты болуы үшін, әрі жаңа жағдайларға тезірек бейімделіп, қатынастардың жаңа жүйесіне проблемасыз ету үшін екі аспектінің де маңызы зор.
Мектептік оқуға тұлғалық және интеллектуалдық дайындық.
Баланың өзі қаламаған нәрсені үйретудің қоншалықты қиын екені көпшілікке мәлім. Баланың үлгерімі жоғарылауы үшін бала ең алдымен жаңа мектеп өміріне, «байсалды» сабақтарға, жауаркершілікті толап ететін тапсырмаларға ұмтылуы керек. Нәтижесінде баланың бойында оқушының ішкі ұстанымы қалыптасады. Әуелгіде балаларды мектеп өмірінің жаңа атрибуттары түрлі-түсті партфельдер, әдемі қаламдар, пеналдар т.с.с. қызықтырады. Жаңа әсерлерге, жаңа жағдайларға, жаңа достарды табуға деген мұқтаждық туындайды. Тек содан соң ғана оқуға, жаңа білімдерді меңгеруге талпыныс пайда болады.
Баланың жаңа әлеуметтік жағдайға ұмытылысы – кіші мектеп жасындағы көптеген психологиялық ерекшеліктердің қалыптасу алғы шарттарының негізі болып табылады. Осы ерекшеліктердің негізгі оқу міндеттеріне жауапкершілік қатынасы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |