Тақырыбы: Мұғалімнің тұлғалық-кәсіби даму диагностикасы
Мақсаты: Студенттердің психологиялық білімдерін жетілдіру.
Жоспары: Тұлғалық кәсіби даму диагостикасы туралы.
Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз. Мотивация мұнда тұлға мен индивидуалды ерекшелiктердi терең түсiндiрiп, сипаттау кiлтi ретiнде немесе индивидуалды ерекшелiктер қанша болса, соншалықты актуальды мiнез-құлық түсiндiретiн процесс ретiнде трактатталады. Бұл бағыттың өкiлдерi Нарцисс Ах (1871-1946) және Зигмунд Фрейд (1856-1939) болды. Олардың зерттеу тәсiлдерi әр-түрлi болғанымен бiр-бiрiне қарама-қайшы келген жоқ. В.Вундт бағытын ұстана отырып Ах эксперименталды психология әдiстерi арқылы сананың пассивтi легiндегi когнитивтi процестердiң жетекшi компоненттерiн көрсеткiсi келдi [1,87б].
З.Фрейд еңбектерi арандату, клиникалық әдiсi (методика провоцирование) және түстердi жору арқылы түсiнiксiз қылықтарды түсiндiруге бағытталды. З.Фрейд көзқарасы Дарвиннiң биолого – эмпирикалық детерминизмiмен нақтылануы.
Мотивация теориясын Фрейд 1915 жылы ''Құштарлық және оның тағдыры'' еңбегiнде қарастырды (алғаш 1895 жылы ''Психология проектiсi''еңбегiнде қарастырып өткен.). Психологиялық ақпарат сыртқы емес, ағзада пайда болатын iшкi тiтiркендiргiштермен жұмыс жасау. Ағза қажеттiлiгi ''құтылуды'' талап ететiн және жинақталатын қозудың энергиясын үнемi тудырып отырады.
Фрейдiк мотивация теориясында құштарлық редукция моделi көрсетiлдi.
Құштарлық редукция моделi гомеостатикалық және гедонистикалық түсiнiкке құрылған. Бiрiншiсi бойынша ағза тепе-теңдiгi неғұрлым жоғары болса, тiтiркендiргiштер деңгейi соғұрлым жоғары болады, ал екiншiсi бойынша – бұл деңгейдiң төмендеуi- қанағаттану сезiмiне, Барынша жоғарылануынан- қанағаттанбау сезiмiне әкеледi. Осылайша психикалық аппарат белсендiлiгi қанағаттану-қанағаттанбау принципiне тәуелдi.
Фрейд бойынша құштарлық түсiнiгi дене мен жанның екi жақтылығын бiлдiредi, өзара органикалық (энергия) және психикалық (аффект) деп түсiндiрiледi. Фрейд бойынша рухани өмiр конфликтер динамикасы болғандықтан да оған дуалистiк принциптер жақынырақ, ал мотивтер классивикациясы – соның куәсi.
1915 жылғы еңбегiнде «Мен» қажеттiлiгiн сексуалды құштарлыққа (либидо) қарсы қойды, бiрақ кейiннен қажеттiлiк орнын агрессиямен айыр бастады. Оның зерттеу негiзi көлемдi сексуалды құштарлыққа түйiнделген. Фрейд еңбегiн қорытындылай келе, антогонистикалық құштарлықтарды қарама-қарсы қойды: өмiр (эрос) және өлiм (танатос).
Мотивацияны зерттеуге дамытуға ықпал еткен теорияларды қарастырайық:
Бiрiншiсi егер құштарлықтың көлемдi интенсивтiлiгiнен оны қанағаттандырушы обьект жоғалса, орындалмаған тiлек санаға құштарлықтың қанағаттандырылуы түсiнiгi ретiнде кiредi. Бұл мотивацияны өлшеуге көп әсер еттi. Құштарлық басқа обьектiге ауысуы мүмкiн, олар сублимацияланады (сырттай сексуалды емес мақсатқа бағытталады) және ығыстырылады. Ең соңында олар ойынға жасырын құштарлық немесе мiнез-құлықта көрiнiс бередi.
Екiншiсi рухани өмiр тұлғаның iшкi үнемi қарама-қарсы конфликтi ретiнде түсiндiрiледi, үш механизм ирерхиясы түрiнде қарастырылады. Қанағаттандырушылықты iздеу (Оно) моральдi бақылауға қарсы тұру (Сврх Я) шынайылыққа ұмтылу механизмi (Я).
Үшiншiсi ересек тұлға құштарлық тарихының нәтижесi балалыққа ерекше мән берiледi.Құштарлықты қанағаттандыру жолында пайда болған кедергiлер адамның жұмыс iстеуiне, жақсы көруiне қатты әсер етедi. Психоаналитикалық терапевтiлiк тәсілдер арқылы ерте балалықтан бастау алатын дамудың бұзылулары белгiлi бiр деңгейде жойылады.
Төртiншi құштарлықтың дамуында эрогендi зонаның сәйкесiнше бiрнеше психосексуалды фазалар өтедi. Әр фазада нақты эрогендi зоналар доминантты болып, оның тiтiркендiргiштерi максималды сезiмтал қанағаттандыруды жеткiзедi. Эрогендi зоналар ауысымы мынадай: ауыз қуысы (оральная фаза: сору, жұту, тiстеу), артқы қуыс (анальдi фаза: тік ішек бөлiнiсi), жыныс органдары (фолмикалық және генитальды фазалар: маструбация, гомосексуалды және гетеросексуалды жыныстық қатынас) құштарлықтың дамуының тежелуi фазаларының бiрiнде болуы мүмкiн (фиксацияның пайда болуы). Травмалар әлдеқайда ерте деңгейлерде (регресс) болуы мүмкiн.
Бесiншi құштарлықтың даму жолында үш персонажды драма театрды елестетедi. (ерлi-зайыптылар , нақсүйерi). Нақсүйер рольiнде бала деп алсақ, ал қарама-қарсы жынысты ата-анасы жағынан баланы қарсыласуға итермелеуi. Қалыпты дамуда бұл конфликт бала мен ата-анасының бiр жынысты болу идентификациясы арқылы шешiледi. Бұл шешiм ата-анасының бiрiнiң персонафицияланған ерте балалықтағы моральдiк нормалардың меңгерiлуiне әкеледi және тұлғаның мiнез-құлқын басқарушы механизм ретiнде (Сверх Я) ұяттың пайда болуына әкеледi. Жанұядағы тұлға аралық қатынасқа әлеуметтiк әсерi туралы осы даму жолында мүмкiн болатын сақтану туралы, ерте балалықтағы құштарлықтың дамуы туралы үш жағдай осы күнге дейiн тұлға дамуын зерттеуде, мотивтер генезисiн зерттеу теорияларында қолданылып келедi.
Мотивацияны зерттеудегi компонентердiң статистикалық-бейнелеу анализiн З. Фрейд сұрақтарды қарастыруда динамикалық аспектiлерiмен толықтырды
Ал Нарцисс Ах Вундтың және вюрцбургтiк мектептiң эксперименталды психологиясын жақтай отырып, ерiктi өлшеу мәселесiмен айналысты. З.Фрейд экспериментiнде Ах ерiктiк тенденцияны әдетпен бәсекелестiрдi. Жаңа тапсырмаға қатысты iс-әрекеттi орындауда егер тенденция жеңсе, ол бағдар ассоциациясындағы ерiк-жiгердiң басымдылығын көрсетедi. Осы және тағы басқа эксперимент нәтижелерiнде мiнез-құлық бағытталатын санада берiлген детерминантты тенденциялар постулиттенген.[1,78б].
Ал экспериментте Курт Левин (1890-1947) зерттеулерiне түрткi болды. Ол үйрену барысында пайда болған ассоциациямен бiрге репродуктивтi емес тенденция, психикалық күш пайда болады, тек бiр-бiрiмен байланыссыз элементтер арасында ғана байланыс бар деп көрсеттi. Бұл байланыс мiнез-құлықтан көрiнуi үшiн жаттандыларды еске түсiруге қатысты айырықша тенденциялар жиынтығы қажет. Сондықтан Ах өз зерттеулерiнде ерiктi өлшеуде ассоциация үшiн детерминантты тенденцияға (ерiкке) қарама-қарсы қойғанжоқ, оны конфликтiлiк жағдайға келтiре отырып, әр-түрлi екi детерминантты тенденциялардың жұмыс iстеуiне мәжбүр еттi. Левин Ахтың ''детерминантты тенденция'' терминiн ''квазиқажеттілік'' терминiмен ауыстырды.
''Квазиқажеттілік''- субьект ниеті және берілген тапсырманы қабылдау негiзiнде пайда болады.
50-60 жылдары Дюкер шәкiртi Фукс күтудiң мотивтелген энергиясымен айналыса отырып, Ах, Левин, Фрейд тұжырымдарын біріктірді. Динамикалық түсiнiгi жағынан Фрейд бойынша да, Левин бойынша да мотивацияның негiзгi принципi бұзылған тепе-теңдiктi қалпына келтiру болды.
Левин өзiнiң жазықтық теориясы арқылы жалпыланған психологиялық' «сәттiк суреттегi» «ситуациялар жиынтығы» ойын күшiн беруге тырысты. (бiрлiк кеңiстiктi осылай атады). Бұл ситуацияға тек тұлға ғана емес, сонымен қатар, ол қабылдайтын орта да қосылады, ол iс-әрекет суммалары вектор ретiнде ойын күшiнен шығарылады. Кейiннен, әрине, жазықтық теориясының дифференсациялы күштер, бағыттылық, валенттiлiк, облыстар мен ара қашықтықты шынайы айқындап жазатын нақты өлшеу әдiстерi жоқтығынан қайшылықтарға тап болды. Бұл теория нақты модель ретiнде үлкен әсер бере алмағанымен, ұғымдар аппаратын құруда функциялар арасында бағдарлық қатыныастағы сенiмдiлiк оның типологиялық конфликтерге дейiн созылған ситуацияның күш анализi әр-түрлi эксперименталды парадигмаларын ұсынуы кейiннен мотивацияны зерттеуде өте үлкен роль атқарды. Левин еңбектерi мотивацияны зерттеудегi әр-түрлi бағыттарға әсер еттi: тұлға теориясы (Олпорт), үйрену теориясы (Толмен), тағы басқа 30 жылдары Мюррей, 50 жылдары Аткинсон, 60 жылдары Фроом тұлға теориясында мотивацияны зерттеуде зор ықпал еттi [2,130-136б].
К.Юнг мотивацияның негiзгi механизмi қысымды бәсеңдету деп түсiндiрдi. Ол бұл жерде психоаналитикалық бағыттағы З.Фрейд теориясымен келiсетiндiгiн көрсетедi. Ал, ерекшелiгi Юнг ағза өздiгiнен реализацияға ұмтылады дедi. Қоғамда тек сексуалды немесе нашар импулсьтер ғана емес, сау талпынулар да болады дедi [3,289-297б].
Юнгтiң үлкен мағынаға ие болған концепциясы бұл- тарихта атадан балаға мұра болған бүкiл даналылық, адамгершiлiктiң тәжірибелерiнен құралған коллективтiк санасыздық. Коллективтiк санасыздық дегенiмiз индивидттiң мiнез-құлқында маңызды роль атқаратын индивидуалды санасыздықтың негiзi болып табылады [3,289-297б].
Толық жетiлуге тырысу (қанағаттандыруға емес) – адам мотивациясының негiзгi принципi болып табылады.
К.Хорни концепциясы бойынша (адлерлiк анологиялық тезистен шыққан) қорғаныс нәресте қауiптi де, потенциалды (туғаннан) қорғаныс қауiпсiздiгiн iздейдi.
Г.Олпорт тұлғаның бiргейлiлiгiн зерттеу үшiн дәстүрден озық принципиальды әдiстер қажет дейдi. Қалыпты ересек адам функционалды автономды, дене қажеттiлiгiнен еркiн, негiзiнен саналы, жоғары индивидуалды болып табылады.
Г.Олпорт психоаналитктер айтқандай, өмiр бойы өзгермейтiн инстинктiк, санасыздық еркiне тәуелдi деген пiкiрге қарсы келiп отырды.
К.Роджерс қалыпты тұлға тәжiрибеге ашық болғандықтан оны басқаруға не бақылау жасаудың қажетi жоқ. Оны тек бақылап, онда болып жатқан процесстерге қатысуға болады. Адам өз сезiмдерiне сенiп, соны тыңдауы керек. Адамның мотивтейтiн күшi бұл- өз потенциалдары мен қабiлеттiлiктерiнен реализациялау. Адам «мен идеалдыдан» «мен реалдыға» жақындауға тырысады деген [3,286-297б].
А.Маслоу адамдар мiнез-құлқындағы негiзгi бес мотивтер тобын көрсеткен:
физиологиялық;
Немов Р.С бойынша «мотивация» терминi қазiргi психолгияда екi түрлi мағына бередi: детерминантты мiнез-құлықты (бұған қажеттiлiк, мотивтер, мақсаттар, талпыныстар жатады) бiлдiретiн факторлар системасын анықтаушы ретiнде; және белгiлi бiр дәрежедегi мiнез-құлықтық белсендiлiктi стимулдайтын процесс мiнездемесi ретiнде көрiнедi. Көбiнесе мотивацияны бiрiншi мағынада қолданамыз.
Мотивацияны адамның мiнез-құлқын түсiндiретiн психологиялық мiнез-құлық себептерiнiң жиынтығы ретiнде де қарастырамыз. Оның бастау көзi – бағыттылық пен белсендiлiк.
Мотивация түсiнiгi мiнез-құлықты сипаттағаннан емес, түсiндiруден пайда болады. Бұл ''нелiктен?'', неге?'', ''қандай мақсатпен?'', ''не үшiн?'', ''не мағына бар?,'' деген сияқты сұрақтарға жауап iздеуден туындайды. Мiнез-құлықтың тұрақты өзгегiштiлiгiнiң сипатталынуы мен анықталуы оны құрайтын қылықтар мотивациясы туралы сұрақтарға жауап болып табылады
Тақырыбы: Мұғалімнің эмоционалды күйінің диагностикасы
Мақсаты: Студенттердің психологиялық білімдерін жетілдіру.
Жоспары: Эмоция туралы түсінік. Еңбек әрекетіндегі стресс және эустресс жағдайлары. Мұғалімнің кәсбіи әрекетіндегі күйінің психологиясы.
Эмоцияның туындауының туа біткен және кейіннен пайда болған механизмдері. Эмоция-субъктивті психологиялық күйлердің ерекше тобы, тура күй кешу формаларында бейнеленеді; жағымды және жағымсыз түйсіну, адамның әлемге және адамдарға қатынасы, оның практикалық іс-әрекетінің үрдісі мен нәтижесі. Эмоциялар адамдардың қажеттіліктері мен заттарға бағыттылығын сипаттайды. Жеке адам өмірінде эмоциялық күйлердің үлкен мәні бар. Олар белгілі бір кезеңдерге адамның бүкіл психикалық әрекетіне оң белең, алуан түрлі көңіл-күйінде, аффективті жағдайда көрініс береді. Эмоциялық күйлер өтіп жатқан психикалық әрекет сипатына ғана тәуелді болып қана қоймай, оған өзі де әсер етеді. Эмоциялық күй орындалып жатқан іске жасалған қылық, көңіл-күйіне т.б. тәуелді болуы да мүмкін. Эмоциялық күй үстінде осы адамға тән мінез-құлықта, оған тән емес кездейсоқ психикалық көріністе ашылады. Адамға тән эмоциялық күйлерден жеке адамның индивидуалдық ерекшелігі көрінеді. Барлық эмоциялық күйлер қаншама субъективті, кейде тіпті адам өз күйінің жағдайын аңғара алмай қалған кездердің өзінде де белгілі бір себепке негіздейді. Көңіл-күй бұл адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күйі. Көңіл-күйлерінің бірқалыпты сақтау уақыты әрқалай болады. Көңіл-күйдің әрқашанда себебі болады. Ол себеп табиғат, оқиғалар, адамдар, орындалатын әрекет, денсаулық жайы болуы мүмкін. Көңіл-күйіне мінез-құлықта із қалдырмау, адамның әрекетіне өң беру, жеке адамның белсенділігін арттыру немесе бәсеңдету тән сипат. Адамның көңіл-күйі жақсы, сергек кезінде елеулі қиындақтардың өзі оңай, орындалып жатқан жұмыс қызық, ал адамдар қайырымды және ұнамды болып көрінеді. Әр адамның көңіл-күйі мінез-құлықта әр түрлі болып көрінеді. Ерікті реттеу ерекшеліктері өз - көңіл-күй шеру және басқарудан жеке адамның өсіп жетілуі көрінеді. Аффективті күй эмоцияның бірте-бірте күшеюінен көрінеді. Аффективті күй динамикалық және айқын болады. Егер көңіл-күйінің өту барысы салыстырмалы тұрақтылықпен сипатталса, онда аффективті күйге қарқынның арта түсуі тән болады. Төтенше шиеленіскен жағдай кезінде аффективті күй көбіне күшті бұлқыныспен – аффектпен аяқталады.Аффект-бұлқынысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті эмоциялық реакция. Аффект көріс беру күшінің орасан зорлығымен сипатталады, ол адамды бүтіндей билеп алады. Аффектінің физиологиялық ерекшелігі ми қыртысы асты орталықтарының ми қыртысының бөгегіштік және реттегіштік әсерінен босап шығуы болып табылады. Ми қыртысы астының үстемдігі аффектінің сырт көрінісінің айқындылығынан білінеді. Аффектіге қозу мен тежелу процесстері тең емес адамдар бейім келеді. Жағымды сипатты аффектілер де болады
В.Кеннонның «Эмоциялар физиологиясы» еңбегі. Кеннонның зерттеу жұмыстарының негізінде жасанды шақырылған органикалық өзгерістер жиі жағдайда эмоционалды күйлерді тудыртпайды. У. Кэннонның Джемс-Ланге теориясына қарсы ең күшті аргументі органикалық сигналдардың бас ми қыртысына жеткізілуін жасанды түрде тоқтату нәтижесінде, эмоционалды жағдайдың тоқтамайтынын дәлелдеген эксперимент болып табылады. Кэннонның пікірінше, эмоция кезіндегі денедегі процестер мақсатқа бағытталған, өйткені жағдайға байланысты қуат күшін жүмсау мақсатында бүкіл ағзаны даярлайды. Соған байланысты эмоционалды күй кешу және соған қатысты органикалық өзгерістер, мидың орталығы – таламуста пайда болады.
Эмоцияның эндокринді аккомпоненттері. Эмоцияның туындауының туа біткен және кейіннен пайда болған механизмдері. Вегетативті өзгерістер. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері. Эмоцияның эндокринді аккомпоненттері туралы. Эмоция кезіндегі гипофиз гормонының қызметі. Стресс терминін алғаш рет 1936 жылы Канада ғалымы Ганс Селье енгізген. Ол стресті белгілі бір төтенше жағдайларда пайда болатын реакция деп қарастырған. Қазіргі өмірде неше түрлі жағымсыз жағдайлар көптеп кездесіп тұрады. Ауа – райының күрт өзгеруі, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс – керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер.... Осының бәрі әр адамға әртүрлі әсер етеді. Тіпті оның зардабынан жүйке жүйесі бұзылып, әртүрлі ауруға шалдығуға себеп болады. Кей адамдар жағымсыз жағдайларға көп көңіл бөлмейді, қандай проблема болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл – күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблема. Ағзадағы барлық құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез – келген жағымсыз құбылыс алдымен мидың елегінен өтеді.Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды.Осымен бір мезетте вегетативті жүйке жүйесі жұмысын бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стресті жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Г.Селье стрестің 3 кезеңін бөліп көрсетті: 1- мазасыздық кезеңі; 2- қарсылық көрсету, бейімделу, немесе тұрақтану кезеңі; 3- жүйке жүйесінің ширығу кезеңі.
Эустресс – ағзаны жұмылдыратын және тілекті тиімділікпен біріктіретін тиімді стресс. Дистресс – іс - әрекеттің орындалуына кедергі келдіретін, ағзаның жұмылу деңгейін төмендететін стресс. Эустресс барысында таным процестерінің және өзіндік сананың белсенділігі, шындықты,есті саналау жүзеге асады. Дистресс негізінде адам түрлі физиологиялық ауруларға шалдығуы ықтимал.
Практикалық сабақтар
Студенттер дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.
Сабақ барысы.Белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.
№ 1 тақырып. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік диагностикасы пәніне кіріспе
Жоспары:
Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік психодиагностикасы пәні ғылыми пән ретінде. Қазіргі психодиагностиканың даму тарихы. Пәннің міндеттері және мазмұны. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың ғылыми пәндермен байланысы.
№ 2 тақырып. Психологиялық құзіреттілікті зерттеудің методологиялық негізі
Жоспары: Психологиялық-педагогикалық құзіреттілік. Құзіреттілік – кәсіби әрекеттің негізі ретінде. Құзіреттілікті зерттеудегі ғылыми көзқарастар
№ 3 тақырып. Психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктің құрылымы және мазмұны
Жоспары: Құзіреттіліктің құрылымдары. Арнайы кәсіби құзіреттілік түрлері.
Психологиялық-педагогикалық құзіреттілікті мазмұны
№ 4 тақырып. Әлеуметтік және коммуникативті құзіреттілік
Әлеуметтік құзіреттілік туралы түсінік. Коммуникативті құзіреттіліктің кәсіби іс-әрекеттегі орны. Әлеуметтік және коммуникативті құзіреттіліктің өзара байланысы.
№ 5 тақырып. Мұғалімнің кәсіби бағдарлау жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы
Жоспары: Кәсіптік бағдарлау міндеттерін шешудегі мұғалімнің ықпалы. Кіші мектеп оқушы тұлғасының жеке ерекшеліктерін айқындау әдістемесін пайдалану. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік даму деңгейінің диагностикалық картасы. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сапасын бағалау мен өзін-өзі бағалаудағы әдістемелер.
№ 6 тақырып. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің моделін қалыптастыру
Жоспары: Кәсіби құзіреттіліктің түрлері. Кәсіби құзіреттілік моделін қалыптастыру ерекшеліктері. Кәсіби құзіреттілікті дамытудың алғы шарттары
№ 7 тақырып. Педагогтың «мен» концепциясы
Жоспары: Өмірлік стиль туралы түсінік. «Мен» концепиясының мазмұны. Кәсіби іс-әрекеттегі стильдің маңызы. Өзіндік сана және «Мен» тұжырымдамасы. Тұлғалық қасиеттерді дамытудағы психологиялық бағыттар. Өзіндік сананың психикалық процестермен байланысы
№ 8 тақырып. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін бағалау критерийлері
Жоспары: Кәсіби іс-әрекеттерде психикалық процестердің көрінісі мен зерттеу әдістері. Жұмысқа икемділіктің темпераментпен байланысы. Таңдаулы әрекеттерді анықтауға арналған тестер.
№ 9 тақырып. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Жоспары: Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің құрылымы, мазмұны. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқу бағдарламаларын оқытудағы психологиялық ерекшеліктер. Тәрбие процесінің психологиялық маңыздылығы.
№ 10 тақырып. Жеке тұлға бағыттылығының педагогикалық диагностикасы
Жоспары: Жеке тұлғаның құрылымын зерттеу. Психологиялық қорғаудың механизмдері. Жеке тұлғаның ерік-жігер сфераларын зерттеу
№ 11 тақырып. Педагогикалық іс-әрекет стилінің диагностикасы
Іс-әрекеттің психологиялық негіздемелері. Психологияда еңбек әрекеті жқніндегі теориялар. Педагогкиалық іс-әрекеттің диагнсотикасының мазмұны.
№ 12 тақырып. Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тану деңгейін дамыту диагностикасы
Өзін-өзі тани білу – кәсіби дамудың көзі ретінде. Өзін-өзі тануды дамыту тұлғаның даму мақсаты ретінде. Кәсіби өзін-өзі тануды дамыту бағдарламалары. Портфолио – кәсіби өзін-өзі танудың педагогикалық шарты негізі.
№ 13 тақырып. Мұғалімнің тұлғалық-кәсіби даму диагностикасы
Жоспары: Жеке қасиеттерді психодиагностикалық зерттеу облысы. Сұрақнама-тестер, оның түрлері, сұрақ түрі және нәтижелер көрсеткіші. Өзіндік бағалау, мінез, эмоция, ерік-жігер сферасы, тұлғааралық қатынастар диагностикасы
4. Студенттердің өздік жұмысы.
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
№
|
Жұмыс тақырыбы
|
Мақсаты және мазмұны
|
Әдебиеттер
|
Бақылау формасы
|
Орындау мерзімі
|
1.
|
Мұғалімнің құзіреттілігін анықтауда психодиагностикалық
жұмысының технологиясы,
құрылымы мен әдістері.
|
Психология
лық қызметтегі психолог жұмысының міндеттері мен мақсаттары.
Бақылау, әңгімелесу, эксперимент, психодиагностикалық әдістемелерді жүргізу ерекшеліктері
|
Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004
Психолого-педагогическая диагностика/Под ред. И.Ю. Левченко.-М.,2005
|
Конспект
|
1-2 апта
|
2.
|
Мұғалімнің кәсіби бағдарлау жұмысындағы психологиялық-педагогикалық диагностика
|
Кәсіби іс-әрекеттерде психикалық процестердің көрінісі мен зерттеу әдістері. Жұмысқа икемділіктің темперамент
пен байланысы. Таңдаулы әрекеттерді анықтауға арналған тестер. Арнаулы психология-лық типке адамның тәуелділігін анықтауға арналған тестер.
|
Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004
Общая психодиагностика / Под ред. А.А. Бодалева, В.В.Столина.-М.,1987
|
реферат
|
3-4 апта
|
3.
|
Мұғалім тұлғасының эмоционалды-ерік сферасы
|
Жеке тұлғаның құрылымын зерттеу.
Психологиялық қорғаудың механизмдері.
Жеке тұлғаның ерік-жігер сфераларын зерттеу
|
Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004
Голубева Э.А. Индивидуальные особенности человека.-М.,1980
Дружинин В.Н. Психология общих способностей.-СПб., 1999
|
Слайд
|
5-6 апта
|
4.
|
Жалпы бастауыш білім берудегі мұғалім жұмысының диагностикасы
|
Психология
лық-педагогика
лық диагностика
ның мәні, маңызы. Бастауыш білім берудегі мұғалім жұмысын диагностика
лау субъектілері. Диагностика
лауды ұйымдастыру шарттары.
|
Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004
Голубева Э.А. Индивидуальные особенности человека.-М.,1980
Дружинин В.Н. Психология общих способностей.-СПб., 1999
|
баяндама
|
7-8 апта
|
5.
|
Мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктері мен тұлғааралық өзара қатынасы
|
Тұлғалық және тұлғааралық қатынас диагностикасының ерекшеліктері. Мұғалімнің қарым-қатынасы, кәсіби бағыттылығы мен педагогикалық мәдениеті, бірлескен әрекеттері.
|
Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004
Шадрин, Н.С. Психология личностных ценностей как мотивов поведения. - Павлодар, 2006
|
Сызба түрінде
|
9-10 апта
|
6.
|
Білім жүйесіндегі тест түрлері
|
Білім жүйесіндегі тесттердің қолданылуы.
Тестілік әдістемелердің проблемалық аспектілері.
Тестіні жүргізудігеі нәтижелерді сапалы бағалалу критерийлері.
|
Общая психодиагностика / Под ред. А.А. Бодалева, В.В.Столина.-М.,1987
Лукьянова М.И., Калинина Н.В. Психолого-педагогические показатели деятельности школы: Критерии и диагностика.- М., 2004
|
конспект
|
11 апта
|
7.
|
Мұғалім тұлғасының жекетұлғалық қасиеттер психодиагностиканың бағыттары
|
КЮнгтің жеке тұлға диагностикасы негізіндегі типологиясы. Бесфакторлы жеке тұлға моделі. Д.Кейрсидің жеке тұлғаның әлеуметтік типін анықтаудағы сауалнамасы.
|
Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004
Шадрин, Н.С. Психология личностных ценностей как мотивов поведения. - Павлодар, 2006
|
Әдістемелер топтамасы
|
12 апта
|
8.
|
Жекетұлғалық қабілетті
анықтауға арналған әдістемесі
|
Жеке қасиеттерді анықтайтын психодиагностикалық әдістемелер.
Психодиагностикалық бағыттар, жеке тұлға бағыттылығы. Жеке қасиеттерді психодиагностикалық зерттеу облысы. Сұрақтама-тестер, түрлері, сұрақ түрі және нәтижелер көрсеткіші. Өзіндік бағалау, мінез, эмоция, ерік-жігер сферасы, тұлғааралық қатынастар диагностикасы.
|
Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя: диагностика и развитие.- М.,2004
Голубева Э.А. Индивидуальные особенности человека.-М.,1980
Дружинин В.Н. Психология общих способностей.-СПб., 1999
|
Слайд
|
13 апта
|
9.
|
Диагностикалық деректерді өлшеу және ұсыну
|
«Өлшеу» түсінігі және мүмкін боларлық өлшеу шкалалары. Өлшеулердің интервалдық шкаласы. Қатынастар шкаласы бойынша –өлшеу. Ғылыми жұмыстарда диагностикалық деерктерді дайындау әдістемесі және ұсыну.
|
Общая психодиагностика / Под ред. А.А. Бодалева, В.В.Столина.-М.,1987
|
баяндама
|
14-15 апта
|
Достарыңызбен бөлісу: |