Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің дамуы
Жоспары: Жеке қасиеттерді психодиагностикалық зерттеу облысы. Сұрақнама-тестер, оның түрлері, сұрақ түрі және нәтижелер көрсеткіші. Өзіндік бағалау, мінез, эмоция, ерік-жігер сферасы, тұлғааралық қатынастар диагностикасы.
Мұғалімнің педагогикалық іс-тәжірибесін зерттеу төмендегі бағыттарды қамтиды:
1. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы.
2. Таным заңдылықтарын терең түсінуі.
3. Психо-педагогикалық біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруы.
4. Өзінің педагогикалық қабілеттерін дамытуы
5. Педагогикалық техникасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысы.
6. Жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі мен білім берудің жаңа технологияларынан хабардар болуы.
7. Жеке оқушылар мен сынып ұжымдарын жүйелі зерттеп отыруы.
8. Жаңа буын оқулықтары мен мемлекеттік бағдарламаларды оқып-үйренуі.
9. Оқу - тәрбие салалары бойынша жылдық және тақырыптық жоспарлар жасай білуі.
10. Әрбір сабақ пен іс-шараға тыңғылықты дайындығы.
11. Сабақ беруі мен оны (өз сабағын) талдай алуы.
12. Оқушылардың жазбаша жауаптары және орындаған тапсырмаларын талдай білуі.
13. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі.
14. Сынып жетекшілік және тәрбиешілік жұмысы.
15. Педагогтың қоғамдық жұмысы.
Сонымен бірге, аудан педагогтарының арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізіліп, аудан педагогтарының кәсіби біліктілігін арттырудың диагностикалық картасы жасалады. Мектептердегі әдістемелік жұмыстардың сапасы сол бойынша анықталады. Диагностикалық карта жыл бойы жасалады және бірнеше кезеңнен тұрады. Онда мына бағыттар қамтылған:
1. Мұғалімдердің оқыту және сабақ беру қабілеттері.
2. Педагогтардың кәсіби мүмкіндіктері мен педагогикалық мәдениеті.
3. Ұстаздардың өз білімін жетілдіру жүйесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу барысы.
Алдағы жылдың жұмыс жоспары мұғалімдердің сұраныстарын ескере отырып, осы диагностикалық карта негізінде жасалады.
Мұғалім жұмысын жан жақты тексеру (І нұсқа).
1. Мұғалімнің кәсіби білімі (эрудициясы мен интеллект деңгейі, өз бетінше іздену барысы, ғылыми жұмыспен айналысуы, әдістемелік жұмыстарға қатысуы жақсы болуы, бағдарлама меңгеруі, жоспарлау барысы).
2. Мұғалімнің оқыту шеберлігі. Сөйлеу мәнері мен әдебі, көрнекілікпен тек құрал пайдалануы, тиімді оқыту әдіс – тәсілін меңгеруі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру дәрежесі. (Пән аралық байланысты қамтуы,) оқушылардың белсенділігі мен дербестігі, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Мұғалімнің әдістемелік біліктілігі (өзара сабаққа енуі, шығармашылық есеп беруі, зертханалық тәжірибесі, байқаулар мен педоқуға қатысуы).
4. Оқушылардың білім сапасы (диктант, бақылау, тест нәтижесі, оқу, жазу, есептеу дағдылары, ғылыми зерттеулерге, апталықтарға, олимпиадаларға қатысуы, үлгерім дәрежесі, оқу және ойлау икемділіктері).
5. Мұғалімнің қоғамдың белсенділігі (кластан тыс жұмыс жүргізу, ата – анамен байланысы, берілген тапсырманы орындауы, қоғамдық жұмыстары, еңбекте, спорт пен өнерге жанашырлығы).
6. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі (жеке оқушымен жұмыс, дәстүрлі емес сабақтар, жеке бағдарлама, сапалы сабақ талдау, ашық сабақ, эксперименттік жүйе).
7. Мұғалім туралы қосымша мәліметтер (курстан өтуі, атақ – дәреже, разряд, жүктеме).
Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің моделін қалыптастыру
Мақсаты: Кәсіби құзіреттілік туралы білімдерін жетілдіріп, кәсіби моделің алыптастырудың әдістерімен таныстыру
Жоспары: Кәсіби құзіреттіліктің түрлері. Кәсіби құзіреттілік моделін қалыптастыру ерекшеліктері. Кәсіби құзіреттілікті дамытудың алғы шарттары
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда, «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан — жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.
Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы».
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби- тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екенін анықтай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
Арнайы құзыреттілік — өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
Әлеуметтік құзыреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
Білім беру құзыреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін — өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар ұстаздар қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт — бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім – қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзыреттілік; мәдениеттанымдық құзыреттілік; оқу- танымдық құзыреттілік; коммуникативтік құзыретілік; ақпараттық- технологиялық құзыреттілік; әлеуметтік- еңбек құзыреттілігі; тұлғалық өзін- өзі дамыту құзыреттілігі.
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттілігінің жан — жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан — жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарында қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.
Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік – экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты
–оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,
–топтық жұмыс дағдыларын дамыту,
–әрекеттерге үйрету,
–нақты ситуацияларды талдау.
Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез – келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін — өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әрқалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтар А. Дистервег, К. Ушинский, А. Макаренко, В. Сухомлинский, т.б. мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік – кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
Объективті критерийлер: мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғарғы еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері;
Субъективті критерийлер: адамның мамандығы оның табиғатына байланысты. Оның еңбегіндегі бұл критерийлерге кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, құндылығын түсіну, маман ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуы;
Нәтижелі критерийлер: оқыту нәтижесінде баланың психологиялық функциясының жетіліп, алған білімдерін өмірлік мәселелерді шешу барысында қолдана білуі;
Шығармашылық критерийлер: мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін өзгенің тәжірибесін қайталағанна гөрі өз тәжірибесі мен жаңалықтарын басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.
Тақырыбы: Педагогтың «мен» концепциясы
Мақсаты: «Мен» концепциясы, өмірлік стиль жөнінде білімдерін жетілдіру.
Жоспары: Өмірлік стиль туралы түсінік. «Мен» концепиясының мазмұны. Кәсіби іс-әрекеттегі стильдің маңызы.
Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нүсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН» концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі.
«МЕН» концепциясы шынайылықтың әртүрлі шеңберіндегі және оның енжарлылығының үш рөлін атқара отырып, адамның сәттілік шегін анықтайды, біріншіден, тұлғаның іштей өзімен кесісушілікке жетуге қабілеттендіреді; екіншіден, адамның тәжірибесінің интерпретациясын анықтады. Үшіншіден, күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша, «МЕН» концепция барлық тұлғалық және мінездік процестерді реттеуші ретінде көрінеді. Мен – концепциясы өзінің шығу тегі жағынан – негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрлым.
Өзінің сананы құрайтын негізі өзіндік баға У. Джемстің қарапайым формасы арқылы шығуы мүмкін: Өзіндік баға = Сәттілік / Талаптар .
Ол дифференциалдылық (өзі туралы жеке ойлардың нақтылануы), жоғарғылық (ол жоғары, обьективті жетістіктерге сәйкес келуі керек), сияқты өлшеулерді қамти отырып, жасы жағынан өзгереді. Өзіндік баға бала кезде өзіндік қатынасқа айналып, сыртқы орта бағасымен интериоризацияланады. Бұл интеллектуалды даму кейбір тұлғаның деңгейінен ғана басталуы мүмкін. Өзіндік жалпылауы жоқ олигофренді – балаларда тұрақты өзіндік баға болмайды және қалыптаспайды.
Өзіндік бағаны дифференциялауға арналған зерттеулер бойынша, өзіндік бағаның бес параметрлері (физикалық сапа, сәттілік, интеллектуалды даму, тұлғааралық қатынас және жауапкершілік) бар. Егер әр жас категорияларының өзіндік қырларын салыстырсақ ( мысалы: жетінші сыныптар, жоғары сыныптар және отыз жасқа дейінгі ересек адамдар), индивидуалдылық вариациялар туындайды. Жас келген сайын күшейетінін байқаймыз. Жас бала барлық сапалар бойынша, өзін бірдей бағалайды, ал ересектеу балалар өздерінің стильдерін және өздерінің әлсіз жақтарын жақсы біледі. Бұл жеке тәжірибенің кеңдігімен байланысты және тұлғалық күрделі когнитивтілігін көбейтудің салдары, яғни өзінің «Менінің» әртүрлі қабілеттерін бағалау. Өзіндік бағаның дифференцияланбауы әлеуметтік және тұлғалық дамымай қалушылықты білдіреді («Өзің туралы еш нәрсе айта алмасаң, сен туралы басқалар не десін» деп жазған Козьма Нуфутков). Іс — әрекет табысты болу үшін адам өзін шынайы жетісіктерден жоғары етіп бағалауы керек, осылайша ол өзін мотивтендіреді. Төмендетілген өзіндік бағалау (объективті жетістіктерден төмен), дифференциялықты көрсетеді. Тұлғалық невротизацияға тез ұшырайтынын көрсетеді. Көптеген зерттеулер өзіндік баға мектептік үлгерімділікпен тікелей байланысты, бұл уақытта, интеллектуалды ерекшеліктер – тек өте қабілетті емес, бірақ өзіне сенімді оқушы дарынды, бірақ өзіне күдіктенуші балаға қарағанда жақсы оқиды деген сөз. Негативті «Мен» концепциясы адамдардың қарым – қатынасы мен іс — әрекетін шектеу, психологиялық қорғанысты шектен тыс пайда болдырады. Өзін қабылдау – тұлғаның өзін — өзі өзектендірудің негізі болып табылады. Әлеуметтік мазмұны көп мамандықты таңдаған адамдарға өзін тануға мүмкіндік беретін ғылымдарды көп тереңдетіп оқу керек, ал негативті Мені – бұл мамандыққа қарама – қарсы болып табылады. Ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда, Мен – концепциясы позитивті көрінеді (сонымен қатар интегацияланған). Сонымен қатар ер адамдардың өзін — өзі өзектендіруіндегі альтернативті және прагмативті мәселелерін біріктіруге болады. Өзін бағалауды мынадай шарттарда жоғарлатуға болады:
а) Іс — әрекеттің біреуінде жеке табысқа жеткен жетістіктің қолда болуы.
б) Сәтсіз жағдайда қоғамның теріс айналуынан қорықпайтынымен шартталса.
в) Жақсы тұста оған деген сенімділіктің болуы және басқа адамдармен қатар қоюдың жоқтығы.
Шынайы өмірде индивидуалдық мүмкіндіктеріне байланысты ситуацияны бақылағанда мінез-құлық тәсілдерінің барлық спектрлерін қолдану керек
Тақырыбы: Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін бағалау критерийлері
Мақсаты: Бағалау критеийлері, мұғалімнің еңбек әрекетінің психологиялық негіздемелерімен таныстыру
Жоспары: Тәрбие жұмысын жоспарлаудың дәстүрлі жүйесі.
Диагностикалық деректердің негізінде ғылыми негізделген қорытынды жасау әдістемесі.
Оқу-тәрбие жоспарын түпкілікті жасау принциптері, құрылымы, ұсыну формалары.
Оқушылармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру формаларын білуі
мұғалімнің диагностикалық жұмыстардың әртүрлі формаларын әңгімелесу, бақылау, анкеталау, тесттен өткізу, социометрия меңгеруі және оларды қолдану технологияларын білуі
Ғылыми тұрғыда өзінің диагностикалық әдістемесін жасап, түрлендіре алуы
Диагностиканы оқу материалымен және тәрбие жұмысымен органикалық бірлікте қарастыруы
Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқу мотивациясын туғызу, оқу міндеттерін қою және оны шешуге қатысты іс-әрекеттерді ұйымдастыруда және бақылау жасацуда диагностиканы пайдалануы
Диагностика нәтижелерін ескере отырып, сабаққа шұғыл түрде өзгеріс жасауы
Мұғалімнің сабақтан тыс ұйымдастырушылық –
тәрбие ж ұ м ы с т а р ы .
Мұғалім мектеп, мектептен тыс текеме, қоғамдық ұйымдар тарапынан оқушыларға тәрбиелік ықпал етуіді басты ұйымдастырушы болып саналады
жанұяда бала тәрбиесін ұйымдастыруға елеулі түрде ықпал етуі
Оқушылардың болашақ мамандықтарын таңдауыгна жағымды әсер етуі
Сабақтан тыс шараларды ұйымдастыруы және формасын таңдауы мақсатқа бағдарланған сипатқа ие болуы, сондай-ақ әрбір жеке оқушының, сыныптың, бүкіл ұжымның қызығушылықтарын қанағаттандыратындай болуы
Мұғалімнің дербес оқыту бағдарламаларын жүзеге а с ы р у ы
Мұғалімнің оқушылармен жеке өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруы:
Оқушылардың ақыл-ой дамуының деңгейін
Оның оқу материалын меңгеру шапшаңдығын
Білім,білік, дағдының қалыптасу деңгейін
Оқу мотевацияциясын қалыптасуын
Баланың тұлғалық ерекшеліктерін
Есепке ала жүргізіледі.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі,үздіксіз , диогностикалық мәліметтер негізінде, аралық және соңғы нәтижеге сүйене жүргізіледі
Мақсат пен міндеттер үнемі нақтыланады, оқушылармен жеке жұмыстың жоспарына түзету жасау
5.5.Мұғалімнің өз іс-әрекетін жоспарлай , жұмыс нәтижесіне болжам жасай а л у ы
Жоспарлау ұстанымдарының оқу бағдарламаларын орындауды қамтамасыз
етуге деген өзіндік берік ұстанымына сай , оқушыларда білім берудің оңтайлы
деңгейіне қол жеткізуге сәйкес айқындалуы
Жоспарлау ұстанымдарының мүлтіксіз сақталынуы. Жоспардың жұмысқа озат
тәжірибе жетістіктерін ендіруге бағдарлануы
Жоспарлау кезінде бұрынғы жетістіктердің ескерілуі, қолда бар нәтижені
баянды етудің , оны одан әрі дамыту жолдарының белгіленуі , кемшіліктерден
үздіксіз арылу жолдарының қарастырылуы
Оқыту мақсатының дәл тұжырымдалуы , жалпы фразалардың болмауы
4. Мұғалім әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отырып тақырып
бойынша сабақтар жүйесін жоспарлайды, құрылымын , оқыту әдістері мен
формаларын түрлендіреді
5.Жоспар мақсатқа жетудің тиімді әдістерін қарастыра отырып, мұғалім -
оқушы - әріптестер – ата - ана бірігіп қамтамасыз етеді
Жоспар ішкі мотивтер, ішкі оң мотивтер, ішкі теріс мотивтер сияқты мұғалім
еңбегінің оңтайлы, мотивациялық кешенін қамтиды. Сыртқы оң мотивтерге,
мадақтауларды, ата-ана мен әріптестерінің құрметін, теріс мотивтерге жазалаудан
қажушылықты жатқызуға болады.
5.6 Мұғалімнің кәсіби к о м п е т е н т т і л і г і
Мұғалім білім берудегі жаңа құндылықтарға бағдарланады , жаңа мектептің
тұжырымдамасын біледі, оқыту мен тәрбие берудің балама жүйелерінен
хабардар, білім беру мазмұнын түзуге жаңа қатынастарды баяндап бере алады
Дамыта оқытудың психо-педагогикалық негізін меңгерген
Оқыту дифференциациялау және интеграциялаудың мәні, ұстанымдарын және
концептуалды амалдарын біледі
Педагогикалық және жас ерекшелік психиологиясы жайлы білімі бар,
ұжымның, оқушылардың түрлі жас ерекшелік кезеңдеріне сай заңдылықтар
психологиясын , оларды диагностикалау әдістемесін , педагогикалық өзара іс
қимыл жасаудың әдістері мен формаларын, өзіне-өзі талдау жасаудың
принциптерін.
Оқуға шығармашылық қ а т ы н а с ы
Мұғалім жаңа бағдарлама құрады, оған ғылыми-педагогикалық негіздеме
жасап, эксперименттік сынақтан өткізеді
Берілген бағдарламаның базалық ғылымның қазіргі мазмұнына сәйкестігін,
оның актуальдылығын, қолданыстағы бағдарламамен салыстырғанда
жаңашылдығын растап бере алуы және басқа педагогтардың практикалық істе
қолдана алуын айқындап беруі
Өз тәжірибесін кәсіби тұрғыда сауатты сипаттап және рәсімдей алады.
5.8. Өзінің кәсіби деңгейін к ө т е р у і.
Педагогика, психология және өз пәнінің теориясындағы барлық жаңалықтарға
мұғалім қызығушылық танытады.
Өзінің шеберлігін жетілдіру үшін әр түрлі түрдегі курстық дайындықтарды,
өздігінен білім көтеру жұмыстарын пайдаланады.
Зерттеулік және экспериментальды жұмыстармен шұғылданады.
7 Сабаққа талдау және өзіне-өзі талдау жасаудың т ү р л е р і
Қысқа (бағалау) талдау -бұл сабақтаың оқу-тәрбиелік қызметін жалпы бағалау; яғни
білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттердің шешілуі сипатына және жүзеге асырылуына баға береді.
2. Құрылымдық(поэтапый) талдау-сабақта оның мақсатына сәйкес оқушылардың таным қабілетерін дамытуды қамтамассыз ететін құрылымын(элементін) айқындап, баға береді.
3. Жүйелі талдау-бұл сабақты басты дидактикалық міндеттерді шешу және онымен бірге бір мезгілде сабақта дамытушылық міндеттердің жүзеге асырылуы, білім,білік, дағдыны қалыптастыру мен олардың оқу амалдарын меңгеруі мәселелерін біртұтас жүйеде қарастырып бағалайды.
Толық талдау-бұл оқушылардың ақыл-ой әрекеттері тәсілдері мен білімді меңгеруі,
оқушыларды қамту дидактикалық ұстанымдарды жүзеге асыру мен сабақтың нәтижелілігі сиақты сипаттамалар бойынша оқушының оқу іс-әрекетінің түрлері және мазмұнын, сондай-ақ сабақ міндеттерінің жүзеге асырылуына баға беруді қамтитын оспектлі талдаулар жүйесі.
Уақытша-құрылымдық талдау- сабақтың әрбір кезеңдері бойынша пайдалану жайын
Бағалау
Құрама талдау- бұл сабақтағы негізгі дидактикалық мақсат пен оның құрылымдық
элементтерін бағалау
Психологиялық талдау- оқушыларда дамытушылық типтегі таным әрекеттерімен
қамтамасыз ету сияқты сабаққа психологиялық талаптардың орындалуын зерттейді
Дидактикалық талдау- бұл негізгі дидактикалық категориаларды талдау (дид.
ұстанымдардың жүзеге асырылуы, оқытудың және оқудың әдіс, тәсіл, қүралдарын таңдау, оқу материалдарын дид. өңдеуден өткізу, оқушылардың өздік танымдық әрекеттерінк педагогикалық басшылық)
Аспектілі талдау- бұл сабақтың жекелеген мақсатының оқушы іс-әрекетінің
нәтижесімен өзара байланысын болмаса белгілі бір көзқарас тұрғысынан сабақтың қандай да бір жақтарын егжей-тегжейлі әрі жан-жақты оқып зерттеу және баға беруді қарастырады. Аспектлер:
сабақтың 3 міндетінің мұғалім тарапынан жүзеге асырылуы
сабақта дамытушылық әдістердің қолданылуы
оқушыларда таным әрекеттерін белсендіру тәсілдерімен оқып танысу
оқушыларда таным қызығушылығын дамыту жолдары
оқушыларда жалпы оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру
оқушылардың ББД тексеру және бағалау
сабақта проблемалық оқытуды ұйымдастыру
Кешенді талдау-бұл сабақтың дидактикалық, психалогиялық және басқа да негіздеріне (әсіресе сабақтың жүйесіне) бір мезгілде жасалатынын талдау.
Тақырыбы: Коммуникативті педагогикалық қабілеттілік диагностикасы
Мақсаты: Коммуникативті педагогикалық қабілеттіліктің мазмұнын түсіндіру.
Жоспары: Коммуникативтілік туралы түсінік. Коммуникативті педагогикалық қабілеттің зерттелуі. Диагностикадағы коммуникативті қабілеттілік.
Мектептегi психологиялық қызметтiң мiндеттерiнiң бiрi - педагогикалық қарым-қатынасқа психологиялық көрiнiс беру, қолайлы жағдай тудыру, тиiмдiлiгiн арттыру. Педагогтер мен психологтердің әрекеттерiн бiр арнаға салу осы қарым-қатынастан басталады. Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарғы қарым-қатынас детерминттілігін (себептілігін), яғни психиканың дамуын дұрыс қалыптастыру, дамуды адекватты ұйымдастыру. Ал бұл дамудың психикалық коррекциялау және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің сәттілігі мұғалімнің оқушымен, олардың ата-аналарымен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алуымен анықталатыны психологияда аксиома болып кетті. Ол жоғары техникалық педагогикалық шеберліктің алғы шарты. Қарым-қатынасқа түсу шеберлігінің болуы – тәрбиелеу мен оқытудың сәтті болуының кепілдігі. Жақсы қарым-қатынас болу үшін бірсыпыра психологиялық білім мен психологиялық тренингтер керек.
Қарым-қатынас мәселесін талдауда оның құрылылымдық компонентерін анықтап алу шарт. Бұл мәселені алғашқылардың бірі болып В.В. Давыдов көтерген. Г.М. Андреева, П. Яноушек, М.С. Каган, Д.Б. Парыгин, И.С. Кон зерттеулерінде қарым-қатынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-әрекет жасауы және ақпарат алмасу процесі деп қарастырылады. Қарым-қатынастың психолингвистикалық жағы Л.А.Леонтьев, әлеуметтік психологиялық жақтары Б.Ф. Поршнев, Г.М. Андреева, жас ерекшелік және балалар психологиясы бойынша В.С. Мухина, Я.Л. Коломинский, педагогикалық психология жағынан В.А. Кан-Калик еңбектерінде зерттеу пәніне айналған. Қарым-қатынас функцияларын: Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреев, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, А.Н. Леоньтев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, А.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және тағы басқалары анықтаған. Г.М. Андреева қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативті, интерактивті және перцептивті. Біздің зерттеу жұмысымызда осы теорияны арқалана отырып, психолог пен педагогтің бірлескен іс-әрекетіндегі қарым-қатынасының коммуникация, интеракция және перцепциялық ерекшеліктерін дамытуды мағызды деп санаймыз. Бұл жағдайда қарым-қатынастың теориялық негізінде іс-әрекеттің құрылымы жайлы түсінікті қабылдаймыз. Осы орайда айта кететін жайт, А.Н. Леонтьев, М.И. Лисинаның қарым-қатынасты коммуникативті іс-әрекет деп қарастырған тұжырымдарына сүйенеміз. Сонда, қарым-қатынастың құрылымын анықтайтын коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті іс-әрекет деп қарастырылады. Сонымен қатар, қарым-қатынас бірліктерін талайтын болсақ, Т.В. Драгунов қарым-қатынастың пәні қарым-қатынаста субьект рөлінде болатын адамдар дейді. М.И. Лисина еңбектерінде қарым-қатынас мотиві «затталған қажеттілік» дей отырып, ол қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті мимикалық, заттық әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастырған. А.Н. Леонтьев түсіндірмесіне негізделсек, адамның қарым-қатынаста танымдылық іскерлік және тұлғалық мотивтерінің болатындығы, баланың коммуникативтік мотивтерінің топтары мен генезисі арқылы сипатталады. Т.В. Антонова қарым-қатынас тәсілі әрекетік формада «коммуникациялық біліктілік» десе, Е.Г. Макарова әсер ету, реттеу, байланыс жасау, ақпарат беру тәсілдері деген. Ал А.А. Бодалев қарым-қатынаста әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі.
Қарым-қатынас адамның әлеуметтік детерминациясының күрделі процесінің белгілі факторы, тұлға дамуының стимуляторы. В.А. Сухомлинский адамның бірін-бірі қажетсінуін, қарым-қатынасты қажетсуін адамгершілік қасиеті деп айтқан. А.В. Петровский қарым-қатынастың күрделілігінен шыға отырып, психологияда оның функцияларын вербальді, вербальді емес деп бөледі. Қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсіністікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С. Агеев, А.А. Бодалев сияқты ғалымдар топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, атрибуция, ореол эффектісін жатқызады. Қарым-қатынас бірліктерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды, тұтас құрылым пайда болды. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңгейін анықтайды. А.В.Запорожец, М.И.Лисина бұл ерекше құрылымдарды «қарым-қатынас онтогенезінің сатылары», «қарым-қатынас формалары» деп атаған. Ал М.И. Бобнева қарым-қатынас барысында адамның ішкі жан-дүниесі қалыптасатындығын қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген. Сонымен, қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары, стилдері психолог пен педагогтің бірлескен іс-әрекетіндегі қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселері үшін аса мәнді деп санаймыз. Психологияда қарым-қатынастың деңгейлері де қарастырылады, Б.Ф. Ломов үш макро, мезо және микродеңгейді сипаттайды. Осы көзқарастағы танымдық іс-әрекетті дамытуды С.М. Жақыпов әрі қарай дамытқан. А.Б. Добровия қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті ретейтін, таным мен сананы қалыптастырудың құралы болады деп анықтайды да, қарым-қатынастың конвенционды, қарапайым, манипуляциялық, стандартты, іскерлік, ойын рухани деңгейлерін бөліп көрсетеді. Қарым-қатынастың топтық жағдайдағы әлеуметтік психологиялық эффектілерін, механизмдерін талдау мақсатымен В.С. Агеев теориялық және эмпирикалық зерттеу жүргізген. Алайда, қарым-қатынастың этникалық жақтарын зерттеуде теория мен тәжірибе әлі де болса жеткіліксіз деңгейде. Осы орайда біздің зерттеуіміз қарым-қатынас тренингі арқылы оны дамыту ерекшеліктеріне арналып отыр. А.А. Прудный бойынша қарым-қатынастың оқыту қызметi хабар ақпарат таралуымен сәйкестендiрiлуi де мүмкін. Оқушылармен қарым-қатынас педагог үшін әрқашанда өзiн-өзi айқындау болады деген. Е.А. Климов классификациясы бойынша педагогикалық қарым-қатынас “адам-адам” схемасының әрекеттесу сипатының ерекшелiктерiн көрсетеді. Iс жүзiнде мұғалім қай пәндi берсе де, ол ең алдымен адам санасының қуаттылығына, танып бiлуге деген құштарлығына, шындықты бағалауға бағытталған. К. Роджерс көрсеткен психологиялық қызметтегi қарым-қатынастың фасилитациясы да елеулi жағдайлардың бiрi. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынас мәселесiн зерттеп, психологиялық талдау қажеттiлiгi туындайды. Соңғы жылдары бұл сұрақ В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, С.В. Кондратьева, В.В. Кузьмина, А.А. Леонтьев т.б. басқа еңбектерiнде талқыланған. И.В. Страхов педагогикалық қарым-қатынасты педагогикалық мақсат қойылған және оқу-тәрбие жұмыстарының мiндеттерiмен анықталған педагогтер мен оқушылардың бiрлестiгi деп анықтама бередi. Ол педагогикалық қарым-қатынас процесін иелену педагогикалық шеберлiктiң негiзгi компоненттерiнiң бiрi деп есептейдi. И.В. Страхов педагогикалық қарым-қатынастың келесi түрлерiн көрсетедi: мұғалімнің бiртұтас сыныппен қарым-қатынасы, оқушылар тобымен және нақты бiр оқушымен, эмоциялы, салмақты және елеусiз қарым-қатынастағы белсендi және пассивтi бастау. И.А. Зязюн еңбектерiнде педагогикалық қарым-қатынас бұл мұғалім әрекетiнiң ереше формасы. Педагогикалық қарым-қатынас пәнi кез-келген құбылыс, адам және оның жүрiс-тұрысы. В.А. Кан-Калик “кәсiби педагогикалық қарым-қатынас” деген ұғым енгiздi. Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық әсер етудiң басты құралдарының бiрi ретiнде көрiнедi. И.Д. Багаева, В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, В.В. Кузьминаның еңбектерiнде кәсiби педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы сипатталады. Бұл мәлiметтерден келесi қорытынды шығаруға болады: педагогтің кәсiби әрекетiнде оның оқушылармен қарым-қатынасы елеулi орын алады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А. Бодалев, В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, В.А. Петровский, А.А. Леонтьев т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипатталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен балалар арасындағы нақты психологиялық контакт деп түсіндіріледі. Х.Т. Шерьязданова бойынша педагогикалық қарым-қатынас дұрыс ұйымдастырылса, білім беру процесі, индивидуалды даму, танып, білу, адамгершіліктік, тұлғалық даму жетіле түседі.
Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда «қарым-қатынас стилі» деген ұғым да анықталынады, Х.Т. Шерьязданова, Т.Н. Суркова «қарым-қатынас стилі» деп адамдардың байланыс жасау тактикасын, не болмаса позициясын айтады. В.С. Мухина қарым-қатынас стилін «әлеуметтік» психологиялық әсер етудің дара типологиялық ерекшеліктері деп түсіндіреді. 1930 жылдары Р. Липпит, К. Уйтд қарым-қатынас стилінің авторитарлық, демократикалық және либералды деген классификациясын жасаған еді. Бұл зерттеулерді кейіннен Г. Андерсон, А.А. Бодалев, Р.С. Буре, И.М. Юсупова, т.б. ғалымдар жалғастырды. Әрбір қарым-қатынас стилі педагогтің балаларға әсер етуін байқатады. Қарым-қатынастағы стиль педагогтің позициясымен сипатталады, яғни мұғалімнің балалардан бағынуды талап етуі, іс-әрекетті күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, балалардың бастамашылдығын табан асты етуі, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруы, өз міндеттерін түсінбеуі, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттей алмауы, топтық жағдайға бейімделе алмауы және т.б. арқылы көрінеді. Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтік қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, әлеуметтік адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік рөлі мен статусы көрінеді. А.В. Мудрик, В.С. Мухина бойынша педагогтің қарым-қатынас сферасында барлық стильдер қолданылғанымен бірі басымдау болады. Педагогтің қарым-қатынас стилі мен балалардың эмоциялық қалпында өзара байланыс болтатынын А.А. Бодалев көрсеткен. В.И. Карикаш экспериментті түрде педагогтер қарым-қатынасының кең тараған бес түрін көрсетті. Олар: тұлғалық іскерлік; таңдаулы іскерлік; формальді іскерлік; басқа түрлердің қосындысынан тұратын іскерлік; оқушылармен аралас қатынастығымен көрінетін іскерлік. Автордың ойынша бірінші түрдің тиімділігі жоғары, 3-4 түрдің тиімділігі төмен, ал 2-5 түр тұрақсыздығымен ерекшеленеді. А.А. Бодалев кейбір адамдардың жағдайға сай қарым-қатынас стилін дұрыс таңдай алмауы, оның оқытушылық қызметке әсерін тиігізбей қоймайтынын айтып өткен.
Н.В. Клюева әрбір адам қарым-қатынасты игере алады дейді. Ол үшін ұзақ, бір мақсатты көздеу, өзімен-өзі жүйелендірілген жұмыс жасау керек. Қарым-қатынастың игерудің басты жолы – өзін-өзі оқыту, үйрету. Бірақ өз-өзіңді дамыту барысында ең бастысы оқышымен, қоршаған адамдармен қатынасты жақсартуды ойлау керек.
Педагогикалық іс-әрекеттің сәттілігі мұғалімнің оқушымен, олардың ата-аналарымен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алуымен анықталатыны психологияда аксиома болып кетті. Ол жоғары техникалық педагогикалық шеберліктің алғы шарты. Қарым-қатынасқа түсу шеберлігінің болуы – тәрбиелеу мен оқытудың сәтті болуының кепілдігі.
Достарыңызбен бөлісу: |