Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Мұғалімнің психология-педагогикалық құзіреттілігінің диагностикасы»


Каминский бойынша психодиагностикалық үрдістің схемасы



бет29/68
Дата06.02.2022
өлшемі145,66 Kb.
#80482
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
34c8778b-4d17-11e4-973d-f6d299da70ee3

Каминский бойынша психодиагностикалық үрдістің схемасы.

  1. Мәселені анықтау.

  2. Талдау жасалынатын берілулерді жинау.

  3. Эксперименталды зерттеу, бақылау, әңгімелесу, тест.

  4. Диагностикалық тұжырым жасау.

  5. Қорытынды шығару.

  6. Кеңес беру.



Психологтың психодиагностикалық жұмысы анықталады:

  • жұмыс құралдарының сенімділігімен (психодиагностикалық зерттеу әдістерін меңгеруі, зерттеу бағдарламасын жасай алуы, әдістемелерді іріктей алуы және т.б.);

  • кәсіби бағдарымен (психологиялық теорияларды білуі);

  • кәсібіне деген жеке қатынасы (зерттелінушілер, клиентпен қатынас орната алу)

Психодиагностикалық зерттеудің нәтижелері психологиялық қорытынды ретінде тұжырымдалады. Психологиялық қорытынды келесі талаптарға сай болу керек:



  1. Психологиялық қорытынды сұраныстың мақсатына және сұраныс жасаушының мұндай мәліметті қабылдауға даярлық деңгейіне сәйкес болу керек.

  2. Қорытындының мазмұны диагностиканың мақсатынан шығу керек.

  3. Қорытындының мазмұнында алынған берілулерге негізделген нұсқаулар болуы қажет.

  4. Қорытындыда психодиагностикалық үрдістің сипаттамасы, яғни қолданылған зерттеу әдістер, алынған берілулер, олардың талдану.

  5. Қорытындыда зерттеуді жүргізу барысындағы мүмкін болатын өзгермелі жағдайларды көрету керек, олар;

  • респонденттің жағдайы

  • зерттелінушінің психологпен қатынас орнатуы

  • тестік тексеруді жүргізудің жағдайлары және т.б.

Берілген мәліметті бағаламай, адекватты түрде ұсынып, клиенттің оны қалай түсіне алғанына назар аудару керек.
Практикалық психодиагностика психологиялық іс-әрекеттің ең күрделі және жауапты саласы. Ол арнайы білімділікті, кәсіби шеберлікті талап етеді. Сол себептен психодиагностикада психодиагностқа әлеуметтік-этикалық талаптар қойылады. Олар: психодиагностиканың құпиясын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің негізділігі, тексерілушіге зиян келтірмеу, зерттеу нәтижесінің олар үшін ашықтығы, қорытындылардың обьективтілігі және берілген практикалық ұсыныстардың нәтижелілігі. Осы талаптарды біз психодиагностың принциптері ретінде қарстырамыз.

  1. Құпияны сақтау принципі- психодиагностикада оның нәтижелерін сол адамның келісімінсіз жариялауға болмайтындығын көрсетеді. Бұл принцип біріншіден кәмелеттік жасқа толғандарға қатысты. Егер сөз кәмелеттік жасқа толмағандар жайлы болса, онда психодиагностиканың нәтижесін жариялау ата-ананың немесе олардың орнын басушы, бала үшін адамгершілік және заңды жауаптылардың келісімі бойынша жасалады. Психодиагностика ғылыми мақсатта жүргізілетін жағдайда ғана принципті ескермеуге болады. Бұл жағдайда зерттелінушінің аты-жөні жазылмайды.

  2. Ғылыми-негіздеме принципі. Психодиагностикалық әдістемелердің жарамды және сенімді болуын қажет етеді, яғни нәтижелері сенімді болу керек.

  3. Зиян келтірмеу принципі. Психодиагностиканың нәтижелерін сол адамға зиянды пайдалануға болмайды. Егер психодиагностика конкурсты іріктеу немесе адамды жұмысқа алу үшін өткізілсе, онда бұл принцип психодиагностика нәтижелерінің ашықтығы принципімен бірге қолданылады.

  4. Қорытындылардың обьективтілік принципі. Тестік тексеру нәтижелері – ғылыми негізделген болуы керек.

  5. Берілген практикалық ұсыныстардың нәтижелілігі. Ұсынылып отырған ұсыныстар адамдарға пайдалы болу керек. Адам өміріне қауіп келтіретін ұсыныстар өткізілмеу керек.




  1. Психодиагностикалық жұмыс нәтижелерінің қолданылу салалары.

Психодиагностиканың теориялық пән ретіндегі міндеті ғылыми негізделген психодиагностикалық әдістерді өңдеу және теориялық тұжырымдамалар мен болжамдарды тексеру болып табылады. Практикалық психодиагностикада психодиагностикалық берілулердің нәтижесі қалай, кіммен қолданылуына байланысты. Осыған орай психодиагностикалық жұмыстың нәтижесін практикада қолданудың бірнеше салаларын көрсетуге болады:

  1. Психодиагностика оқыту және тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін қолданылады. Психодиагностика көмегімен білім беру-тәрбиелеу мекемелерінің жұмысшыларының алдында тұрған міндеттер шешіледі. Бұл баланың мектепте оқуға даярлығы, оқу үлгермеушілігінің себебін анықтау, кәсіптік бағдар беру.

  2. Диагностикалық жұмыс кәсіби іріктеу, кәсіби бағыт беру, кәсіби білім беру мамандарының іс-әрекетінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, ол арнайы кәсіби кеңес беру, білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Бұл жұмыс әркімге өзіне лайықты мамандық таңдауға, кәсіби білім және іскерлікті нәтижелі меңгерудің жолын табуға, кәсіби шеберлік деңгейін жоғарлатуға бағытталған.

  3. Диагностикалық жұмыс нәтижесі клиникалық кеңес беру және психотерапиялық жұмысты қолданылады. Бұл жағдайда психодиагностиканың негізгі міндеті клиенттің нақты проблемасының себебін анықтау және оларды шешудің жолдары және тәсілдерін таңдау.

  4. психодиагностика сот практикасында соттық-психологиялық экспертиза жүргізу үшін қолданылады. Туындаған мәселеге байланысты психодиагност зерттеу нәтижесі бойынша психологиялық қорытынды шығарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет