ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Мамандану практикумы ІҮ»



бет3/8
Дата19.02.2017
өлшемі1,78 Mb.
#11076
1   2   3   4   5   6   7   8

Ойлау. Жарнаманы қабылдауға тікелей қатысты психикалық процесс ойлау болып табылады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты, адам тек нақты ойламайды, ол жарнамада кең қолданатын абстрактылы түсініктермен, символдармен ойлайды;

Ойлау операциясының бірнеше түрі бар олар салыстыру, абстракция, нақтылау, жалпылау, анализ, синтез, талқылау, қорытынды, ассоциация және басқалар. Жарнамада олардың барлығы белсенді қолданылады әсіресе ассоциация. Ол ақпаратты қабылдауға және сатып алушының мінез-құлқына ақпараттың саны немесе көлемі, үлкен әсер етеді. Олай болса, таным процесінің белсенділігі жарнамада мықты психологиялық фактор. Бітпеген бейнені құра отырып жарнама танымдық қажеттіліке сұрақ қояды. Онда ұсынылған жауап әрқашан жарнамалаушы тауардың дәрежесі туралы ақпаратты құрайды. Психологиялық зерттеулер бойынша адамдардың 80% жуығы санасында туындаған бейненің бітпеуінен жайсыздық сезінеді.



Негізгі ұғымдар: жарнаманың когнитивті құрылымы, жарнамадағы түйсік, жарнмадағы қабылдау, жарнамалық бейне, жарнамадағы ойлау және ес процестері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Психикалық таным процестерінің жарнама іс-әрекетіндегі орыны қандай?

  2. Түйсік және қабылдаудың негізгі модалділігі қолданылған жарнамаларға мысалдар келтіріңіз.

  3. Жарнаманың есте сақталуы қандай факторларға байланысты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мокшанцев Р.И. Психология рекламы: Учеб.пособие/Науч.ред. М.В. Удальцова-М.: Новосибирск.

  2. Зазыкин В.Г. Психология в рекламе.-М.:ДатаСтром,1992.

  3. Викентьев И.Л. Приемы рекламы: Методика для рекламодателей и рекламистов. 14 практических приложений и 200 примеров. – Новосибирск,1993


Тақырып 4. Жарнама әсерінің эмоционалдық және әрекет-қылықтық құрылымы.

  1. Жарнама психологиялық әсер тәсілі ретінде

  2. Жарнамадағы психологиялық әсерлер және таңдау мәселесі

  3. Жарнамалық әсердің әрекет-қылықтық құрылымы


Жарнама ықпалының эмоционалды аспектілері.

Жарнама ықпалының аффективті компоненті объектінің жарнамалық ақпаратқа эмоционалдық қатынасын анықтайды. Оған симпатия, антипатия, немқұрайлық қарсылық кіреді. Жарнама іс-әрекетінің психологиялық аспектісін зерттеуде жарнаманың адамға эмоционалдық көңіл тудыруын тауардың өзін сатып алу не сатып алмау ниетін қалыптастыратын анализді болжамдайды. Принцип бойынша, жұмыс істейтін адамдарда эмоцианалды ес тұрақты болады: жағымды-жағымсыз, ұнамды-ұнамсыз. Эмоционалды есте, басқа есте сақтау түрлеріне қарағанда күштірік ол адамның сатып алу кезінде шешім қабылдауға күшті әсер етеді. Мамандар тауарға деген сипатияны жарнама ақпаратына пропорционалды сипатиялы деп есептейді. Эмоцияның әрқашанда жеке субъективті ерекшелігі бар. Адамдарды қоршағанның бәрі белгілі бір эмоция тудырады. Дәл эмоционалдық сферада жеке түрлі қажеттіліктер туындайды. Кез-келген жарнама видеоклипі- бұл тек ақпарат емес, ол адамның көру кезінде жеке қобалжыған, бірнеше эмоционалды қанық минуты. Жарнаманың лексикасы өзінің бай эмоционалдық терминологиясымен «жылжу», «жайлылық», «баурау» ерекше. Эмоция оң және теріс болуы мүмкін. Оң эмоция субъектіні мақсатқа жетуге ынтландырады, ал теріс жағымсыз күй тудырудан объектіні қашырады. Көптеген адамдар сәтті сатып алуды рахат алу тәсілі және жаман көңіл-күйді құртады деп есептейді. Сондықтан, жақсы сатып алу әрқашан адамға оң эмоция сыйлайды. Егер адам өзіне эмоционалды боялған қызығатын нәрсені таппаса, онда оның сатып алуға ниеті болмауы мүмкін. Пайдаланушының эмоционалдық реакциясын есепке алмай құрылған жарнамалық хабарландырудан, жарнама затына деген теріс эмоция туындайды. Теріс эмоция тудыратын ақпаратты адам есте сақтауға тырыспайды. Егер жарнама қорқыныш ұялшақтық сезімін тудырса нарық өнімін тоқтатады керісінше егер, жарнамалық тауар жағымсыз эмоциядан құтылуға көмектессе сұранысқа ие болады. Экранда ойналып жатқан сюжет басынан аяғына дейін барлық эмоциялық циклді моделдеу керек. Ол бітпей аяқталмаса жағымсыз сезімін тудырады.

Мысалы, жиһаз жарнамалайтын фирма «жұмсақ диванға жағымсыз қайғырып жатқан жас әйелді бейнелеген». Кейде пайдаланушыға тауар сатып алу кезінде кінәлау сезімін тудыратын мысалы, темекі алкогольді сусындар, денсаулыққа зиян келтіретін, гигиеналық ережені бұзатын жарнамалық хабарландыруды көрсетеді. Тіс пастасын шығаратын фирма былай жарнамалайды ұсынылып отырған паста жақсы әсіресе тамақтан кейін тіс жумайтын адамдарға деп. Радио немесе теледидардағы жарнама, кейде теріс эмоция тудырады. Бір нәрсені тыңдай беру, психологиялық өте ауыр болады, және ол басқа толқынға ауыстыруға алып келеді немесе радионы өшіреді. Әзіл сөзсіз оң эмоция тудырады. Жарнамада әзілді қолдану көп нәтиже бере бермейді. Кейде өзіне тартады, кейде жоқ.

Жарнамалық хабарландырудың эмоционалдық тиімділігін тексеру үшін бұл хабарландыруды өзіне елестетіп онда түрлі психологиялық мінезі бар адамдар қалай қарайды, оларға ол жағымды болды ма соны анықтау керек. Психологияға жақсы таныс, атаулы проекция бар, мұнда адамдар бірнәрсеге өзінің қатынасын айналадағыларға танытады. Айтылғандар, сөзсіз жарнамалаушы болатын шығармашыл тұлға «Креаторла» (латынша-құру) ол бұл сферадағы шығармашыл жұмысшылар.

Қазіргі психология мәселесін шешуде жарнамадағы жеке шығармашылық пайдаланушылардың нарықта көбеюіне қарсылық жасамау керек. Бұл жарнама адамдарды эмоционалды жағынан итермей өзіне тарту деген сөз. Қазір көптеген батыс елдерінде кішкене ирония қоса отырып заттарды тартымды түсте көрсету тенденциясы қаралуда. Адамдарда сатып алу ниетін ояту үшін, оған тауар алғанда туындайтын жаңа мүмкіндіктерді көрсету керек.

Жарнама ықпалының әрекет-қылықтық компоненті.

Әрекет-қылықтық компоненттің саналы және бейсаналы түрлері бар. Саналы түріне- сатып алушының құлқында көрінетін адамның мотивация, қажеттілік және еркі жатады. Санасыз түріне- адамның интуиция және бағдары кіреді.

Мұнда ескеретін жағдай, пайдаланушылардың сатып алу құлқы бұл олардың психикасына жарнама ықпалының нәтижесі екенін ол мақсатты бағытталған болса да мойындағысы келмейді. Оларға тауар алуға деген қажеттілік ол туралы жарнамадан білуден бұрын туындаған сияқты. Кейде сатып алушылар өздеріне не басқа адамдарға мойындайды, өздерінде бұрын болмаған қажеттіліктерді тудырып сатып алуға әкелетінін және саналы таңдау мүмкіндігінен айыратынын. Бұл шынында да рас. Жарнама қажеттілік тудыруға қабілетсіз, ол тек алуға ниетті барды қанағаттандыратын тауар туралы ақпарат береді және таңдау құқығы пайдаланушының өзінде делінген ол мүлде олай емес. Алайда, пайдаланушы тауарды сатып алып оны қолданғаннан кейін жеңгенін не жеңілгенін түсінеді. Адамның талап етуінен тауар сатып алынады. Бұл белгілі этапта ситуативті болады, жарнама көп нәрсе істеуі мүмкін. Ол расында да тауарға жаңа қажеттіліктер тудырып қоймай, сонымен қатар ол дүниеге көзқарас, эстетикалық талғам, әлеуметтік құндылық, өмір стилі, адамгершілік принциптер сияқты күрделі психикалық білім қалыптастыруы мүмкін. Бұл адам үшін білінбей, көптеген психологиялық механизмдер әрекеті негізінде болады. Сондықтан, жарнаманың оң тиімді жақтарын біліп қоймай сонымен қатар оның өзінде сақтайтын қауыпті жақтарын білу өте маңызды.

Неліктен адамдар тауарды алғашқы қажеттілік күшімен немесе жарнама ықпалымен алады? Егер алғашқы қажеттілік күшімен болса, жарнама тауар әлеміндегі жәй ақпаратты компас. Ол адам алдында көрмеген тауарға деген қажеттілік тудырады. Адамдардың көпшілігі қазіргі уақытта өнімнің қандай түрі шығып жатқанын және нарықта қанша жылдан кейін шығатынын біле алмайды. Мұны тек шығарушы-инженерлер, өндірушілер, суретшілер, дизайнерлер біледі. Тауарға деген нақты қажеттілік жарнаманы қабылдау кезінде қалыптасады деп айту дұрыс болар еді.

Сатып алу құлқын түсіну З.Фрейдтің көзқарасы бойынша, бейсаналы адамдарға қатысты ол адамның психологиялық табиғатының мықты жағы.

Сатып алу құлқын басқару Д. Скиннер бойынша, потенциалды пайдаланушының құлқына әсер ету. Д. Скиннердің әдісі саналы адамның психологиялық табиғатын айтады. Мұнда сапалы тиімді тәсіл сатушының тауар туралы айту оны көрсету, сатып алушының әрекет етуін ынталандыру қабілетіне байланысты. Ол сатып алушыны қоңырау шалуына, келуіне, салыстыруына, көруіне ақыр соңында сатып алуына итермелейді. Тиімді жарнама адамның санасына, бейсанасына, құлқына, сезіміне, ойына бағытталуы керек. Мұндай тәсіл өзгерген құлықты өзгертеді. Ол пайдаланушыға барлық жағынан ықпал етеді- сендіреді, мәжбүрлейді, тартады, өлтіреді, бұйырады, сатушының қалауын орындайды. Ол тәуекелге орын қалдырмайды.

Кейде адамдар әсіресе жас кезінде, олар тәуелсіз, еркін олардың мінез-құлқына қандайда бір шешім қабылдауында қоғам әсер ете алмайды деп ойлайды. Мұндай адамдарға әлеуметтік статусына, роліне сай келмейтін жұмысты ұсыну керек, онда ол мінез-құлықтың мықты реттеушісі болатын жағымсыз ұялу сезімін бастан кешіреді.

Адамдар бір-бірін әрқашан программалайды. Психологиялық күшті адам, психологиялық әлсіздің еркін басады. Бұл әсіресе саясатта, жарнамада көрінеді. Жарнама бізге қатынаса отырып, бізбен бірге адам істеген сияқты өзінің мүмкіндіктеріне сенімді.

Жалпы алғанда жарнама ол информациялар емес, әуелде солай көрінгенмен ол адамдарды психологиялық программалау. Бұл жағдай өте қауіпті, ерте ме, кеш пе ол бізді экономикалық ғана емес, өнеге сферасында да басқарады, нәтижесінде тауардың бар екенін біліп ғана қоймай, оны сатып алуымыз керек.

Сатып алу туралы шешім қабылдау алгоритмі:

-пайдаланушыға сыртқы ортаның ықпалы (сатып алу мотивін қалыптастырады) сатып алуға объективті қажеттілік; әлеуметтік орта; мәдени орта; субъективті факторлар.

-пайдаланушыға ішкі ортаның ықпалы мотивке реакция: тауар туралы ақпарат алуда сатып алу қажеттілігін түсіну; тауарға деген қызығушылықтың туындауы; өзінің мүмкіндіктерінің және тауар бағасы; сатып алу туралы шешім қабылдау; сатып алу;

Сатып алуға деген мұндай объективті қажеттілік, тауардың тозуы, шығын, тауарды сатып алу туралы шешім қабылдау субъективті болады. Бұл процеске анықталған заңдылықтар бар мұны профессионалды жарнамашы біледі ықпал ету мақсатында пайдаланушыға дұрыс бағыт береді.



Жарнамада шығармашылық психологиясы.

Психологияда айтқандай жанамалық іс-әрекеттің нағыз тартымды жағы шығармашылық. Шығармашылық кез-келген жарнама аспектісінің ажырамас бөлігі. Шығармашылық бұл қиялдың көмегімен жүзеге асатын процесс. Кейде бұл қиялды білімге қарағанда маңыздырақ дейді. Жарнама шығармашылығында жұмысқа жоғары қабілеттілік, ұшқыр ой керек. Алайда көбі шығармашылық ұмтылысқа шабытқа, қиялға тәуелді болады.



Креативті жұмыс, анықталған әрекеттер жиынтығын ұсынады.

-заказ беруші дәл нені қалайтынын түсіну керек;

-оның идея және жағдайын агенстваның барлық шығармашыл жұмысына жеткізу;

-идеяның жүзеге асыру тәсілінің барлық анализі;

-бір немесе бірнеше тиімді шешім қабылдау;

-заказ берушіге жобаны ұсыну;

Шығармашылық жарнама оқырманның, көрерменнің қиялын оятуға жұмыс істейді, өнімнің ойша бейнесін суреттейді. Ерекше картина немесе текст ерекше ассоциация тудырады. Жаңа салыстырулар өзінің тартымдылығымен адамдардың ойын баурайды. Шығармашылық жарнама көз тоярсыз, ол стандартты емес, пайдаланушының тауарды сезуін оятады.

Жарнаманың әрбір даму этапында шығармашылық процесс келесі стадия бойынша жүреді. (Ф Армстронг теориясы):

-жағдайды бағалау;

-міндет қою, мәселені анықтау;

-шығармашылықта бейсананы қолдану;

-идеяны өңдеу;

-идеяны бағалау;

-жақсы идеяны таңдау;

Стандартсыз ойлау басқаның байқамағанын көруге, затты жаңаша қарауға қабілеттілік- бұл шығармашылық қиялдың басты психологиялық ерекшелігі.

Шығармашылық жарнама берушінің сапалық ерекшеліктері.

-әзіл сезімі; тірі қиялы; олардың қылықтарының мотивіне, адамдарға қызығушылық; кең эрудиция-әдебиеттен, өнерден, музыкадан, тарихтан, ғылымнан, хабары болуы керек; қарапайым заттан әдемілікті көре білу қабілеті; болғандардың себептерін анықтау; басқаларды мұқият тыңдау; қоршаған ортада болғандармен айналысу; сендіре білу; энтузиазмен жұмыс істеу; құрылымға және формаға жетуге тырысу; керек еместі алып тастап, басты нәрсені ерекшелеу; уақытшаны ерекшелеу үшін жалпы концепцияны қолдану.


Негізгі ұғымдар: жарнаманың эмоционалды құрылымы, сезім, симпатия және антипатия, эмоционалды бейнелер.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Өз тәжірибеңізден жарнамаға позитивті, негативті және нейтралды қатынас білдірген кездеріңізден мысалдар келтіріңіздер.

  2. Сатып алу кезіндегі тұтынушыларға эмоционалды тұрғыдан ықпал ету механизмдеріне талдау жасаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Лебедев-Любимов А.Н. Психология рекламы.-СПб.: Питер2004.

  2. Мокшанцев Р.И. Психология рекламы: Учеб.пособие/Науч.ред. М.В. Удальцова-М.: Новосибирск.

  3. Зазыкин В.Г. Психология в рекламе.-М.:ДатаСтром,1992.

  4. Викентьев И.Л. Приемы рекламы: Методика для рекламодателей и рекламистов. 14 практических приложений и 200 примеров. – Новосибирск,1993.


Тақырып 5. Жарнаманың психотехнологиялық тәсілі

1. Жарнама құралдары психотехнологияларының қолданбалы мәселелері.

2. Газет, журнал, радиодағы жарнама
Жарнама шараларын кері байланысты және кері байланыссыз деп бөлуге болады. Біріншісі нарық шараларын құрайды бұл- газеттер, журналдар, радио, теледидар, тақта, плакаттар, хабарландыру тақтасы, тікелей корреспонденция. Екіншісі бұл- сауалдар, жеке хат, телефон бойынша жарнама.

Жарнама клиенттерінің психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет және міндетті түрде, нарықпен сәйкес келуі керек. Мұнда өзекті мәселе кім сатып алушы болады оның жынысы, жасы, білімі ерекшелігі қандай. Мұны жарнаманы тарату кезінде емес оны құру кезінде де білу керек. Жарнама компаниясының процесінде де қандай жарнама шаралары негізі болады, ал қайсысы қосымша болатынын анықтау маңызды.



Газеттегі жарнама. Газет- жаңалықтардың таралуына ең қолайлы құрал. Егер жарнама жұмысқа қатысты бай жаңалықтарды жасаса, бұл іс жарнама әрекетін кеңейтуі мүмкін. Барлық шыққан газет өзінің оқырманын табады. Жарнамалаушы қандай газет клиенттің қолына түседі және оқылады соны білуі тиіс. Көбіне жарнамалаушылар қандай газет, қандай адамдардың аты оған сай келетінін біле бермейді. Газетте жарнаманы қолданатын барлық компаниялар (немен айналыссада, не ұсынсада) барлығы бәсекелестер болады, олардың мақсаты біреу-оқырманның зейінін аудару үшін бақталасу. Сондықтан жарнама жақсы стил беруі өзекті мәселе болуда. Барлық газеттен тек біреуі графикамен айналысатын күшті қымбат фирманың қатысуымен жарнаманы өңдейтінін білу керек. Бұл 49 газеттің жарнамаға жұмсалған ақшасы босқа шашылатынын білдіреді. Жарнаманың жұмыс істеуі өндірушілердің өзіне пайдалы, алайда газеттің жарнама агенствалары тартымдылықты және тиімділікті ескереді. Демек, қолданылған жарнама типі түсінікті жақсы оқылатын болуы керек. Жарнама психологтары жарнаманы газеттің бүгілетін жеріне жақын, беттің оң жағына орналастыру керек деп есептейді. Жарнамалық хабарландырудың тематикалық айналасы маңызды. Зерттеулер көрсеткендей, оқырмандар жарнаманы жарнамасыз ақпаратты құрайтын материал сияқты белсенді оқиды. Бұл жиі кездеспейді маңызды мақала немесе жаңалықтарға қарағанда кейбір жарнамалық жариялымдар графиканың көмегімен өзіне көп назар аударуға қабілетті. Егер шынында да жарнама жақсы болса, ол ұсынылғандардың барлық ерекшеліктерін және артықшылығын бейнелейді оны беттің түрлі орнына орналастырып, және клиенттің қолына бере отырып қайта-қайта бастыру тиімді. Дәл сол уақытта әлі жалықтыра қоймаған көпшілікке таныс кезінде бірнеше сюжет қоса отырып және графикасын өзгерте отырып оның барлығына жақсы таныс екеніне сүйене, оны біртіндеп өзгерту тиімді. Бұл тәсіл радио және теледидарда кең қолданылады, бірақ газет жарнамасы оны меңгергенмен көп көңіл бөлмейді.

Газет жарнамасында ақпаратты көре отырып қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін ескереді:

  • жарнамалаушы ұсынысты тікелей атына ескерту;

  • «тегін» деген сөзге акцент жасау;

  • ұсынысты аттың астына жазу,

  • жарнамалаушы тауарды бейнелейтін суретті орналастыру;

  • газетте жарнаманы кім жариялайды соны бір жарнамалаушыны екіншісінен ерекшелейтіндей етіп көрсету;

  • сіздің ұсынысыңызды тоқтатпайтын фразаны қосу. Бұл біртүрлі болсада кез-келген цейтнот адамдарға ұнайды, кейде оларды гипноздайды;

  • міндетті түрде фразаны немесе сөзді үлкен шрифтпен жазу керек, мұндай кішкентай жарнама үлкен сияқты жұмыс істейді:

  • жарнамаға түс қосу керек. Бұл мақсатта жарнамалаушы материалдың размері жеткілікті болса қызыл, көк, қоңыр түстер сай келеді. Түссізге қарағанда төрт түрлі-түсті жарнама оқырманның зейінін көбірек аударады;

  • қысқа сөздер ұсыныстар, абзацтар қолдану керек. жарнама оқырмандарын кеңістіктегі тексті оны оқымас бұрын итермелейді;

  • копанияның атын жарнаманың төменгі жағына орналастыру тиімді;

  • қазіргі нәрсені ескеру жарнамада маңызды. Адамдар жарнаманы жаңалықтан кейін оқиды, сондықтан жарнаманың негізгі идеясы жаңалықпен байланысты болуы керек, егер бұл мүмкін болса. «Бірінші рет!», «Жаңа!» «New» мәселе бұл фразаларды жазуда емес.

Жарнама жазылған барлық басылымдарды мамандандырылған және мамандандырылмаған деп бөлуге болады. Мұнда және басқада жарнамалық материалдарға байланысты өзінің психологиялық ерекшеліктері бар.

Мамандандырылмаған газетте жарнамалық хабарландырудың орналасу нұсқасы болып жолы, бұрылуы, жапсырмасы, қосымша беті көбіне жарнамаға беріледі. Мұнда жарнамалық мәлімет жарнамалық өнімнің типінен тәуелсіз ереже бойынша кездейсоқ ретте жазылады.

Мамандандырылған жарнамалық басылымда басқа мәселе туындайды: бір бірінен қалай ерекшелеу, бір тауарды жарнамалайтын көптеген жарнама берушілерді қалай бөліп шығару. Үлкен көлемді жарнама газетінде «Хабарландыру тақтасы», немесе «Жарнама» сияқты бірдей жарнамалық хабаландыру өте көп. Оқырманға өзіне сай келетінін таңдау қиын. Сондықтан жарнамалық хабарландыруды газетте көп емес, тиімдірек басу маңызды.

Газет басылымдарында құрылған қарама-қарсылық кең қолданылады. Мысалы фондағы кейбір қабылданған фигураның орналасуы. Бұл феномен түрлі размердегі хабарландыру басылғанда көрінеді. Сонда үлкен хабарландыру фондағы кішкентай фигура ретінде қабылданады, кішкентай жарнамалық хабарландырудың авторлары саналы сезінбей қаламай өздерінің күшті бәсекелестерін өзіне тартқысы келеді. Таза пихологиялық жағынан оқырман көбіне үлкен размердегі жарнамалық хабарландыруды қалайды бұл бейсаналы деңгейде болады. Кирилдік және латындық текст солдан оңға қарай оқылады, сондықтан газеттің бұрылуындағы оң жол солға қарағанда жақсы көзге түседі. Рамкамен ерекшеленген жарнамалық хабаландыру назар аударуды 30 % ұлғайтады.

Газет жарнамасы көп жылдық емес, пайдаланушыға оның ықпалының жалғасуы анықталмаған. Ол есте 2-4 күн сақталады. Интенсивті басылым 1-2 апта бойында күніне 1-2 рет тітіркендіретін. Жарнама тартушыға көп сатып алушы керек, ол назарын көп басылымды газеттерге зейін аударады. Алайда басылым тек бір нәрсені кепілдейді-жарнамалық хабарландыру газет басылымының санымен тең басылады.

Кез-келген газеттің жарнамалық тиімділігі- бұл жүйелі байланысты параметрлер: тираж; кең таралу тәсілі: жазылу, түрлі сатылу, адамдар көп жерде тегін орналастыру (дүкен, қонақ үй, вокзал, кинотеатр, көріністер) үйлердегі жәшік почтасына тегін тарату, фирма бойынша адрестік жеткізу; тарату зоналары: аудан, қала, қалашық;

Кейде жарнама тиімділігін анықтау үшін, өзінің бәсекелестерінің жарнамалық хабарландыру санын санау ұсынылады. Егер газетте бәсекелестің хабаландыруы көп болса, онда оның жарнамалық тиімділігі жарнама таратушы үшін жоғары. Бәсекелестің хабарладыруы аз болса газетке өзінің жарнамасын таратуға үлкен мүмкіндік болады. Бұл жарнама таратушы үшін өте күдікті критерилер, бірақ жарнама өндірушілер үшін тиімдірек.

Кейбір газеттегі жанамалық хабаландырудың анализі келесілерді көрсетеді.

-хабарландырудың қатары тік төртбұрыш формасында горизонтальды орналасады;

-түрлі-түстілері-58%;

-фото суреттер -57%;

-адамдар бейнеленген -14% олардың жартысы фото сурет;

-ірі жоспармен жазылған барлық фото суреттер әйелдерді бейнелейді;

-шрифт ереже бойынша кәдімгідей;

-көбіне қара фонда ашық әріптермен жазылады;

-ақпарат аз болса аты басты болады;

-«көз іліп алу үшін» және «құлақ іліп алу үшін» технология қолданады;

-таза ақпаратты қабылдау -4%;

-мотивациялық жарнамамен хабарландыру -26%;

-жарлық беруші райды қолданатын хабарландыру-18%;

-ассоциативті жарнама-9%. Ассоциация көбіне атақты фильмдермен, кітаптармен, теледидарлық материалдармен, мифлогиялық бейнелермен;

-сұрақтармен хабарландыру-5%

-метафориялық мазмұнмен хабаландыру-12%

-текстер-штамптер -7% (қайталанбас ғажайыптар тек бізде);

-контраст тиімділігін қолданылатын хабарландыру -5% (төмен баға- үлкен мүмкіндіктер);

-жарнамалаушы тауар, күнделікті сұраныстағы тауармен салыстырғанда өте қымбат және ерекшелігі жоқ;

Газеттегі хабарландырудың құны оның ауданына, орналасуына байланысты. Зейінін аудару көзқарасы бойынша кейбір ойындар тиімдірек, сондықтан қымбат. Бұл алғашқы және соңғы жолдар, олар үлкен дәрежеде оқылатын сөз жұмбақтар және басқа материалдар. Сол жақтағы жоғары бұрыш тиімді деп есептелінеді. Психологиялық эксперимент барлық беттегі жарнама арзан түседі, ол жиі есте сақталынады деп қорытындылады. Басқа эксперименттер көрсетендей, тиімдісі жарнаманың беттің төрт жағында орналасуы. Зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша жиі қайталанылатын аз көлемдегі хабарландыру көбірек ықпал етеді.

Журналдағы жарнама. Журналдар-оқырмандар өзін максималды қатысты сезінетін құрал. Мұнда оқырманың көңіл-күйін баурауға болады. Бірінші жоспарда көп ақпарат беру өйткені, оқырмандар газеттегі жарнамаға қарағанда журналдағы хабарландыруға көп уақыт бөледі. Журналдағы жарнаманың газетке қарағанда ерекшелігі бар. Адамдардың бір компанияға қарағанда екіншісін қалауының ең басты және маңызды себебі бұл сенім. Мұнда сенім негізінде журналдағы жарнама құрылады. Пайдаланушының сенімі көбіне журналдағы жарнамаға негізделмейді бірақ ол маңызды рол ойнайды деп айтуға болады. Егер адамдар журналды сенімді деп есептесе оған сенуге болады, онда өзінің жарнамасын жариялайтын компанияларда осындай сезім болады. Журналдағы жарнама адресаттың психикасына саналы және бейсаналы әсер етеді газетпен салыстырғанда журнал оңайырақ. Бұл жағдайлар қатарымен қамтамасыз етіледі.

Біріншіден, тематикалық бөлімдерден бұл пайдаланушыны топтардың қайсысын артық көретінін анықтауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, түрлі түстерді кең қолдануы әсіресе, егер ұсыныс түске тәуелді болса. Мысалы, киім матасын жарнамалағанда.

Үшіншіден, басқа жарнама құралына қарағанда журнал ұзақ текстерге сай келеді өйткені, адамдар журналды ақпарат білу емес оқу мақсатында сатып алады.

Іскер журналдағы жарнама өнім туралы көптеген мәлімет білу керек: Онда тікелей нақты техникалық ақпарат; жарнамалық текст нарық терминдерін құрайтын, және нарық тауары туралы айтатын, нақты өнім мәселесін бейнелейтін оның шешілу нұсқасын береді;

Пайдаланушы үшін белгілі журналдағы жарнама болуы керек: достық сенімді тонда айтылған; өнімнің абыройында көрсете алуында, эмоционалды сөйлейтін тәсілдер;

Кейбір аудиториялар журналдағы жарнаманы мақала, ескертулер оқыған сияқты қызығушылықпен оқиды. Себебі, журналдағы жарнама суретке қарағанда фотографияны көп қолданылады.



Радиодағы жарнама. Радиоканал теледидар сияқты бірақ қарапайым. Оның ерекшелігі құнының арзандығы, алайда психологиялық жоспарда сөзсіз бейненің болмауына байланысты теледидардан ұтылады. Дауыстың жақсы безендірілуі диктордың даусы, есте сақталатын текст жақсы дауыстық фон музыка беру радио жарнаманы тиімдірек етеді. Радио күні бойы асханада, мекемеде, автокөлікте өшірілмеуі мүмкін. Көбісі әсіресе радиостанцияда тек музыканы жаңалыққа дейін береді, музыкаға дейін жаңалық ал олардың арасында жарнама адам оны естімеуі де мүмкін, бірақ төртінші бесінші ретте фирманың атауы және мәліметі есте сақталады. Тиімді радио жарнама тыңдарманның санасына жету керек. Радио роликтер зейін аудару үшін қоңырау, ысқыру қолданады олар біртіндеп шумға айналады. Жақсы істелінген радио жарнама тыңдарманның қиялын қалаған бағытқа жұмыс істете, өнімді оның артықшылығымен байланыстыра таңдалған дауыстарды жиі қолданады. Бұл стаканға салған мұздың, күлкінің дауысы болуы мүмкін.

Психологтадың пайымдауынша радио - тыңдарманмен бірден бір көп уақыт өткізуге мүмкіндік беретін құрал.



Радио - бұл фон. Ол өзіне қадала назар аударуды талап етпейді, оның пайда болуына адам тек өмір сүреді.

Радио - жарнама таратушы үшін оперативті құрал, ол сол күні өзінің жарнамасын эфирде тыңдауы мүмкін. Мұндай жылдамдыққа ешқандай құрал жете алмайды.

Жарнаманың күші радионың қайталануында, қысқалығында. Ол тыңдарманның реакциясын баурайды.

Радионың артықшылығы, оны азанда да күндізде және кешкеде тыңдайды. Бұдан пайм-тайм деген дәстүрлі түсінік туындайды. Теледидардағы дұрыс уақыт алғашқы жарты күн 3-ке дейін уақыттың бұзылуы радио толқынға өте тиімді. Бұл уақытта радио тыңдарманның аудиториясы теледидар көрерменін өзіне баурайды. Басылған сөздермен салыстырғанда радиодағы жарнаманың кең таралуы, онда музыканың көмегімен жарнамның эмоционалдық тоны күшейеді.

Психолог жарнамалаушының пікірінше радио роликтің тиімділік ұзақтығы 30секунд, бірақ, басқа көзқарастар бойынша мәлімет беру үшін қанша уақыт керек, сонша уақыт алу керек. Зерттеулер көрсеткендей адамдар зейінмен белсенді тыңдайды, егер диктор бірлік уақытта тез, көп сөз айтса. Радио жарнаманың өсуі онда әзіл мен юморды қолдануында. Тыңдарманның зейінін аудару үшін, оның басқа толқынға ауыстырмайынша үшақ секунд бар екенін естен шығармау керек. Радиода жарнаманы бермес бұрын радиостанцияға немесе радио бағдарламаға ма соны анықтап алу керек. Мұнда ескеретін жайт радио тыңдарман бір немесе басқа радиостанцияны таңдай отырып кнопканы басқанды жақсы көреді. Бұл радиоканалдағы жарнаманы бірдестен өшіруі мүмкін деген сөз. Радиоканалда тікелей немесе жанама жарнама болуы мүмкін.

Жанама жарнама бұл басқалармен салыстырғанда дәл осы нақты радиостанцияның, радио тыңдарманның қалауы есебінен қалыптасады.

Теледидардағы жарнама. Теледидардағы жарнама өте қымбат, атақты. Бұл оның барлық уақытта тиімді екен деген сөз емес. Теледидар жарнама құралдарының ішіндегі ең жан-жақтысы. Ол клиенттерді әрекетті демонстрация күшімен сендіреді. Сендіру потенциалды сатып алушыға саналы және бейсаналы әсер етуге мүмкіндік береді. Теледидарлық жарнаманың бірегей ерекшелігі бірішіден, дауыстық және көру ықпалының қиылысуы, екіншіден, кез-келген үлкен жарнама құралымен салыстырғанда телесериал уақытында берілуі. Мұнда экранда берілген ақпаратты көрерменнің қабылдауы маңызды.

Теледидар- бұл дауыспен шығатын визуальды құрал. Жақсы теле жарнама, жақсы идеямен сай онда, басында көрінеді сосын дауыс қосылады, ал кейде дауыссыз солай көрерменнің әсерін кеңейтеді. Жарнама тиімділігін анықтағандардың айтуынша, минуты ұзақ стандартсыз жарнама жақсы қабылданады, есте сақталады 30секунд, екі минут соңғысы тиімдірек. Көрерменнің назарын аудару үшін тележарнама радио сияқты үш секунд болады. Егер бұл уақытты жіберсе ол адресаттан қалып кетеді. Сондықтан жарнама беруші көрерменнен не қалайтынын басында айту керек. Басында айтқанды дәл сол сөздермен, мағынамен соңында айту керек.

Тележарнаманың радиожарнамадан қағидалы ерекшелігі - бұл жарнамалаушы тауарды бірінші ұсыну мүмкіндігі. Тек тележарнама тауардың ерекшелігін көрсетуге қабілетті. Барлық жарнама шаралары сияқты тележарнамада әзілді қолданудың маңызы бар. Мұнда жарнаманың басты мақсатын ескеру тиімді - сатып алуға ниеттендіру соңында халықты думандату емес сату. Жарнамалаушы мазмұнның өзіне қарағанда, оның формасы сақталған жарнама дұрыс жасалмаған. Теледидардағы жарнама көбіне өзінің фирмасын құрайтын не өзінің өнімін максималды түрде таныстыруды қалайтындар үшін пайдалы. Ол жарнамалаушы тауар жарнама берушілер атымен байланысқанын қалайтындар үшін жақсы. Теле жарнаманың қызметі аз уақытта нарыққа өнімнің жаңа маркасын ұсынуды қалайтын фирма үшін өзгеріссіз.

Тележарнама-сауда не қызметтің кең байланысын айналдыратын фирма үшін жақсы нұсқа. Мұнда психологиялық тиімділік үлкен рол ойнайды, өйткені, пайдаланушы телебағдарлама бойынша таныс жерге кіреді. Бұқаралық қызмет көрсетумен айналыспай-ақ, өзін танытуға талпынатын компаниялар тележарнаманы қолдануы мүмкін.

Тележарнама мына нұсқаларды ұсынады:

Біріншіден, жарнама роликтері. Олар ойындық, документалды, мультипликациялы. Оның мәртебесі-пайдаланушыға психологиялық ықпал етудің жоғары деңгейі. Кемшілігі-дайындалу құнының жоғарлығы, эфирдегі уақытының көптігі. Керек емес уақытысында берілген жарнама көрерменді жалықтырады.

Екіншіден, ауа-райын беру кезінде экранда логотип, эмблема, ұран орналастыру.

Үшіншіден, атақты бағдарламаға демеуші болуы. Мысалы, телебағдарламалық конкурста сыйлық ретінде фирма тауарын ұсынуы. Бұл жағдайда бағдарлама жүргізушісі фирма атын айтуды тоқтатпайды, ал оның жарнамалық жаймалары студияда болады, ол әйтеуір бір кадрдың көзіне түседі. Тележарнаманың басқа нұсқаларына қарағанда демеушілік психологиялық ақталған. Демеуші- бұл жақсы адам оның арқасында жақсы көретін бағдарлама эфирге шығады.

Төртіншіден, мамандандырылған бағдарламаның қатысуы.

Бесіншіден, экранның төменгі жағындағы жүгіртпе сөз және дикторлық текст немесе қатар фильм көрсету кезінде. Бұл өте арзан деп есептелінеді. Ол психологиялық анық жеңіледі, өйткені фильм көруге кедергі жасайды мекен-жайы мен телефонын жазуға үлгермейді оны аз қарайды.

Алтыншыдан, жарнама теледидарда емес тек оның көмегімен.

Теледидардағы жарнама роликтері қысқа, оның ұзақтығы 15-20секунд, кең түрдегі 20секунд одан да көп болады. Роликке логотип беріледі(нарық белгісі не нарық маркасы) фирманың атуы, сонымен қатар, мекен-жайы телефон кейде фирма іс-әрекетінің негізгі бағыттары туралы ақпарат қосылуы мүмкін. Роликтер компьютерлік графика немесе ойындық кинолар қолданады. Роликтің негізгі міндеті-фирма және оның тауары туралы еске түсіріп отыру. Кең түрдегі ролик көп мәліметті құрайды, онда тауардың ерекшелігі, жұмыстың шарты, ұсынылған жеңілдіктер көрсетіледі. Мұнда сценарилер мұқият қаралады. Кең түрдегі роликтің блиц-роликтен ерекшелігі онда тікелей және жарнама ассоциативті байланыстар қолданады.

Жарнамалық ассоциативті байланыстар біртипті сериалдар есебінен жүзеге асады. Мұндай роликтің негізгі мақсаты- сюжетпен көрерменді қызықтыру. Мұнда бастысы сюжетті тауармен тікелей байланыстыру емес жай фирманы не тауарды еске түсіру. Басқа роликте тікелей ассоциативті байланыстар тауар бағасы, фирма қызметі тартылады. Блиц-роликке қарағанда кең түрдегі роликтер ойын киноларын, мультипликация, компьютерлік графика және барлық мүмкіндікті сәйкестіктерді қолданады.

Психологиялық көзқарас бойынша, тележарнамада ең бастысы табиғилық және динамикалық. Динамикалық тақтада- ролик атақты бола алмайды және жалықтыратын мұңлы бола бастайды. Табиғилық болмаса ролик шындықтан сенімділіктен айырылады. Өнімді жарнамалағанда актрисалар таңғалғанын шын көңілмен көрсете алмай жатады, әсіресе кіші мектеп жасындағы актрисалар оларды байқау қиын емес.

Жарнама ролігі экспертизаның бірнеше тәсілдердін қолданады:


  • ықпалдың тиімділік анализі;

  • видео қатардың символикалық анализі;

  • видео материалдың психосемантикалық анализі,

  • эксперттегі видео клипті идеалды модельмен салыстыру;

Зерттеу нәтижесінде идеалды және нашар тележарнаманың ұқсас параметрі анықталды. Идеалды жарнама үйлесімді, жеңіл, қазіргі заманға лайықты болуы керек. Бұл параметрден құралмаған жарнама мәліметті тітіркендіргіш, ішпысарлық әуре болып қабылданады. Жоғары сапалы және профессионалды тележарнаманың бейнесі оның белсенділігімен оптимистілігімен байланысты. Тележарнаманың басқа маңызды бағаланатын категориясы оның кең ойланатыны, ашықтығы, сыйлылығы, таланттылығы, өзіне тартушылығы.

Қабылдаудың психофизиалогиялық ерекшелігі экрандағы бейнелерге өзінің талабын қояды.

  1. солдан оңдағы қимылдар, оңнан солға қарағанда жеңіл қабылданады;

  2. диагонал бойынша оңнан солға және төменнен жоғарыдағы қимылдар қарсы түйсік тудыруы мүмкін;

  3. кадрдың тез жиі ауысуы, әсіресе теріс эмоция тудыруы мүмкін;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет