ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік диагностикасы» 5В010300-«Педагогика және психология»



бет2/5
Дата23.08.2017
өлшемі0,93 Mb.
#24853
1   2   3   4   5

КОНСПЕКТ (лат.conspeklus-шолу)-кітап, дәріс, баяндаманың мазмұның қысқаша жазу. К. Оқушының логикалық ойлауы мен сөйлеу мәдениетін жетілдіреді. К.- жазудың күрделі түрі. Сондықтан оқушы жоспар құру дағдыларын меңгерген соң ғана конспект жаздыруға ауысуға болады. Білім алушылар оқу процесінде берілетін білім мазмұнын қысқаша қағазға түсіріп, жазып отырады, яғни конспектілейді.

КОНТЕНТ ТАЛДАУ (ағылш.contents-мазмұн)- педагогикада пайдаланылатын зерттеу әдісі. М. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың ( бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, мектеп құжаттары, т.б.) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді.

ҚАБІЛЕТТІЛІК ТЕСТІЛЕРІ (тесты способностей)- жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуметтік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы қабілеттерді, жалпы қабілеттерді және көпжақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ЭКСПЕРИМЕНТ-жас тұрғысындағы және педагогикалық психологияда қолданылатын, зерттеушінің сыналушыға белсенді ықпал-әрекеті процесінде баланың психикасындағы өзгерістерді қадағалау әдісі.Қ.э. анықталатын фактілерді тіркеумен ғана шектеліп қалмай, арнамалы жағдайлар жасау арқылы жеке адамның психикалық дамуының заңдылықтарын ашуға, бұл процесті оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Нақ осы себепті баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың шарттарын, принциптерін, жолдарын зерттеуде Қ.э. кеңінен қолданылады, психологиялық зерттеулердің оқу-тәрбие процесінің неғұрлым пәрменді нысандарын педагогикалық іздеумен және жобалаумен біріктіруді қамтамасыз етеді (қалыптастырушы эксперименттің синонимдері қайта өзгертуші,жасампаз, тәрбиелік, оқытушылық, генетикалық- модельдеушілік эксперимент, психиканы белсенді түрде қалыптастыру әдісі).

ҚАТЫНАС, БАЙЛАНЫС (коммуникация; отношение)- психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, физиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау.

ҚИЫН БАЛАЛАР- тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез-құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады.

ҚОРЫТЫНДЫ (вывод)- 1) жалпы және сөзбе-сөз мағынасы- сыртқа шығатыңның бәрі, организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйенің өнімі; 2) ақпарат теориясында- шығатын сигнал.

ҚОСАРЛАП СТИМУЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ ( методика двойной стимуляции)- орыс психологы Л.С. Выготскийдің (1896-1934) жоғары психикалық функциялардың жанама сипаты туралы тұжырымдамасы негізінде жасалған психологиялық әдістеме. Ұғымдардың қалыптасу процесін зерттеуге Л.С. Выготский мен Л.С. Сахаров қосарлап стимулдау әдістемесін бірігіп қолданды. Негізгі мәні- екі қатар стимулдар арқылы жоғары психикалық функциялардың іс-әрекеті мен дамуы зерттелді. Стимулдың бірі сыналушының іс-әрекеті бағытталған объектінің функциясын, екіншісі осы іс-әрекетті ұйымдастыратын белгілер функциясын атқарады. Стимул- объектіге - әр түрлі түстер, нышандар, өлшемдер, ал құрал стимулға әр фигураның сыртында жазылған сөздер алынады. Олар эксперименттік материалдар болып саналады. Бұл әдістеме, сондай-ақ жанамаланған ес пен зейінді зерттеуге де қолданылад

МАҚҰЛДАУ, ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ (апробация; лат.approbatio)- зерттеу барысында болжамның оң не терістігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік байқау сынағы

МЕКТЕП ЖАСЫ (школьный возраст)- балалардың өмірі мен дамуының кезеңі. Бұл кезең 10-11 жылға созылады және үш жас кезеңіне бөлінеді: 1) кіші мектеп жасы (6-7 жастан 11 жасқа дейін); 2) жасөспірімдік кезең (11-12-ден 14-15-ке дейін); 3) ерте бозбалалық шақ (15- тен 18-ге дейін). Бұл кезеңдердің әрқайсысы балалардың анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктерімен, олардың қоғам өміріне араласу дәрежесімен, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнымен, ұйымдастырылуымен сипатталады.

МИНЕСОТТЫ КӨП ФАКТОРЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ САУАЛНАМА (ММРІ)- тұлғаның даралық ерекшеліктері мен психикалық күйін психодиагностикалық зерттеу әдісі, тұлғалық сауалнама санатына жатады. ХХ ғасырдың 40-жылдарында америкалық ғалымдар С. Хатеуейем мен Дж. Маккинли тұлғаның патохарактерологиялық даму синдромдарын клиникалық зерттеу әдісі ретінде талдап жасады. Зерттеу барысында сыналушыға оның әр түрлі өмірлік жағдаяттарға көзқарасын үлгілейтін 550 пайымдау беріледі де, «дұрыс», « дұрыс емес» және «айта алмаймын» деген үш жауаптың біреуін беру ұсынылады.Мәнді жауаптар арнаулы «кілттердің» көмегімен тіркеліп, одан соң сандық өңдеуден өткеннен кейін үш бағамдаулық және он базистік шкаласы бар профильдік параққа жазылады. Бағамдаулыққа «жалған» шкаласы (сыналушы жауаптарының шынайлығы), нәтижелердің анықтығы, корреакция шкаласы(мінез-құлықтың ұғынылмай бақылануы) жатады. Базистік шкалалардың атаулары әдістің бастапқы клиникалық бағыттылығын бейнелейді.:1- ипохондрия; 2- депрессия; 3- есірік; 4- психопатия; 5- ер және әйел қасиеттері; 6- параноялық; 7- психоастения; 8- шизоидтілік; 9- гипомания; 10- әлеуметтік интроверсия. Шкалалардың әрқайсысындағы көрсеткіштердің арақатынасы тұлғаның профилін құрайды. Дүниежүзілік практикада базистік он шкалаға қосымша тұлғаның көптеген даралық-психологиялық қасиеттерін көрсететін 200-ден астам шкала талдап-белгіленген. Отандық психология ғылымында бұл әдістеме әлеуметтік-мәдени жағдайдың ерекшеліктері, оны психикалық тұрғыдан сау адамдарға қатысты қолдану, сондай-ақ тестің қысқартылған нұсқасын пайдалану ескеріліп бейімделіп, қайта стандартталған. Осының нәтижесінде тұлғаны зерттеудің модификацияланған әдісі, тұлғаны зерттеудің стандартталған әдісі және тұлғалық стандартталған клиникалық сауалдама жасалған. Бұларды қолдану арқылы тұлғаның нормадағы және патологиядағы даралық қасиеттерін анықтау мүмкіндігіне қол жетіп қана қоймайды, сонымен қатар мінездің шамадан тыс білінетін, қалыпты даму мен психопатиялық дамудың шекарасындағы сипаттары саласы анықталып, ол мінез акцентуациялары деп аталады. Іргелі және қолданбалы психологиялық зерттеулердің әр түрлі салаларында кең тараған әдіс тұлғаның индивидумдық-тұлғалық ерекшеліктерін, стреске қарсы реакция типін, мотивациясының бағыттылығы мен ынталандырғыш күшін, қорғаныштық және компенсаторлық механизмдерін және басқа да көптеген тұлғалық қасиеттерін барынша нақты анықтайды. Әдістеменің формальдық көрсеткіштерінің математикалық базасы оны компьютерлік психодиагностика саласында ойдағыдай қолдануға жағдай жасайды.

МІНЕЗ БІТІСТЕРІ (черты характера)- өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік,қайырымдылық, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі.

ОҚЫТУ ДИАГНОСТИКАСЫ (диагностика обучения)- қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау.

ОҚЫТУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА БАЙЛАНЫСЫ (связь практики с теорией в обучении)- теориялық білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқушыларды нақты іс-әрекетке үйретеді, тиісті әрекетке бейімделуге икемдейді.

ПСИХОДИАГНОСТИКА (психо..және diagnostikos- айырып тануға қабілетті)- адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.

ПСИХОЛОГИЯ (грек. psyche-жан, logos-ілім)-тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі психикалық процестер арқылы, актілер мен күйлер арқылы жүзеге асады; бұлар физиологиялық процестерден, актілер мен күйлерден сапалық тұрғыдан ерекше болғанымен, олардан бөлінуге келмейді.

ПСИХОПАТИЯЛАР (грек.psyche-жан, pathos- зардап шегу, ауыру)- мінез-құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттерінің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады.

САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС (сравнительно-генетический метод)- жазба жұмыстарын, эпистолярлық мемуарларды, адамның басынан өткізген оқиғаларын, естеліктерін зерттеп, оның әр түрлі психологиялық ерекшеліктерін білу. Балалардың немесе үлкендердің психикалық әрекеттерін зерттеу кезінде оларды бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмащылықтарын анықтайды.

ТАХИСТОСКОП (грек.tachis-тез, жылдам, skoreo- қараймын)-қысқа уақытта көру стимулдарын көрсете алатын аспап. Тахистоскоптың механикалық түрін неміс психологы В.Вундт (1832-1920) жасады. Тахистоскоптың электронды түрі де бар. Проекциялы тахистоскоп арнайы диапроекторлармен жұмыс жасайды, оның каналдары ақпараттарды береді. Ес, қабылдау процестерін зерттеуде қолданылады.

ТЕСТІҢ СӘЙКЕСТІЛІГІ - тест сапасының негізгі критерийлерінің бірі. Т.с. проблемасы тестің талдап-белгіленуі мен іс жүзінде қолданылуы процесінде тұлғаның ден қойылып отырған қасиетінің біліну дәрежесі мен оны өлшеу әдісі арасындағы сәйкестістікті анықтау міндеті қойылған кезде туындайды. Тест неғұрлым жарамды болса, өзі соны өлшеу үшін жасалған қасиет онда неғұрлым анық білінеді

ТЕСТІЛЕР (ағылш.test-сынау, сынама)- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Т. модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипаты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі. Тестілерді әр түрлі негіздер бойынша саралауға болады.

ТЕСТІЛЕУ-белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандарты өлшеу үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі-негізгі үш саласы бар: а) білім беру- оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенілуіне байланысты; ә) кәсіби даярлық және іріктеу- өңдірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделіленуіне байланысты; б) психологиялық консультация-социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты. Т. индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т. б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді.

ФЕХНЕР ЗАҢЫ (закон Фехнера)- физикалық стимулдың қарқындылығы геометриялық прогрессияда артса, психологиялық түйсік арифметикалық прогрессияда күшейеді. Бұл заңды ХIХ ғ. Неміс психологы Г.Т.Фехнер (1801-1887)ашты және неміс физиологы Э. Вебердің (1795-1878) еңбектеріне негізделді

ЭКСПЕРИМЕНТ (лат.experimentum-тәжірибе, сынау)- 1)ғылыми мәнде жасалған тәжірибе;2) тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.


  1. Пәнінің дәрістік материалдары

Тақырыбы: Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік диагностикасы пәніне кіріспе

Мақсаты: Студенттердің психологиялық білімдерін дамыта отырып, кәсібилік, құзіреттілік түсініктерін түсіндіру.

Жоспары:

Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік психодиагностикасы пәні ғылыми пән ретінде. Қазіргі психодиагностиканың даму тарихы. Пәннің міндеттері және мазмұны. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың ғылыми пәндермен байланысы.


Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігінің диагностикасы курсы психологиялық дайындықтарды нығайту психодиагностика негізін тереңдетіп оқыту психологиялық көмек көрсету кезінде мамандардың практикалық дайындығын және кәсіби дарындарын игеруді мақсат етіп қояды. Жалпы психодиагностика терминіпсихологиялық диагноз қою немесе адамның толығымен құрылымы мен барысы туралы кәсіби шешімін қабылдау дегенді білдіреді. Аталған термин екі анықтама берумен есептеледі. Біріншіден, психодиагностикалық амалдарды тәжірибеде қолданады. Екіншіден, психологиялық іс-әрекеттегі психологиялық диагноздың практикалық құрылымының өзіндік сферасын меңзейді. Психодиагностика курсының мазмұны мынадай міндеттермен анықталады:

  • шынайы мәселені анықтау және табу;

  • практикалық міндетті құрастыру;

  • зерттеу әдісін таңдау және құрастыру;

  • мәліметтерді өлшеу және жинақтау;

  • психологиялық қорытындыны құрастыру және практикалық әдістемесіне нұсқау беру.

Психологиялық диагностика жеке адамның жеке даралық психололгияны өлшеу және мындағы әдістердің сферасын өлшейді. Психологиялық ерекшеліктерін өлшеу және тану психодиагностика әдістер көмегімен жүзеге асады. Теориялық пән ретінде диагностика зерттеулерінің заңдарын жеке адамның психикалық күйін, психологиялық өзгерістерді зерттеумен шұғылданады. Психодиагностикалық әдістер психологиялық құрылымды зерттеуде сандық және сапалық нақты мінездеме алуда қолданылады. Психо диагностикалық әдістер классификациясы:

  • бақылау кезіндегі психодиагностика әдістері;

  • сауалнамалық психодиагностикалық әдістер (әңгіме, сұхбат, т.б)

  • объективті психодиагностикалық әдістер;

  • эксперименталды психодиагностикалық әдістер (тест, анкета, т.б)

Психодиагностикалық тапсырмаларды шешуде психикалық құбылысты әртүрлі сферадағы адам өмірін айқындайтын фактор 3 элементтен көрінеді

адамның басқалармен қарым-қатынас шеңбері;

адамның өз-өзіне деген қарым-қатынас шеңбері;

адамның жоғары нервті элементтер функциясы.

Психодиагностикалық жұмыстың негізі көмек көрсету. Көмек көрсету үшін жұмыс нәтижелерін алу, өңдеу, қорытындыларын жеткізуде ерекшеліктерінің ерекшеленуі төмендегідей көрсетеді:


  • құрылымдық дәрежесі яғни клиенттің психологиялық шындығы рефлекстік мазмұнымен айқын бейнеленеді;

  • клиенттің жеке даралығы;

  • мәселені шешудегі психологиялық өзіндік біліктілік.

  • Психодиагностика алдына көптеген шешу мақсатын қояды. Ол тапсырмалар төмендегідей:

  • жеке тұлғаны әлеуметтік психологияда құрастыру;

  • өмірде қиындық туындаған адамдарға психологиялық көмек көрсете отырып, түрлі диагностикалық әдістемелердің форма жолдарын анықтау, қарым-қатынас кезінде жағдай көрсету;

  • психологиялық әдістерден туындайтын мәселеге байланысты нәтижесін өңдеу;

Психодиагностика проблемаларды шешудегі диагностикалық жұмыстар:

кешенді психологиялық педагогикалық бақылау (қарым-қатынас кезінде адамдармен жеке ретті сауалнама, зерттеу кезіндегі құрылымдық бақылау)

психодиагностика бақылаудың жеке даралық клиникалық тұрғыда жүргізілуі;

жеке тұлғаны өзін-өзі анықтау, психологиялық ерекшеліктерін анықтау ретіндегі жұмыстардың жүргізілуі.

ХІХ ғ. соңы және ХХ ғ.бас кезінде туындаған жағдайлардың эксперименттік әдістің туындауына негіз болды. Белгілі психолог, психиатр ғалымдар Галтон, Бине, т.б. адамдардың ақыл-ойы психология қабілеттерінің қиялдауын, есте саұтауын тест тәсілі арқылы танып білу жолдарын пайдаланды. 1898ж Галтон шәкірті Джеймс Маркен алғаш рет сынау тексеру деген мағынаны білдіретін тест терминін енгізді. 1890 ж басында Э.Креплин психология және психодиагностикалық шешімдерді эксперименттік психологиялық әдістерді қолдану арқылы шешуді ұсынды. Оның шәкірті О.Эрн интеллектуалды қабылдауды бағалау идеясын ұсынды. Ал Бине алғаш рет интеллектуалды тест әдісін ұсынды. Адамның ақыл-ой дәрежесін анықтаудың тәсілі мен оны есептеудің жолдарын көптеген ғалымдар зерттеп ғылымда өз іздерін қалдырды. Термен ұсынған тест шкаласы және оның формуласын Штерн ойлап тапқан. Тұлғаны диагностикалауда танымдық процестерге зерттеу жүргізумен қатар ақыл-ой ауытқуларын зернттеу қажеттігінде Кащенко, Россолимо, Чехов т.б психологтар тест шкалаларын ұсынды.

Жалпы психодиагностикалық жұмыстың жеке тұлға дамуына байланысты өлшемді категориялар бар. Олардың қатарына Бине категориясы, іс-әрекет категориясы, пікір алысу категориясы және жеке даралық категориясы жатады. Аталған ғылыми категориялар өзіндік әдістердің сәйкестігімен психикалық шындықтың өзіндік мәнін ашады. Психология ғылымының әдістері эксперименталды, объективті бақылау, психофизикалық әдістер, тест және модельдеу тұлғаның психологиялық педагогикалық диагностикада алдыңғы қатарға жатады. Практикалық психолог бұл әдістер мен ғылыми категорияларда теориялыққ тұрғыда емес, клиенттің нақты шешімдерін жауабын табуда қолданылады. Диагностикалау негізінде адамның ішкі жан дүниесіндегі әлем күрделі когнитивті құрылым түрінде қарастырылған. Адам өмір сүретін әлем бейнесі адамның нақты бейнесімен оның физиологиялық «мені». Диагностикадағы нақты психологиялық теория өмірдегі мәселелердің сипатталуы және шешілуіне байланысты белгілі бір мағынаға ие болады. Тұлға бұл қоғамдық табиғи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті бұл адамның тұлға ретінде қалыптасуы. Тұлғаның қалыптасуын адамның мінездемесі үшін маңызды орын алуы оның мінез –құлық пен іс-әрекетінің барлық қарым-қатынастар бірлігін құрауымен көрінеді, нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аддективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысындағы ерекшеліктерімен анықталады.



Тақырыбы: Психологиялық құзіреттілікті зерттеудің методологиялық негізі

Мақсаты: Психологиялық ғылыми-теориялық еңбектермен таныстыру.

Жоспары: Психологиялық-педагогикалық құзіреттілік. Құзіреттілік – кәсіби әрекеттің негізі ретінде. Құзіреттілікті зерттеудегі ғылыми көзқарастар
Құзіретті мұғалім дегеніміз – адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі 12 жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілік талаптарында былай делінген:

Мұғалім психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтың нормаларды білуге міндетті: Мұғалім не істей білуі керек:

мемлекеттік стандартты сараптап,

өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу,

өз жұмысында басқару функциясын орындай білу (сыныпты, оқу үрдісін басқару т.б)

кәсіби мониторингтің нәтиделерін қолдану.

мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу.

Міне осыдан мұғалімнің құзіреттілігі көрінеді. 12 жылдық мектептің педагогі өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті.

Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қаблет.Осыған орай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек.

Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс- тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны – жөн. Сонымен қатар психологиялық – педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шабар пайдалана білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.

Әлеуметтік құзіреттілік- бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қаблеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым- қатнас тәсілдерін қолдана білу яғни, мұғалім оқушылармен қарым-қатнаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.

Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және әлеуметтік психологиялық негіздерін қолдана білу қаблеті.

Әрине, мұғалімдікке кздейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сайлау, олардың құқығын ар- намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім- тәрбие алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім- бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйымдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ- емес.

Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік- экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті.

Бұл мынандай фактілерге байланысты.

оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану

топтық жұмыс дағдыларын дамыту

әрекеттерге үйрету

нақты ситуацияларды талдау.

Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқырысы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.

Кез келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.

Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.

Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Яғни өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға жете алмайды.

Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын талап. Дәстүрлі мұғалім «Жеткізуші» ал оқушы «Қабылдап алушы» қазіргі нарықтық бәсеке заманында тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке де, мұғалімге де қатысы жоқ деп айта алатындар қателеседі.

Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білім төмен мұғалімді балалардың білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі-ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстануына әсер етеді.

Кәсіби құзырлылық- мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғарғы деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби- тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екенін анықтай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.

Әлеуметтік құзыреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

Білім беру құзыреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін – өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар ұстаздар қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт – бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім – қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзыреттілік; мәдениеттанымдық құзыреттілік; оқу- танымдық құзыреттілік; коммуникативтік құзыретілік; ақпараттық- технологиялық құзыреттілік; әлеуметтік- еңбек құзыреттілігі; тұлғалық өзін- өзі дамыту құзыреттілігі.

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттілігінің жан – жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан – жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарында қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.

Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік – экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты:

–оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,

–топтық жұмыс дағдыларын дамыту,

–әрекеттерге үйрету,

–нақты ситуацияларды талдау.

Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез – келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін – өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әрқалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтар А. Дистервег, К. Ушинский, А. Макаренко, В. Сухомлинский, т.б. мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік – кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Объективті критерийлер: мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғарғы еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері;

Субъективті критерийлер: адамның мамандығы оның табиғатына байланысты. Оның еңбегіндегі бұл критерийлерге кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, құндылығын түсіну, маман ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуы;

Нәтижелі критерийлер: оқыту нәтижесінде баланың психологиялық функциясының жетіліп, алған білімдерін өмірлік мәселелерді шешу барысында қолдана білуі;

Шығармашылық критерийлер: мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін өзгенің тәжірибесін қайталағанна гөрі өз тәжірибесі мен жаңалықтарын басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.

Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:

Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.

Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.

Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.

Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті

Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.

Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет